Алтын зермен есімі жазылған жасыл түсті кітап



Дата13.10.2022
өлшемі45 Kb.
#42962

Ең ұлтшыл халық – СӨЗ!
Ерлан Жүніс
Алтын зермен есімі жазылған жасыл түсті кітап...
Тиісті мүліктің мәңгілік ақ мөрі болып, алғашқы парақтарында «ағайынға» деген жазуы жарқырап тұра қалған.... «Балаларды өздеріңіз оқымаған кітаптан қорғаңыздар!» дейтін қағида бойынша қарастырсақ, екі оқырманның алғашқысы емеспін. Әйтсе де, оқу грамматикасы үшін қолданылған мәтіндердің салмағы ауыр болатын.
Тегеурінді тақырыптың айналасына ой жүгіртіп көрсеңіз, ауқымды мәселені бұғып жатқан бір биіктікке тап боласыз. «Тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек!». Тап осылай аталатын сұхбаттар мен мақалалар желісі өзі – бір күндік, сөзі – мың жылдық баспасөз мәнері «шағырмақ бұлт жай тастарды» еске түсіреді. Саяси сахнаны шахмат тақтасы ретінде бейнелеп бастайды. Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды ауқымды фигураның интелектуалдығы жағынан биліктің ең басты қарсыласы болғанын және сатылмағаны үшін, мансапқа алдана қоймағаны үшін ғана айыпты демократтың ғұмыры позициясында өмір сүреді. Ал, билік ше?! Ережесіз ойынның тұрақты көрермені болмағасын жауап табу қиынға соғады, наркүмән күйде үнсіз ұққаным: жеңіске де тәуелсіз көзқарас керек! Айладан ада, ұсақтыққа ұнамсыз, суық ақыл мен жаншылмайтын жігер иесінің саяси болжамдары әлі де маңызды. Күн тәртібіндегі мәселелердің саны артпаса, кеміген жоқ. Әлдебір оқылмаған кітап турасында рецензия жазу тапсырылған студенттік жұмысқа, сол шығарма төңірегінде гипотезалық нұсқада шашыраңқы ойларымды: «Тарихи құндылығына көз жеткізу үшін әркім өзі оқып шығуға тиісті дүние. Өйткені, «тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек»!» деп атауды көсемсөз ретінде қолдана отырып, түйіндедім.
Біз осы дербестік жөнінде не білеміз?! Публицистік жарияланымдары жөнінде жазылған дипломдық жұмысында Айдаболов М.Р. Алтынбек Сәрсенбайұлының «пассионар» индивид екендігін атап көрсетеді. Л.Н.Гумилев негіздемесі бойынша мұндай типтегі адамдардың ғаламдық биоөрістен жоғары, космостан қуатты энергияны тартатыны және үлкен миссия жолында мақсатынан өмірлерін биік қоймайтыны айтады. Тарихты жасаушылардың этногенездік түзіліспен ерекшеленетіні белгілі. Оның болмыс-бітімінде ұлттық мүддеге қызмет ету және сол арқылы тәуелсіздіктің іргесін берік қалау сынды миссиялардың болғаны айқын. Бұған өзі қалаған редакторлық мектеп пен атқарған еңбектері, күрескерлік жолы дәлел.
«Ұлт. Ұлттық идея. Ұлттық мақсат-мүдде... Мұның бәрі - өте күрделі әрі терең мәселелер. Дей тұрғанмен, біраз ой бөлісіп көрейін...» А. Сәрсенбайұлы бұл ойымен бөлісті де. Жай емес әрине, терең, толғамды түрде. Шетелдің шерін тілге тиек етіп, елімізге үлгі тетті: «Италияның саяси қайраткері Массимо д'Аурельо XІX ғасырда былай депті: “Италию мы уже создали, теперь нам надо создать итальянцев”. Ал, поляктың саяси қайраткері Пилсудский: “Не нация создает государство, а государство - нацию” дейді. Бұл пікірлерде терең мән жатыр. Әсіресе біз үшін. Демек, ұлтты ұлт ететін не? Оның тәуелсіз мемлекеті. Нақтырақ айтсақ, мемлекет жүргізетін саясат. Мемлекеттік саясат.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет