Экономикалық аудан
– белгілі табиғи және экономикалық жағдайы
бар, қалыптасқан немесе құрылған мамандандырылған шаруашылығы
болатын, ішкі шаруашылық байланыстары бар елдің немесе аймақтың
біртұтас бөлігі.
Экономикалық география
– әлеуметтік-экономикалық география-
ның тармағы, дамыту мен басқаруды тиімді ету мақсатында өндірістің ау-
мақтық ұйымдастырылуын, өндірістік күштердің дамуы мен орналасты-
рылуын, орналастыру түрткіжайттарын (экономикалық-географиялық
жағдайын, табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстар, еңбек ресурстары,
т.б.) зерттейді.
Экономикалық-географиялық жағдай
– аймақ немесе елдің өзіне
экономикалық маңызы бар басқа нысандарға қатысты жағдайы.
Экономикалық инвестициялар
– өндірістік активтерді сатып алу.
Бұл ретте инвестиция түрінде нақты өндірістік қуаттылық құрылады, со-
сын тәуекел «қалыпты» болғанда, табыс алу үшін жұмыс күшін жалдау жү-
зеге асырылады.
Экономикалық тиімділік (өндіріс тиімділігі)
– өндіріс процесі түрт-
кіжайттарының пайдалы нәтижесі мен шығындарының арақатынасы.
Экономиканың бастапқы саласы
– ауыл және орманшаруашылығы
салалары. Дүниежүзілік экономикада бастапқы сала, көбінесе алдыңғы
даму кезеңінен мұра ретінде қалған, бірақ әлі күнге дейін шаруашылық
пен тұрғындарды азық-түлік және құрастырымдық материалдармен
қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайды. Сонымен қатар орманның
ауқымды аумақтарында, көбінесе табиғатты пайдаланудың дәстүрлі түр-
лері – аң аулау, балық аулау, солтүстікте – бұғышаруашылығы сақталады.
Эксперимент (ғылыми тәжірибе)
– басқарылатын жағдайда кейбір
құбылыстарды зерттеу тәсілі. Бақылауға қарағанда зерттелетін нысан-
мен белсенді өзара әсерлесу арқылы ерекшеленеді. Әдетте эксперимент
ғылыми зерттеу шеңберінде жүргізіледі және болжамды тексеру, ерекше
құбылыстардың арасындағы байланыстардың себебін айқындау үшін
жүргізіледі.
174
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
|