Жоспар: 1. Кіріспе бөлім:
2. Халық ағарту ісі;
3. Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу;
4. Көркемдік мәдениет. Баспасөз.
5. Қазақтардың материалдық мәдениеті;
6. Әдеп - ғұрыптары мен ырым – жоралары.
Кіріспе Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан–жаңа қоғамдық -экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті. Қазақстан Ресейдің, Англияның, Францияның, және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік – көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдйда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек менгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санада берік орнықты .
Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы мінде-тін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін даиытуға ат салыса бастады. Бұрыңғы салттар ды ,дәстүр-лерді, әдеп – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажет-ті кеңістіктер едәуір шектелді , бірақ сонымен бірге жаңа әлуметтік –мәдиеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.
Халық ағарту ісі Халықтың сауаттылығы.19ғ.ортасына дейін қазақ балаларын оқыту-құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбіне оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ұл балалар оқыды. Мұн-ың өзі әйелдер сауатсыздығының жоғары дәрежеде қалуы себептерін-ің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және Сергиополь уезде рінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды. 1895 ж. « Киргизская Степная газета » мұсылман мектептеріндегі сабақтың өтуін суреттеп, былай деп жаз- ды: «Балалар оқитын киіз үйден жан дәрменімен айқайлаған ащы дауыстар естілді. Әр оқушы өзінің сабағын айқайлап оқиды... Осылай- ша оқыту төрт жылдай уақытқа созылады. Осы мерзім біткеннен кейн оқушылар білім алудың толық курсынан өтіп, оны ешнәрсе білмеген, бұрынғы надандық қалпында қалған күйінде тамамдайды ». Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейті- нін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ материалдары же- келеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. 1897 ж. санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1 проценті ға- на сауаты барларға жатқызылды, еркектердің сауаттылары олардың12 процентін, әйелдердің сауаттылары – 3,6 процентін құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың не- гізгі бөлігі тұратын солтүстік – шығыс губернияларынан байқалды.
Мектептік және кәсіптік білім беру. Қазақстандағы халық ағарту ісі екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыт- тағылары балалар ата – аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медіреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. 19 ғ. өзінде Ш. Уалиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстазд- ық еткен ауыл мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды; « Таңқаларық бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде – бір нақты ой- пікірге құрылмаған оқу », - деп бағалады ол мұны.
Азаматтық тұңғыш қазақ қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл ме- ктептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай – ақ ісләм дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына ар- налған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық камиссия жа- нынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1850 ж. Осы Орынбор шекаралық камиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл мектепті Ы. Алтынсарин табысты бітіріп шықты. Мектептік білім жүйесінің кеңейтілуі және қазақ қоғамының әлеуметтік – экономикал- ық бейнесіндегі ілгерілеушілік маман кадрлар дайындау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Алғашқы кәсіптік оқу орындары 1879 ж. құрылған Түркістан мұғалімдер семинариясы мен Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі болды.
Қазақ мұғалімдер туралы Мемлекеттік кеңес 1880 жылдың өзінде бекіткен Ереже осы мектепті күтіп ұстауға жыл сайын 17580 сом қар- жы босатып тұруды ескерді.
Әйтсе де революцияға дейнгі Қазақстанның кәсіптік оқу орындар уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. 1914 - 1915 жж. Оқу жылында жеті орта арнаулы оқу орындарында 352 адам ғана оқыды.