Қалтаның түрлері Жұмыс көлемі: Графикалық бөлімі: слайд Түсінік хат: парақ Мамандық: 1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»



бет1/5
Дата03.10.2024
өлшемі1,65 Mb.
#146662
  1   2   3   4   5
Байланысты:
курсавой


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АСПАРА» МӘНЕРЛІК ӨНЕР ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ


Курстық жоба

Тақырыбы: Қалтаның түрлері

Жұмыс көлемі:


Графикалық бөлімі: ____ слайд
Түсінік хат: ____парақ
Мамандық: 1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»

Курстық жобасын орындаушы: Мұсаәліқызы Үміт ( _______________)


қолы

Жоба жетекшісі: Мажібай М.Б. ( ________________)


қолы
Колледж директоры: Шенцова А.О. ( ________________ )
қолы

Тараз 2024

Мазмұны:

1.Кіріспе................................................................................................................


2.Қалталарды өңдеу..............................................................................................
3.Жапсырмалы қалталар.......................................................................................
4.Тігіс ішіндегі қалталар.......................................................................................
5.Тілікті қалталар...................................................................................................
6. Қолданылатын жабдыққа мінездеме...............................................................
7. Қорытынды........................................................................................................
8.Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Кіріспе
Киім дайындау – күрделі процесс. Бұйым сапасы мамандар мен жұмысшылардың біліктілігіне байланысты. Жаппай өндіріс киімдерін шығаратын кәсіпорындар техниканың, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың жоғары деңгейімен сипатталады, бұл осы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге ерекше талаптар қояды. Шығармашыл әрі жоғары нәтижемен еңбек етуге қабілетті, жаңа техниканы пайдалануға епті жоғары білікті кадрларға деген қажеттілік тез өсуде. Бүгінгі таңда өндіріс практикалық және теориялық жағынан жақсы дайындалған, жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша терең білімі бар, техникалық мәдениеті жоғары мамандарға айтарлықтай деңгейде мұқтаж. Тігін өндірісінің технологиясы механикаландырылған өндіріске айналып бара жатыр. Оның тиімділігі арнайы машиналар мен жабдықтарды қолданумен байланысты. Өндірістің ұйымдық нысандары өзгереді, кәсіпорындарды, әсіресе модельдер әзірлеу, өндірісті дайындау, киім пішу, тігу кезінде және әрлеу операцияларында автоматтандыру деңгейі артады. Киім пішу өндірісінде қазірдің өзінде, жеке тапсырыс бойынша киім дайындау кезіндегі сияқты, материалды төсеммен пішуден жеке пішуге көшу байқалуда.


Қалта тарихына тарихына жүгінсек. Қалта тарихын ежелгі деп атауға болмайды - ол тек 17 ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде пайда болды. алғашқы қалталы киім Людовик XIV камзолында болды, осы уақытқа дейін тиындар мен қажетті ұсақ - түйектер ілулі қалталарда - дорбаларда киілетін.
Олар киімге тігілмей, көбіне жұп болып әйелдердің белдемшесінің астына, ерлерде белбеуге байланатын. Қалталарға қол жеткізу үшін сыртқы киімнің тігістерінде арнайы кесіктер қалдырылды. Бургундияда мұндай дорбалар міндетті іш киім бөлігі болып саналатын, олар «омоньер» деп аталды.
19 - ғасырдың басында қалта киімге тігіле бастады. Топсалы қалталар күнделікті өмірде балалар немесе жұмыс киімінің детальдары ретінде сақталған.
20 ғасырдың басында Коко Шанель қалтаның басты әуесқойы саналды. Ол әйелдердің киімдерінде қалталардың жетіспейтініне сенді, және ол оларды киімге ғана емес, аксессуарларға да енгізді.

ҚАЛТАЛАРДЫ ӨҢДЕУ. Жапсырмалы қалталар


Қалталар бұйымда функционалдық және декоративтік мәнге ие. Олардың сыртқы түрі, өлшемдері, саны мен орналасқан жерлері әртүрлі болады. Технологиялықөңдеу бойынша қалталар жапсырмалы, тігіс ішіндегі және тілікті қалталар болып бөлінеді. Барлық қалталардың бөлшектерін негізгі материалдан пішеді. Бұл ретте түйінде тігіс санын қысқарту үшін тұтас пішілген бөлшектерге, мысалы,тұтас пішілген жапырақшасы бар жапсырмалы қалтаға, негізгі бөлшектермен тұтас пішілген бүйір тігістегі қалта астарларына және т.б. артықшылық беріледі. Қалталардың көзге көрінетін барлық қиықтарын жабады не өңдейді. Жапсырмалы қалталарды олардың пішініне, қалтаны негізгі бөлшекке сырып тігу тігісінің еніне, материал қасиеттеріне байланысты сол не басқа тәсілмен өңдейді. Өңдеу қалтаға кіретін жер болып табылатын үстіңгі шетті әрлеуді, бүйір және астыңғы қиықтарды өңдеуді, қалтаны бұйыммен біріктіруді қамтиды. Тез сетінегіш материалдардан жасалған бұйымдарда қалта қиықтарын жиектеп торлайды. Әдіп бойынша қалтаның үстіңгі шетін өңдеуге желімдік не желімсіз жиек салынуы мүмкін. Қалтаның үстіңгі шеті түзу немесе қисық сызықты болуы мүмкін. Түзу үстіңгі жиек материалдың қалыңдығы мен сетінегіштік дәрежесіне байланысты жабық (2.11-сурет, а) не ашық жиектелген (2.11-сурет, б) қиықты бүктеме тігіспен өңдейді. Мұндай жиек әдіпті қосарлар бүктей отырып жатқыза үтіктелуі мүмкін (2.11-сурет, в) немесе қалтаның үстіңгі қиығының ені 1...2 мм тігіспен қосып тігілуі арқылы жатқыза үтіктелуі мүмкін (2.11- сурет, г). Қалтаның үстіңгі шетін тұтас пішілген жапырақшамен өңдейді. Бұл жағдайда қалтан жапырақшаның астыңғы жиегінің сызығы бойынша ішкі жағын ішіне қатарып бүгеді де, баса үтіктейді. Үстіңгі шет қосымшасын айналдырады және оны жапырақша мен қалтаның арасына қосымша қиығы жапырақшаның жатқыза үтіктелген бүкпесімен сәйкес келетіндей етіп салады. Жапырақша бүкпесіне параллель тігімді бүкпеден 3,5...5 мм арақашықтықта салады (2.11-сурет, д, 1-тігім). Бұл ретте үстіңгі шеттің қосымшасын бүгіп тігеді. Қалтаны айналдырады және жасалған қатпар төмен қарай бағытталатындай етіп баса үтіктейді. Үстіңгі шет бойынша әрлегіш тігімді 2 шеттен 3,5...5 мм арақашықтықта салады

Қалтаның түзу үстіңгі шетін де күрделі жиекті жөрмеу тігісімен өңдейді (2.11-сурет е), көмкермемен, таспамен, шілтермен әрлейді, көлбеу көмкермемен, ызбамен шеттіктейді. Жапсырмалы қалтаның қисық сызықты үстіңгі шетін пішілген әдіппен не көлбеу көмкермемен жөрмейді. Әдіп қатырмалануы мүмкін. Көлбеу көмкермеге қалтаның үстіңгі шетінің пішінін бере отырып, оны созады. Жөрмегеннен кейін әдіптің не көмкерменің бос шетін жабық не ашық жиектелген қиықты жапсырма тігіспен сырып тігеді (2.11-сурет, ж). Моделіне байланысты пішілген әдіп немесе көлбеу көмкерме бөлшектің ішкі жағында да, беткі жағында да орналасуы мүмкін (2.11-сурет, з). Қалтаның қисық сызықты үстіңгі шеті көмкермемен, желбіршекпен, шілтермен әрленуі, көлбеу көмкермемен не ызбамен шеттіктелуі мүмкін. Қалтаның бүйір және астыңғы қиықтарын өңдеу тәсілін қалтаны негізгі бөлшекке сырып тігу тігісінің еніне байланысты таңдайды. Бұйымға ені 5 мм-ден аз тігіспен сырып тігілген қалталарда (2.12-сурет, а) бүйір және астыңғы қиықтарды ішкі жағына жатқыза үтіктейді. Жатқызу үтіктеу қосымшасыныңені материал қалыңдығына қарай 7...15 мм. Әуелі астыңғы, одан кейін бүйір қиықты жатқыза үтіктейді. Сопақ пішінді қалтада қосымшаларды дайын күйдегі шаблон-лекало бойынша жатқыза үтіктейді (тігіс қосымшаларынсыз)


Сырып тігу тігісінің ені 5 мм-ден асатын тікбұрыш пішінді қалталарда қалтаның үстіңгі және астыңғы бұрыштарын жөрмейді. Үстіңгі бұрыштарды жөрмеу тігістерін қалтаның бүйір қиықтарына параллель немесе оларға бұрыш астында орналастырады. Астыңғы бұрыштарды жөрмеу тігістерін қалта жақтарына бұрыш астында орналастырады (2.12-сурет, б, 2-тігім). Бұрыштардағы артық қосымшаларды 5...7 мм қалдыра отырып кертеді, қосымшаларды айыра үтіктейді. Қалтаны беткі жағына айналдырады, бұрыштарды түзейді, ішкі жағынан баса үтіктейді және негізгі бөлшекке сырып тігеді (3-тігім). Қалтаның үстіңгі бұрыштарын бекітеді (4-тігім). Сопақ пішінді қалтаны негізгі бөлшекке нені 5 мм-ден асатын тігіспен сырып тігу кезінде қалтаның бүйір және ортаңғы қиықтарын пішілген әдіппен жөрмейді (2.12-сурет, в). Қалтаның жиектері көмкермемен (2.12-сурет, г), шілтермен (2.12-сурет, д), көлбеу көмкермені пайдалана отырып көмкермелі тігіспен өңделуі мүмкін (2.12-сурет, е).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет