Вестник Алматинского университета энергетики и связи № 3 (54) 2021
36
желілік дерекқор ағашпен емес, жалпы графпен ұсынылған
иерархиялық дерекқорға тән қол жетімділік қалыптармен шектелген
Мысал ретінде IDMS жүйесін қарастыруға болады.
2-сурет. Желілік дерекқордың құрылымы
2.2. Реляциялық деректер қоры
2.2.1. SQL дерекқорлар
Реляциялық деректер қоры - кең таралған жалпыға ортақ деректер қорының көне түрі.
Реляциялық деректер қорындағы мәліметтер бағандар мен жолдардан тұратын кестелер түрінде
ұйымдастырылады [4]. Кестедегі әрбір бағанның аты мен түрі бар. Әрбір жол кестеде бағандардың
әрқайсысы үшін мәндерді қамтитын бөлек жазбаны немесе деректер элементін білдіреді (3-сурет).
3-сурет. Реляциялық деректер қорының құрылымы
Ерекшеліктері:
кестедегі сыртқы кілт деп аталатын өрісте басқа кестелердегі бағандарға сілтемелер болуы мүмкін,
бұл оларды біріктіруге мүмкіндік береді;
жоғары ұйымдастырылған құрылым мен икемділік реляциялық деректер қорын қуатты етеді және
әр түрлі мәліметтерге бейімделеді;
|