Алматы «Сардар» баспа үйі


күрт, бырт, былш, тырқ, тарқ



Pdf көрінісі
бет58/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116
күрт, бырт, былш, тырқ, тарқ,т.б. осы сияқты) анықталады. Бұлар –
осы қалпында жалпылама мағына беретін процестің бір рет қайтала-
нуын білдіретін, өзгермейтін түбірлер. Түбірдің бұл негізгі бөлігі өз-
гермейді де (бөлшектелініп қолданылмайды), жалпылама мағынасын 
түсіндіруге болады.
Түбірдің көрсетілген бөлігінің өзгермейтіндігіне байланысты идео-
фоннан кейінгі заттану жұрнағы мен етістік жұрнағы тұрақты формант-
тар болып саналады.
Сонымен, еліктеуіш, елестеуіш жəне бейнелеуіш түбірлері тұлға 
жағынан біркелкі түбірлер, сондықтан оларға берілетін жалғаулар да 
бір-біріне ұқсас. Олардың жалпы саны 4-5 мыңға жетеді. Қазақтың 
дыбыстық тілі (бұл –ым-ишара тілінен кейін пайда болған тіл) о баста 
осы үш құбылысты – жарық-сəуле (жалт-жұлт, жарқ-жұрқ т.б.), 
қимыл-əрекетті (арбаң-құрбаң, далбаң-далбаң, тыртың-тыртың т.б.), 
бейнелік құбылысты (ербең-ербең, қалт-құлт т.б.) білдіретін түбірлер-
ді құраған. Сондықтан да бұл түбірлер тілдің басқа түбірлерінен өзгеше, 
əрі өзінің байырғылығымен ерекшеленеді, мағынасы жалпылама түрде. 
Этимология жағынан бұл түбірлер басқа түбірлерден өзгешелігімен 
сипатталады. Бұл түбірлердің тілдік болмысы мен ғылыми-талдамалық 
дəйегі Ə.Қайдардың жəне К.Ш.Хұсайынның еңбегінде берілген (Кай-
даров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке
Алмат-Ата, 1986; Хусаинов К.Ш. Звукоизобразительность в казахском 
языке. Алма-Ата, 1988).
4. Дара түбір. Біздара түбір деп бір буынды түбірден тұратын, бар-
ша түркі тілдерінде туынды, əрі тіркестердің құрамында қолданылатын 


124
жеке-дара мағынасы бар, не ол мағынасы ұмыт болған мыңдаған 
сөздерді атадық (А.Т.Кайдар. Структура односложных корней основ 
в казахском языке С.187-312). Этимологияның негізгі мақсаты – осы 
типтегі түбірлердің өзін, мағынасын, қолданыс ерекшеліктерін, түбірлік 
функциясын анықтау.
Дара түбірлерге тілімізде жеке-дара мағына беретін, не белгілі бір 
тіркестермен ғана, не күрделі сөз құрамында ғана қолданылатын (біз 
олардың тізімін мысалдармен береміз) түбірлер жатады. 
Барлық саны – 2712. Оның 508-і – ілкі еліктеуіш түбірлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет