Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет10/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1. 
БҰҰ жариялаған 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы 
мақсаттар біздің еліміз үшін өзекті ме?
2. 
Қазақстан үшін қандай географиялық зерттеулер өзекті?
3. 
Осы зерттеулердегі іргелі және қолданбалы сипаттамалардың қай-
сысы басым болды?
1-МӘТІН
. Қазақстан Республикасы 
География институтының Гляциология 
зертханасы келесі бағыттар бойынша 
ғылыми зерттеулер жүргізеді: 
2-МӘТІН
. Тау мұздықтары еріген кез-
де мореналық көлдер түзеді. Мұз-
дықты-мореналық көлдер оқтын-
оқтын жырылып отырады. 
– криосфера компоненттері – қар жа-
мылғысы, мұздықтар, жерасты мұзда-
рының дамуын бақылау;
– мұз басқан жерлер мен мұздық ре-
сурстарының ауданын нақты анық-
тау үшін мұздықтардың жаңа тізбесін
жасау;
– мұздықтар дамуы, абляция және ХХ 
ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасыр-
дың басындағы суағардың климат 
жағдайын зерттеу; 
– климаттық қар шегарасының биік-
тігін бөлуді есептеу және картасын
дайындау;
– қар шегарасы биіктігінде қатты жа-
уын-шашынның жылдық аккумуля-
циясының бөлуін есептеу және карта-
сын жасау;
– мұздық жүйенің заманауи және бол-
жамдық өзгерістерін бағалау;
– климаттың мұздықтарға әсерін баға-
лау.
Жырылулар – қауіпті селдің туындауы-
на басты себепші. 
Алматының төңірегінде 36 морена-
лық көл орналасқан, оның 17-сінің
жырылу қаупінде тұрғаны анықталған. 
Қуатты селді-тасты тасқындар аймақ 
тұрғындары мен оның экономикасы-
на мол шығын әкелуде.
Осындай табиғи қауіптердің алдын 
алу үшін гляциологтер, селден қорғау 
мамандары тау мұздықтары мен мо-
реналық көлдерге үздіксіз зерттеу 
жүргізіп отырады. 
Мұндай жұмыстардың нәтижесінде 
құтқару қызметінің мамандары сор-
ғылық қондырғы, сифон түтігі және кі-
шігірім экскаваторлардың көмегімен
мореналық көлдерден қауіпсіз дең-
гейге дейін суды сорып алады.
Тау аңғарларында селді-тасты тасқын-
дардың жолында қорғаныс бөгеттері 
салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет