Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

ТЫҢҚ-ТЫҢҚ  <домбыраны  қайталап  бармақпен  жай  ғана  шерткенде 
шығатын дыбыс> *Кішкене домбырасын қолына алып ап, құлақтарын қайта-
қайта бұрап, тыңқ-тыңқ шертті де, тез күйттеп алды (С.Сматаев. Елім-ай, 87).

111
ТЫП-ТЫП  <~  бол:  аяғын  нық-нық,  тыпылдата  басу>  *Жусан 
арасындағы  жіңішке  соқпақты  бойлап,  тып-тып  тарта  берді  (Ә.Кекілбаев. 
Бір уыс топырақ, 264).
ТЫПЫҢ-ТЫПЫҢ <~ бас: аяғын жиі-жиі аттап, тыпыңдата басып, 
тез-тез  жүруді  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Шынашақтай  ғана  ақ  сары  қыз 
мектепке қарай аяғын тыпың-тыпың басады (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 34).
ТЫПЫР-ТЫПЫР  <адам  мен  хайуандардың  аяқ-қолының  өте  тез, 
қалай болса, солай, бір орында тұрмай бей-берекет тыпырлап әрекеттенуі> 
*Қызыл  жоңышқаның  басы  ұйпаланып,  аспанда  оқ  тиген  қырғауылдың 
қанатындай тыпыр-тыпыр ете қалды (Ш.Мұртазаев. 51). *Жүйріктен жүйрік 
шықса төрт аяғы тыпыр-тыпыр (Мақал)
ТЫРАҢ-ТЫРАҢ  <~  ет:  аяқ-қолын  ербеңдете,  оңқа-шоңқа  болып 
жығылу, мұрттай ұшу>
ТЫРАЯ-ТЫРАЯ <көп адамның бір жерге оңқа-шоңқа болып, аяқ-қолын 
ербеңдете,  сербеңдете  құлап  (жатуын  бейнелеу)>  *Ұйқы  қысқан  қыздар 
тырая-тырая кетті (Т.Әлімқұлов. Замана екпіні, 81).
ТЫРБАҢ-ТЫРБАҢ  <~  ет:  аяқ-қолын  ербеңдетіп,  тырбаңдаған 
әрекет сипаты > *Құдықтың аузындағы жігіттер қыл арқан ұшына жармасып 
тырбаң-тырбаң етеді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 217).
ТЫРБЫҢ-ТЫРБЫҢ <аяқ-қолын сәл ғана қыбырлатып, қркеттенуге 
қатысты бейнелеуіш>
ТЫРҚ-ТЫРҚ <~ ет: тырқылдатып үн шығару>
ТЫРП-ТЫРП <аяғын сүйрете басып, өкшесімен жер соға жүргенде 
қайталанып  шығатын  дыбыс>  *Тырп-тырп  басып  біреу  келе  жатыр 
(З.Шашкин. Т.Бокин, 159). *Yй сыртынан әлдекім тырп-тырп сырт-сырт 
етіп қайталап шығатын дыбыс> басып, алыстай берді (Ә.Кекілбаев. Yркер, 
8).
ТЫРС-ТЫРС <тысыр-тысыр *Ақша қарға көзден аққан жас тырс-
тырс тесе тамады (О.Бөкеев. Қасқыр ұлыған түнде, 279).
ТЫР-ТЫР  <трактор  жүргенде,  денені  қасығанда  т.б,  жағдайда 
тырылдап, қайталанып шығатын дыбыс> *Бәйбішесіне арқасын тыр-тыр 
қасытып жатыр (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 88).
ТЫР-ТЫРЛА <қайта-қайта тырылда, тыр-тыр ет>
ТЫРТЫҢ-ТЫРТЫҢ <үзбей тыртыңдап әрекет ету...>
*Адамдар  ағаш  үйлерінен  ұзап  тыртың-тыртың  тірлігіне  кіріспек 
(О.Бөкеев.  Ұйқым  келмейді,  543).  ТЫСЫР-ТЫСЫР  <тырс-тырс  етіп, 
қайталанып естілетін баяу үн>
ТЫШТАҢ-ТЫШТАҢ  <бір  орынға  тұрмай,  шошаңдап,  өзінше 
пысықсып  істеген  әрекетін  бейнелеу>  *О  да  Боқының  ұлына  еліктеп, 
тыштаң-тыштаң етеді... (З.Шашкин.Т.Бокин, 130).

112
- У -
УЛАЙ-УЛАЙ<бойын әбден у тарай-тарай (үйреніп кету)>
*Содан бірталай заман өтті, Алашты улай-улай жаман өтті (М.Жұмабаев. 
Шығ., 2, 26).
УМА-ЖУМА  <әбден  уқаланып,  умажданып,  бейберекет  болған 
заттардың қалпы>
УМАЖ-УМАЖ  <әбден  уқаланып,  мыжғыланып,  умаждалып, 
жарамсыз  қалпына  келген  зат  қалпы>  *Басым  умаж-умаж  жастыққа 
тиісімен қор ете түскенмін (О.Сәрсенбаев. Таңд. шығ., 2, 260).
У-ШУ  <азан-қазан,  айқай-ұйқай  дыбыс  сипаты>  *Ауыл  төңірегі 
у-шу  (Қ.Байсейітов.  Құштар  көңіл,  7).  *...Ымырт  жабылып  қалыпты. 
Дүние у-шу, ызың-ызың... (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 36).
- Ұ -
ҰБАЙ-ЖҰБАЙ  <өзара  келісім,  бір-біріне  сүйеу-тірек;  ымпай-
жымпай  болғандар>  *Бір  жерге  екі  қырсық  біріккен  соң,  Қалар  ма 
ортамызда ұбай-жұбай... (Тезек төре, 35).
ҰЛЫП-ҰЛЫП-  <қасқыр  мен  иттің  дауыстарын  ұзақ  созып,  ұли 
беріп (бір-бірін іздейтін, қарны ашқанын, табиғатта болатын өзгерісті 
сезгенін білдіруі> *Шуласып ұлып-ұлып алып, ауылға қарай тартып берді 
(М.Әуезов. Қилы заман, 270).
ҰМАР-ЖҰМАР <көп адамның, малдың асығыс қозғалысынан пайда 
болатын  бір-бірін  баса  көктеп,  шоғырлану  қалпы>  *Сықырлауық  есік 
быт-шыт болып, жұрт ұмар-жұмар ішке кірді («Жұлдыз», №3, 2002, 72). 
*Жаюлы тор қусырылғанда, қаршыға мен қаз ұмар-жұмар шырмалып, 
диірменнің тасындай шыр айналды (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 129).
- Y -
YБІР-ДYБІР  <көпшіліктің  қатарласа  сөйлеуінен,  аттардың 
алыстан естілетін тұяқ дүбірінен шығатын дыбыс еліктеуіші>
YЙДЕК-ТYЙДЕК  <заттардың  бір  тұтас  болып  ұйысып, 
топтасып, шоғырланып тұрған қалпы, сипаты>
YЛП-YЛП <~ ет: өте майда, жұмсақ, жеңіл заттың жел лебімен 
жеңіл ғана желпінуін бейнелейтін еліктеуіш>
- Х -
ХА-ХА  <адамдардың  қатты  күлгенде  қайталанып  шығатын 
күлкісін білдіретін дыбыс> *- Біздің қолымызда заң бар, Шван мырза, 
– деп Тимме қағаз ұстаған қолын көтерді. - Ха-ха, заң... міне заң, - деп 
Шван кешегі жасаған актісін қойын қалтасынан алып, Тиммеге ұсынды 
(Қ.Исабаев. Соңғы тәулік, 149).
ХА-ХАХАЛА <қарқылдап қатты күлу>

113
- Ш -
ШАҚ-ШАҚ  <шақ-шақ  етіп  жүрген  мотордың  дыбысына,  құстың, 
адамның ашулы дауысына еліктеу>
ШАҚ-ШҰҚ  <қара.:  шақ-шақ>  *Сүйменнің  тиген  жері  шақ-шұқ  тас 
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 251). *Қару-жарақтардың шақ-шұқ дыбысы, 
аттардың  ышқына  кісінегені,  жаралылардың  ыңырана  күңкілдегендері 
қанішерлерді онан әрмен құтырта түсетін тәрізді (Ә.Әлімжанов. Жаушы, 147).
ШАҚҰР-ШҰҚЫР  <соқтығысып  сынған  шыны-әйнектің  дыбысын, 
бір-біріне  қайраған  тістің  дыбысын,  т.б.  шақырлайтын  заттардың 
шығаратын үнін бейнелеу> *Шақыр-шұқыр еткен дыбысқа Арзы апам да 
амалсыз бұрылып қарады (Ш.Мұртазаев. 1).
ШАЛДЫР-ШҰЛДЫР <салдырлаған, шұлдырлаған дыбысқа еліктеу>
ШАЛҚАҚ-ШАЛҚАҚ <~ ет: адамның басын кейкитіп, артына қарай 
шалқақтатып, қайқаңдауын бейнелейтін еліктеуіш> *Биыл шалқақ-шалқақ 
басқан шетелдік меймандар сабылатын болды (М.Сқақбаев. Пенде ғұмыр, 5).
ШАЛП-ШАЛП <суға шомылғанда, суды шапылдатқанда қайталанып 
шығатын  дыбыс  пен  шашыраған  су  бейнесі>  *Ол  әлгі  бір  қсем  жүзудің 
орнына  суды  шалп-шалп  еткізіп,  жағаға  аптыға  жүгірді  (Ш.Мұртазаев. 
Жүрекке әжім түспейді, 196).
ШАЛТАЙ-БАЛТАЙ <не болса соны айтып, аузына келгенін көкудің 
сипаты>  *Шалтай-балтай  неге  керек.  Әйда  тұр  орныңнан!  –  деді 
Пернебеков (Т.Әлімқұлов. Шежірелі сахара, 4).
ШАҢҒЫР-ШҰҢҒЫР  <қара.:  саңғұр-сұңғыр>  *Қарақұрым  жылқы 
да  қос  рет  атылған  мылтық  даусынан,  жез  ілегеннің  шаңғыр-шұңғыр 
үнінен,  жылқышылардың  қиқулата  қуған  айқай-шуынан  дүркірей  жылжып, 
табандарынан тас атысып, жөңкіле жөнелді (Б.Тоқтаров. Таудағы ән, 21).
ШАҢҚ-ШАҢҚ <қайта-қайта шаңқылдаған дыбысқа еліктеу> *Шаңқ-
шаңқ етіп әлдеқандай дәу-дәу құстар айналып жүр (Ш.Мұртазаев. Ақсай мен 
Көксай,  37).  *Оның  ыпыны  қашқаны  жаман  болды,  шаңқ-шаңқ  дауыстар 
жиілеп, қоюланып, асқынып, елеурей бастады (Т.Әлімқұлов, 20).
ШАҢҚ-ШҰҢҚ <қара.: шаңқ-шаңқ>
ШАҢ-ШҰҢ  <шаңқылдап-шұңқылдап  шыққан  дыбысқа  еліктеу> 
*Әңгімемен  айналаны  тегіс  ұмытқан  ба,  шаң-шұң  дыбыс  қатқыл  тамақтың 
қырылдаған  үнімен  алдарынан  оқыс  естілді  (С.Сматаев.  Елім-ай,  67).  *Таң 
қараңғысында, электрдің жарығы аламыш түскен ағаштардың арасында шаң-
шұң  дауыс  шықты  (Т.Әлімқұлов.  Кертолғау,  84).ШАППА-ШАП  <бетпе-
бет, қолма-қол келген (ұстау, соғысу)>*Онда қарсылық, шаппа-шап келген 
соғысқа айналмақ (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 65).
ШАППА-ШҰП <қара.: шапа-шап>

114
ШАПШАҢ-ШАПШАҢ  <өте  тез,  тездетіп,  асығыс-ұсығыс>  *– 
Қане, шапшаң-шапшаң киіп көріңдер. Шақ келмесе, апарып тастаймын,– деп 
тықыршиды (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 69).
ШАПЫР-ШҰПЫР <көп нәрсенің тез-тез, апыр-топыр, жапыр-жұпыр 
әрекетін бейнелейтін еліктеуіш> *Жарық ай жылжи-жылжи төмен ауды, шапыр-
шұпыр, жымыңдаған жұлдыздар сирей бастады (С.Сматаев. Елім-ай, 274).
ШАРТ-ШАРТ  <1.  сарт-сұрт  етіп  қатты  шыққан  дыбыс  сипаты;  2. 
ауыс. сарт-сұрт еткізіп, қолма-қол ұстасу сипаты> *Екі жақ жапыр-жұпыр 
бір-бір араласыпшарт-шарт ұрысып кетті (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 158).
ШАРТ-ШҰРТ <сарт-сұрт>
ШАРТПА-ШҰРТ  <шартта-шұрт;  шатыр-шұтыр>  *Қуанғаныңыздан 
алақаныңызды шартпа-шұрт ұрып, балаша мқз боласың (ҚТТС, 10, 155).
ШАР-ШАР  <~  ет:  қайта-қайта  шарылдап  шыққан  дауысқа  еліктеу> 
*Арша күбіні ысқылап жуып отырғанда, бір жаман дауыс шар-шар ете қалды 
(Ш.Мұртазаев. Жүрекке әжім түспейді, 218).
ШАР-ШҰР <шарылдап-шұрылдап қайталап шыққан дыбыстың сипаты>
ШАРТТА-ШҰРТ  <сартта-сұрт,  шартпа-шұрт>  *Шартта-шұрт 
төбелес, шартта-шұрт ұстаса кетті (ҚТС, 723).
ШАТЫР-ШҰТЫР  <нажағай  жарқылдап,  күн  күркірегенде  шығатын 
сатыр-сұтыр  еткен  қатты  дауыс  сипаты>  *Жұрт  тағы  да  шатыр-шұтыр 
шапалақ сабасты (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 274). *Тас түнекті қақ жарып 
найзағай  жарқ  етті  де,  іле-шала  аспан  асты  шатыр-шұтыр  күркіреп  кетті 
(Ә.Әлімжанов. Жаушы, 23).
ШӘЛДІР-БYЛДІР  <шүлдірлеп,  былдырлап,  не  айтып,  не  қойғанын 
білмейтін  адам  сөзінің  сипаты;  қара.:  шүлдір-былдыр>  *Бұрын  да  шәлдір-
бүлдір әрең сөйлеуші еді (ҚТС, 726).
ШӘҢКІЛДЕП-ШӘҢКІЛДЕП-  <шіңк-шіңк  еткен  жіңішке  дауысымен 
біреуге  ұрсып,  жер-жебіріне  жетіп  (діңкілдеу)>  *Yйдің  жаман  қаншығы 
шіңкілдеп-шіңкілдеп шаршап ол да қойды (А.Нұрманов. Құланның ажалы, 410).
ШӘУ-ШӘУ  <күшіктер  мен  кәндек  (қандек)  иттердің  қайта-қайта 
шәуілдеп үруін бейнелейтін еліктеуіш>
ШӘУ-ШӘУЛЕС  <көпшіліктің  өзара  дабырлап,  шәуілдесіп  сөйлесуін 
бейнелейтін еліктеуіш етістік>
ШИҚ-ШИҚ  <1.  кейбір  құстардың  (торғай,  балапан  т.б.)  шиқылдаған 
дауысына  еліктеу;  2.  майламаған  арба  дөңгелегінің  жүргендегі  дыбысына 
еліктеу> *Баурай бауырындағы індігеш екеш індігештерге дейін шиқ-шиқ үңге 
бөгіп,  табиғаттың  қағанағы  қарқ  шағы  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс  топырақ,  228). 
*Арбаның сол жақтағы артқы дөңгелегі ауырған тістей зарлап, шиқ-шиқ етеді 
(Ш.Мұртазаев. Бойтұмар, 69).
ШОЙҚАҢ-ШОЙҚАҢ <қара.: шойнаң-шойнаң>

115
ШОЙНАҢ-ШОЙНАҢ <~ бас: аяғын қайыра басып, маймаңдап, ақсаңдап, 
қисаңдап басу; қара: шойтаң-шойтаң, шойқаң-шойқаң т.б.>
ШОҚАҢ-ШОҚАҢ  <~  ет:  қайта-қайта  бір  жағына  қисаңдап, 
шоқалақтап жүрудің сипаты> *Олар мен жаққа оқшиып-оқшиып қарап, неге 
келмейді  дегендей  состиысты  да,  қайтадан  шолп-шолп  еткізіп,  көлге  сүңгіп-
сүңгіп кетті (І.Есенберлин. Алтын құс, 20).
ШОМП-ШОМП <бір заттың терең суға жоғарыдан құлап қайта-қайта 
түсіп жатқанда шығатын дыбыс сипаты> *Аудың табан тастары суға шомп-
шомп түсіп жатыр (ҚТС, 736).
ШОР-ШОР <шор-шор болып томпиған...> *Шал басынан тақиясын шешіп 
шор-шор болып қыртыстанған тақыр басын сипады (О.Бөкей. Атау-Кере, 450).
ШОРШЫП-ШОРШЫП-  <бірнеше  рет  шоршу...>  *Yси  бастағанымды 
сезсем де істерге лаж жоқ, шоршып-шоршып шаршадым (О.Бөкеев. Өз отыңды 
өшірме, 172).
ШӨК-ШӨК <түйе малын шөгеру үшін айтылатын ишарат сөз> *Тек 
қана, «шөк-шөк» дей бермей, осы бізді де ел қылатын, ер қылатын ақыл айтшы! 
– деді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 57).
ШӨРЕ-ШӨРЕ <1. ешкі малын шақыру үшін айтылатын одағай сөз. 2. 
Өзара топтасып, бір қауым болып бір үйірімге айналған топтар> *Аз да болса 
пысық және шөре-шөреде жүргендіктен бір мүшеден қалмай ілесіп отыратын 
(М.Әуезов. Абай жолы, 1, 19). *Бәрінің көңілін табам деп шөре-шөре болмай 
қадіріңді өткізіп, бірін тұтын (Ә.Кекілбаев. 31).
ШУ-ШУ  <көп  адам,  мал  жиналған  жерде  олардың  өзара  дабырласып 
сөйлесуінен, жамырасуынан шығатын әр алуан дыбыстар; жылқы мен түйені 
жүргізу үшін айтылатын ишарат сөз> *...Қандауыр өтірік тебінген болып, атын 
шу-шулейді (О.Бөкеев. Ұйқым келмейді, 40). * «Әйт шу-шу, жануар» деген сөзге 
маңғаздана құлақ салып асықпай адымдаған түйе, ... отар-отар қой, ... үйір-үйір 
жылқы,  сол  малды  қоғамдап,  қайырмалаған  адамдар  (А.Сейдімбеков.  Күңгір-
күңгір күмбездер, 81).
ШУ-ШУЛЕП <малды айдау, жүруге ишарат ету> *Жуан қарагер атты 
шу-шулеп тебініп таяп келді (Ш.Мұртазаев.) *...Екі қолын кезек шайды да, күйіс 
қайырып жатқан шеткі сиырды, «шу-шулеп» орнынан тұрғызды. (Т.Дәуренбеков. 
Таң атып келеді, 315).
ШҰЛҒИ-ШҰЛҒИ-  <жиі-жиі,  қайта-қайта  басын  изеп,  біреудің 
айтқанын мақұлдап, қуаттап (отыру)> * «Тап солай» десіп, бастарын шұлғи-
шұлғи иланып еді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 169).
ШҰЛҒЫП-ШҰЛҒЫП<қайта-қайта басын изеп, бір нәрсені мақұлдай 
беру; ат басын шұлғылап ілгері тартты*Байжан басын шұлғып-шұлғып қалды 
(Ғ.Мүсірепов.  Таңд.  шығ.,  2,  41).  *Зығырданы  қайнай  басын  шұлғып-шұлғып 
қояды (М.Сүндетов. Қызыл ай, 123).

116
ШҰРҚ-ШҰРҚ  <айналасы  шұрқ  тесік,  сау-тамтығы  жоқ  тесік-
тесік> *Yстіндегі қой терісі тон шұрқ-шұрқ тесік... («Жұлдыз», №5, 2002). 
*...Оқ ақ денесін шұрқ-шұрқ тескен (Х.Әдібаев. Таңбалы адам, 15).
ШҰР-ШҰР <~ ет: қайта-қайта шұрылдау > *Піскен ыстық күлшені 
көз алдыма елестетемін. Оны ойлаған сайын ішім шұр-шұр етіп, аузымнан 
сілекейім ағып, одан сайын қарным ашады (Қызылдар қырғыны, 20).
ШЫЖ-БЫЖ  <1.  мың  сіз-бізден  бір  шыж-быж  артық.  Бұл  арада 
шыж-быж ауыс мағынасында, жеп-ішетін тамақ, мал сойылып, қазанға 
«шыж-быж»  дауысын  шығара  қуырылған  қуырдақ  тағам  ретінде 
қолданылып  тұр;  2.  ауыс.  ~бол:  күйіп-пісу,  ашуланып  тулау>  *Мың  «сіз-
бізден» бір шыж-быж артық (Мақал); *Оның  несіне  шыж-быж  боласың 
(Т.Иманбаев. Yлкен  үй,  16).  *Ерлі-зайыптының  шырқын  бұзғанда  «шыж-
быждан» қағылмаймын ба?! (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 253).
ШЫЖ-МЫЖ <қара.: шыж-быж, шыж-пыж>
ШЫЖ-ШЫЖ  <~  ет:  1.  ыстық,  қыздырылған  ыдысқа  шикі  асты 
қуырғанда  шығатын  дыбыс  сипаты;  2.  ауыс.  біреуге  жаны  ашып,  күйіп-
пісу, шыжылдау>
ШЫҚ-ШЫҚ  <~  ет:  қайталап,  қайта-қайта  шықылдаған  дыбыс 
сипаты> *Сағат сол 7 ноябрьдің кешінде менің блиндажымдағы үстелдің 
үстінде шық-шық соғып тұрды (Ә.Нұршайықов.Ақиқат пен аңыз,2,262)
ШЫЛДЫР-ШЫЛДЫР  <сырға,  шолпы,  шашбау,  қоңырау  т.б.  осы 
сияқты металдан жасалған заттардың өзара соқтығысып, шылдырлаған 
дыбысы> *Тоғжанның шолпысы шылдыр-шылдыр етіп ап-анық естіліп бара 
жатқан сияқты (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 118).
ШЫЛҚ-ШЫЛҚ <~ ету: су қаптаған шалшықты басқанда шылқылдап 
естілетін дыбыс сипаты> *Аяқ астының шылқ-шылқ еткені мен аттардың 
пысқырғанынан  басқа  бөгде  дыбыс  естілмейді  (Т.Дәуренбеков.  Таң  атып 
келеді, 176).
ШЫЛП-ШЫЛП  <өзен,  көл,  теңіз  суының  шайқалып,  жағаға, 
жағадағы  тастарға  соққанда  шылпылдап  шығатын  дыбысы>  *Тасқа 
шылп-шылп  соққан  суық  майда  жауын  соның  бәрін  бір-ақ  қылғып  жұтып 
қойғандай (С.Сматаев. Елім-ай, 59).
ШЫҢҚ-ШЫҢҚ  <ұрғанда,  қинағанда  қайта-қайта  шың-шың  етіп 
шығатын дыбыс сипаты>
ШЫҢ-ШЫҢ <қара.: шыңқ-шыңқ>
ШЫП-ШЫП <~ терле: пора-пора болып терлеу; (маңдайынан) тері 
шыпылдап шығу> *Әсіресе, мұрнының үсті шып-шып терлеген жан оқта-
текте шұлғып кетіп, қолындағы кесесін түсіріп ала жаздады (О.Бөкеев. Қар 
қызы,  67).  *Сап-сары  қымыз  ожаумен  сапырғанда,  көпіршімей,  шып-шып 
етіп шымырлап қана толқиды (М.Әуезов. 1, 83).

117
ШЫР-ПЫР  <1.  торға  түскен  торғайдың  әбігерленіп,  шырылдап-
пырылдап  (тыпыршуы);  2.  ауыс.  бір  нәрсені,  істеу  үшін  жанұшырып, 
күйіп-пісіп,  шат-шәлекей  болуы>  *Америка  каньонын  табиғат  ескерткішіне 
айналдыруда  Линкольн  осынау  табиғи  құдіреттен  балаларының  баласы  рақат 
тауып, көңіл қиялын шарықтатуы керек екенін айтып, ... шыр-пыр болған екен 
(А.Сейдімбеков. Күңгір-күңгір күмбездер, 102).
ШЫРТ-ШЫРТ  <сандықшаның,  шкаф  тартпасының  т.б.  заттардың 
шырт-шырт  етіп  жабылғанда  шығаратын  болмашы  дыбыстары>  *Жер 
болғаныңды  от  басында  көзіңе  шұқып  көрсетейік  деген  жуандық  танытып, 
біріне-бірі насыбай ұсынып, ... шырт-шырт түкірісіп қойды (С.Сматаев. Елім-
ай, 24).
ШЫР-ШЫР  <~  ет:  1.  телефонның,  есік  қоңырауының,  торғайдың 
т.б. тынбай, не қайталап шырылдауын білдіретін еліктеуіш; 2. ауыс. жаны 
қалмай шырылдауды, безек қағуды білдіретін еліктеуіш> *Біз судың жағасына 
түскеннен-ақ бір боз торғай төбемізде салбырап, шыр-шыр етіп тұрды да алды 
(Ш.Мұртазаев.  Ақсай  мен  Көксай,  38).  *Шегірткенің  айғырындай  шыр-шыр 
етіп, шіңкілдеп келіп не жазығым бар дегізіп, Маңдайдың да сыбағасын бергізді 
(Ә.Ақпанбет. Қатын қашқан, 17).
ШЫР-ШЫРЛА <шыр-шыр ету, шырылдау>
ШЫТ-ШЫТ <қара.: быт-шыт> *Әлі-ақ көп ұзамай осынау шыт-шыт 
боп  жарылып  қаңсып  жатқан  даланың  кенезесін  қандырып  муссандар  өтеді... 
(Ә.Әлімжанов. Отырардан жеткен сый, 141).
ШЫТЫР-ШЫТЫР  <тоқтаусыз  шытырлап  жанған  оттың  дыбысын 
білдіретін еліктеуіш> Енді сол бойында ортада шытыр-шытыр жанып тұрған 
от басына тақала берді (С.Сматаев. Елім-ай, 226).
ШІҢК-ШІҢК  <~  ет:  қайта-қайта  шығатын  шіңкілдеген  (жіңішке) 
дыбыс сипаты>
- Ы -
ЫБЫР-ЖЫБЫР <адам тіршілігіндегі бітпейтін-таусылмайтын майда, 
күйткіл тірлік>
ЫБЫР-ДЫБЫР  <болар  болмас  қана  естілетін  баяу  қимыл  мен 
дыбырлаған үн>
ЫБЫР-СЫБЫР <адамдар арасында болатын күңкіл-сүңкіл, ұсақ-түйек, 
пыш-пыш  әңгіме>  *Көптің  ішіндегі  ыбыр-сыбыр  тына  қалды  (Ғ.Мұстафин. 
Дауылдан  кейін,  353).  *Кейінгі  кездері  ыбыр-сыбыры  көбейіп  кетіп  еді 
(Ш.Хұсаинов. Yкілі Ыбырай).
ЫҒЫ-ЖЫҒЫ  <ары-бері  сапырылысқан,  шоғырланып  жиналған> 
*Әйтеуір  қайда  қарасаң  да,  ығы-жығы  адам...  (Ә.Кекілбаев.  Yркер,  57). 
*Борандының базары ығы-жығы (Ш.Мұртазаев. Айырбас, 90).

118
ЫЗҒЫТЫП-ЫЗҒЫТЫП-  <астындағы  атын,  машинасын  жіберіп-
жіберіп, жүйіткітіп-жүйіткітіп (алу)>
ЫЗЫ-ҒЫЗЫ <улап-шулаған адам дауысына ұқсас, әр алуан үн, дыбыс...> 
*Кейбір түндері ызы-ғызы үн шығады, шейіт болған жандардың әруағы болар... 
(«Егемен Қазақстан», 04.09.98. 3). * Буырыл ат қой маңырап, ит үріп ызы-ғызы 
болып жатқан ауыл жаққа қарай ентелей басады да, ертесіне қосқа қайтқандай 
мойыны  салбырап,  митың-митың  мандымай  қояды  (Ә.Кекілбаев.  Бір  уыс 
топырақ, 229).
ЫЗЫҢ-ЫЗЫҢ  <қайта-қайта  ызыңдаған  дауыс  сипаты>  *...Ымырт 
жабылып  қалыпты.  Дүние  у-шу,  ызың-ызың...  (М.Әуезов.  Абай  жолы,  1,  36). 
*Басы сынып, ызың-ызың араның ұясына айналған Ерік тек таңға жуық қана 
қорылдап ұйықтап кетті (О.Бөкей. Атау-Кере, 441).
ЫЛПЫҢ-ЖЫЛПЫҢ  <адамның,  малдың  өте  тез,  сумаңдап,  елпеңдеп, 
аяғын тез-тез болып жүретіні>
ЫМДАС-ЖЫМДАС  <ымы  да,  жымы  да  бір,  бір-бірін  жарты  сөзінен 
ғана түсінетіндер сипаты> *Жалпақ сары қазақпен бұрыннан ымдас-жымдас 
(ҚТС, 758).
ЫМ-ЖЫМ <қулық-сұмдық, айла-тәсіл> *Бұл екеуінің ым-жымын әлі тірі 
пенде сезген емес (З.Ақышев. Жаяу Мұса). *Осы ауылдың қатындарына ымы-
жымы қосылмайды (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 566).
ЫҢ-ДЫҢ  <у-шу,  ыңылдап,  дыңылдап  қайталаған  дыбыстар  сипаты> 
*Дүйсен  Қасейіновтің  есебін  де  үнсіз  тыңдап,  ың-дыңсыз  мақұлдай  салды 
(«Айқын», №61, 06.09.2004).
ЫҢ-ЖЫҢ  <қара.:  ың-дың>  *Кешеден  бергі  ың-жыңнан  басы  зеңгіріп, 
дарбаза алдындағы жалғыз тұттың көлеңкесіне зорға жетті (Ә.Кекілбаев. Бір уыс 
топырақ, 65). *Күйкі тіршілікке жегін өгізше мойын ұсынып қалған күнімді ың-
жыңсыз өткізсем қайтеді? (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 202).
ЫҢҚЫЛ-СЫҢҚЫЛ  <адамды  ыңқылдатып-сыңқылдатып  қинайтын 
жеңіл-желпі  ауру-сырқау>  *Қартайған  сайын  өзімді  ыңқыл-сыңқыл 
айналдыратын болды (Б.Майлин. Шұғаның белгісі, 257). *Киімі де, тағамы да 
мойнымда. Ыңқыл-сыңқылы көп... («Айғақ», 11.05.2000, 4).
ЫҢҚЫЛ-СЫҢҚЫЛСЫЗ <ауру кеселсіз...>
ЫҢҚ-ЫҢҚ  <адамның  күшеніп,  қатты  қимылдағанында,  ауыр  нәрсені, 
көтергенде,  жаны  қиналғанда  қайталап  шығаратын  дыбыстары>  *Қос  ат 
жетілген  салдырлақ  көк  арба  ыңқ-ыңқ  еткен  мені  Алматыға  полкке  жеткізді. 
Санчаста рентгенге салып көрді де, өкпеңе суық тиген деп тапты (Б.Соқпақбаев. 
Өлгендер қайтып келмейді, 153).
ЫҢСЫЗ-ДЫҢСЫЗ <ың жоқ, дың жоқ, у-шусыз, тып-тыныш>
ЫҢ-ШЫҢ  <ыңылдаған-шыңылдаған  дыбыс...>  *...Солай  ың-шыңсыз 
тыныш кетті (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 271).

119
ЫҢ-ШЫҢСЫЗ  <айғай-шусыз,  ешкімге  дабыра  қылмай>  *Бауырлас 
елдердің  ың-шыңсыз  келісімге  келе  алуы  кейбір  мемлекеттердің  көңіл-күйіне 
жақпаған тәрізді («Түркістан», №37, 09.02).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет