Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет13/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   146
Мұхаммед Хайдар 
Дулати 
өзінің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде Сыр-
дария аңғары мен Жетісуды қоныстанған халық-
тардың тұрмысы, тарихы мен мәдениеті тура-
лы айтқан. Ол Қазақстан аумағының оңтүстік-
шығыс бөлігінің климаты туралы және Балқаш 
көлі жа йында мәліметтер береді. Бұл еңбектер-
де қазақ хандығының құрылуы, сыртқы басқын-
шыларға қарсы күресу үшін қазақ, қырғыз және 
өзбектер арасында одақтың жасақталуы туралы 
деректер бар. Көрнекті ойшыл өз еңбегінде қазіргі
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы халықтар-
дың қалалық және егіншілік мәдениеті туралы 
құнды мәліметтер келтіреді. 
Xiii ғасырдан бастап қазақ жерін зерттеуге дипломатиялық қызмет 
те өз үлесін қосты. Елші
 П. Карпинидің
жүрген жері Польша арқылы 
Төменгі Волгадағы Батый ханның ордасына дейін, Орал арқылы сол-
түстік Тянь-Шаньға, Алакөл көліне, Тарбағатай арқылы Моңғолияға 
дейін созылған болатын. Сырдария өзеніне, Алакөл көліне, Жетісу Ала-
тауы мен Тарбағатай тауларының бөктеріне сипаттама және Жоңғар 
қақпасындағы Ебі желі туралы алғашқы мәліметтер берілген. Кейін-
нен елші 
В. Рубрук
Франциядан Қырым, Еділ мен Мұғалжар далалары, 
шығыс Арал маңы арқылы Шу, Іле өзендерінің сағасы және Балқаш 
пен Алакөл көлдеріне, Моңғолияға дейін жүріп өтті. Саяхаттың барлық 
кезеңдері суреттелді. XV–XVi ғасырларда орыс және қазақ халықтары 
арасында байланыс орнайды. Қазақ далаcында алғашқы елшілер Се-
мен Мальцев пен Третьяк Чебуковтар болып, олар дипломатиялық 
қарым-қатынас орнату үшін келіссөздер жүргізді.
Махмұд Қашқари
Мұхаммед Хайдар 
Дулати
21
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


XVi ғасырдың соңы мен XVii ғасырдың басында 
Қ. Жалайыри
«Жәми 
ат-Тауарих» («Жылнамалар жиынтығы») кітабын құрастырды. Бұл – қазақ 
халқы мен оның жері, Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы құжат. 
Кітап орыс патшасы Борис Годуновтың өтініші бойынша жазылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет