дегі игілікті істерінің бірі деп санайды. Себебі жұртшылықтың жалпы сауатын арттыру, сөйлеу, пікір айту, жазу мен ауызекі сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтау, сөздің мазмұн-межесін терең түсіне білу, сондай-ақ əрбір сөздің шығу, қолдану төркінімен хабардар болу – əрбір тілдік ұжымның міндеті болып санала- ды. Осы арада көптеген өркениетті елдердің өмірінен көзге ұрып, көңілге жағым- ды болып тұратын жақсы əдеттерінің бірегейлеріне, мəселен, ана тіліндегі сөздердің шығу, таралу, даму төркінімен жақыннан таныс болып отыруын жатқызуға болады. Тілдің бұл мəселесін арнайы қарастырып, зерттеуге бағыт- талған этимологиялық ізденістерді бір жүйеге түсіріп, жөн-жосық көрсету үшін этимологиялық зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау – қазіргі қа- зақ тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі. Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тілдері қауымдастығына, алтай тілдерінің бір тармағына жататын тілдердің бірі. Ол Шығыс түркі тілдерінің құрамына кіретін Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Арғын, Найман, Алшын т.б. дербес тайпалардың Үш Жүз тобынан тұратын қауымдастықтың ортақ тілі болып саналады. Жалпы қазақ тілі өзіндік ерекшеліктерімен, Үш Жүз одағы жəне жеке тайпалар бойынша айтарлықтай бір қасиеттерімен іштей жіктелмей, диалектілерге бөлінбей біртұтас тіл ретінде (монолитті тіл ретінде) қа- лыптасқан. Қазақтардың тілінде азын-аулақ жергілікті ерекшеліктер (атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс, орталық ай- мақтарындағы жəне Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Қарақал- пақстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Еуропа т.б. шет ел-