Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет1/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
115843

М. Оразов
Казақ
тілінің
семантикасы
АЛМАТЫ «РАУАН» 1991


Б Б К . . .
Пікір жазған — филология ғылымынын докторы 
Т. Сайрамбава
Оразов М.
Қазақ тілініц семантикасы.— Алматы, Рауан, 1991.— 216 
бет.
ISBN 5-625-00998-8
Автор өзінің осы еқбегінде казақ тілінің материалдары негізінде сөз- 
дің лексикалық мағынасын, лексикалык мағынаның құрылымын және онын 
баска да тілдік құбылыстарға карым-қатынасын жан-жақты талдайды.
Бұл басылым университет пен педагогика ннституттарынын фи­
лология факультеттері студенттеріне, орта мектептерде казак тілі пәнінен 
дәріс беретін мұғалімдерге, сөздің қыр-сырымен айналысыи жүрген көп- 
шілікке косымша кұрал ретінде ұсынылады.
л 4602020400—313 
° 404(05)—91 
235-90
ISBN 5-625-00998-8
@ Оразов М.. 1991


КІРІСПЕ
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құ- 
ралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулерін ғана 
жарыққа шығаратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына
сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп 
отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ 
біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көбірек зерттеген. Де- 
генмен сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап, күні 
бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тап- 
қандай болса да, тіл білімінде әлі де талдануы, анықталуы қажет- 
ті мәселелер толып жатыр. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым 
көрінетін ат берудің өзі тек көне грек тіл білімі өкілдері (анало- 
гистер мен аномалистер) арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілші- 
лері арасындағы пікір алалығына да себепші болып жүргені анық. 
Басқа пәндер сияқты, тіл білімі де дамып жаңа сатыға көтерілген 
сайын оның алдына зерттелуі қажет болған жаңа мәселелер 
қойылуда.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ тіл 
білімі (жалпы түркологияда да) өкілдері, негізінен, грамматика- 
лык категориялардың табиғатын анықтаумен ғана шектелді. Тіл- 
дің фонема, лексика салалары болса, оқулықтың талабынан әрі 
аспай, программа 
шеңберінен шыға алмады. Тек алпысыншы 
жылдардан кейін ғана тілдік элементтерді жан-жақты зерттеп, 
бірінің екіншісімен байланысын анықтау, басқа пәндермен байла- 
ныстырып, солардың жетістігін пайдалану сөз бола бастады. Осы 
бағыттағы жаңа саланың бірі — семантика.
Семантика 
гректің Бёшапіікоз (белгілеуші) деген сөзінен 
алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қол- 
данылып жүр. Сондыктан да оқулықтарда семантикаға сөз мағы- 
насын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі. 
Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пән 
ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды, ал түр- 
кологияда ол өте кенже пән болып саналады. Сол үшін де сема- 
сиологиянын негізгі мәселелерінің көпшілігі зерттелмеген. Зерт- 
телгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет етеді. Се- 
масиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір 
жағы да бар. Ол — түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі 
де анықтала қоймағандығында. Мысалы, семасиология сөз мағы-
3


насын зерттейді дедік. Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінік 
беретіні, оның лексикалық және грамматикалық мағыналарының 
бар екені анық. Шындығында да, лексикалық мағына мен грам- 
матикалық мағынаның арақатынасын оқулықтарда салыстырып, 
айырмашылықтарын санап көрсетумен ғана шектеліп жүрміз. Не- 
гізінде олардың айырмашылықтары болғанымен, бастарын бірік- 
тіріп, тілдік категория ретінде қолданылуына себепші болатын 
белгілері де аз емес. Ең басты ортақ белгісі — олардын. екеуі де 
объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға қатысты, оларды 
өздерінде белгілі дәрежеде сәулелендіріп, адам ойын абстракция- 
лау қызметімен байланысты болады. Сонымен бірге олардың 
айырмашылықтары да бар. Лексикалық мағына мен грамматика- 
лык мағынаның ең басты айырмашылығы — олардың абстрак- 
циялану дәрежесі мен берілу формаларында.
Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар. Шынды- 
ғында сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. 
Бірақ бұл — сөз мағынасы адамзат қоғамына байланысы жок, 
айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен, т. б.) сияқты адам- 
дарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы 
адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам 
ойымен (психологиялық қүбылыс ретінде), коллективтің әлеумет- 
тік санасымен байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай- 
ақ, сөз мағынасы тек субъективтік, индивидуалдық сипатка ие 
дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген ка- 
ғиданы 
қолданған 
боламыз. 
Шындығында сөз мағынасының 
құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын 
мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп 
қатпарлы категория деп атаймыз. Сонымен бірге, сөз мағынасын- 
да әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға, 
индивидке байланысты болған мағыналық элементтердің де бар 
екенін мойындаған жөн. Соңғы тезисті былай түсінуге болады. Сөз 
мағынасындағы жалпы универсалды қасиет олардың объективтік 
сипатынан туады да, жеке тілге, адамға тәуелді болмайды. Нәти- 
жесінде ол мағыналы элемент дыбыстық қабыққа ие болғанда, 
сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне түсінікті болады; түрлі 
тілдерде сөйлеуші 
адамдардың өзара түсінісуі, бір мағынаны 
аудару жолы арқылы екінші бір тілге жеткізу мүмкіндігі туады. 
Ал жеке-даралық қасиет белгілі бір тілде ғана бар мағынанын 
болуын, тіпті сол мағынаны қолданғанда сөйлеуші не жазушы 
адамға тән индивидуалдық сипаттың бар екенін 
мойындахдан 
туады. Демек сөз мағынасын 1) түрлі тілдерге тән универсалды,
2) жеке бір тілдің өкілдеріне (не туыстас тілдер өкілдеріне) тән,
3) жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады. Эрине жеке 
адамдарға тән болған мағына сөздерді қолдану кезінде ғана, бел- 
гілі бір контекстерде ғана байқалады.
Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналармен байла- 
ныстыра қарайтын болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар 
екеніне көз жеткізуге болады. Біріншісі — дүннедегі тілдердің бә- 
ріне де тән, ортақ болып келетін мағыналар. Мысалы, конкретті
4


зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер, т. б. Кей тілдерде 
бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, кен, не тар мағы- 
нада болуы мүмкін, бірақ түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың 
өзара түсінісуіне осы мағына негіз болады да, бір тілден екінші 
тілге аударылатыны да осы мағына болады. Салыстырыңыз: 
қаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет