Алпамыс
“Алпамыс батыр” — қазақ халқының қаһармандық эпосы.[1] Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан “Одиссея”, “Манас”, “Калевала”, “Қобыланды батыр” т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр. “Алпамыс батырда” халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпик. әсірелеу заңдылығымен берілген.
Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (5-7 ғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, 17-18 ғ-ғы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады.
Зерттеушілер “Алпамыс батыр” жырында көне дәуірдің салт-санасы, ғұрпы, неғұрлым айқын бейнеленгенін атап өткен. Жыр дәл қазіргідей класик. бүтіндікке замандар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Әсіресе, жырдан батырлық ертегілердің жігі айқын байқалуы эпосты ең байырғы туындылардың бірі деп есептеуге мүмкіндік береді.
Бамсы байрақ
батырдың өз елін сүюін, ата-анасына, халқына деген махаббатын дәріптеу.
Сонымен бірге халыққа қорған болар батырды ардактау.
Идеясы
Үйлену — адамзат өміріндегі ең ізгі істің бірі.
өлім-жітімге байланысты салттар.
Жырдағы салттар
«Алпамыс батыр» жырының кейіпкерлері Кейіпкерлер Алпамыс
Гүлбаршын
Байшұбар
Қараман
Қаракөзайым
Ұлтан
Байбөрі
Аналық
Қарлығаш
Алтыншаш
Құлтай, Тортай
Тайшық
Кейқуат
Сарыбай
Жәдігер
Мыстан кемпір
Алпамыс батыр Алпамыс – қолбасы, батыр, халықтың мұңын жоқтаушы. Дүние есігін ашып, өмірге келуінің өзі – үлкен процесс.Қазақ елі өз арманындағы ердің, батырдың образын бір Алпамысқа біріктіре сомдаған. Алпамыстың бар күш-қуаты Отанына арналады.