Вестник Алматинского университета энергетики и связи № 3 (54) 2021
35
bin:x:2:2:bin:/bin:/usr/sbin/nologin
sys:x:3:3:sys:/dev:/usr/sbin/nologin
sync:x:4:65534:sync:/bin:/bin/sync
games:x:5:60:games:/usr/games:/usr/sbin/nologin
man:x:6:12:man:/var/cache/man:/usr/sbin/nologin
lp:x:7:7:lp:/var/spool/lpd:/usr/sbin/nologin
mail:x:8:8:mail:/var/mail:/usr/sbin/nologin
Ерекшеліктері:
сақталатын ақпараттың түрі мен күрделілік деңгейі шектеулі;
мәліметтер компоненттері арасында байланыс орнату қиын;
параллелизм функцияларының болмауы;
оқу мен жазу талаптары аз жүйелер үшін ғана тиімді;
конфигурация деректерін сақтау үшін қолданылады;
үшінші тарап жағынан бағдарламалық жасақтама қажет емес.
Мысалдар:
nix жүйелерінде / etc / passwd және / etc / fstab
csv файлдары
2.1.2. Иерархиялық дерекқорлар
Деректер қорының бұл түрінде объектілер арасындағы байланыстар пайда болады.
Иерархиялық дерекқорларда жазба элементтері рет-ретімен жазылып, оның бір элементі негізгі,
қалғандары соған бағыныңқы болады, ал екінші элементке бірінші элементтен басқа барлығы
бағыныңқы болып есептеледі. Мұндағы элементтер белгілі бір тізбек бойынша сатылы түрде
орналасады. Ал берілген мәліметтерді іздеп табу үшін саты бойынша төмен жылжу қажет (1-сурет).
Мысал ретінде Интернет ресурсындағы каталогтар жиынын, Windows тобындағы файлдар жүйесін
қарастыруға болады.
1-сурет. Иерархиялық дерекқордың құрылымы
Ерекшеліктері:
ақпарат «түбір-бұтақ» қарым-қатынасы бар ағаш тәріздес құрылымында ұйымдастырылған;
әрбір жазбада бір түбірден артық болмайды;
жазбалар арасындағы байланыстар физикалық көрсеткіштер түрінде жасалады;
«көптен-көпке» қатынасын жүзеге асыру мүмкін емес.
Мысалдар:
файлдық жүйелер
DNS
LDAP
2.1.3. Желілік дерекқорлар
Желілік дерекқорлар иерархиялық дерекқорлардың функционалдығын кеңейтеді: жазбаларда
бірнеше түбір болуы мүмкін. Бұл күрделі қатынастарды модельдеуге болатынын білдіреді (2-сурет).
Ерекшеліктері:
|