Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет86/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

АҚПАН-ҚАҢТАР
– шамамен желтоқсан-қаңтарға сәйкес келетін жылдың ең 
суық кезеңі.
АҚПАН-ТАҚПАН
– қаңтардың қатты аязы.
АМАЛ
– күн райының жауын-шашынды және салқын болып өзгеруі: бұл 
«Құралайдың амалы» – «Құралайдың салқынындағы» күннің сууы.
АПТАП
– жаздың желсіз күніндегі қатты ыстық күн райы; қапырық: бүгін аптап.
БЕСҚОНАҚ
– Батыс Қазақстанда көктем басталғанда 5–8 күн қатарынан соға-
тын жел. Оның әсерінен қар тез еріп кетеді.
ЖАЗ 
– жаз (қазақ мақалы: «шаруа қыста қысылады – жазда жазылады»).
ЖАЗҒЫТҰРЫ
– көктем.
ЖҰТ
– қыста азықтың болмауы салдарынан орын алған малдың жаппай өлім-
жітімі. Кейде әдебиетте жұт ретінде тек көктайғақты алады, бұл мүлде дұрыс 
емес. Жұт бірнеше қолайсыз жағдайлардың бірігуінен туындайды. Қазақта 
«жұт жеті ағайынды» деген мақал бар. Жұт болатын жылдың алдындағы жаз 
әдетте құрғақ болады, шөп ерте қурап кетеді, сондықтан мал нашар қоңда-
нады, қыста жиі боран соғып, қар қалың әрі көктайғақ болады және әдетте-
гіден ұзағыраққа созылады. Егер жеткілікті мөлшерде әзірленген мал азығы 
болмаса, мал қырылады.
КӨКТЕМ, КӨКТЕУ
(
көк
сөзінен шыққан) – көктем.
ҚОҢЫР КҮЗ
(қошқыл немесе қоңыр күз) – жылы, құрғақ күз.
КҮЗ
– күз суық.
ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ/АМАЛЫ
(құралай – киіктің лағы) – мамыр айының 
екінші жартысында Қазақстанның көптеген аудандарында суық жаңбыр
кейде қар жауу түрінде күннің суытуы. Қазақтар күннің осылай суытуын 
«Құралайдың салқыны», «Құралайдың амалы», – деп атайды. Қазақтардағы 
ескі наным-сенім бойынша жаңа туған киіктің лағы суық жаңбырдың әсері-
нен жүгіре бастайды екен. 
ШІЛДЕ
(парсы тілінде 
чиль
– қырық) – шамамен 40–50 күнге созылатын жыл-
дың ең ыстық мезгілі; «қырық күн шілденің ыстығы» деген сөз қазақтарда жиі 
айтылады.
1.
7-кестеде жыл мезгілдері әліпбилік тәртіппен берілген. Жылдық та-
биғи ырғақтылықты уақыт таспасында көрсетіңдер. Анемонимдерді 
айрықша белгілеңдер. Өз қалауларың бойынша ақпараттық график 
түрінде көрсетулеріңе болады.
Белсенді қазақ лексикасында жауын-шашынның алуан түрін біл-
діретін көптеген ұғымдар мен терминдер жеткілікті. Олардың ішінде 
кеңінен тарағандары 8-кестеде келтірілген.
109
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


8-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет