Алтын орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы



Дата04.11.2023
өлшемі13,81 Kb.
#122133
Байланысты:
Тарих эссе


Алтын орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы

Алтын Орда шаһарлары орта ғасырлардағы ірі өндіріс, қолөнер орталықтары да болып табылады. Орданың 38 кентінде алтын, күміс теңгелер соғылған. Әр қалада дерлік қару-жарақ жасайтын ұсталардың, зергерлердің, тас қалаушылардың, мата тоқушылардың, тігіншілердің, құмырашы шеберлердің, т.б, махаллалары (кварталдары) болған. Және де қаланы қоныстанған отырықшы қауым мен даланы жайлаған көшпелі жұрт бірінің қажетін бірі өтеп отырған. Тарихшылар Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінің ерекше өркендеуінің себебін бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің болуынан деп түсіндіреді. Расында да, орталықтандырылған қуатты мемлекет болмаса, ұшан өңірде бірыңғай ақша айналымы, сан салалы сыртқы, ішкі сауданың өндірістің дамуы жүзеге аспас еді. Алтын Орданың әкімшілік құрылысы ұлыстық жүйеге негізделген-ді. Ұлыстарды ұлыс бектері басқаратын, ұлыс бектері өз кезегінде бектер бегіне бағынатын. Бәрінің үстінен Шыңғыс хан әулеті билік жүргізетін еді. Ал мемлекеттің күнделікті мәселелері уәзір құзырындағы диуанда (кеңесте) шешілетін. Бұл жүйе (ұлыстық жүйе) ғасырлар бойы Ресей әкімшілігінің де негізгі басқару жүйесі ретінде (облыстарға бөліп басқару) қолданылып келді, Әрине, Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы, әкімшілік жүйесі, мәдениеті тек Ресейге ғана емес, басқа да көптеген мұрагер мемлекеттерге ықпалын тигізді.


Қорытындылай келе, Алтын Орда дауірінде (13-15 ғ.) Қыпшак даласынданы түркі халықтарының әдебиеті мен медениеті мүлдем жана сапалық дарежеге көтерілді. Алтын Ордаға көрнекті ғалымдары, саулетшілері, ақындары, өнер кайраткерлері, т.б жиналатын еді. Көптеген адеби шығармалар, шежірелер, күйлер секілді көптеген жанашылдықтар болды. Мадениет пен ғылым алға өрбіді, ал қалалар сауда, архитектуралық жетістіктер мен өнерлердін түрлері арқылы гүлдене бастады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет