Бiрiншi топқа мәселесiне, нақтылап айтқанда: “имитатив теориясына”
жалпы түрде қатысты, бұрын-соңды әр қырынан және әр деңгейде сөз болса
да, толық та дұрыс шешiмiн таба алмаған, не жеткiлiктi түрде дәлелденiлмей,
жоба түрiнде ғана айтылып келген пiкiрлер – қазақ тiлiнiң деректерiн танып-
бiлуден туындаған кейбiр ой-тұжырымдарымыз мыналар:
1. “Имитатив теориясы” – тiлдiң шығу, қалыптасу тарихына
бағышталған глоттогенез проблемасының күрделi мәселесiне жатады. Ол
“алғашқы этностыққауымның ым-ишара тiлiмен жалғаса дамып, дыбыстық
тiлiнiң негiзi болып қаланған ең әуелi элементтерi - елiктеуiш сөздер” деп
танитын, бiрақ қазiрше универсалды (әмбебап) теория деңгейiне көтерiле
қоймаған идеяның синтезi мен түйiнi. Бұл идеяны басқа ғалымдар қатарында
бiз де мойындаймыз және қолдаймыз.
2. “Имитатив теориясы” бойынша: “дыбыстық тiлдiң қалыптасуы
ең алғашқы Адамның табиғаттағы белгiлi дыбыстарға нақтылы бiр, не бiр
топ мағына жүктеп, меншiктеп қолдануынан басталды” дейтiн идеяға толық
қосылуға болады.
Шынында да, не көп, ұлы табиғатқа тән дыбыс көп. Бiрақ сол
дыбыстардың барлығы бiрдей белгiлi бiр мағынаның, ұғым-түсiнiктiң
нақтылы баламасы, символы, рефлексi бола бермейдi. Ал, болған жағдайда,
ондай дыбыс пен дыбыс тiркесi саналы адамдардың өзара қарым-қатынас
жасауына қажеттi тiлдiк элементке айналады. Адам баласы табиғаттағы
көзiмен көрiп, құлағымен естiген, денесiмен сезген, түйсiктенген
құбылыстарын өз дауысымен қайталауы, оған елiктеуi, жаңғыртып айтуы,
15
бейнелеу арқылы көз алдына елестетуi т.т. - осының бәрi сол адамның
дыбыстау қабiлетiн дамытып, сөйлеуге деген мүмкiншiлiгiн арттыра түседi.
3. Осының бәрi, сайып келгенде, Адамның өзiн-өзi және қоршаған табиғи
ортаны танып-бiлуге деген саналы талпынысынан туындаған қажеттiлiк. Ал,
Адам өсу дәуiрiнiң ертедегi балаң кезiнде өз табиғатын да, табиғаттың сан
сапалы құпия сырын да түгел бiлуге тырысқаны рас. Ол жаратылысынан
қалыптасқан дене мүшелерi мен ағзалары арқылы: аспан әлемiн ( күн,
жұлдыз, ай), табиғат құбылыстарын ( жауын-шашын, жел-боран, құйын,
топан су, тасқын, зiлзала, жанар тау, өрт т.б.), жер бетiн ( тау, орман, көл,
дария, теңiз, құм, даланы), жан-жануарлар дүниесiн ( жорғалаған құрт-
құмырсқа, бақа-шаяннан бастап, ұшқан құс, жүгiрген аң, хайуан, мал
т.б.), жалпы 18 мың ғаламның баршасын түгел бiлуге, олар шығаратын сан
түркi дыбыс-сыбыс, үн-әуездер мен жарық-сәуле, жарқыл-жұрқылдарды, iс-
әрекет, қимыл-қозғалыс, неше түрлi динамикалық процестердi, жас баланың
тiлiне, адамның өзiне тән өзiндiк құбылыстарға елiктеу арқылы дәл өзiндей
болмаса да, соларға ұқсатып қайталау нәтижесiнде қалыптасқан алғашқы
дыбыстық бейне-символдарды бiз “ елiктеуiш сөздер” деп атап жүрмiз. Бұл
– “ имитатив теориясына” сәйкес анықтама.
4. “ Елiктеуiш сөздер” әр тiлде, әр зерттеуде неше түрлi
терминдермен (мыс.: “бейнелеуiш сөздер”, “дыбыс елiктеуiштерi”,
“жарық-сәуле елiктеуiштерi”, “елiктемелер”, “образные слова”,
“образноподражательные
слова”,
“ономатолоэтические
слова”,
“мимемы”, “звукоизобразительные слова”, “аноматопея”, “идеофоны”
т.б.) аталып келедi. Алайда, олар қалай аталса да, барлық тiлдердегi табиғаты
өзара ұқсас, сол тiлдердiң шығу тарихына қатысты көне де байырғы құбылыс.
Бұл да “ имитатив теориясында” қабылданып, қалыптасқан пiкiр; бiз де
оны реальды құбылыс деп бiлемiз.
5. Елiктеуiш сөздердiң о баста дүниеге келiп, қалыптасуы, бiртiндеп
дамып, дербес сөз деңгейiне көтерiлуi жас нәресте тiлiнiң шығуына, сөйлеу
қабiлетi мен әдетiнiң қалыптасуына өте ұқсас құбылыс. Арнайы ғылыми
зерттеулер мен тәжiрибелерде әлi дүниеге келе қоймаған нәрестенiң
бойында ананың құрсағында жатқан кезiнде-ақ оның дауысын, үнiн, сөзiн
танитын фермент пайда болатыны көрсетiледi. Туғаннан соң екi айдан
кейiн ол көзiн ашып, өзiн қоршаған жарық дүниеге, төңірегiндегi қимыл-
әрекетке, анасының дауысына, иiсiне деген түйсiк-сезiмi ояна бастайды. Екi
мен үш жастың арасында бала белгiлi бiр мән, тiл бiлiмiнде “ синтаксистiк
семантика” деп аталатын кең шеңберде “түсiнiк” беретiн, оның өзiнше ойлап
тапқан алғашқы “сөздерiнiң” сұлбасы, жобасы пайда бола бастайды. Бес
жасында ол ана тiлiн белгiлi дәрежеде меңгередi. Одан кейiнгi өсу, ержету
дәуiрiнде ол өз тiлiн дамыта, байыта, әспеттей түсумен машықтанады. Мiне,
16
мұның бәрi ғылымда “бала тiлiнiң шығу, сөйлеуге жаттығу, даму онтогенезi”
деп аталатын проблемаға жатады
8
.
Демек, бұл бала тiлiнiң қалыптасуы мен этнос тiлiнiң балаң кезiндегi
тiлiнiң қалыптасуы арасында ғажайып ұқсастық бар деген сөз. Ол ұқсастық
- эволюциялық жолменен бiртiндеп пайда болу және қалыптасып, даму.
“Имитатив теориясы” бұл тұжырымды да мойындайды, тiптi бала тiлiнiң
өзiн елiктеуiш сөздердiң пайда болуындағы бiр бұлағы деп есептейтiн
ғалымдар да бар. “Лепетные детские слова” деген терминдi А.М.Газов-
Гинзберг осы құбылысқа байланысты қолданады.
6. “Имитатив теориясын” дәрiптеушi ғалымдардың бiразы елiктеуiштер
жер жүзiндегi тiлдердiң барлығына тараған әмбебап (универсальды)
құбылыс бола тұрса да, туыстас тiлдердiң (мәс., түркi, славян, семит, еуропа,
т.б. тiлдер тобының) өз iшiнде болмаса, әртүрлi типологиялық топтарға
жататын тiлдер арасында тұлғалық, құрамдық, мағыналық, сондай-ақ
жасалу модельдерi бойынша айта қаларлықтай ұқсастық байқалмайтынын
ескертедi. Шынында да солай: елiктеуiш сөздер тамыры тереңде жатқан,
iлкi түбiрлерi тым ерте заманда қалыптасқан көне де байырғы құбылыс
болғандықтан да, олар тек бiр этностық қауым ауқымында ғана дүниеге
келген құбылыс саналды. Олардың тiлара ұқсастығы не сол тiлдердiң
генеалогиялық жақындығына, не тарихи араласуына, әлде сол этностардың
ұқсас дүниетанымдық қасиеттерiне байланысты деп қаралып келедi. Қазақ
тiлiнiң деректерi де бұл идеяның дұрыстығын дәлелдей түседi.
7. “Имитатив теориясын” iлгерi дамытушылар (мәс., А.М.Газов-
Гинзберг) имитатицияның дамуын екi стадиядан тұрады: оның бiрiншiсi
- табиғат дыбыстарына таза (яғни ешбiр тұлғалық көрсеткiшсiз) күйiнде
елiктеуден, екiншiсi - олардың сол тұлғасыз (грамматикалық формантсыз)
таза күйiнен сөзге айналу процесiне байланысты деп қарайды. Қазақ тiлiнiң
бай елiктеуiш сөздер қоры бұл тұжырымның өзiне қатысты дәл емес екенiн
көрсетедi. Iлкi түбiрден басталып, грамматикалық форманттармен қат-қабат
болып өсiп, күрделене түсетiн елiктеуiш тұлғасы осының айғағы (ол туралы
төменде кеңiнен сөз болады).
8. “Имитатив теориясының”қалыптасуына ең алдымен негiз болған
тiл-тiлдердiң бәрiнде де кездесетiн, сол тiлдегi басқа қарапайым сөздерден
өзiндiк ерекшелiктерiмен қатар өзара тұлғалық та, мағыналық ұқсастығы
бар (мыс., моппыйды-, томпыйды-, қомпыйды-, сомпыйды- т.б.), топ-тап
болып қолданылатын, өзiнiң көнелiгiмен де, этнос тiлiмен бiте қайнасып,
бiрге өскен байырғылығымен де көзге түсетiн, мазмұны мен мәнi құнарлы,
бейнелi, саны ауқымды лексикалық топ жатады. Егер бұл теорияның
8Сарыбаев Ш.Ш. Елiктеуiш сөздер. Метод. кеңес және бақылау-пысықтау жаттығулары.
Алматы, 1982, 3-56 бб.
17
негiзiн Н.И.Ашмарин кезiнде әртүрлi тiлден жинақтаған 1600 елiктеуiш
сөздi талдап-тарату арқылы жасаса, бұл теория жөнiнде пiкiр айту үшiн
бiз тек қазақ тiлi бойынша 5 мыңға жуық дерек топтастырып отырмыз
(Ш.Сарыбаевтың дерегi бойынша олар – 2 мың шамасында). Бұл – сөздiк
қорымыздың байырғы бөлшегiнiң шамамен 25-30% деген сөз.
9. “Имитатив теориясына” байланысты бiр тұжырымда: “көптеген
елiктеуiш сөздер дами келе, алғашқы мағынасынан өзгерiп, екiншi бiр
мағынаны бiлдiретiн басқа лексикалық категорияға ауысады” деген
(А.Ысқақов) пiкiр айтылады. Өзгеретiнi рас, бiрақ о бастағы iлкi түбiрден
(бiр буынды моносиллабтан) тарап, тарамданып, дамып, күрделене түскен
туынды тұлғалы елiктеуiштердi, iндете зерттегенде, олардың өзiнiң бастапқы
түбiрiмен логикалық, уәждiк, этимологиялық жалғастығын, байланысын
мүлдем үзiп кетпейтiндiгiн ескеру қажет.
“Имитатив теориясына” қатысты жалпы түрдегi әңгiмелер мұнымен
ғана шектелмейдi, әрине. Оны жалғастыра беруге де болар едi. Алайда,
бiздiң пайымдауымызша, мәселенiң түйiнi басқада, атап айтсақ, ол елiктеуiш
сөздердiң жасалу механизмдерi мен тарихи қалыптасу тетiктерiнде.
Бұл өзi, “имитатив теориясының”өзектi мәселесi болғандықтан да, бiр
қауым әңгiме. Сондықтан, бiз оларды “екiншi топ” деп, өз алдына бөлiп,
жеке қарастыруды жөн көрдiк.
“Елiктеуiш сөздердiң жасалу механизмдерi” дегенде бiз әрбiр тiлде
кездесетiн аналитикалық және синтетикалық сөзжасам тәсiлдерiнiң бiреуiн,
не бiр тобын сөз еткелi отырғанымыз жоқ. Қазақ және басқа түркi тiлдерiндегi
елiктеуiш категориясына тән сөзжасам модельдерi сол тiлдердегi басқа
сөзжасам жүйесiмен “бiр қазанда қайнаған” құбылыс бола тұрса да, олардан
табиғаты мүлдем басқаша, бастауын сонау өткен дәуiрлерден алып, ұзақ
замандар бойы қалыптасқан, этностың балаң кезiндегi дыбыстық тiлiне негiз
болған тарихи процестiң нәтижесi. Демек, бұл, нақтылап айтқанда, қазақ
этносының сонау есте жоқ ескi дәуiрлерде дыбыстық тiлге өту процесiне,
яғни жалпы глоттогенезiне қатысты күрделi проблема. Бiз оларды “имитатив
теориясы” тұрғысынан гипотеза ретiнде қарастырмақшымыз.
1. Жалғамалы (агглютинативтi) тiлдерде (соның бiрi – қазақ тiлi) негiзгi
элемент – сөз тұлғасы оңнан солға қарай, күн, сағат айналысына сәйкес
дамитыны және ол өзiнiң дамуындағы алғашқы қадамын барлық жағдайда
сөз басында тұратын түбiрден бастайтыны мәлiм. Бiздiң сол түбiрге берген
анықтамамыз: “Тюркский корень есть наидревнейшая и историческая
реальная единица языка, сохраняющая свою суть несмотря на постоянные
фоно-морфо-семантические изменения, происходящие в процессе
агглютинативного развития строя тюркских языков. Он может структурно
совпадать с первообразным словом, если оно не превышает одного слога.
18
Во всех остальных случаях тюркский корень выступает как производная
единица языка, где корень отражает в себе состояние статики, а слово –
динамики”
9
.
Демек, түбiр – түркi тiлдерiнiң де, сол тiлдегi сан алуан сөздердiң
де, солардың бiр тобы қазақ тiлiндегi елiктеуiш сөздердiң де, бiр буынды
(моносиллаб) түрiндегi алғашқы элементi деген сөз.
2. Елiктеуiш сөздердiң түбiрлерiнiң басқа сөздердiң түбiрлерiнен
айырмашылығы бар ма? Әрине, бар. Олар: 1) бiз жинақтаған 5 мыңдай
елiктеуiш сөздiң құрамдық табиғатына қарағанда, ГС (дауысты және
дауыссыз дыбыстардан) және СГС (дауыссыз, дауысты және дауыссыз
дыбыстардан) тұратын екi түрлi жабық буыннан құралады. Бұлар – түркi
тiлдерiнiң буын жүйесiн құрайтын 6 классикалық моделiнiң ( Г, ГС, ГСС,
СГ, СГС, СГСС) ең көне екi варианты.
3. Елiктеуiш iлкi түбiрiнiң аталмыш екi түрлi ( ГС, СГС) мiндеттi түрде
екi құрамдық элементтен тұратын жабық буын болып келедi. Екi құрамдық
элементтiң алғашқы сыңарына табиғат құбылыстарының саналы адамның
көзбен көрiп, құлақпен естiп, түйсiк, сезiм арқылы қабылдаған дыбыстық
рефлексiн, оның бейнесiн, әрекетiн өз дауысы арқылы беретiн дыбыстық
символикалар жатса, екiншiсiне соларға мағына жүктейтiн идеофондар жатады.
Бұл процестi таратып, тарқатып айтсақ, табиғаттағы әр алуан (дыбыс,
жарық-сәуле, қимыл-әрекет т.б.) құбылыстың алғашқы жаңғырығы,
рефлексi, бейнесi, реакциясы тiлдегi 9 дауысты дыбыстың [ а, ә, е, о, ү, ұ,
у, ы, i] бiреуi, не сол бiреуiнiң дауыссыз дыбыспен тiркесi ( *да, *ды, *ca,
*сы, *ша, *шы т.т.) арқылы берiледi; ал оларға белгiлi мағына үстемелеу,
не мәнiн айқындау мiндетiн келесi жалғанатын идеофондар атқарады.
Сөйтiп, бұл күрделi комбинация мен концентрация нәтижесiнде болашақ
елiктеуiштердiң негiзi (iргетасы) болып саналатын елiктеуiштердiң көптеген
iлкi түбiрлерiқалыптасады.
Мысалдарға назар аударайық: елiктеуiштiң абстракциялы көп мәнге,
ұғым-түсiнiк, идеяға ие алғашқы (дыбыстық) символын *Ы десек және оған
қосымша мағына жүктейтiн [ *Р, *С, *Ң, *Қ, *З т.б.] идеофондарының
10
*
бiреуiн жалғасақ, жоғарыда көрсетiлген екi түрлi буын моделi ( ГС және
СГС) бойынша елiктеуiштердiң мынандай iлкi түбiрлерi барлыққа келедi:
* ЫР (иттiң ырылы), * ЫС (жыланның ысылы), * ЫҢ (баланың ыңылы), * ЫҚ
( ықылық ату), * ЫЗ (маса-шыбын ызыңы) т.т.
Мiне, осы тәсiл бойынша барша туынды тұлғалы елiктеуiштердiң негiзi
саналатын iлкi түбiрлер барлыққа келген. Жоғарыда ескерткенiмiздей, ол iлкi
түбiрлер кезiнде өте кең де абстрактылы мағынаға ие болған. Сондықтан да
болар, бiр iлкi түбiрден кейде жиырмаға дейiн мағыналас, не мағынасы жақын
9 Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986.
10
*
Идеофон терминiнiң бiр мағынасы идеография - “мәндi, мағыналы жазу” терминiне ұқсас.
19
түбiрлес тұлғалар тарап, оның мағына шеңберi кеңейе түскен. Бұл тәрiздi
iлкi түбiрлердiң ЕС дамуының тым ерте кезiнде қалыптасуына байланысты,
мағынасының бүгiнгi ұрпаққа күңгiрттенiп ұмыт бола бастағанын.
Бұл тарихи процестердi бiз кез келген ЕС-дiң құрамынан ретроспективтi
талдау тәсiлi арқылы айқын көре аламыз. Мысалы, мына төмендегi екi
модель [ ГС; СГС] бойынша топтастырылған әртүрлi ЕС-дiң құрамындағы
идеофон форманттарын әдейi бас әрiппен айрықша етiп жазу арқылы бiз iлкi
түбiрлердiң бiрқалыпты қайталанып тұрғанын көрсетiп отырмыз:
ГС:
*аҚ+ырай-
*әК+iрей-
*оД+ыраңда-
*өК+iректе-
*үШ+кiр т.б.
СГС:
*баҚ+ырай-
*тiК+iреңде-
*шаҚ+шаңда-
*баҚ+жаңда-
*мыЛ+жыңда- т.т.
4. ЕС-дер өзiнiң тұлғалық (құрамдық) дамуының келесi морфологиялық
деңгейiнде жалғанатын бiрiншi дәрежелi грамматикалық индикатор оған
қосымша “бiрреттiлiк” (разовый), “бiр сәттiлiк” (одноактовый), “шұғыл
да тосын” (внезапный) әрекет пен құбылыстың мән, реңкiн үстемелейдi.
Мысалы, *бұ – алғашқы мағыналық шоғырды бiлдiретiн дыбыстық нышанға
(символға) [P] идеофоны жалғанғанда *бұР iлкi түбiрi, одан соң бiрiншi
дәрежелi грамматикалық индикатор жалғанғанда бiр актылық бейнелеуiш
процестiң атауы - *бұР+Қ (еттi) дүниеге келтiрiп тұр. Мiне, осы модель мен
тәсiл бойынша кез келген, не көптеген елiктеуiштерден толық мағыналы, не
жартылай мағыналы түбiрлер туындайды. Мысалы:
*бұР+қ+ыра-
*бұР+қ+ылда-
*қаР+қ+ылда-
*баР+қ+ыра-
*саР+қ+ыра-
*жаР+қ+ыра-
*жыЛ+Т+ыра-
*жаЛ+Т+ыра-
*қаЛ+Т+ыра-
*сыЛ+Д+ырла-
*құЛ+Д+ыра-
*быЛ+Ж+ыра-
*тақ+ыЛ+да-
*сақ+ыЛ+да-
*шақ+ыЛ+да-
*тоқ+ыЛ+да-
*бақ+ыЛ+да-
*дiК+iЛ+дет.б.
Бұл ЕС-дiң құрамдық дамуының ( бiрiншiсi – мағына шоғырын бiлдiретiн
алғашқы дыбыс символдары; екiншiсi – iлкi түбiр құрайтын идеофондар)
үшiншi, яғни бiрiншi дәрежелi индикаторлар деңгейiнiң қалып-күйi.
5. ЕС-дер құрамының жазықтың (горизонтальдi) бағыттағы келесi даму
деңгейiне екiншi дәрежелi грамматикалық индикаторлар жатады. Ол өзi
жалғанатын елiктеуiш түбiрге заттық мағына үстемелейдi. Мысалы: *таР
iлкi түбiрiне [ С] бiрiншi дәрежелi индикаторды жалғау арқылы *таР+С
елiктеуiшiн туындатсақ, ендi оған [ ЫЛ] екiншi дәрежелi индикаторын
жалғап, *таР+С+ыЛ елiктеуiш есiмiн қалыптастырамыз. Тiлiмiздегi
жүздеген, мыңдаған елiктеуiштердiң көбiсi, мiне, осы үшiншi деңгейде
20
қалыптасқан тұлғалар. Бiз оларды төмендегiше (әр деңгейдегi формантты
қанық бас әрiппен беру арқылы) көрсетiп отырмыз:
*таР+С+ыЛ-да-
*күР+С+iЛ+де-
*тыР+С+ыЛ+да-
*қыЛ+М+аң+да-
*жыЛ+М+аң+да-
*сұУ+М+аң+да-
*қаң+Қ+ыЛ+да-
*шаң+Қ+ыЛ+да-
*саң+Қ+ыЛ+да-
*ыР+Ж+ың+да-
*тыР+Ж+аң+да-
*қыЛ+Ж+ақ+та- т.б.
Бұл ЕС-дер құрамдық дамудың (ескерте кетейiк: бiрiншiсi – мағына
шоғырын бiлдiретiн алғашқы дыбыс символдары, екiншiсi – iлкi түбiр құраушы
идеофондар, үшiншiсi – бiрiншi дәрежелi индикаторлар деңгейi) төртiншi,
яғни екiншi дәрежелi индикаторлар деңгейiне жатады.
6. Елiктеуiштер құрамының “ұзарып” дамуындағы келесi морфологиялық
кезең – үшiншi дәрежелi грамматикалық индикаторды қабылдаумен
сәйкес келедi. Үшiншi дәрежелi индикатор бiрiншiге, әсiресе екiншi дәрежелi
индикаторға қарағанда тiлiмiзде әлдеқайда аз қолданылады. Бұл, тарихи
даму тұрғысынан алып қарағанда да, әрине, заңды құбылыс. Бұдан кейiн
елiктеуiштер есiм ретiнде өз дамуын тоқтатады, (бiз төртiншi дәрежелi
индикаторды жинақталған бай тiл деректерiнен кездестiре алмадық). Демек,
бұл үшiншi дәрежелi индикатордан кейiн елiктеуiш құрамының өзiндiк дамуы
соңғы рет етiстiк көрсеткiшiн қабылдап, одан кейiн тоқтайды деген сөз.
Бiз ендi жоғарыдағы тәртiп бойынша ЕС-дердiң морфемалық бесiншi
даму деңгейiне мысалдар келтiрейiк:
*жаЛ+П+аЛ+аҚ+та-
*қаЛ+Б+аЛ+ақ+та-
*еЛ+Б+еЛ+ең+де-
*көЛ+Б+еЛ+ең+де-
*ҰЙ+П+аЛ+аҚ+та-
*қыЙ+Қ+аЛ+аҚ+та-
*қаЙ+Қ+аЛ+аң+да-
*шаЙ+Қ+аЛ+аң+да- т.б.
Демек, бұл мысалдар ЕС-дiң құрамдық дамуының үшiншi дәрежелi
грамматикалық индикатор қабылдағаннан кейiнгi деңгейi.
7. Осымен қазақ тiлiндегi ЕС-дiң өзiндiк, “елiктеуiштiк” мағынасында
(бейнелеуiш зат есiм, сын есiм, үстеу) дамуы тоқтайтын сияқты. Бiрақ бұдан
ЕС-дiң тұлғалық және мағыналық дамуы “мүлдем тоқтап қалады” деген ұғым
тумаса керек. Олардың тағы екi жүйе бойынша дамуы (өзгеруi, жаңғыруы,
түрленуi, басқа сөз тобына өтуi) бар екенiн ескерткiмiз келедi. Оның бiрi –
ЕС-дiң дыбыстық символдары өзiне идеофондарды қабылдап, iлкi түбiрге
айналғаннан кейiн де оларға үстемеленiп, бiрiнен кейiн бiрi жалғанатын үш
дәрежелi грамматикалық индикатордан соң жұрнақтар жалғанып, етiстiкке
айналуы болса, екiншiсi – етiстiкке айналған елiктеуiштердiң өздерiнен
туындаған заттар мен құбылыстардың атауына қайта айналады.
21
Мiне, бұл тiлiмiздегi мыңдаған елiктеуiштердiң (жоғарыда көрсетiлген)
морфологиялық дамуының әр деңгейiнде бiр жүз берiп отыратын өз
жүйесiмен қалыптасқан сөзжасам модельдерiне байланысты тұрақты да,
жанды құбылыс екендiгiн көрсетедi. Бiз төменде бұл құбылыстың екеуiн де
нақтылы деректер негiзiнде қарастырамыз.
8. Қазақ тiлiндегi сөзжасам модельдерi бойынша елiктеуiштердiң әрбiр
морфемдiк даму деңгейiнде етiстiкке айналуы – бұл құбылыстың тiлдiк даму
сатысының бәрiн бiртiндеп басып өткен көне де байырғы процес екенiн
айқындай түседi.
Бұл үрдiстi бiз тiлдiк деректер арқылы көрсетейiк.
8.1. Әр алуан табиғи құбылыстардың (дыбыс, жарық-сәуле, қимыл-
әрекет т.б.) саналы адам тiлiндегi алғашқы мағына-мәнi абстрактылы болып
келетiн дыбыстық символдардың даму барысына өзiне мағына жүктейтiн
идеофондарды қабылдап, алдымен iлкi түбiрге одан соң бейнелеуiш
етiстiкке айналуы заңды түрдегi құбылыс. Мәселен, қазақ тiлiндегi гуле-
деген елiктеуiш етiстiгi осы құбылыстың бiр көрiнiсi. Оның *гү- дыбыстық
символ түрiндегi рефлексiне [у]
11
* идеофонын жалғану арқылы iлкi түбiрге
айналғанын мойындасақ, ол сол iлкi түбiрдiң өзiнен де елiктеуiш етiстiк
туындай беретiн көремiз. Мысалы:
гүУ+Ле-
үУ+Ле-
зыР+ла-
дұУ+ла-
өк+iр-
*аҚ+ый-
*көК+iй-
*шұУ+ла-
*соР+ай-
*сеК+iр-
*қыД+ый-
*кiД+iй-
*сыР+ый-
*тыР+ый-
*құД+ый- т.б.
Көрiп отырғанымыздай, iлкi түбiрдiң тiкелей өзiнен де бiраз елiктеуiш
етiстiктер жасалады екен. Бiздiң пайымдауымыз бойынша, елiктеуiш
етiстiктердiң бұл түрi олардың ең көне дәуiрде қалыптасқан алғашқы
қарапайым деңгейiн көрсетедi. Сондықтан да, ол басқаларға қарағанда көп
дами алмаған.
Елiктеуiш етiстiктiң бұл түрiнiң басқалардан аз болуының екiншi
себебi iлкi түбiр деңгейiн сөзжасам модельдерiнiң синтетикалық түрiнен
аналитикалық үлгiсiнiң әлдеқайда басым болуына да байланысты. Мысалы:
дүр еттi-, гүр ете түстi, зыр қағу, тық ету, дiк ете түстi, ыр ете қалу,
шап ете түстi, дың еткiзу, шыр ету, зу ете қалды т.б.
8.2.Қазақ тiлiндегi елiктеуiш етiстiктердiң екi түрлi – синтетикалық
және аналитикалық – тәсiлiнен бiрдей мол туындайтын даму деңгейiне
бiрiншi дәрежелi грамматикалық индикаторларды қабылдаудан кейiнгi
кезеңдi жатқызуға болады.
11
*
Бұл арадағы гуле- елiктеуiшi құрамындағы кириллицамен берiлген [у] екi дыбыстың»
қосындысы - ѕ+у [u
|