Алтын сақа Математикалық олимпиадасы 4 сынып Мектепішілік кезең



Pdf көрінісі
Дата27.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#103544


Зерделі ақыл ой дамыту орталығы 
Алтын сақа 
Математикалық олимпиадасы 
4 - сынып 
Мектепішілік кезең 
Аты-жөні / Фамилия, Имя: ____________________________________________________
Мектебі / Школа: ______________________ Сыныбы / Класс_______________________ 
Тел. нөмірі / Телефон: +7 Ата-анаңыздың тел. +7________________ 
 
Барлығы 100 ұпай, уақыты 60 минут 
 
І. Талдау сұрақтары (10 × 5 = 50 ұпай
1. Өрнектің мәнін есептеңіз: (2023х4+2023):5 
А. 5 В. 2023 С. 2022 Д. 25486 
2. Арман бір санды ойлады, оған 7-ні қосты, шыққан қосындыны 30-ға көбейтті, нәтижеге 
11- ді қосты, шыққан жаңа қосындыны 3-ке көбейтті, сонда нәтиже 2013 болды. Арман 
қандай сан ойлады? 
А. 22 В. 15 С. 14 Д. 16 
3. Ұзындығы 2018 м жолдың екі жағына ағаш екті. Егер екі ағаштың аралығы 2 метрден 
болса, онда барлығы қанша ағаш егіледі? 
А. 2015 В. 2020 С. 2018 Д. 4036 
4. 13 жылдың соң менің бес баламның жастарының қосындысы 97 жас болады. Менің 
балаларымның жастарының қосындысы жеті жылдан кейін қанша жас болды? 
А. 63 В. 73 С. 59 Д. 67 
5. Бір ағашты 4 бөлікке бөлу үшін 12 минут уақыт кетеді. Онда осы ағашты 8 бөлікке бөлу 
үшін неше минут уақыт кетеді? 
А. 24 В. 28 С. 6 Д. 32 
6. Нұрбол мен Айдана бірдей мөлшерде ақша қосып 30 алма сатып алды, әр алманың 
бағасы 20 теңге. Нұрбол 13 алма, Айдана 17 алманы жеп болды. Онда Айдана Нұрболға 
қанша ақша қайтарып беру керек? 
А. 20 тг В. 40 тг С. 60тг Д. 80тг 
7. Асан тақтаға 9-дан бастап сандарды тізбектей жаза бастады. 
910111213141516.........100101..... 
Егер Асан барлығы 193 цифр қолданған болса, онда оның ең соңғы жазған саны қандай 
болады? 
А. 100 В. 103 С. 105 Д. 104 


Зерделі ақыл ой дамыту орталығы 
8. Арман 8 дәптер сатып алса 150 теңге жетпей қалады,ал 5 дәптер сатып алса,онда 60 
теңгесі артық қалады. Арманда неше тг бар? 
А. 150 В. 410 С. 70 Д. 560 
9. Ерасылдың тауық пен қояндарының жалпы саны 57, ал аяқтарының жалпы саны 164 
болса, сонда Ерасылда неше қоян бар? 
А. 25 В. 32 С. 33 Д. 26 
10. Заңдылықты анықтап, сұрақ белгісінің орындағы санды табыңыз; 
102
→ 102 ∙ (1 + 0 + 2) = 306 
321 
→321 ∙ (3 + 2 + 1) = 1926 
2023
→........... 
А. 14161 В. 2023 С. 7 Д. 20237 
ІІ. Бос орын толтыру сұрақтары (тек жауабын жазу керек) 10 × 5 = 50 ұпай) 
1. 1; 5; 7; 8; 9 цифрларын пайдаланып, цифрлары қайталанбайтын неше үш таңбалы сан 
құрастыруға болады [ ] 
2. Анасы үйге бір қалта кәмпит алып келді. Үлкен баласы барлық кәмпиттің жартысын жеді, 
ортаншы баласы қалған кәмпиттің жартысын жеді, ал кіші баласы қалтада қалған кәмпиттен 
бесеуін алып жегенде , қалтада тағы 9 кәмпит қалды.Бастапқыда анасы алып келген қалтада 
неше кәмпит бар еді. 
[ ] 
3. Арасы 650 км болатын екі қаладан екі көлік бір - біріне қарама - қарсы бағытта жолға 
шығып, олар 5 сағаттан кейін кездесті. Бірінші көліктің жылдамдығы екінші көліктің 
жылдамдығынан 10 км\сағ-қа артық болса, екінші көліктің жылдамдығын табыңыз.[ ] 
4. Теңдеуді шешіңіз; 315 - (
5 ∙ х + 10) = 160; х = [ ] 
5. Үш балада барлығы 42 дәптер бар. Бірінші бала екіншісіне 7 дәптер, ал екінші бала 
үшіншісіне
1 дәптер бергенде үшеуінің дәптерлер саны бірдей болды. 
Бастапқыда екінші балада [ ] дәптер болған. 
6. "Математикалық олимпиада" кітабында барлығы 125 бет бар. Барлық бетті нөмірлеуге 
қанша цифр қажет? [ ] 
7. 1,2,3,5,7,1,2,3,5,7,1,2,3,5,7... сандар қатары берілген болса, 2018-ші орындағы санды 
табыңыз. [ ] 
8. Түлкінің жылдамдығы 18 м/с, ал қоянның жылдамдығы 15 м/с. Түлкі өзінен 30 м 
қашықтықтағы қоянды қуса, неше секудтан кейін қуып жетеді?[ ] 
9. а:6=98 (b қалдық) —қалдықпен бөлу өрнегінде b қалдық ең үлкен болғанда «а» қаншаға 
тең болады?
[ ] 
10. Мектеп 8 орындық пен 4 үстел алуға 9400 теңге, 2 орындық пен 2 үстел алуға 3700 
теңгеден қаражат жұмсаған болса, онда бір орындықтың бағасы қанша тг тұрады?
[ ] 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет