Қалтаның түрлері Жұмыс көлемі: Графикалық бөлімі: слайд Түсінік хат: парақ Мамандық: 1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»



бет2/5
Дата03.10.2024
өлшемі1,65 Mb.
#146662
1   2   3   4   5
Байланысты:
курсавой

Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты болып келеді. Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз, тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды. Жапсырма қалталарды бүрмелеп, жиырып, кестелеп әшекейлеп тігеді. Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды. Қалтаға жиек, шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланады. Жапсырма қалтаны пішіп алып өңдеп, оны негізгі бөлікке тігу аса қиын жұмыстарға жатпағанымен біраз шеберлікті талап етеді.

Тігіс ішіндегі қалта


Тігіс ішіндегі қалталар негізгі бөлшектердің тігістерінде (бүйір, иінішті қосып тігу тігістерінде және т.б.), қатпарларында немесе бедерлерінде орналасады. Олардың өлшемдері мен орналасқан жерлері модельге байланысты болады. Қалта аузы кез келген пішінді жапырақшамен, пішілген әдіппен (түзу не пішінді) әрленуі мүмкін. Тігіс ішіндегі қалталарда астардың үстіңгі және астыңғы немесе тек астыңғы бөлшегі болады. Қалта астарлары негізгі бөлшектермен тұтас пішілген не қосып тігілген болады. Қалтаның үстіңгі және астыңғы астарының өлшемдері мен пішіні бірдей болады. Мұндай қалталардың орындалу реттілігі ерекше. Оны, егер модельмен көзделген болса, қалта аузын жапырақшамен не әдіппен өңдеуден бастайды. Одан кейін негізгі бөлшектердің әрбіріне қалта астарын қосып тігеді. Қалта дайындауды негізгі бір мезетте қалта астарын сырып тіге отырып, бөлшектерді біріктірумен аяқтайды. Қалта жапырақшасы қатырамаланға болуы мүмкін. Үстіңгі астарды қосып тігу тігісінің қосымшасы бойынша негізгі бөлшекке жиек салынуы мүмкін. Тұтас пішілген қалта астарлары бар жай қалтаны дайындау кезінде негізгі бөлшектерді беткі жағын ішке қаратып қояды, қиықтары мен бақылау белгілерін сәйкестендіреді және тігімді қалта аузын белгілейтін бірінші бақылау белгісіне дейін салады. Одан кейін тігімді тоқтатпастан, қалтаның тұтас пішілген астарларының қиықтарын бойлай екінші бақылау белгісіне дейін салады, одан соң негізгі бөлшектердің қиықтарын сырып тігуді жалғастырады (2.13-сурет, а, 1-тігім). Тігіс ені 10...15 мм. Қалта аузының бойымен негізгі бөлшектің беткі жағынан, егер модельмен көзделсе, әрлегіш тігімді салады (2-тігім). Жұқа маталардан жасалған бұйымдарда сырып тігілген қиықтарды жиектейді, бастыра және жатқыза үтіктейді. Қалың маталардан жасалған бұйымдарды сырып тігу тігісінің қосымшаларын әрқайсынын жекежеке жиектейді (3, 4-тігімдер). Ол үшін сырып тігу тігісінің қосымшаларының бірін бақылау белгілерінде кертеді. Қалтаның шеттерінде беткі жағынан бекітпелер қояды (5-тігім). Қалтаны баса үтіктейді. Қалтаның қималы астарларында жұмысты келесі тәртіппен жүзеге асырады. Қалта астарларын негізгі бөлшектерге қалта аузының сызығы бойынша қайым (2.13-сурет, б, 1, 2-тігімдер) не бастырма тігіспен қосып тігеді. Сырып тігу тігісінің қиықтарын жиектейді (3, 4-тігімдер). Қалта аузының бойымен негізгі бөлшектің беткі жағы бойынша әрлегіш тігімді салады (5-тігім). Одан кейін

қалта астарларын сырып тігумен қатар негізгі бөлшектердің бүйір қиықтарын сырып тігеді (6-тігім). Негізгі бөлшек қиықтары мен қалта астарларын жиектейді (7-тігім). Қалта шеттерінде бұйымның беткі жағынан бекітпелер қояды (8-тігім). Қалтаны баса үтіктейді. Тігіс не бедер ішіндегі жапырақшалы қалтаны дайындау кезінде алдын ала дайындалған жапырақшаны және қалтаның екі астарны пайдаланады. Үстіңгі негізгі бөлшекке кертпелер бойымен өңделген жапырақшаны және қалтаның үстіңгі астарын қосып тігеді (2.13-сурет, в, 3-тігім). Астыңғы негізгі бөлшекке қалтаның астыңғы астарын қосып тігеді (4-тігім). Қосып тігу тігістерінің қосымшаларын жиектейді (5-тігім, б). Одан кейін негізгі бөлшек қиықтары мен қалта астарларын сырып тігеді (7-тігім) және жиектейді (8-тігім). Ақыры соңында, жапырақша ұштарын негізгі бөлшекке сырып тігу арқылы бекітеді (9-тігім).


Тігіске түскен қалта, тігіс үстінен жүреді. Мысалы: бүйір, бедер қиықтарының бойында. Қалта аузын кей жерлерде сырмамен де өңдейді. Бұндай қалта тігіс арасында болғандықтан көрінбей тұруы мүмкін.Осындай қалталар: пальто, көйлек, белдемше және т.б киімдерде кездесуі мүмкін.


Қалтаны өңдеу жолы
Пішім бөлшектері:


Тілікті қалталар
Дайындаған кезде негізгі бөлшекті тілу қажет қалталар тілікті қалталар деп аталады. Бұл тілік қалтаға кіретін жер болып табылады. Тілікті қалтаны дайындау тіліктің екі жағын (екі әдіппен, қақпақшамен және әдіппен не жапырақшамен) және қалтаның астыңғы астарын өңдеуге әкеледі. Астарсыз бұйымдарда тілікті қалталарды өңдеу ерекшеліктерін мынадан тұрады: ■ қалталардың барлық бөлшектерін, оның ішінде қалта астарларын негізгі материалдан пішеді; ■ қалталарда, әдеттегідей, негізгі бөлшектердің ішкі жағында бойлықтары болмайды, сондықтан созылып кетуге жол бермеу үшін қалтаның әдіп, қалтаның үстіңгі және астыңғы астарлары, қақпақшаның қималы астары немесе жапырақшалар сияқты бөлшектерін бойлық бағытта пішеді; ■ қалта бөлшектерін пішу кезінде қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларымен тұтас пішілген астыңғы әдіп, қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген жапырақша астары сияқты және т.б тұтас пішілген бөлшектерге артықшылық беріледі; ■ бұйымның ішкі жағында тілікті қалталардың барлық қиықтарын жиектейді, шеттіктейді, бүгіп тігеді немесе басқа бөлшектермен жабады. Тілікті қалталарды өңдеу екі әдіпті, қақпашалы, жапырақшалы болып бөлінеді. Екі әдіпті түзу тілікті қалта. Мұндай қалтаны орындау үшін аздаған бөлшектер: қалта астарымен тұтас пішілген үстіңгі әдіп және астыңғы әдіп қажет. Мұндай қалтаның әдіптері дайын күйде бір енді болады. Егер әрбір әдіптің дайын күйдегі ені 5 мм-ден аспаса, қалтаны жиектік тілікті қалта деп атайды. Негізгі бөлшектің беткі жағына көмекші лекало бойымен қалтаның орналасатын жерін үш сызықпен белгілейді: бір сызық қалтаны тілетін жерді анықтайды, бірінші сызыққа перпендикуляр екі сызық қалта аузының ұзындығын шектейді. Одан кейін тағы екі көмекші сызық салады. Оларды қалтаның тілік сызығынан жоғары және төмен, әрқайсысын дайын күйдегі әдіптің екі еселенген еніне тең арақашықтықта орналастырады. Қалтаның тілінген жақтарын көмкермелі немесе күрделі жиекті жөрмеу тігісін пайдалана отырып жөрмейді. Көмкермелі жөрмеу тігісін алу үшін үстіңгі әдіпті ішкі жағын ішке қаратып бойлық бағыта бүгеді, бойлық сызықтарын сәйкестендіреді, әдіпті баса үтіктейді. Қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларымен тұтас пішілген астыңғы әдіпті ішкі жағын ішіне қаратып бүгілген шеттің ені дайын күйдегі әдіптің 5...10 мм қосылған еніне тең болатындай етіп бүгеді. Әдіпті баса үтіктейді. Дайындалған әдіптерді негізгі бөлшекке әдіп бүкпелері белгіленген көмекші сызықтармен сәйкес келетіндей етіп, ал қиықтары тілік сызығына қарап тұратындай етіп жапсырады. Әдіп ұштары қалта аузының ұзындығын әрбір жақтан 15...20 мм-ге шектеп тұратын сызықтың жанынан кіруі тиіс. Әдіптерді көктейді және негізгі бөлшекке кезек-кезекпен сырып тігеді (2.14-сурет, 1, 2- тігімдер). Әдіптердің жатқыза үтіктелген жиектерінен сырып тігу сызығына дейінгі арақашықтық дайын күйдегі әдіптің еніне теңестірілуі тиіс. Тігімдерді қалта аузының ұзындығын шектейтін перпендикулар белгі сызығында дәлме-дәл етіп аяқтайды да, бекітеді.

Әдіптерді қосып тіккеннен кейін негізгі бөлшектің ішкі жағынан операциялардың орындалуының дұрыстығын тексереді: тігімдер ұзындығы бойынша тең және параллель болуы тиіс. Қалта аузын қалтаның ортасынан бастап шеттеріне дейін бөлшектің ішкі жағынан тігімдер арасында ортасынан тіледі. Тілік шеттерінде негізгі бөлшекті тігім ұштарына 0,5...1 мм жетпестен тігімдерге бұрышпен тіледі (2.14-сурет, б). Кертілген бұрыштардың ұзындығы 10...15 мм-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірісте әдіптерді көктемейді. Әдіптерді қосып тігу операцияларын ерекше жолмен бүктелген бір әдіпті екі параллель тігіммен қосып тігетін екі инелі жартылай автомата


Екі бірқабатты әдіпті тілікті қалта. Егер негізгі материалдың қалыңдығы үлкен болса, қалтаның тілік жақтарын күрделі жиекті жөрмеу тігісімен өңдейді. Бұл жағдайда әдіптерді негізгі бөлшекке қосарлап қабаттамай және жатқыза үтіктемей қосып тігеді (2.14- сурет, г, 1 және 2-тігімдер). Негізгі бөлшекті тілгеннен кейін әдіптерді қосып тігу тігістерін айыра үтіктейді. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын әдіптермен бүгед және бекітуші тігімдер салады (3 және 4-тігімдер). Одан әрі жұмысты жоғарыда баяндалған тәртіппен жүргізеді.
Екі әдіпті және сыдырма түймелікті тілікті қалталар. Оларды екі әдіпті қалталар сияқты орындайды. Қалта тілігін дара немесе қосарланып бүктелген әдіппен өңдегеннен кейін қалта жиектерінің астына сыдырма түймелік салады да, одан кейін оны сырып тігеді. Сырып тігу тігімдерін негізгі бөлшектің беткі жағынан әдіптерді қосып тігу тігістерінің бойымен немесе оларға параллель салады. Одан әрі өңдеуді жоғарыда көрсетілген реттілікпен жүзеге асырады.
Қалта астарларымен тұтас пішілген екі әдіпті тілікті қалта. Өте қозғалмалы құрылымнан тұратын негізгі материалдарды пайдаланған кезде қалта тілігінің астына негізгі бөлшектің ішкі жағынан желімдік не желімсіз қатайтқышты қояды. Ол дайын бұйымның ішкі жағында көрінбеуі тиіс. Мұндай жағдайда екі әдіпті тілікті қалтаны жасаған кезде келесі өңдеуді қолданады. Мына әдіптерді пішеді: қалтаның астыңғы астарымен тұтас пішілген үстіңгі әдіпті және қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген астыңғы әдіпті пішеді. Әдіптерді негізгі бөлшекке көмкермелі не күрделі жиекті жөрмеу тігісін пайдалана отырып қосып тігеді. Негізгі бөлшекті тіледі де, қалта шеттерін жеткі жағына ішіне қаратып, қалта астарының бүкпесі қатайтқыштың үстіңгі шетін жабатындай етіп салады және оны үстіңгі әдіпті қосып тігу тігісінің қосымшаларына қосып тігеді (2.14-сурет, д, 4-тігім). Соңында қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларының бүйір және астыңғы қиықтарын сырып тігіп, жиектеп торлайды.
Пішінді тілікті әдіпті қалта. Мұндай қалталарды (2.14-сурет, е) екі пішілген әдіппен немесе арқаужіпке 45° бұрышпен пішілген әдіптермен өңдейді. Бұл жағдайда қальаның үстіңгі астарын негізгі бөлшектің ішкі жағына қосып көктейді. Әдіптерді қосып тіккеннен кейін (1 және 2-тігімдер) қалтаны оның үстіңгі астарымен бірге тіледі. Әдіптерді негізгі бөлшектің ішкі жағына айналдырады да, түзейді. Әдіптерді 3...5 тігімдермен бекітеді. Астыңғы әдіптің қиығын 7...10 мм-ге бүгеді де, қалатаның үстіңгі астарына сырып тігеді (6-тігім). Қалтаның жиектерін қиғаш не айқас инешаншымдармен көктейді. Қалтаның астыңғы астарын салады, 173 оның қиығын үстіңгі әдіп қиықтарымен теңестіреді де, үстіңгі әдіптің қосымшаларына қосып тігеді (7-тігім). Одан кейін қалта астарының бүйір және астыңғы қиықтарын сырып тігеді (8-тігім) және оларды жиектеп торлайды (9-тігім). Дайын қалтаны негізгі бөлшектің ішкі жағынан баса үтіктейді.
Қақпақшалы тілікті қалта. Мұндай қалтада негізгі бөлшек тілігінің астыңғы қиығын көмкермелі не күрделі жиекті жөрмеу тігісін пайдалана отырып, қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларымен тұтас пішілген әдіппен өңдейді. Тіліктің үстіңгі қиығын не тек қақпақшамен, не үстіңгі әдіппен қақпақшамен жөрмейді. Ұзындығы қалта аузының ұзындығына тең болуы тиіс қақпақшаны алдын ала дайындайды (2.2.6-бөлімшені қараңыз). Бұл қалтаға белгі салуды екі әдіпті қалта сияқты, негізгі бөлшектің беткі жағында жүргізеді. Жиек бойымен әрлегіш 2-тігім салынған астармен жөрмелген (1-тігім) дайын қақпақшаны (2.15-сурет) негізгі бөлшекке беткі жағын өң жағына қаратып салады. Қақпақша қиықтарын қалта тілігінің сызығына қарай бағыттайды, қақпақша мен негізгі бөлшектің белгі сызықтарын сәйкестендіреді, қақпақшаны белгіленген сызық бойымен қосып тігеді (3-тігім). Жеке тапсырыс бойынша тігу кезінде қақпақшаны қосып тігер алдында қосып көктейді. Қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларымен тұтас пішілген астыңғы әдіптің шетін ішкі жағын ішке қаратып, дайын күйдегі әдіптің 5...10 мм қосылған еніне бүгеді де, баса үтіктейді. Әдіпті жеткі жағын негізгі бөлшектің беткі жағына қаратып салады, әдіп қиықтарын қалта тілігінің сызығына қарай бағыттайды. Әдіпті алдыңғы бойға қосып тігеді (4-тігім). Әдіпті қосып тігу тігімінен оның бүкпесіне дейінгі арақашықтық әдіптің дайын күйдегі еніне және 3 және 4-тігімдердің арасындағы арақашықтыққа тең.

Әдіптерді қосып тігу тігімдерінің ұштары бекітіліп, қақпақшаның бүйір жақтарының деңгейінде орналасуы тиіс. Қақпақша мен әдіпті қосып тігудің жасалған тігімдерінің сапасын тексергеннен кейін негізгі бөлшекті қосып тігу тігімдерінің арасында ішкі жағынан орта бойымен тіледі, тіліктің шеттерінде негізгі бөлшекті тігімдерге 0,5...1 мм жетпестен бұрыш астында кертеді. Әдіптерді негізгі бөлшектің ішкі жағына айналдырады, қақпақша мен әдіпті қосып тігу тігістерін түзейді, қалта шеттерін беткі жағынан теріс тігіммен бекітеді. Қалтаның тұтас пішілген астарын беткі жағын ішке қаратып бүгеді, қалта қиығын қақпақша қиықтарымен сәйкестендіреді, тігімді қақпақшаны қосып тігу тігісіне барынша жақын етіп сала отырып, астарды қақпақшаны қосып тігу қосымшаларына салады (5-тігім). Астарды ені 10...15 мм тігіспен бүйір қиықтар бойынша сырып тігеді (6-тігім), одан кейін үш жағынан жиектеп торлайды (7-тігім). Дайын қалтаны ішкі жағынан баса үтіктейді.


Қақпақшалы және екі әдіпті тілікті қалта. Оны мынадай реттілікпен дайындайды (2.15-сурет, б). Әдіптерді қосып тіккеннен кейін (3, 4-тігімдер) әдіптермен өңделген тілікке қиықтары үстіңгі әдіптің қиықтарымен сәйкес келетін дайын қақпақшаны салады. Тігімді үстіңгі әдіпті қосып тігу тігісіне сала отырып, қақпақшаны қосып тігеді (6-тігім). Қалтаның тұтас пішілген астарын өңін ішке қаратыр айналдырады, оның қиығын қақпақшаның қиықтарымен сәйкестендіреді де, қосып тігеді (8-тігім). Одан кейін астардың бүйір қиықтарын сырып тігеді (9-тігім) және оларды үш жағынан жиектеп торлайды (10-тігім).
Жапырақшалы тілікті қалталар. Олардың ерекшелігі – қақпақшадан айырмашылығы қалта аузын жабатын жапырақшаны негізгі бөлшек тілігінің астыңғы қиығына қосып тігеді. Үстіңгі қиыққа қалтаның астыңғы астарын қосып тігеді. Жапырақшаның бүйір жақтарын өңдеу тәсіліне байланысты жапырақшалы қалтаны екі түрге бөледі: қондырма және бастырма ұшты.
Қондырма жапырақшалы тілікті қалта. Оны мынадай реттілікпен өңдейді. Алдыңғы бойда көмекші лекало бойынша қалталардың орналасқан жерін белгілейді. Төрт сызық жүргізеді. Арасындағы арақашықтық дайын жапырақшаның еніне тең екі бойлық және қалта аузының ұзындығын анықтайтын екі көлденең сызық. Дайын жапырақшаның ұзындығы ылғи қалта аузының ұзындығына тең болады және көлденең белгі сызықтарының арасындағы арақашықтыққа сәйкес келеді. Мұндай қалтаны дайындау үшін (2.15-сурет, в) өз астарымен және қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген жапырақшаны пайдаланады. Қалтаның астыңғы астарын жеке пішеді. Жапырақшаны бүгеді және оны дайын жапырақшаның 5...10 мм қосылған еніне тең енге ішке қаратып астармен салады. Жапырақшаны баса үтіктейді. Жапырақшаның астарына қосып тігу сызығын белгілейді. Жатқыза үтіктелген жиектен белгі сызығына дейінгі арақашықтық дайын жапырақшаның еніне тең. Жапырақшаны алдыңғы бойға бет-бет қаратып, жапырақшаның қиығы үстіге бағытталатындай етіп салады, жапырақша астары мен 176 негізгі бөлшекке салынған сызықтарды сәйкестендіреді. Осындай қалыпта жапырақшаны қосып тігеді (1-тігім). Жеке өндірісте оны алдын ала қосып көктейді. Қалтаның астыңғы астарын алдыңғы бойға бетпе-бет қаратып салады да, ені 10 мм тігіспен қосып тігеді (2-тігім). Қалта астарын қосып тігу тігімін жапырақшаны қосып тігу тігіміне параллель жайын жапырақшаның еніне тең арақашықтықта орындайды. Жасалған тігімдердің сапасын ішкі жағынан тексереді және негізгі бөлшекті тігім ұшына 20 мм жетпестен тігімдердің арасында ортасынан тіледі. Ұштарында тігімдерге 0,5...1 мм жетпестен бұрыш астында тіліктерді жасайды. Жапырақша мен астарды ішкі жағына айналдырады, қосып тігу тігістерін түзетеді, қалта шеттерін негізгі бөлшектің ішкі жағынан кері тігіммен бүгіп тігеді (3-тігім). Астар қиықтарын үш жақтан сырып тігеді (4-тігім) және төрт жақтан жиектеп торлайды (5-тігім). Егер моделі бойынша жапырақша бастырмалар тігілуі тиіс болса (2.15-сурет, г), онда қалтаны өңдеу реттілігі сақталады. Қалтаның шеттерін бекіткеннен кейін (3-тігім) әрлегіш 4-тігімді жапырақшаны қосып тігу тігісінің бойымен бөлшектің беткі жағы бойынша салады. Әрлегіш тігістің ені модельмен анықталады. Тігім ұтары бекітіледі. Қалтаны өңдеу аяқталғаннан кейін әрлегіш тігімді жапырақшаның бүйір және үстіңгі жақтарының бойымен жалғастырады (7-тігім). Тігім ұштарын бекітеді. Осылайша, әрлегіш тігімді салу екі кезеңмен жүзеге асырылады.
Бастырма жапырақшалы тілікті қалта. Оны дайындаған кезде алдын ала дайындалған жапырақшаны және қалтаның тұтас пішілген астарын пайдаланады (2.15-сурет, д). Қалталарды көмекші лекало бойынша негізгі бөлшектің беткі жағына үш сызықпен – бір бойлық және екі көлденең сызықпен белгілейді. Жапырақшаның астарында қиықтардан 10...15 мм арақашықтықта қосып тігу сызығын белгілейді. Жапырақшаны белгі бойынша негізгі бөлшекпен бетпе-бет жоғары қаратып қиықтармен салады, белгіленген сызықтарды сәйкестендіреді. Жапырақшаны қосып тігеді (2-тігім). Қосып тігу тігімінің ұзындығы жапырақшаның ұзындығына тең. Тігімнің ұштарын бекітеді. Жеке тігу кезінде жапырақшаны қосып тігер алдында көктейді. Қалтаның астыңғы астарын негізгі бөлшектің беткі жағына өңімен жапсырады да, жапырақшаны қосып тігу тігісіне параллель етіп қосып тігеді (3-тігім). Қосып тігу тігімдерінің арасындағы арақашықтық 10...20 мм. Негізгі бөлшекті ұштардағы брқыштармен тігімдердің арасында ортасынан тіледі, жапырақша қосымшалары 177 мен қалта астарын негізгі бөлшектің ішкі жағына айналдырады, тігістерді түзетеді. Астарды беткі жағын ішіне қаратып салады, оның астыңғы қиығын жапырақша қиықтарымен сәйкестендіреді. Астарды жапырақшаны қосып тігу тігісінің қосымшасына ені 5...10 мм тігіспен қосып тігеді (4-тігім). Қалта ұштарын бұйымның ішкі жағынан кері тігіммен бекітеді, сонымен қатар қалта астарының бүйір қиықтарын ені 10...15 мм тігіспен сырып тігеді (5-тігім). Сырып тігу тігісінің қиықтарын үш жақтан жиектеп торлайды (6-тігім). Жеке тігу кезінде қалта ұштарын бекітіп, қалта астарын сырып тікпес бұрын, қалта аузын негізгі бөлшектің беткі жағынан бүгіп көктейді. Өңдеу соңында жапырақшаның ұштарын негізгі бөлшекке беткі жағынан сырып тігеді (7-тігім). Сырып тігу модельге байланысты әртүрлі тігімдерді (бір немесе бірнеше түзу сызықты, ирек, тікбұрыш пішінді және т.б.) пайдалану арқылы жүргізіледі. Кей жағдайда, әсіресе жапырақшаның пішіні фигуралық болса, қалтаны дайындау кезінде мынадай бөлшектерді пайдаланған дұрыс: жапырақша, қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген жапырақша астары, қалтаның астыңғы астары. Қалтаны өңдеу 2.15, е суретінде көрсетілген. Суреттен көрініп тұрғандай, қалта астарын жапырақшаны қосып тігу тігісінің қосымшасына қосып тігу операциясы жоқ. Бұл жағдайда қалта астарын бүйір қиықтары бойынша ғана емес, сондай-ақ астыңғы қиық бойынша да сырып тігеді (5-тігім). Қалта қиықтарын төрт жақтан жиектеп торлайды (6- тігім). Қалың маталардан жасалған бұйымдарда жапырақшаны қосып тігу тігісінде түйін қалыңдығын кішірейту үшін қалтаны өңдеуді келесі жолмен жүзеге асырады (2.15-сурет, ж). Бойлық белгі сызығының бойымен негізгі бөлшекке жапырақшаны ғана қосып тігеді (1-тігім). Тігіс ені 10...15 мм. Қалтаның астыңғы астарын ені 10...15 мм тігіспен қосып тігеді (2-тігім). Қалта аузын қосып тігу тігімдерінің арасында ортасынан тіледі. Жапырақшаны қосып тігу тігісін айыра үтіктейді. Жапырақшаны қосып тігу тігісінің қосымшасына қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген жапырақша астарын қосып тігеді (3-тігім). Қалта астарын үш жақтан ені 10...15 мм тігіспен сырып тігіп, сонымен қатар қалта ұштарын бекітеді (4-тігім). Қапшық қиықтарын төрт жақтан жиектеп торлайды (5-тігім). Жапырақшаны негізгі бөлшекке сырып тігеді (6-тігім). Бұйымда қалталардың біртегіс жиектері, тігімдері, көмкермелері; берік бұрыштары; созылып кетуге берік қалта аузы; 178 пішіні өзгермейтін қақпақшалары, жапырақшалары, әдіптері болуы тиіс. Жұп қалталар бұйымда симметриялы орналасуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет