Балқаш мәселесі. Балқаш көлінің экологиясы үшін келесі себеп-
тер бойынша күрделі қауіп төніп тұр:
1. Іле өзенінің 1970 жылдан бастап Қапшағай суқоймасын толты-
ру үшін пайдаланыла бастауы көлдің таяздануына әкеліп соқтырды.
Балқаш көлінің су деңгейі 2 метрге дейін төмендеді.
2. Балқаштың айналасындағы 16 көл жүйесінің тек 5-еуі ғана қал-
ды. Шөлге айналу процесі бассейннің 1/3-іне жетті. Сортаң жерлер
түзілуде
. 3. Балқаш тау-кен байыту комбинатының қалдықтарынан мы-
рыш, мыс, қорғасын, фенол, фторидтердің ондаған тоннасы көлдің
бетіне шөгеді.
4. Ауылшаруашылық жерлерін суландыру кезінде судың қайтым-
сыз ысырап болуы.
Каспий мәселесі. Каспий өңірінің экологиялық жағдайы Каспий
теңізі деңгейінің көтерілуімен және теңіз жағалауындағы экожүйеге
антропогендік іс-әрекеттермен айқындалады. Теңіз деңгейінің кө-
терілуі жағалау сызығының ұзаруына және су басқан жер ауданының
артуына әкеледі. Су басу қаупіне көбінесе Каспийдің солтүстік және
солтүстік-шығысындағы мұнай кен орындары душар болады. Каспий
теңізі – бекіре тіршілік ететін дүниежүзіндегі ең ірі жер, сондықтан
Каспий мәселесі мемлекетаралық қана емес, сонымен бірге ол – жа-
һандық мәселе.
Өздігінен тазару мүмкіндігі жойылып бара жатыр, оның нәтиже-
сі жағымсыз жағдайларға әкелуі мүмкін. Ластанудың басты себебі –
жағалауда және су астында, теңіздегі алыс платформаларда мұнай өн-
діру секілді қауіпті процесс байқалады. Теңіз деңгейінің күрт өзгеруі
бұрғылау ұңғымаларын, мұнай сақтайтын орындарды істен шығарды.
Соның нәтижесінде су мұнай өнімдерімен, ауыр металдар қосылыста-
рымен және органикалық қосылыстармен ластанды. Жайық, Еділ өзен-
дерінің суымен бірге ағып, теңізге зиянды заттар да көптеп құйыла-
ды. Осының барлығының әсерінен көлдегі балық түрлерінің азаюы,
каспий итбалығы мен көптеген құстардың көп мөлшерде қырылуы
мүмкін.
143 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы