Тұқым қуалаушылық белгілерінің берудегі ДНҚ рөлінің дәлелі.
Молекулалық-биологиялық және генетикалық зерттеулердің нысандары ретінде бактериялар, вирустар мен плазмидтерді пайдалану
Тағам өндіріснің микробиологиясы. :
Тағам өндірісінің микробиологиясы техникалық (өндірістік) микробиологияға жатады; ол микроорганизмдерді пайдаланып, әртүрлі тағам өнімдерін: шарап, сыра, нан, спирт, сүтқышқылды өнімдер, сыр, ашытылған көкөністер және т.б өндіру әдістерін зерттейді. Тағам өндірісінің микробиологиясы тағам өндірісіне кері әсерін тигізетін микроорганизмдердің физиологиясын да зерттейді. Тағам өнімдерін өндіру және тасымалдау кезінде алдын ала шаралар қолданып, осы микроорганизмдердің тіршілігін тежеуге болады.
Қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінен микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу, олардың селлекциясы, өнімділігі жоғары мутагенді штаммдарды алу, микроорганизмдерді культивирлеудің негізгі параметрлерін қолайландыру пайдалы микрофлораның өміршеңдігіне негізделген технологиялық процесстердің қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Тағам өндіріснің микробиологиясы.
Техникалық пайдалы микроорганизмдердің белсенділігін арттыру- өз кезеңіндезиянды микрофлораның тіршілігін тежейді және тағам өнімерінің сапасын жақсартады.
Тағам өндірісі микробиологиясының негізгі мақсаттарының бірі тұтынушылар денсаулығына қауіпсіз тағам өнімдерін өндіру болып табылады. Ол үшін тағам өнімдерінің әртүрлі топтарының микробиологиялық қауіпсіздік критерийлерін білу және санитарлы-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерге сәйкес микробиологиялық бақылау жүргізу керек.
Тағам өндіріснің микробиологиясы.
Микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу арқасында қалдықсыз технологиялық процесстерді құрастыру мүмкін болды. Ол процесстердің негізінде: қалдықтарды қайта өңдеу немесе өндірістің келесі кезеңдерінде қолдану жатады. Осылайша микробиология көмегімен қоршаған ортаны қорғау мәселелері оңтайлы шешіледі.
Қазіргі кезде көптеген тағам өндірсінің ірі тармақтарының микробиологиялық зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Микробиологиялық зертханалар тағам өндірісі орындарында шикізат пен дайын өнім сапасын бақылап отырады.