Фольклорлық практика кезінде жинақталған жұмыстар Арнау



бет1/2
Дата02.10.2023
өлшемі8,03 Kb.
#112495
  1   2
Байланысты:
практика жазбаша




Фольклорлық практика кезінде жинақталған жұмыстар


1.Арнау:


Самал жел Арқа жақтан есті ме екен?
Көңілге ой салады ескі мекен,
Сарысу Найман елі жайлаған жер
Есіне әркімдердің түсті ме екен?


Ендеше мен қозғайын көңіл-сырды,
Аралап өмір-өзен,өңір-қырды.
Тұмаркүл қарындасы,Құрмаш әкем,
Арнайын жан апама өлең-жырды.


Сақтапберген,Есімсейіт жүйрік мініп,
Алдына жан салмаған аң аулауда
«Бесік құда» болыпты уағдаласып,
Қызығы таусылмаған хан жайлауда .


Бой жетіп Тұмар апам сыланады,
Алтын белдік белінде қыналады
Әпсәмет Сақтапберген баласы да,
Ағайынның алдында сыналады.


Ай мен Күн сұлулыққа таласады,
Қос құрбы бір-біріне жарасады.
Тұмаркүл Әпсәметке ұзатылып,
Ұлан-асыр той болып,тарасады


Тұмаркүл келін болды назыменен,
Сыңсу айтқан аққу-қаз сазыменен.
Бал дәурен балалығын артқа тастап,
Қауышты өмірінің жазымымен.


2. Мақал-мәтелдер


1.Қапқан иттен қорықпа
Ол қабам деп хабар бергені
Үндемеген иттен қорық
Ол білдірмей қабам дегені


2.Үмітсіз жаннан без
Қайырсыз малдан без


3.Ұялмаған-бұйырмағанды ішеді


4.Қанағат кеткеннен
Қасиет қашады


5.Жүре берсең көре бересің
Көре берсең көне бересің


6.Сұм қартайса сопы болады


7.Бәленің басы-былжырамадан басталады.


8.Үндемесең үйіңді өртейді


9.Туғанына бұрғаны
Биді құдай ұрғаны


10.Сиырға су көрсетпе
Жаманға сый көрсепе


11.Есік көргенді алма
Бесік көргенді ал


12.Қараша қондырмайды
Қондырса оңдырмайды


13.Атасы бөлек аттан түс
Атасы бір атқа мін


14.Ойнаса баласы
Шындаса әкесі жеңеді


15.Өсер жастың алдын кеспе
Өсер ағаштың басын кеспе


16.Таң атпайын десе
Күн қоймайды
3.Тұсау кесер жыры


Тәй-Тәй басқан Арафат,
Құтты болсын қадамың,
Үлкендерден шарапат,
Жыр арнайын қарағым.


Өскін,өркен жай-дағы,
Нәрің толсын бойдағы.
Талап,білім,арман-ой
Орындалсын ойдағы.


Әжең сені аймалап,
Нұрға малсын маңайын
Келген қауым қаумалап
Таңдандырсын талайын


Ата-анаң аман боп,
Биіктерге шырқасын
Бейбітшілік заман боп,
Гүлге орасын қырқасын


Өміріңе десте гүл
Ұсынамын жырыммен,
Көңіліңде кесте-нұр
Сәулелендір нұрыңмен...
Тәй,Тәй,балам жолыңмен!
4.Баталар


Тұсау кесер бата
Тұсауың кесіліді,құлама
Тізеңді жаралап жыламақ
Құлындай құлдырап жүгірші
Кәнекі өзіңді сынада
Секірсең құздардан сүрінбе
Шыңдарға шыққанда бүгілме
Болаттай қабырғаң қатайып
От ұшқын ойнасын түгінде
Ұзақ болып Иншалла өмірің
Тасысын шаттықтан көңілің
Жарқырап күн санап өсе бер
Жарқылдап семсердей сенімің
Әумин!


Дастарқан батасы
Тәңір жарылқасын
Кімді жарылқаса
Соның жағында қылсын
Жақсының жанында қылсын
Жаманның алдында қылсын
Жорытқанда жолың болсын
Адассаң,жолға салып жүрсін
Сүріндірмей алып жүрсін
Мыңбір бәле,жүз қатерден қағып жүрсін
Әумин!


Берекеміз қашпасын
Белімізді ешкім баспасын
Адал жан блып астасың
Арыңды күлдей шашпасын
Бақыт болса бастасын
Мейманың,сірә таспасын
Тірлікте түзу жол тапсаң
Тәңірім берер басқасын
Әумин!


5.Ертегілер


1.Қасқыр ұлыса...


Баяғыда өткен заманда Тілеугелді деген атақты байдың елінде ұланасыр той болып жатады.Бай өзінің жалғыз қызын ұзатып жатырған екен.Мен айтқалы отырған ертегі осы байдың ауылында болған деседі.Той өз уақытымен жақсы өтіп жатады.Құдаларға қойдың етін асып алдарына қояды.
-Күйеубала еш ұялмай жей бер,бұлда енді сенің үйің деп сол үйдегі жүрген жеңгелерінің бірі ойнап отырады.Бала ұялғанынан алдына қойған етті тоқтамастан бас салып жей бастайды.Той барысы керемет өтіп жатты.Тек күйеу бала ғана көңілсіз отырды.Жеңгелерінің бірі келіп себебін сұрағанда бала қысылып тысқа шығып кетеді.Жеңгесіде артынан барып баладан мән-жайды сұрайды.Бала болған жағдайды баян етеді.Ол өзінің сөйлесе құйрығыныңда қоса сөйлейтінін айта бергені сол еді,құйрығыда сол сөздерді қатесіз айтып берді.Жеңгесі таң қалып әрі шошып қимылсыз біраз тұрдыда баланы жетектеп көрші ауылдағы тәуіпке жолығады.Тәуіп:
-Бұл бала жеген ет дуаланған екен,қойды сойып әкелген адам сендердің әулеттеріңді жұрт алдында масқараламақ болған болу керек.Алайда бұл дуаны қайтаруға болады,-дейді.
-Таң атар атпас бұрын шолпан жұлдыз батпай тұрып қорадағы ең семіз деген қойдың үстінен атта.Сенің бар дуаң сол малға кетеді,-дейді.Бала барлығын қатесіз орындайды.Таң ата бала даладағы ең семіз қойдың үсттінен аттай бергенде дуаның күші жойылады.Осылай жас жігіт өз сүйгеніне қиындықсыз қосылады.Ал әлгі дуа дарыған қойды өрісте қасқыр жеп кетеді.Қойдың қарғысы қасқырға беріледі.Содан бері ел ішінде қасқыр ұлыса,құйрығы қоса ұлыйды деген тіркес қабылданған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет