Алтыншы тарау



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата03.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#5428
1   2   3   4   5

ОН ЕКІНШІ ТАРАУ

Сенгенің игілікті еңбегің болсын

Адам  атына  лайықты  өмір  сүрудің,  дəулетті  тұрудың  мына  заманда

нарықтан басқа жолы жоқ. Өйткені, ол адамды өзін-өзі қамшылауға, жанын

жеп  жанталасуға  мəжбүр  ететін,  сөйтіп  оның  бойынан  тың  қуат  табуға

итермелейтін жол.

Кəсіпкерлік — азаматтың қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі.

Қазір  ынтымақтасу  мен  іскерлік  кезеңі.  Қазір  адамдардың  өмірін

жақсартуға  бағытталған  шағын  қадамның  өзі  шалқыған  даңғаза

ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен əлдеқайда маңызды.

Адам мəңгі жасамайды, мəңгі жасайтын — оның ісі.

Маңдай термен тұздамасаң дəміңді,

Жүрегіңмен тербемесең əніңді,

Өзің-дағы ұға алмасаң мəніңді,

Өмір емес,

Көшірме ол — кəдімгі.

75


Бізге  ұлттық  буржуазия  керек.  Ұлттың  қалталы  адамдары

қалыптаспайынша,  көп  істің  қиюы  келмейді.  Ұлттың  буржуазия  пайда

болса, мемлекет мүддесін ойлайтын адамдар көбейер еді.

Адам түзелмей заман түзелмек емес.

Адамның  əр  ісі  —  жасаған  барлық  жақсылығы  мен  жамандығы

кейінгі ұрпақтар тарапынан əділ бағасын алмай қоймайды.

Мен  əлдебір  қисындардан  гөрі  ақылға  қонымды  қарапайым  істерді

артық санаймын.

Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.

Бүлінген заманды түзеу адамның өз міндеті.

Адамдар,  əдетте,  өткеннің  мəніне  ертеңнің  тұрғысынан  үңіліп

түсінеді.

Адамдардың,  жаңа  дүниетанымы  қалып-  тасқанша  ондаған  жылдар

қажет болады.

Адамзаттың ақылдылығы — бейбітшілікті сақтай білуінде.

Өзіне-өзі  талап  қоя  білу,  айнала-төңірегің  жəне  Отаныңа  адал  болу

— жас өскіндерді тəрбиелеудегі шешуші мəселелер, міне осылар.

Адам  өзін  өзгеше  етіп  көрсеткісі  келіп  жаныққан  кезде,  сол  сəтте

өзінің  мейлінше  стандарттың  əдіс-тəсілдерді  қолданып  отырғанын  байқай

бермейді.

Өмірде нағыз табысқа — адамдарға жəне өз еліне пайда əкелетіндер

ғана қол жеткізеді.

Адам  оқуға  қабілетін  жоғалтқан  кезден  бастап  қартайғандық  бел

алады.


Тұлға болу дегеніміз жауапты болу дегенді білдіреді.

Адамдар  ядроның  қуатын  меңгеруді  үйренді,  бірақ  өздерін

басқаруды  үйрене  алмады.  Олар  адамға  деген  сенімін  жоғалтып,  ядролық

қуатқа сену сеніміне ие болды.

Адам  əлемнің  жеті  кереметінің  бəрінің  тарихын  біліп,  бірақ  ең

маңызды  əрі  нағыз  кереметті:  əр  алуандыкқа  толы  дүниені  біле  алмауы

мүмкін.

76


Адам  өзінің  қайда  бет  алғандығын  анық  көрген  кезде  ғана  биікке

қарай күш-жігерімен ұмтылады.

...көптеген адамдар үшін ескі үміт-қиялдардан бас тартудың қиынға

түсетінін  ескерген  жөн.  Олардың  сенімдерін  мазақ  етудің  еш  реті  жоқ.

Олармен сауатты да адал пікір таластырудың жөні бөлек.

Адамның  ой-санасын  бір  сəтте  өзгерту  мемлекеттің,  қолынан

келмейді.  Бірақ  мемлекет  өзгерістер  процесін  объективті  тенденцияларды

түсіндіру,  маңызды  ақпаратты  халықа  жеткізу  жолымен  жəне  де,  ең

бастысы,  өзіндік  молшылыққа  бағытталған  əлеуметтік-экономикалық

саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті.

...адамзат бүгінгі тарихи кезеңде өз тіршілігінің бірегей негізі ретінде

қабылдай  алар  бірден-бір  əмбебап  өркениет  моделіне  қол  жеткізген  жоқ,

жеткізе де алмайды.

Өзі еш нəрсеге жауап бермейтін адамның батырсынуы, батылсынуы,

өзгені сынауы оп-оңай. Бəрінен бұрын елдегі татулықты сақтау шарт.

Бақ-дəулет, барша игілік адамнын, өз қолымен жасалады.

Біз  құрып  жатқан  қоғамның,  ең  жоғары  құндылығы  —  адам,  бүкіл

өзгерістердің бəрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр.

Əрбір  адам  біздің  мемлекетімізге,  оның  бай  да  даңқты  тарихына,

оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-

қимыл  жүйесін  талдап  жасау  қажет.  Елдің  проблемалары  да,  келешегі  де

барлық адамға жақын əрі түсінікті болуға тиіс.

Ұмтылсаң — ұтарсың.

Қазіргі бəсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз

ізденісің, болмаса, көштен қалу оп-оңай.

Бүгінгі  адам,  əрине,  біздің  ата-бабаларымызға  қарағанда  анағұрлым

білімді, алайда, сонымен бірге анағұрлым салғырт, əсершіл жəне штамп пен

ұрандар аясында ойлауга бейім.

Бүгінгі  заманда  өзінің  асқақ  арманына  тек  жаңаша  ойлайтын,  ерік-

жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады.

Жас азамат өзін əрдайым жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс.

77


Адам кешегісімен, қазіргісімен жəне келешегімен өмір сүреді. Қазіргі

сəт  тез  өтеді,  тез  кешегіге,  өткенге  айналады.  Яғни,  біз  өмір  бойы

келешекке ұмтылумен ғүмыр кешеміз.

Тұлға  болу  дегеніміз  жауапты  болу  деген  сөз.  Ол  үшін  ағынмен

малти бермей, белсенді болу қажет.

Адамзат  баласы  жүздеген  мың  шақырым  қашықтықдағы  Айдың

бетін зерттеді, алайда аяқасты дерлік жерде жатқан теңіз түбінің оннан бір

пайызы да зерттеле қойған жоқ.

Жаңа  буын  өзгерістерден  қаймықпай,  керісінше,  өршіл,  серпінді

жобаларды ұсынуы тиіс.

Өзгенің өріне шығу үшін өзің де мейманыңа төріңнен орын бер.

Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, балашағаңның қамын ойла: өзіңе

де жақсы, үкіметке де жақсы.

Саламатты  өмір  салтынсыз,  тамақты  тарта  ішпейінше,  қимыл-

қозғалыссыз жəне спортсыз үзақ өмір сүру мүмкін емес. Бұл — өмірдің ащы

шындығы.


Ұлттың  бəсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік

деңгейімен айқындалады.

Кез келген мəселенің түп тамырына көз жіберген жөн. Құдай бізге аз

сөйлеп, өзіміз сияқтыларды көбірек тыңдап жəне түсіну үшін бір ауыз бен

екі  күлақ  берді.  Демек,  алуандылық  —  Жер  деп  аталатын  планетадагы  ең

басты феномен. Ол əрқашан да қызықты болған жəне бола береді.

Жоспардан өмірдің өзі батыл екенін тəжірибеміз көрсетіп отыр.

Алға  кеткен  əлемдік  өркениет  көшінің  шаңын  жұтқымыз  келмейді.

Ал бұл үшін бəріміз өз күш-қуатымызды, халқымыздың бойындағы барлық

парасат пен зият күшін бір жұдырыққа жұмылдырып, оның күллі əлеуетін

барынша пайдалануымыз қажет.

Ендігі жерде біз тізімнің соңында қалғы мыз келмейді.

Реформа  бір  күнде  жүзеге  аспайды.  Саяси-  əлеуметтік  жағдайларға

сай əр істің өз уақыты, кезеңі болады.

Реформаларды

жақтайтындардың

қатарын

жаппай


көбейту

экономикалық қана емес, идеологиялық та міндет.

78


Экономикалық  тиімділік,  жеке  адамның  өз  басының  экономикалық

еркіндігі  жəне  жеке  меншік  деген  бағдарлы  ұғымдарды  қалың  бұқара

түсінбейінше нарықты құруға болмайды.

Экономика  ғылымға  арқа  сүйемейінше  бəсекеге  қабілетті  бола

алмайды.

Егер экономика нарықтық болмаса, ол тоқырауға тіреледі.

Экономика  əрдайым  саясаттың  бастауы  болып  табылады.  Алдымен

экономика түзіледі, содан кейін оның үстіне саясат қаланады.

XXI  гасырдағы  Қазақстанның  табыстарының  кілті  мына  төрт

тағдыр шешерлік ұғымдар болып табылады. Олар — Жаңғырту, Халықтық

əл-ауқаты, Инновация, Интеграция.

Халыкдың əл-ауңаты — ел дамуының негіз- гі шарты.

Жаңғырту — бүкіл мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі.

Интеграция мен ашықтық — біздің саналы таңдауымыз.

Біз  ат  төбеліндей  ғана  халықпыз.  Сондықтан  бізге  ең  керегі  уақыт

оздырмай,

экономиканы

түзеп,


мықты

мемлекет

болу.

Қарулы


Күштерімізді,  қауіпсіздігімізді  нығайту.  Ол  үшін  күш-қуат  керек.  Ол  үшін

экономика керек. Осыларға қол жеткізу үшін тыныштық керек. Ішіміз бүтін

болмаса, сыртымыз түтін болады, өзгелер түтіп алады.

...ықпалдастық пен орнықтылық экономикадан туындайды.

Тек дұрыс ұстаным табу, əлемнен нені алатыныңды жəне оған нені

беретініңді  айқын  түсіну  ғана  түрақты  даму  мен  өзге  əлеммен  үйлесімді

қатар өмір сүрудің кепілі бола алады.

Экономикалық прагматизм — XXI ғасырдағы қауіпсіздік жүйесінің

түйінді тірегі.

Бейбітшілік  жəне  келісім  —  қоғамды  экономикалық  жағынан

дамытудың, азаматтардың өмір сүру сапасын көтерудің басты белгісі.

Біз  экономика  үшін  тіпті  дағдарыс  кезеңін  де  де  пайда  табуды

үйренуге тиіспіз.

Сауда жасайды екенсің, демек, ісіңе сенім артып, үмітіңді үкілейсің.

Өйткені, сауда өздігінен жүретін үдеріс емес.

Араласу  көп  болған  жерде  сенім  де  көп.  Сенім  бар  жерде  қарсы

79


тұрушылықа орын жоқ. Бұл — қарапайым, алайда өте құнды ақиқат.

Кəсіпқой  болу  деген  сөз  —  өзің  шынымен  де  айналысқың  келген

өмірлік  істі  таңдай  білу.  Жəне  оның  өзін  жақсы  түрғыда  жүзеге  асыру

қажет.


Кəсіп дегеніміз — табысты өмірдің негізі.

...кəсіпкерлік — денсаулығы мықты жандардың үлесі.

Кез  келген  кəсіп  иесі  өз  шаруасын  тың  тəсілмен,  жаңа  əдіспен

істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады.

Кəсібилік,  отаншылдық,  ұзақ  мерзімді  міндеттер  қоюға  қабілеттілік,

оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік — кадрларды

іріктеу мен жоғарылатудың басты өлшемі.

Жаңа  тұрпатты  шенеунік  өз  ұлтының  отаншыл  əрі  əділ,  ісіне  адал

жəне кəсібилік білікті қызметшісі болуға тиіс.

Дағдарыстар

келіп-кетіп

жатады.


Ауыртпалық

салғанына

қарамастан,  олар,  сайып  келгенде,  тоқыраған  учаскелерде  экономиканы

сауықтыруға,  ал  бəрінен  бұрын  ерік-жігерімізді  жұмылдыруға,  жинақы  да

ұйымшыл болуға жəрдемдеседі.

Ұлттық дағдарыс — көп ретте экономикалық дағдарыстың салдары.

Дағдарыс  —  сел  сияқты.  Ол  əлсіз  бөгеттерді  шайып  кетеді,  ал

күштілері қалады.

Ашкөздіктің  аяғы  жақсылыққа  апармайды.  Қазіргі  жаһандық

дағдарыс — сол ашкөздіктің салдары.

Жаһандану

жағдайында

əлемдік

экономиканы

рецессиялық

тығырықтан  бүкіл  ұлттар  қоғамдастығының  бірлескен  күш-жігерімен  ғана

алып шығуға болады.

Бəсекеге  қабілеттілік  мəселесі  тек  экономикаға  тірелмейді.  Бұған

адам ресурстарына, білімге, денсаулық сақтауға, экологияға, саясатқа жəне

ел  ішіндегі  тұрақтылыққа  қатысты  мəселенің  бəрі  кіреді.  Түпкі  нəтиже

осылардың жиынтығынан шығады.

Дағдарыстар мəңгілік емес.

Бүгінгі күн бəсеке заманы. Жеткен биікке мəз болып, тоқтап қалу —

көшкен жұртта қалғанмен бірдей.

80


Жер  қойнауының  байлығы  —  барша  келер  ұрпақтың  игілігі.  Бұған

қарап  босақсымауымыз  керек.  Керісінше,  Үкіметті  қоса,  біздің  бəріміз

ондай байлың қолымызда болмағандай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз.

Бүгін  өткен  жүз  жылдықтың  60-жылдарында  кеңінен  тараған

тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі.

...жұмыссыздардың,  барлығы  бірдей  жұмыс  істеуге  ұмтылмайды.

Өкінішке  қарай,  адамдар  арасында  жаңа  біліктілікті  меңгеруден  гөрі

базарда «такси» қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр.

Қай қоғамда да адам өз еңбегімен қадірлі.

Масылдық — қауіпті індет, оны еңсеру жауапты міндет.

Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл əлем

дамыған  елдерінде  жаппай  əлеуметтік  масылдық  туындатты  жəне

жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады.

Тапқаныңды  ғана  тарата  аласың,  қолыңда  барыңды  ғана  бөліске

саласың.

Экономикалық  дəулетіміз  артпайынша,  рухани  сəулетіміз  де

артпайтынын ұғынуымыз қажет.

«Байлық  —  мұрат  емес,  жоқтық  —  ұят  емес»  деген  сөз  бар.  Ойлап

отырсақ,  баяғының  айтқанының  бəрі  қағидат  емес,  дүмше  молданың

айтқанының бəрі шариғат емес.

Байлык,  —  мұрат,  егер  оның  шапағатын  туған  халқыңмен  бірге

бөліссең.

Ал, жоқтық мына заманда ұят!

Адамдар  елдің  өмірі  қалай  өзгеріп  жатқанын  өздерінің,  тұрмыс-

тіршілігінен байқайды.

Бүгінгі таңда масылдыққа еш жерде орын болмауға тиіс.

Мен  Қазақстандағы  əлеуметтік  жаңғыру  бəрінен  бұрын  барлық

қазақстандықтардың  өмір  сапасын  арттыруға,  кедейлердің  санын  азайтуға

жəне  əлеуметтік  дүбəралыққа  жол  бермеуге  бағытталуы  керек  деген

сенімдемін.

Нарық — ебі жоқтың еншісін алып, құтын қашырады, ал алғырдың,

81


амалшыл адамның несібесін асырады.

Ат  төбеліндей  ауқаттылар  тобы  қалың  кедейлер  тобынан  тым

шырқап,  оқшауланып  кеткен  қоғам  гүлденіп,  дамымақ  түгіл,  өмір  сүрудің

өзіне қабілетсіз болып шығады.

Сен  үшін  шенеунік  шешім  қабылдайтын  қоғам  —  келмеске  кеткен

қоғам.


Басты  мақсат  тайға  таңба  басқандай  айқын  көрініп  тұруы  қажет.

Əйтпесе,  ол  əркімнің  ішкі  есебімен  өзгеріп  тұратын  болса,  ықпалдастық

жайындағы  жалаң  ұрандарға  ауыз  ауыртудың  жөні  жоқ.  Мен  үшін  қазіргі

кезеңдегі  ықпалдастық  бірлесудің  мақсаты  айқын.  Ол  —  тауар,  капитал,

жұмыс  күшінің  еркін  қозғалысына  кедергі  келтіретін  кез  келген

техникалық жəне алым-салықтық шекараны жойып, ортақ рынок жасау.

Қазір  болып  жатқан  өзгерістердің  жəне  алдымызда  тұрған

мəселелердің,  ауқымын  бағамдау  үшін  бүгінгі  күнге  кешегімен  салыстыра

отырып көз тастау қажет.

Нарық  жағдайында  фирмалардың  компаниялардың,  холдингтердің

бəсекелесетіні сияқты, əлемде мемлекеттер де бəсекелесіп жатады.

Əркім  өзінің  игілігіне  еңбек  етсін,  сонда  мемлекеттің  де  игілігі

артады.

Нарық деген сол — жарысу, жағаласу, бəсекелесу, таласу, тартысу.



Егер еркін рынок шын мəнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер

туғызады.

Мемлекеттің  бəсекелестікке  қабілетін  көрсететін  басты  нəрсе  —

экономикасы.

Қарқынды

экономика

болмайынша

біз


мектептер

мен


ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз.

Ұлт пен мемлекеттің аман қалуының жалғыз жолы — экономиканы

ашық  ұстау,  əлемдегі  қуатты  экономикалық  аймақтармен  қапталдаса

араласып-құраласу.

Айрықша  жолды  ойлап  табуға  тырысушылық  экономикада  ғана

емес, саясатта да жарға жықпай қоймайды.

Біз  бүкіл  Қазақстанды  алып  құрылыс  алаңына  айналдырып,

мыңдаған жұмыс орнын кұрамыз.

82


Мемлекет  деген,  еңалдымен,  адамдар.  Мемлекет  бəсекеге  қабілетті

болуы  үшін,  адамдар,  яғни  бүкіл  ұлт  бəсекеге  қабілетті  болуы  керек.  Ол

үшін əрбір адам өзін-өзі қамшылауы тиіс.

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

Дəстүрдің баққаның – үмітіңді жаққаның

Қоғамның  даму  барысын  өмірде  —  нəзік,  көңілде  биік,  ал  істе

мығым əйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес.

Əйел  —  бесік  иесі.  Демек,  əйелдің  жайы  түзелмей  —  бесігіміз

түзелмейді, бесігіміз түзелмей — еліміз толық түзелмейді.

Əйел  —  ошағымыздың  ұйытқысы,  Отанымыздың  сақтаушысы,

береке-бірлігіміздің ал- тын діңгегі, ұлттық мəдениетіміздің мəйегі.

Адам  ата-бабасын  жамандап  абырой  таппайды.  Бірақ  өткеннің

жақсысынан  үйреніп,  жаманынан  жирене  алмаған  ұрпақтың  да  көсегесі

көгере қоймасы белгілі.

Рухани  қасиеттерді  берік  ұстанып,  қастерлеп  сақтаудың  үлгісін

көрсетуші, айрықша адам — рудын, жасы үлкен ақылман ақсақалы болған.

Себебі  ол  тірі  тарихқа  айналған  да-  нышпан  ұстаз  саналатын.  Көшпелілер

қоғамында  ақсақалдар  билігі  əлеуметтік  ұйым  ин-  ституттарының  бірі

болып  табылды,  өмірден  өткен  ұрпақтар  мен  көзі  тірі  адамдар  арасыдағы

өзара рухани байланыстық дəстүрлі дəнекер тетігі ретінде қызмет атқарды.

Демек,  біз  ақсақалын  ардақтаған,  салт-жорасын  салмақтаған

жасампаз жүрттың ұр- пағымыз.

Өзіне-өзі сын көзімен қарамайтын халық болашағына көп үміт арта

алмайды.  Біз  бойымыздағы  озығымыздан  үйреніп,  тозығымыздан  жирене

білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз.

Біз  ұлы  жолға  шықтық,  арманды  сапарға  аттандык.  Қолымызда  —

тəуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбамызда бар халықтың басын біріктірер киелі

шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.

Ылайым, бетімізден жарылқасын!

Үлкен  жолдық  үстінде  бізді  ата-бабаларымыздың  аруағы  желеп-

жебеп жүре берсін!

83


Біздің  болашағымыз  —  жастар.  Біз  жастарды  жаңа  өмірге  бейімдей

білуіміз керек.

Еркін елдің ертеңі — кемел білім мен ғылымда.

Əрбір  шаңырақ  ұрпақты  болсын,  ырысты  болсын,  ырысы  жұртқа

жұғысты болсын!

Тегін  дүние  мен  жатыпішерлік  құндылыңтардың  бəсін  түсіріп,

еңбектің  мəнін  кетіреді,  адамды  босаңсытып,  оның  өміршеңдігін

төмендетеді.

Мінезіміздің  жақсы  жағын  жалғастықпен  сезіне  алмағанымыз  да,

жаман жағынан біржолата безіне алмағанымыз да рас.

Кешегі  бабамызбен  ғана  емес,  бүгінгі  багамызбен,  ертеңгі

шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек.

Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады.

Кез


келген

ел


өзінің

келешегін

өскелең,

ұрпағымен

байланыстырады.

Еңсесін  енді  көтеріп  келе  жатқан  біздің  еліміз  үшін  дарынды

ұрпақтың орны мүлде бөлек.

Домбыра  үніне  ұйымаған,  жусанды  даланың  иісін  аңсамаған

қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын.

Қандай  байлық  болмасын,  оның  түбі  бір  сарқылатыны  хақ.

Сарқылмайтын,  терең  бойлаған  сайын,  керісінше,  еселеп,  арта  беретін  бір

байлық бар, ол — білім. Ал білім негізі —мектепте.

Жаңа үйдің берекесі мен ырысы қабырғасының, қиюымен емес, сол

үйдегі  теңнің  жиюымен,  демек,  отбасындағы  сыйластықпен,  татулыңпен

кіреді.

Дарынды ұрпақ — қарымды ұрпақ.



Отбасында

адам


бойындағы

қасиеттер

жарқырай

көрініп,


қалыптасады.

Отанға


деген

ыстық


сезім

жақындарына,

туған-

туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.



Біздің  жастарымызға  мақсаткерлік,  болашаққа  деген  шүбəсіз  сенім,

мойымас жігер, кез келген істі қолға алуға деген құлшыныс тəн.

Жас  кезінде  үлкен  іске  құлаш  сермемеген  жаннан  жасы  ұлғайғанда

84


үлкен нəтиже күтудің өзі бекершілік.

Ертеңін  ойлайтын,  болашағына  үмітпен  қарайтын  көшелі  ел,  ең

алдымен, ұрпак, тəрбиесіне, шəкірт біліміне ерекше назар аударады.

Егер  сыпайылы  адам  көркі  десек,  ол  дарынды  жастарды  одан  əрі

көріктендіре түседі.

Жастарымыз салт-дəстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін,

көптің  көкейіне  үміт  отын  жағып  жүретін,  адамзаттың  озық  ой  көгінде

ағып жүретіндей болуы тиіс.



ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Өрелі рухысыз өркениет жоқ

Мəдениет — ұлттық бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы,

парасаты.

Мəдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы

да  биік.  Рухы  биік  халықтың  іргесі  де  берік,  əлеуеті  де  қуатты,  ынтымағы

да жарасты болмақ деп есептеймін.

Өркениетті  ұлт  ең  алдымен,  тарихымен,  мəдениетімен,  ұлтын

ұлықтаған  ұлы  тұлғаларымен,  əлемдік  мəдениеттің  алтын  қорына  қосқан

үлкенді-кішілі  үлесімен  мақтанады.  Сөйтіп,  тек  өзінің  ұлттың  мəдениеті

арқылы ғана басқаға танылады.

Еуразияның ең, бір бай да бірегей мəдениеті — қазақ мəдениеті.

Өзіндік төл мəдениетін құрған бірегей көшпелі өркениет бүгінгі күні

əлемдік өркениеттер Олимпінен заңды түрдегі орнын иеленіп отыр.

Интеллигенция  —  ұлттық  мүдденің  шын  жоқшысына  айналған

əлеуметтік топ.

Материалдық  игіліктермен  салыстырганда  мəдени  игіліктердің

өзіндік  ғажайып  ерекшелігі  бар,  олар  ешқашан  бөліске  түспейді,  қайта

тұтынушылар қатары артқан сайын ол еселеп өсе түседі.

Шынайы  ұлттық  сана  жоқ  жерде  ұлттар  мен  өзге  ұлттық

мəдениеттерді шынайы құрметтеу де мүмкін емес.

Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ.

Мəдениет  деген  ұғым  аясында  адам  онсыз  өмір  сүре  алмайтын  аса

85


нəзік кұбылыстар тоғысқан.

Біздің барлық күш-жігеріміз бен біздің бүкіл тəжірибеміз бір нəрсені

дəлелдейді  —  мəдениеттер  мен  өркениеттер  арасындағы  үнқатысу  керек

қана емес, сонымен бірге мүмкін де.

Мəдениет  болмаса  ұлт  та  өмір  сүре  алмайды.  Ұлттың  мəдениеті  —

оның қуат өрісі, қорғаныс тетігі.

Қазақтар  орыс  мəдениетін  жете  меңгерген.  Ендеше,  қазақ  əдебиеті

де Қазақстанда тұратын барлық ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы

нəрседей  алыс  құбылыс  болмаса  керек.  Қазақ  əдебиеті,  тілі,  ауыз  əдебиеті,

музыкасы əрқайсымыздың да рухани дүниемізді орасан байыта алады.

Мəдениет,  ақыр  аяғында,  қазіргі  заманғы  еңбек  адамына,  оның

жасампаздық қадамына қарай бетбұрыс жасауы тиіс.

Мəдениет, ең алдымен, жəдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші

— зиялы қауым.

Біз, қазақстандықтар, бір экономикалық немесе саяси кеңістікте ғана

емес,  бір  мəдени  кеңістікте  де  өмір  сүріп  жатырмыз  деген  ақиқатты  сезіну

бірте-бірте  орнығады.  Біз  əншейін  ғана  бұрынғы  кеңес  адамдары  емес,

сапалық жағынан жаңа мəдени қауымдастық жасаушылармыз.

Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан

өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол — білім! Ол — еңбек!

Біздің кезімізде барлық ұлан-асыр ойларымызды жүзеге асыру үшін

ең  қажеттісі  —  өзіңе,  өз  күшіңе,  өз  болашағыңа  сену.  Сенімсіздік  өз  еліңе,

өзіңнің халқыңа, өз-өзіңе сенбегендік болып оралады.

Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда

ойнаған еңбекке байланысты.

Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен алады.

Білікті білім таусылған жерден елес пен қиял басталады.

Өмір толассыз өзгеріп жатыр: бір кездегі білген аздык, етеді.

«Өмір  бойы  білім  алу»  əрбір  қазақстандықтың  жеке  кредосына

айналуы тиіс.

Адамға,  оның  білім  алуына,  мəдениетке  қаржы  салу  —  бұл

мемлекеттің болашағына қаржы салу.

86


Біздің  халқымыз  үшін  білімділік  əрдайым  ең  жоғары  моральмен

барабар айрықша құндылық болып келген.

Адамзатты терең ойға кемел білім жетелейді.

Оқу,  үйрену  —  үят  емес,  надандықта  қалып,  одан  арылуға

талпынбау ұят.

Балабақшадан  бастап  мектептерде,  қолледждер  мен  жоғары  оқу

орындарында, əскери орындарда біз балаларға тек білім беріп қана қоймай,

тəрбие беруді де назардан шығармауымыз керек.

Білім  —  ұлы  күш.  Ол  танымалдыққа,  даңққа,  молшылық  пен

игілікке жол ашады.

XXI  ғасырдағы  табысты  қоғам  —  бүл  заңгерлік  сауаты  бар

адамдардың қоғамы.

Кез  келген  мəдениеттің,  кез  келген  өркениет  пен  дүниетанымның

өмір сүруге жəне өзіне қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы бар.

Бұл  —  адамзат  тарихының  барысы  айқындаған  болмыс.  Онымен  санасу

керек.


Ғылым — əлемдегі жаңалық атаулының бəріне ашық та зерек болуға

тиіс.


Ғылымға  қызмет  ету  —  бұл  ең  алдымен  адамдарға  қызмет  ету,  өз

зерттеулеріңді халыққа жəне қоғамға арнау.

Суреткердің  басты  парызы  —  өз  дəуірінің  жырын  жырлау,  мүңын

мұңдау. Қазір болып жатқан өзгерістерді бəрінен бұрын қазіргі жазушылар

жазып қалдыруы керек.

Ұлы жаналықтар — бұл таза ақыл-ой мен мейірбан жүректің ісі.

Біз  əлемдік  мəдени  құндылықтармен  үндес  жаңа  заманғы  қазақтың

озық мəдениетін қалыптастыруымыз керек.

Қазақ  мəдениеті  —  алып  құрлықтың  түп  тамыры  жөнінен  ең  көне,

мазмұны жөнінен дара мəдениеттердің бірі.

Спорт  —  бейбітшілік  елшісі,  ол  адамдарды  біріктіреді,  халықтар,

мəдениеттер мен өркениеттер арасындағы өзара түсіністік көпірін салады.

Халық  денсаулығы  —  бұл  Қазақстанның  өз  стратегиялык,

мақсаттарына қол жеткізудегі табысының бөлінбес құрамдас бөлігі.

87


Ата-бабаларының  асыл  сөзін  жүз  томға  жинап,  бастырып  шығара

алатын  ел  —  бақытты  ел,  бақуатты  ел,  болашағы  кемел  ел.  Қазақ  елі  —

сондай ел.

Əлем  əдебиетіндегі  əйгілі  жүз  кітапты  емін-еркін,  жатық  етіп

аударып,  бар  бояуымен,  өзгеше  өрнегімен  төгілтіп  түсіретін  тіл  —  қуатты

тіл, құнарлы тіл, құдіретті тіл. Қазақ тілі — сондай тіл.

Əрбір  журналист  өз  сөзінің  билігін  сезінуге  тиіс.  Халықаралық  күн

тəртібін  саясатшылар  қалыптастырғанымен,  нақ  журналистердің  оны

түзетуге, оған мораль мен əділдіктің салмағын салуға мүмкіндігі бар.

Бар


өнерін

бармақтың

басына,

тілдің


ұшына

қондырған

халқымыздың  көп  шежіресі,  көнекөз  естелігі  осы  əні  мен  күйінде,  жыр-

толғауында жатыр.

Рухани  құндылық  биік  адамгершілік  жоқ  жерде  үлкен  өркениет

орнату мүмкін емес.

Тұрғын  үй  —  жай  ғана  төрт  қабырға  мен  баспана  емес.  Ол  адам

өмірінің аумағы.

Талант  —  Жаратқанның  сыйы  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзіңнің

алдыңдағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілік те.

Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады.

Дүние байлық пен жан байлығы сəйкес келгенде ғана бүкіл адамзат

мұрат еткен саналы қоғам құруға болады.

Өнерін  сүйген,  өнерпазын  мəпелеген  елдің  қашанда  мəртебесі

жоғары.

Ұлы өнерде шектеу де, шекара да жоқ.



Таласа жүріп танылуымыз, қаржыса жүріп шыңдалуымыз қажет.

Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игіліктерді сақтау, қайта

қалпына  келтірілген  мемлекеттігімізді  нығайту  жəне  дүниежүзілік

қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті түр.

Ең бастысы той тойлау емес, ең бастысы — ой ойлау.

Алға  қарайтын  кез  келді.  Іске  кірісер  кез  келді.  Ерік-жігерімізді

танытатын кез келді. Өмірді өзгертетін кез келді.

88


Өз алдымызда, болашақ ұрпақтың алдында адал болайық, уақыт пен

ел тағдыры үшін жауапкершілігімізді ұмытпайық!

Басыңдағы  бақытты  бағалай  алу  үшін  оның  қадір-қасиетін  толық

танып-білуің қажет.

Айқайшыл күшіңмен емес, игілікті ісіңмен таныл.

Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Рас, уақыт қиын. Бірақ уақытты

таңдамайды, онда өмір сүреді.

XX  ғасыр.  Бұл  —  Ғаламды  көз  алдыңа  бөлшек  деп  елестетіп,  ал

бөлшек тұтас бір ғалам болып шыққан уақыт.

Жұмылған жұдырықпен бір-біріңнің қолыңды қыса алмайсың.

Ең бастысы — адам факторы: оның, еркі, күш-жігері, табандылығы

мен  білімі.  Өркендеп  даму  мен  тəуелсіздікке  аттар  табалдырықтың  алтын

кілтін де осы шамадан іздеген жөн.

Ештеңе  де  өзінен-өзі  аспаннан  аяғы  салбырап  түсе  қалмайды.  Өсу,

тұрақты  даму  жағдайына  жету  үшін  де  белгілі  бір  кезеңдерден  өту  қажет.

Оларды ешқашан да аттап кете алмайсың.

Адам  капиталы  —  түрақты  экономикалық  дамудың  негізі  жəне

инновациялардың қозғаушы күші.

Жаһандық  тəжірибенің  күнгейінен  ғана  емес,  көлеңкесінен  де

тағылым алу керек.

Біз елеулі түрде артта қалып қойдық, сондықтан асығуға тиіспіз. Біз

мейлінше ширығып, əлемді қуып жетуге мəжбүрміз.

Жетілмегендікті мойындау — бұл одан əрі жетілуге қарай жасалған

қадам.


Ақиқатқа  сеніп,  бірақ  уақыт  өте  келе  онын,  ақиқат  болып

шықпауынан асқан қауіп жоқ.

Материалдық  игіліктермен  ешқандай  байланыспайтын  руханият,

адамгершілік деген даусыз ұлы құндылықтар бар. Олар адам үшін əрдайым

басым жəне негіз қалаушы болып қалады.

XXI ғасыр — мəдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бəсекесінің, ғасыры

болмақ.

Мемлекеттік шекара — тəуелсіздіктің басты белгілерінің бірі. Ел мен



89

елді  табыстыратын  да  —  шекара,  тартыстыратын  да  —  шекара.  Достықта

осы жерде көрінеді, қастық та осы жерде көрінеді. Ел жақындығы болмаса,

жер жақындығының жақсылығынан гөрі жамандығы басым түспек.

2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай əлемдік оқиғалардың

қалтарысында  қалып  қоймайтын  елде  өмір  сүретін  болады.  Олардың

Қазақстаны  Еуразияның  орталығы  бола  отырып,  жедел  өркендеп  келе

жатқан  үш  аймақтың  —  Қытайдың,  Ресейдің  жəне  Мұсылман  əлемінің

арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

Қараңыздаршы:  бір  шеті  Алатау,  енді  бір  қиыры  Алтай,  тағы  бір

шеті Атырау сияқты қазақтың үш қиянынан табылған үш «Алтын адам» бір

ғана мəдениеттің — біздің бабаларымыздың қолынан жасалған мəдениеттің

үлесіне  тиеді  екен.  Бүгінгі  жас  ұрпақты  ұлт  мəдениетін  ұлықтау  рухында

тəрбиелеу үшін бұдан басқа қандай дəлел керек.

Дініміз  тəркі,  тіліміз  ғаріп,  мəдениетіміз  мүшкіл,  өзіміз  мүсін  халге

ұшырадық.  Мұндай  жағдайда  ел  намысының  қозбауы,  ер  ашуына  мінбеуі

мүмкін емес еді.

...Зеңбіректі əскерге найзамен қарсы шапңан көзсіз ерлерді халық əлі

күнге  əн-жырға  қосып,  аяулы  аттарын  ардақ  тұтып  келеді.  Ардақ  тұта

береді!

Тарихи сенімділік — біздің ұлы тірегіміз.



Міне, тəуелсіздік таңы атты. Азат ел атандық. Дегенмен, атымыз да

азат,  затымыз  да  азат  болуы  үшін  əлі  де  талай  шаруа  атқаруға  тура  келеді.

Бұл — қайырлы сапар, қасиетті жол. Ол жолдан біз таймаймыз!

Қазақтың  халық  мақалы  «Шапшаң  жүргенге  шаң  жұқпас»  дейді.

Сондықтан да бізге уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

Əрқашан біргі, əрдайым алда болайық!

Дүние тек қана бірте-бірте жаһанданып бара жатқан жоқ, ол адамзат

қоғамдастығы  дамуының,  біржақты  моделінен  бірте-бірте  кіндік  үзіп

барады.


...қай кезде де ұлыны ұлы түсініп, бағалаған!

Ең ұлы істер ең қиын шақта өмірге келеді.

90


...ойда  жоқта  алдымыздан  шыға  келген  арам  ойдың  неден  пайда

болғанын  білмей  тұрып,  бүгін  де,  болашақта  да  дұрыс  бағытты,  дұрыс

бағдарды қалай таба алмақпыз?

Ештеңе де бірден жеміс бермейді.

...ай астында ештеңе таңсық емес.

Уақыттан өткен əділқазы жоқ.

Уақыт тасқынына қарсы жүзу, тіпті тоқтату еш мүмкін емес нəрсе.

Əлі өмірде болмаған гəпті біздің қиялымыз ұштайды.

Уақыт  мақсатты,  басты  нəрсе  дегеніңізді  де  өзгертіп  отырады,  тіпті

ұлы  жетістіктер  мен  жаңалықтар  да  күнделікті  күйбеңге,  «бас  ауыртар»

істерге,  зəру  мəселелерге,  жаңа  күннің  жаңа  шаруаларына  орын  беріп,

бірте-бірте ұмытылып жатады.

Əу бастан-ақ жобасы келіспеген мүсінді көшірмелеуден қайыр жоқ.

Уақыт деген зымиян, айтпай-ақ жетіп келеді.

Тұлға болу дегеніміз — жауапты болу дегенсөз.

Тек  қана  əр  алуандыққа,  көпұлттылыққа,  көпдінділікке  негізделген

бірлік формуласы ғана дұрыс.

«Адамзаттың  бəрін  сүй,  бауырым  деп...»  —  деген  данышпан  Абай

өсиеті менің де ұстанатын өмірлік қағидам, санама сіңірген терең танымым.

Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады деген сөз бар.

Болашақ  жаман  немесе  жақсы  бола  алмайды.  Ол,  біз  оны  қалай

қалыптастырсақ, сондай ғана болады.

Күн сайын, ай сайын кұбылатын заманға сай амалың болуы керек.

Еш  нəрсеге  бірден  қол  жетпейді.  Табысты  əрі  тұрақты  дамуға

объективті  түрде  белгілі  бір  сатылар  тəн,  оған  кұлашты  бір  сермегеннен

жетпейтіні белгілі.

Бізге  жалпы  əңгімелер  мен  сөз  жарыстырулар  емес,  ортақ  игілікке

қызмет  ете  алатын  белгілі  бір  бағдарламалардың  идеялары  мен  нұсқалары

қажет.

XXI  жүзжылдықта  жаһандық  архитектураны  ойдағыдай  жаңғырту



тек эволюциялық жолмен ғана жүруі керек.

91


Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ.

Озбырлық тек зорлық-зомбылық туғызады.

Халық бірлігі дегеніміз бұл ең алдымен мемлекеттік институттардың

бірлігі.


Біздің жолымыздың базалық формуласы — толеранттылық арқылы,

тұрақтылық пен ырықтандыру арқылы жаңғырту.

Уақытты  жинақтауға,  көбейтуге  болмайды.  Оны  кері  бұруға

болмайды.  Алайда  дамудың  айқын  мақсаттары  анықталса,  уақытты

іскерлікпен жұмсауға болады.

Уақыт  бізді  таңдады,  ал  біз  өз  тарихи  мүмкіндігімізді  жүзеге

асырдық.

Біз  жаһанданумен  күресуді  емес,  жаһандануға  бейімделуді  алдымен

ойлауымыз  керек.  Сөйткенде  ғана  тілімізді,  дінімізді,  дəстүрімізді,  салт-

ғүрпымызды сақтап қала аламыз.

Аласапыран кезең — түлғаның беріктігіне үлкен сынақ.

Тəжірибе  өткеннің  қателіктерін  қайталамау  үшін  де  қажет.  Бірақ

адам солай жаратылған, ол үшін ең жақсы ұстаз — өз басына түскен іс.

...қайтқан құстың тізбегі, тымық түнде үйқыға шомған ауылдың үні

тəрізді  ұсақ-түйек  болып  көрінетін  əңгімелер  жоғары  мінбелерден

желпінген насихат сөздерден сезімге əлдеқайда артық əсер етеді.

Табиғатпен  жауықпа,  онымен  бірге  өмір  сүр.  Оны  бағындырам

деме,  табиғаттың  өзіне  оған  аса  қажет  «тіршілік  өрісін»  қалдыр.  Даланы,

тауларды,  жазыңтық  пен  көлдерді  таптай  берем  деме,  олардың  өзіне  сіңіп

кет.


...түбегейлі  жаңаруды  бастау  үшін  бізге  бүкіл  ойлау  жүйемізді

жаңарту керек.

Біздің

қолайлылықтарымыздың



дəрежесін

табиғаттың

мүмкіндіктерімен  байланыстыра  отырып  өмір  сүру  —  адамның  қоршаған

ортамен өзара қарым-қатынасында, міне, осы талап етіледі.

Біздің ең басты байлығымыз — берекелі бірлігіміз.

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс

болады» деген даналық сөз бар.

92


Мен  ауызбіршіліктен  айнымайтын  ақжүрек  жұртымның  қуатты

ұлтқа, шуақты ұлысқа айналуына кəміл сенемін.

Ырыс — ынтымаққа жолығады, дəулет — бірлікпен толығады.

Табысқа  жету  үшін  тек  қана  мақсатты  айқын  көріп,  соған  қол

жеткізу үшін күн сайын жұмыс істеу керек.

Əрқашан бірге, əрдайым алда болайық, ардақты ағайын!



93

Document Outline

  • БІРІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ〷‰扪਼㰊⽄敳琠嬴〠〠删⽘奚″㘠㜰㘠湵汬崊⽎數琠㈰㠠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈰㘠〠刊⽔楴汥
ЕКІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ〸‰扪਼㰊⽄敳琠嬴㠠〠删⽘奚″㘠㜵〠湵汬崊⽎數琠㈰㤠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈰㜠〠刊⽔楴汥
ҮШІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ〹‰扪਼㰊⽄敳琠嬶㈠〠删⽘奚″㘠ㄷ㐠湵汬崊⽎數琠㈱〠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈰㠠〠刊⽔楴汥
ТӨРТІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ㄰‰扪਼㰊⽄敳琠嬷〠〠删⽘奚″㘠ㄶ㠠湵汬崊⽎數琠㈱ㄠ〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈰㤠〠刊⽔楴汥
БЕСІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄱ‰扪਼㰊⽄敳琠嬸㐠〠删⽘奚″㘠㔵㠠湵汬崊⽎數琠㈱㈠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱〠〠刊⽔楴汥
АЛТЫНШЫ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄲ‰扪਼㰊⽄敳琠嬹㐠〠删⽘奚″㘠㈵㘠湵汬崊⽎數琠㈱㌠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱ㄠ〠刊⽔楴汥
ЖЕТІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄳ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱ㄸ‰⁒ 塙娠〠㠴ㄮ㠸㤸畬汝ਯ乥硴′ㄴ‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄲ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$℄ᔄጄ؄ᜄ؄ᴄ⠄؀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈱㐠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄳ〠〠删⽘奚″㘠㌸㐠湵汬崊⽎數琠㈱㔠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㌠〠刊⽔楴汥
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄵ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱㐰‰⁒ 塙娠㌶″㌰畬汝ਯ乥硴′ㄶ‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄴ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$Ḅᴄ⬄ᴄ⠄⬀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈱㘠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄵ㈠〠删⽘奚″㘠㐲〠湵汬崊⽎數琠㈱㜠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㔠〠刊⽔楴汥
ОН БІРІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄷ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱㘸‰⁒ 塙娠㌶‴㜸畬汝ਯ乥硴′ㄸ‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄶ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$Ḅᴀ ᔄᨄ؄ᴄ⠄؀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈱㠠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄸ㐠〠删⽘奚″㘠㜰㠠湵汬崊⽎數琠㈱㤠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㜠〠刊⽔楴汥
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄹ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱㠸‰⁒ 塙娠㌶‵㤴畬汝ਯ乥硴′㈰‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄸ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$Ḅᴀ ∄ ∄؄ᴄ⠄؀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈲〠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄹ㠠〠删⽘奚″㘠㈵㘠湵汬崊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㤠〠刊⽔楴汥
ОН БЕСІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ㈱‰扪਼㰠⽌敮杴栱‱㤶ㄹ 卵扴祰攠⽃䥄䙯湴呹灥ぃ 䱥湧瑨‱㐵㔷 䑌‱㤶ㄹ 䙩汴敲⁛⽆污瑥䑥捯摥崠㸾ੳ瑲敡洊碜睘ᑉ휷???䵷䏗〰ϣ⩣켘坡햕౦ꈁᐳꊒ㌌ꁄ䄥顶巃騀甍怆䓅肘댢깡凗炛噝㟪???띮൛???ﵖ켸뷯獽쿵総睝⼺番먫鲪㫧矎̘⯈
  • ЕКІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ〸‰扪਼㰊⽄敳琠嬴㠠〠删⽘奚″㘠㜵〠湵汬崊⽎數琠㈰㤠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈰㜠〠刊⽔楴汥
ҮШІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ〹‰扪਼㰊⽄敳琠嬶㈠〠删⽘奚″㘠ㄷ㐠湵汬崊⽎數琠㈱〠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈰㠠〠刊⽔楴汥
ТӨРТІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ㄰‰扪਼㰊⽄敳琠嬷〠〠删⽘奚″㘠ㄶ㠠湵汬崊⽎數琠㈱ㄠ〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈰㤠〠刊⽔楴汥
БЕСІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄱ‰扪਼㰊⽄敳琠嬸㐠〠删⽘奚″㘠㔵㠠湵汬崊⽎數琠㈱㈠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱〠〠刊⽔楴汥
АЛТЫНШЫ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄲ‰扪਼㰊⽄敳琠嬹㐠〠删⽘奚″㘠㈵㘠湵汬崊⽎數琠㈱㌠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱ㄠ〠刊⽔楴汥
ЖЕТІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄳ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱ㄸ‰⁒ 塙娠〠㠴ㄮ㠸㤸畬汝ਯ乥硴′ㄴ‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄲ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$℄ᔄጄ؄ᜄ؄ᴄ⠄؀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈱㐠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄳ〠〠删⽘奚″㘠㌸㐠湵汬崊⽎數琠㈱㔠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㌠〠刊⽔楴汥
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄵ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱㐰‰⁒ 塙娠㌶″㌰畬汝ਯ乥硴′ㄶ‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄴ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$Ḅᴄ⬄ᴄ⠄⬀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈱㘠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄵ㈠〠删⽘奚″㘠㐲〠湵汬崊⽎數琠㈱㜠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㔠〠刊⽔楴汥
ОН БІРІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄷ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱㘸‰⁒ 塙娠㌶‴㜸畬汝ਯ乥硴′ㄸ‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄶ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$Ḅᴀ ᔄᨄ؄ᴄ⠄؀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈱㠠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄸ㐠〠删⽘奚″㘠㜰㠠湵汬崊⽎數琠㈱㤠〠刊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㜠〠刊⽔楴汥
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲㄹ‰扪਼㰊⽄敳琠嬱㠸‰⁒ 塙娠㌶‵㤴畬汝ਯ乥硴′㈰‰⁒ਯ偡牥湴′〵‰⁒ਯ偲敶′ㄸ‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$Ḅᴀ ∄ ∄؄ᴄ⠄؀ ∄င င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㈲〠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄹ㠠〠删⽘奚″㘠㈵㘠湵汬崊⽐慲敮琠㈰㔠〠刊⽐牥瘠㈱㤠〠刊⽔楴汥
ОН БЕСІНШІ ТАРАУ⤊㸾੥湤潢樊ਲ㈱‰扪਼㰠⽌敮杴栱‱㤶ㄹ 卵扴祰攠⽃䥄䙯湴呹灥ぃ 䱥湧瑨‱㐵㔷 䑌‱㤶ㄹ 䙩汴敲⁛⽆污瑥䑥捯摥崠㸾ੳ瑲敡洊碜睘ᑉ휷???䵷䏗〰ϣ⩣켘坡햕౦ꈁᐳꊒ㌌ꁄ䄥顶巃騀甍怆䓅肘댢깡凗炛噝㟪???띮൛???ﵖ켸뷯獽쿵総睝⼺番먫鲪㫧矎̘⯈


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет