Алматы технологиялық университети Тағамдық биотехнология кафедрасы ПӘН «Микробиология» Дәріскер: Алибаева Бахыт Насихатқызы



бет6/9
Дата26.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#144011
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жеңілденген диффузия

  • Микроорганизмдердің барлығы дерлік минералдық заттар мен дәрумендерді қажет етеді. Олар минералдық заттарды көп мелшерде пайдаланбайды. Бұған 10 миллиард бактериялар клеткасында 1 миллиграмм минералдық заттың болатыны анық мысал бола алады. Бірақ минералдық заттар болмаса олар қалыпты тіршілік ете алмайды. Минералдық заттардың біразын (фосфор, күкірт, калий, магний және темір) микроорганизмдер минералдық тұздардан алады да, қалған қажетті мөлшерін органикалық заттар ыдырағанда алады.
  • Әр түрлі микроорганизмдердің дәрумендерді талап етуі де түрліше. Ол қоректік ортаның құрамына және дәрумендерді микроорганизмдердің сіңіру қабілетіне тікелей байланысты. Микроорганизмдердің кейбір түрі өздерінің тіршілік еткен ортасында тіршілік әрекетінің нәтижесінде едәуір мөлшерде В6, В12 және Д дәрумендерін өздері түзе алады. Мұндай микробтарды қазіргі кезде қажетті мелшерде өндірістік жолмен дәрумен алуға пайдаланады.

Азотты сіңіру қабілетіне қарай микроорганизмдердің топқа бөлінуі.

  • Қөптеген микроорганизмдер азотты күрделі қосылыстардан әртүрлі дәрежеде сіңіреді. Азот — микроорганизмдер тіршілігі үшін аса маңызды қоректік зат. Ол негізінен тірі протоплазманың тірегі. Азотсыз белок, ал белоксыз тіршілік болуы мүмкін емес. Азотты сіңіру қабілетіне қарай микроорганизмдер үлкен екі топқа бөлінеді:
  • 1. Аминоавтотрофты микроорганизмдер. Олар белокты азоттың минералдық және органикалық қосылыстарынан түзеді.
  • 2. Аминогетеротрофты микроорганизмдер. Бұлардың көпшілігі жай қосылыстарда (минерал тұздарда) кездесетін көміртегі мен азоттан кейбір амин қышқылдарын түзеді. Бірақ олардың қалыпты тіршілігі үшін таза күйіндегі амин қышқылдары да қажет. Бірінші топқа аммиак тұздарындағы азотты және молекула күйіндегі атмосфера азотын сіңіретін микроорганизмдер жатады. Ал екінші топқа тірі организмнің белогынан азотты сіңіретін немесе амин қышқылдарының қосылыстарынан азот алатын түрлер жатады.
  • .
  • Белок заттарын ыдырататын микроорганизмдерге көбінесе спора түзуші — пішен таяқшасы, бациллус микойдес және тағы басқалары жатады. Мұнда белок алдымен микроорганизмдер ферменттері әсерінен пептонға, одан кейін түрлі амин қышқылдарына ажырайды. Соңында басқа микроорганизмдердің қатысуымен амин қышқылдары аммиакқа, органикалық қышқылдарға, спирттерге және түрлі көмірсутектеріне дейін бөлінеді. Егер амин қышқылдарының құрамында күкірт болса, онда ыдырау барысында ұнамсыз иісті күкіртті сутектері пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет