«Алтын сақа» ертегісіне талдау жасау



Дата18.11.2023
өлшемі13,83 Kb.
#124321
Байланысты:
Заказ 22, хаә


«Алтын сақа» ертегісіне талдау жасау

Қазақ халқымыздың сонау ғасырлар бойы сақталып, ауыздан-ауызға тарап осы күнге ұрпаққа, яғни біздерге дейін жеткен фольклор үлгілері өте мол. Соның бірі ертегілер болып табылады.


Ертегілер қиял-ғажайып, шыншыл, тұрмыс-салт, жануарлар жайлы деп бірнеше түрлерге бөлінетіні біздерге мәлім. Халқымыздың көнеден бері ауыздан-ауызға таралып айтылып келе жатқан ертегілерінің бірі – «Алтын сақа» ертегісі. Бұл ертегіні қиял-ғажайып ертегі түріне жатқызып келеміз. Себебі, бұнда су үстінде жүзіп жүрген өкпенің жалмауызға айналуы, қотыр атты ат әбзелдерімен жабдықтай бергенде дөнен, онан әрі бес жасар атқа айналуы, қарлығаштың ұшып барып төбеттерге хабар беруі, жалмауыздың өзінің тісімен жер қазуы немесе аттың аяқтарын шауып түсіруі, аттың үш аяқтап, онан екі аяқтап жортуы барлығы да осы қиялдың жетегінде жасалған дүниелер екендігі көрініс табады. Жалпы алғанда, «Алтын сақа» ертегісі елдің, халықтың мұрат- мақсаттарын, арман-тілегін білдіріп тұрған аса бай туынды деп айтсақ та болады. Ал ендігі кезекте ертегі кейіпкерлеріне назар аударайық. Оқиға байдың өзенде қалқып жүрген өкпені көруінен басталады. Содан соң ол өкпе жалмауызға айналып, байды жібермей ұстап алады. Сол мезеттегі байдың іс-әрекеті, жалмауыз кемпірдің «балаңды бер, әйтпесе жаныңды аламын!» деген сөздеріне, баласын беретінін білдіруі тыңдаушыны алаңдатады. Себебі, өз өмірі үшін әкесі баласын жалмауыздың қолына беруі өте төмен, нашар әрекет ретінде көрініс табады деп ойлау мүмкін. Бірақ, бұл жерде әкесінің баласының өжеттілігіне, тапқырлығына сенгендіктен тап осы әрекетке баратындығы ары қарай суреттелетін оқиға желісінен байқалады. Сонымен қатар, бұл ертегіде қарлығаш, ат, төбет сынды баланы қорғап, тығырықтан алып шығатын кейіпкерлер көрініс береді. Дәл осы кейіпкерлер баланың бұрын жасаған жақсылығына, жақсылық жасап, оны құтқарып алады. Демек, бұл жерде оқырманға «біреуге қылған жақсылығың, өзіңе қайтып келер» деген тәрбиелік, ғибрат аларлық мән жатыр. Оқиғаның соңы халықтың арман-тілегі, мұң- мұқтажы орындалып, жамандық жеңіліп, жалмауыз кемпірдің және оның қызының өлімімен аяқталады.
Қорытындылай келе, «Алтын сақа» сынды ертегілер ежелден бері айтылып, өсіп келе жатқан жас өреннің тәрбиесіне үлесін қосып келе жатқандығы айқын екендігін жоғарыда айтылған мәліметтер мен келтірген оқиға желісінен байқай аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет