Table of Contents
БІРІНШІ ТАРАУ
ЕКІНШІ ТАРАУ
ҮШІНШІ ТАРАУ
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
БЕСІНШІ ТАРАУ
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ОНЫНШЫ ТАРАУ
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ОН БЕСІНШІ ТАРАУ
2
Оглавление
БІРІНШІ ТАРАУ
ЕКІНШІ ТАРАУ
ҮШІНШІ ТАРАУ
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
БЕСІНШІ ТАРАУ
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ОНЫНШЫ ТАРАУ
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ОН БЕСІНШІ ТАРАУ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ
ЖЫЛДАР МЕН ОЙЛАР
Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті —
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың əр жылдарда жарық көрген
кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған
толғамдары мен қанатты сөздері топтастырылып беріліп отыр. Түрлі
тақырыптарды қамтитын ол ой-толғаныстар жинақтала келе, оның адам,
мемлекет қайраткері жəне саясаткер ретіндегі философиялық ұстанымынан
хабар беріп қана қоймай, сонымен бірге қазіргі таңдағы Қазақстанның кең
тарихи панорамадағы біртұтас келбетін де құрайды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарық көрген «Туған елім—
тірегім» (2001), «Өзекжарды ойлар» (2003), «Ой бөлістім халқыммен»
3
(2006), «Мыслями с народом поделюсь» (2007) деп аталатын жинақтарын
оқырмандар
жылы
қабылдаған
болатын.
Оқырмандардың
үлкен
сұранысына ие болған аталмыш басылымдар бүгінде сирек кездесетін
кітаптар қатарына қосылып та үлгерді.
Жоғарыда аталған жинақтардың қисынды жалғасы бола отырып,
бұл кітап өзіндік мазмұндық жаңалығымен де ерекшеленеді: ол тек 2007—
2013 жылдардағы материалдармен ғана емес, ертеректе айтылып, бұрынғы
нұсқаларға енбей қалған ой-пікірлермен де толыға түскен.
Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси, ғылыми жəне публицистикалық
шығармаларына негізделген бұл жинақта оқырмандар ойынан шығады
деген үміттеміз.
Кұрастырушылар
БІРІНШІ ТАРАУ
Отанды сүю —суығына шыдап, ыстығына күю.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тəуелсіз Қазақстан.
Отанды сүю — өркениеттіліктің белгісі.
Отаныңа деген сезім мен мақтаныш оның рəміздеріне деген
кұрметтен басталады.
Отан үшін жаныңды да, қаныңды да аяу деген болмауы тиіс.
Отаны жоқ адам — тамырсыз, тұрлаусыз қаңбақ сияқты.
Отанды сүю — оның суығына шыдап, ыстығына күю.
Нағыз адам — Отанының даңқын шығарады, риза болған Отаны —
өз ұлының даңқын шығарады.
Біле білсек, Отанды сүю — біздің перзенттік парызымыз, қарыс
қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!
Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте.
Біздің Отанымыз ортақ, демек, жүрегіміз бен мақсатымыз да ортақ.
«Атамекен» деген сөзде кие бар. Атамекен десек, арманда кеткен
бабалардың бүгінгі ақталған үміті еске түседі.
4
Өз Отаның бұл дүниедегі жəннатың мен шуағың. Сондықтан білімің
мен қайрат-жігеріңді өз еліңнің мүддесіне жұмса. Туған елің дəулетті, туған
жерің сəулетті болса, сен де əулетті, əлеуетті боласың.
Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені
алақанға салып аялай біледі.
Отан-Ана!
От бердің жүрегіме,
Риза боп қараймын гүл-өңіңе.
Бабаларым сомдаған бағзы бейнең
Тəуелсіз боп түрленді,
Түледі де!
Менде қандай арман бар,
Асыл Ана,
Жарай алсам, халқымның тірегіне?!
Жастарға айтар ақылым: бақытты өмірді басқа жерден іздемеңдер.
Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу
əрбір отандық саясаткердің, əрбір қазақстандықтың борышы мен ар-
ожданы.
Патриот болу — өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе жəне өз
халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді,
шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың.
Патриот болу дегеніміз Қазақстанымызды мақтан етіп қана қоймай,
сонымен бірге, бірінші кезекте — Казақстанның мүддесін қорғауда өзіңді
аямау, оның игілігі үшін еңбек ету.
Қазақстандық патриотизмнің іргетасы — бұл барлық азаматтардың
тең қүқылығы мен Отан абыройы үшін олардың ортақ жауапкершілігі.
Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
Отаншылдық, — бұл көңіл ауанының бұрқ еткен жарылысы емес,
Отаныңа өмір бойы қалыпты əрі берік берілгендік.
Өз еліңе деген терең махаббат сезімінсіз жəне терең отаншылдық
5
сезімінсіз нағыз азаматта жоқ, нағыз адам да жоқ.
Нағыз патриотизм дақпырт сөздерден емес, нақты істерден жəне
жауапты қадамдардан көрінеді.
Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз
патриот бола алмайсың.
Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына
қосудан үлкен мақсат жоқ.
Шын мəнінде отаншылдық — тəуелсіздікті құрметтеу, мемлекетті
қастерлеу, өз Отаныңды қалтқысыз сүю деген сөз.
Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан-теңіз даласы бар,
аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!
Жаңа техникалық дəуірдің қақпасын аша отырып, тап осы біздің
қасиетті жерімізден адам бірінші рет ғарышқа ұшты. Бірақ біздің болашаққа
самғауымыз əлі аяқталған жоқ. Ол ұшу енді басталды.
Даналық пен байсалдылықты басшылыққа алуға, соғыстың
көрсоқыр заңдарына емес, бейбіт құралдарға жүгінуге үйреткені үшін мен
өз халқымды сүйемін əрі мақтаныш етемін.
Менен еліміз өз тəуелсіздігі жылдарында ең бастысы неге қол
жеткізді деп сүраған кезде мен ойланбай-ақ: «Ол — адамдардың сана-
сындағы өзгерістер» деп жауап беремін.
Менің халқым мынау үрейлі əрі қанды ғасырда тəуелсіздікке
расында да зарыға аңсаумен қол жеткізді. Мен осы халықтың жаны мен
қанының бір бөлшегімін, сондықтан драмалық ғасырдың соңында маған
жасалған сол таңдауға лайықты болуға тиістімін.
Режімді
сынауға
болады,
реформаларды
сынауға
болады,
Президентті сынауға болады. Бірақ, өз Отаныңды, өз мемлекетіңді
болашағы жоқ əлдебір маңызды емес құрылым деп көрсету — бұл енді
«смердяковшиналық».
Тұңғыш Президент жəне Ұлт Көшбасшысы ретіндегі менің
борышым — халқымызды Тəуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен алып
өту.
Елі мұратқа жетпей тұрып, ері мұратқа жетуші ме еді? Сондықтан
елдіктің қамын ең алдымен ойламай болмайды.
6
Отаны бірдің — тілегі бір, жүрегі бір.
Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді
ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының
бастауларын түсінгеніміз жөн.
Ұлттық рухты сақтау үшін ең бастысы — сыртқы жауды іздеу емес,
өзіңнің ұлттық болмысыңды дамыту.
Егер біз елімізді күшті əрі қуатты мемлекет ретінде көргіміз келсе,
қайықты өзіміз шайқап, бекемделе қоймаған бейбітшілік пен тəртіпті
бүлдіріп алмауымыз керек.
Жырақтағы жұртың жаутаңдап қарап отырса, кісінің жаны қайдан
жай табады?!
Тамағыңды тауып жерлік кəсіп, одан да тəуір қызмет жолығар. Бірақ
қара орманың — өскен еліңнің ортасында жүріп ішкен бір жұтым қара суға
қайдан татысын!
Еліңнің үлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,
қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан
теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді
ұмытпа!
Қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына
қамқорлық жасау менің Президенттік те, перзенттік те парызым.
Елдік те ерлік сияқты сын сағатта танылады.
...Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым
да жоқ. Нені де болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге
жеңемін.
Мейлі, сен патша не қойшы бол, бəрібір... Атамекеніңнен табаның
тайса — жетімсің...
Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын
Республиканың жер бетінде бар болғаны үшін тарихтың əр тұсында осы
елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда
қарыздармыз.
Бүгінгі қазақ қауымына аса қажет нəрсе өзіміздің намысшылдық,
дəстүрлерімізді дамыту.
Мен ешқашан мүмкін болмайтын мəселеге уəде берген емеспін, ал
7
уəде берсем, қашанда орындаймын.
Жанға түскен жарақатты, жараланған жүрек пен зердені жазу
қандайлық қиын десеңізші!
Ел туралы жадағай ойлау да, халықтың, тағдырымен ойнау да түбі
жақсылыққа апармайды.
Отанға сүйіспеншілік жайында қызыл сөзді тоқтаусыз ұзақ, айтуға
болады, алайда онымен Отаныңның гүлденуіне ешқандай көмек көрсете
алмайсың.
Бүгінгі таңда ел қамынан басқа қандай мүдде болуы мүмкін?
Сондықтан елдің ақыны да, əкімі де бір мақсатты көздеуі керек.
Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік
қасиеті дарыған, егеменді елге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да
жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.
Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл
болады.
Ел көшін бастау — маған сын, мені қоштау — елге сын.
Отбасы — Отанның ошағы.
Біз алыс сапарға бел буып, кемемізді тəуекел дариясына түсірген
елміз, елес үмітті емес, ерлік пен елдік мұратын кемеміздің, тұғырына ту
етіп байлаған елміз.
Дауы таусылмайтын елдің жауы да таусылмайды.
Кашанда, қай істе болсын, ханы мен халқы бір болып, тұтастық
құрғанда — мемлекет нығайып, ел ырысы тасады; ал халқы қолдамай,
ханы халқын қорғамай, өзімшілдік өктемдік алып, өзара талас-тартысқа
түскенде — мемлекет əлсіреп, ел ырысы қашады.
Көпұлтты ел болуымыз — біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, бізді ел туралы биік
ұғымдар, ортақ мүдделер ғана біріктіре алады.
Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет жəне ұлтқа деген сенім
болуы керек.
Əлемдік өркениеттің үздік жетістіктерін, басқа халықтардың рухани
қазыналарын бойымызға сіңіру қанша маңызды болса да, біздің
8
əрқайсымыз өзіміздің терең тамырымыз — туған жеріміз туралы есте ұстап,
қай елдің азаматтары екенімізге есеп беруіміз қажет.
Елдің тағдыры – өз қолымызда.
Алдына ұлы мақсаттарды тек ұлы халық қана қоя алады.
Тек аса жоғары ұлттық мақсат қана ұлттық, жаңа жетістіктерге
ұмтылуына мүмкіндік береді.
Біз — бабалары басының қадірін арттыруды басты мұрат санаған
елдің баласымыз.
Қазақстанда тұратын əрбір адам өзін осы елдің перзенті
сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.
Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ
өмірге деген құштарлық, азаттык, аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп,
қайтадан тəуекел тұғырына қондырып отырды.
Өзін-өзі қорғай алған елдер ғана өсіп-өркендеген.
Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.
Қазақ елінің озып, үдеген кезі де, тозып, жүдеген кезі де аз емес.
Мен білгенде, мына дүниенің, дидарында «Жаным — арымның
садағасы» деген сөзден артық ұлы сөз жоқ. Соны айтқан — қазақ.
Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы
сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүниежүзі білетін Республика Туын,
Елтаңбасын, Əнүранын ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.
Əрбір адам бала кезінен «Қазақстан — менің Отаным, оның мен
үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым
ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн.
Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ
объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келеді.
Тарихтың бетбұрысты кездерінде мемлекеттің кез келген басшысы
біліксіздікке, əсіресе экономикалық жəне саяси дамудың үлгілерін талдау
мəселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұруы, бəріне бірдей жаға
бермейтін, бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді қабылдауы тиіс.
Қамшының сабындай қысқа ғүмырда халқының көшінің басында
жүруден, ұлы істеріне тікелей атсалысудан артық қандай мəртебе керек?!
9
Ары үшін жанын садаға ететін қазақтай қасиетті халықтың, осы
елдегі сан түрлі ұлыстың, баласының басын қосып, басшылығында жүру
түрмақ, қосын тігіп, қосшылығында жүрудің өзі жаныңды тербейтін бақыт
емес пе?!
Біз бүгінде өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік
ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.
Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің,
дамыған экономиканың жəне жалпыға ортаң еңбектің негізінде берекелі
қоғам құру.
Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен,
ұзақ мерзімді дамумен жəне экономикалық өсумен айналысады.
Біздің, басты жетістігіміз — тəуелсіз Қаазақстанды құрғанымыз.
Қап түбінде көк кездік жата ма екен,
Рухты елде азат таң атады екен.
Мен сенің сап бастаған сардарыңмын,
Жасай бер,
Өркендей бер, Атамекен!
Гүлденген Қазақстанды құруымыз бұл екі ғасыр мен екі
мыңжылдықтың ғаламдық шаңыруына берген лайықты жауабымыз.
Қазақстан — бұл ортақ жер, біртұтас халық жəне ортақ келешек.
Қазақстанды өзінің Отаным деп санайтындардың ең басты мақсаты,
ең қасиетті борышы — тəуелсіздік туын қолдарында берік ұстау болуы тиіс.
Бүгінгі Қазақстан алдына үлкен мақсаттар қойып, соған қол жеткізе
алатын амбициясы зор, ілгері ұмтылған мемлекет.
XXI ғасырдағы Қазақстан — халықтың көп ғасырлар бойғы арман-
мүддесінің, оның бостандық пен тəуелсіздікке ұмтылысының іске асуы.
Біздің ортақ үйіміз — тек біздің Отанымыз ғана емес, сонымен бірге,
бүкіл Жердің де ортақ, үйіміз болуы маңызды.
Толеранттылық сыртқы əлемге ашықтық диалогқа ұмтылу — бұл
жаңа Қазақстанның дамуындағы өмірлік мəні бар маңызды қағидаттар.
10
Жауапкершілік — біздің ел ішінде де, халықаралық қатынастарда да
басшылыққа алатын қағидатымыз.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Жер тағдыры – ел тағдыры
Жер жақындығы тағдырың мен тарихыңды жақындастырмай
қоймайды.
Жер абаттанса, ел ауқаттанады.
Ауылдың амандығы — елдің амандығы.
Ауыл — қазақтың алтын бесігі.
Көз құмарын суардым,
Талайдың сүлу жеріне,
Жетпейді екен ...
Қуандым,
Қазағымның төріне.
Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас əріптес,
сапарлас серіктес, қақысы бүзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа
мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді.
Бүгін біздің төңірегімізде бейбітшілік белдеуі қалыптасты деп
сеніммен айтуға болады. Бірде-бір мемлекеттің бізге талабы жоқ əрі жаулық
көзқараста емес.
Қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады.
Астананы тек мемлекет басшылары ғана құрмайды, астана да ел
басшылығын қалыптастырады.
Астанасына қарап елін таниды.
Ұшып ем Алатаудың бөктерінен,
11
Өмірдің, өтіп келем көп белінен.
Арман не қажетіңе жарай білсем,
Қазағым, таратылған көк бөріден!
Айналдым көк бөрідей текті елімнен!
Қыдыр қонып, құт дарыған киелі коныс, мүбарак мекен — Алматы!
Биікке самғап, қиырды шарлау, заманнан қалмай заулау — мына біздерге
өзің, берген тəрбие, өзің көрсеткен өнеге, өзің тапсырған тарихи аманат!
Алматы — біздің тəуелсіздігіміздің алтын бесігі, мемлекеттігіміздің
алтын діңгегі.
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран кұратын.
Қала болсын Астана —
Осы — менің Мұратым.
Астана келбеті – ұлт келбеті.
Есілдің жағасына дамуымыздың бейнесіндей болған еңселі Елорда
қондырдык,.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сəулеті мен дəулеті келіскен
Астана салдық Сөйтіп, үмітімізді үкілеп, болашақты бетке алдық
Жаңа астананың қаласы да, адамдардың санасы да жаңа болсын.
Астана — Отанымыздың жүрегі, тəуелсіздігіміздің тірегі.
Астананың абыройы — қазақ руханиятының абыройы.
Жаңа Астана — тəуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің
нышаны.
Тəуелсіздік Астананы өмірге əкелді, ал Астана өз кезегінде біздің
тəуелсіздігімізді нығайтып, баянды етуде.
Астана біздің жүрегімізге, халықты біріктірген ұлттық идеяға, ол
халықтың өзінің күші мен ұлы мақсатына деген сенімінің рəмізіне айналды.
Астана халқымыз ғасырлар бойы ұмтылған Қазақстанның шынайы
12
тəуелсіздігінің шешуші рəмізі мен қуатты факторына айналды.
Астана — Қазақстан халқының келешегі үшін баршамыз бірігіп
салып жатқан көпір.
Астана — жаңа Қазақстанның қуаты əрі оның көпұлтты халқының
жасампаз күш-қуатының қайнар көзі.
Астана — Қазақстан халқының жүзеге асқан үміт-арманының
бейнесі.
Астана — халқымыздың рухының биігін де, тереңдігін де, кеңдігін
де өз бойына сіңірген қала.
Алматы
—
тəуелсіздігіміздің
бесігі
болса,
Астана
—
болашағымыздың бесігі.
Тарихымыздың жалғасы, өміршең істеріміздің арнасы бұдан былай
да жаңа Астанада жалғасын таба беруі тиіс.
Астана — мемлекет дидары, халық мерейі. Күллі əлем атын енді
жаттай бастаған жаңа Астана біздің жас мемлекетімізге деген назарды
арттыра түсері сөзсіз. Оның біз жетпек биіктердей өрелі, біз орнатпақ
қоғамдай тартымды болып көркейіп өсуі жолында күш-жігерді аямаймыз.
Біздің жаңа Астананы, жаңа Астананың бізді үятқа қалдырмайтынына ның
сенімдіміз.
Астана саммиті — бүл бүкіл Қазақстанның жұлдызды сағаты.
Астана — бұл жаңарған Қазақстанның нышаны, оның көпұлтты
халқының жасампаз күш-қуатының нышаны.
Бүгінгі Астана мен болашақ Астана — біздің стратегиялык, ой-
ниетіміз бен ұмтылысымыздың квинтэссенциясы.
Мемлекеттің астанасы — бұл тек мемлекеттің миы ғана емес,
сонымен бірге ол халықтың барлық топтарының жəне тіпті жекелеген
адамдарының ділі мен жүріс-тұрыс нормаларын да айқындайтын оның
жүйкелік жүйесі.
Қазақ халқы — тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып
бəйтеректей өзегін ғасырлар тереңіне тартып, осынау қасиетті ұлы
даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып,
өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық.
13
Біздің халыққа қоғамдық жəне əлеуметтік жатырқаушылық жат, өз
көршілерінің тұрмыс-салтына, əдет-гұрпы мен мəдениетіне игі ниетпен,
құрметпен қарау тəн.
Қазақ даласы — Үлы Түркі елінің қара шаңырағы.
Ұлттық тұтастығымыздың мəселесі ең өткір қойылған арғы
Тоқтамыс пен Едіге, бергі Тəуке мен Абылай замандарында билік
ордасының бұл маңайға қайта-қайта көшіп келіп, көшіп кетуінде де көп
сыр бар. Үстіміздегі ғасыр басында алғашқы қазақ либералдары — Алаш
партиясы көсемдеріде саяси орталықты əуелден зор стратегиялық маңызға
ие осы аймаққа көшіріп əкелуге күш салды.
Басқа ұлттармен жəне ұлыстармен бейбіт тату көршілік қарым-
қатынаста болу — қазақтардың ежелгі дəстүрі.
Қазақтың қасиетті жерінің асты да — байлық, үсті де — байлық.
Енді,
міне,
екі
ғасыр
тоғысында,
жаңа
мыңжылдык,
табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп,
жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік қайта оралып, құлаған орда
қайта бой көтергеніне де куə болып отырмыз. Бұл да ұзағынан болғай,
қайырымен келгей, қадірлі халқым!
Ашық-жарқындық, мейірбандық, қай үлттың өкілі екен демей, кем-
кетікке немесе жарлы-жақыбайға жəрдемдесуге əзір тұру — халқымыздың
тумысынан біткен қасиеті.
Жерден өткен байлық жоқ: жер болса — ел болады, ел болса — ер
болады.
Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің,
сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ бəрі де өзім туып-өскен
қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш
қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы
сонда екен...
Ауа бөтен жайлауда,
Ажар бөтен,
Аңсатады содан да базар мекен,
Кіндігіммен байланған Үшқоңыр-ау,
Сені мендей кім сүйе алады екен?!
14
ҮШІНШІ ТАРАУ
Садағаң кетейін, айналайын халқым!
Мен өз халқымды сүйемін. Оның, мені бала кезімнен сабыр мен
парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!
Бүл ғасыр қазақ үшін алтын дер ем,
Даңқымды əлем білді,
Салтымменен.
Кеудемде жаным барда көтеремін, Аянбан,
Не күтсе де халқым менен!
Халык, еркі бəрінен жоғары.
Құнды қазынамыз — тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған
халқымыз.
Көптен бері бір байқағаным, халық бостандық пен тəуелсіздікке
жетер жолында неғұрлым көбірек тар жол, тайғақ кешулерден өтсе, оның
өзгелердің қасіретіне жаны ашып, бірге қиналу сезімі көбірек болады.
Қазақтардың «Біреудің қиналысын сезгің келсе, жаның бірге ауырсын»
дейтіні тегін емес.
Жабыққанды жебесем, Елді жұртпен теңесем,Қосынында қазақтың
Бекер жүрмін демес ем!
...халықтар тек жаман нəрсені ғана жадында сақтаса, бір-бірімен
ешқашан тату тұра алмас еді. Заман өзгереді. Əр ұрпак, өз көзқарасын
қалыптастырады. Мемлекет мүддесін де өзінше түсінеді.
Қанша қиындык, көрсе де, абзалдығы мен сабырлылығын, басқа
халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, казіргідей
қиыр-шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған
асыл жұртымды, XXI ғасыр табалдырығынан аттап, өз талайын тағы бір
сынап көргелі отырған тəуекелшіл ұлтымды қалай ғана маңтаныш
етпеспін?! Қалайша бас имеспін?!
15
Өзінің
тарихын
қадірлемейтін,
өзінің
ұлттың
байлығын
бағаламайтын халық табысты да бола алмайды, тағдыры да сəтті бола
қоймайды.
Осындай алып ауқымды аумағы мен осындай бай тарихы бар қазақ
халқы бақытты əрі жұлдызы да жоғары.
Қазақ халқы əрдайым интегратор болып келген. Ол болашақта да
қоғамымызды топтастыратын ядро болып қалуы тиіс.
Қазақтар ұлы өркениеттердің мұрагерлері — өзінің ұлттык, «Менін»
тарихтық бүкіл шыңыраулары мен шырғалаңдарынан алып өте білді. Тек
алып өтіп қана коймай, сақтап, көбейте де алды.
Даланы мекендеген қазақтар үшін генеалогия теңізшіге қажетті
компас сияқты.
Қазақ ауылы əрдайым ұлттық, өсіп-өркендеуіміздің қуат-қайнары əрі
ұлттың сəйкестілігіміздің өлшеуіші болып қала берді.
Қазақ əйелдері ұлтымызды өзінің емдік қасиеті бар жылы сүтімен, өз
махаббатының отымен, өзінің аялы алақанымен жəне қамқорлығымен
қамтамасыз етіп, сол арқылы елеусіз ғана қазак, халқының ұлттық, рухани,
мəдени тұтастығын қалыптастырып, бойына жан жылуын дарыта алды.
Бізге, байырғы ұлы халықтардың ұрпақтарына, өзгелердің қаңсығын
таңсық еткен жарамайды, өзіміздің өткенімізге, бүгінімізге жəне
болашағымызға жіті үңілетін кез жетті.
Бір ұлттың екінші бір ұлттан артықшылық идеясы əлемдік дамудың
бағытына қайшы келеді жəне адамды жеккөруші ретінде алғашқы жəне
соңғы рет мəңгілікке өзінің қадірін кетіреді.
Еркін, бейбітсүйгіш, білімді, өзінің əр алуандығымен біртұтас,
табысты, бір сөзбен айтқанда, өзгелермен терезесі тең — біртұтас Қазақстан
халқын мен көз алдыма осылай елестете аламын.
Қазақстандықтар əлемнің кез келген нүктесінде оқып, жұмыс істеп,
өзін жайлы сезіне алады, бірақ Сарыарқаның даласын, Алатаудың
шыңдарын, Каспийдің жағалауын жəне Алтайдың ормандарын бəрінен де
артық сүйеді.
Бірге бас қосу — басталуы. Бірге қалып қою — прогресс. Бірге
жұмыс істеу — жетістік.
16
Сайлау — бұл кез келген қоғам үшін əрдайым сынақ. Бұл қоғамдың
құндылықтарды, ұлттың ұйымшылдығын, қабылданған шешімдердің
дұрыстығын тексеретін кез.
Адамдардың санасын тұмшаландыру арқылы емес, тек қана
шынайы білімге негізделген өзара түсіністік пен бір-біріне деген құрмет
арқылы ғана халықтардың жақындасуы мен олардың арасындағы сенімді
қамтамасыз етуге болады.
Біреу үшін қасиетті көрінетін нəрсе екінші біреу үшін əзіл-оспақ пен
мазақтың тақырыбы болмауы тиіс. Бұл өзара ренішке бастайтын төте жол.
Мемлекет үшін ұйымшыл коғамнан асқан тірек жоқ.
Халықтың бірлігі Қазақстан мемлекеттігінің негізі ғана емес,
сонымен бірге біздің мəңгілік кұндылығымыз да болып табылады.
Тұрақтылықпен келісім жылма-жыл, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
жүргізілуге тиісті күн сайынғы ауқымды жұмыс.
Халқымыздың татулығы мен бірлігі — еліміздің өркендеп, алға
басуының басты шарты. Осылайша байлығымызды бағалай білу, оны жас
ұрпағымыздың жүрегіне ұялату жарқын болашағымыздың кепілі болмақ.
Ассамблея — еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық
пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.
Қазақстан
халқы
Ассамблеясының
тарихы
—
бұл
біздің
тұрақтылығымыздың тарихы.
Ұлтаралық татулық пен келісім көктен түскен бірдеңе емес. Ол
мемлекет пен баршамыздың күнделікті саясатымыз бен практикамыздың
нəтижесі.
Ұлтаралық татулық пен келісім — қазақстандық ұлттық идеяның
басты өзегі.
Ұлттар арасындағы сенім мен бірлік — əділ əлемдік тəртіптің негізі.
Татулық пен келісім — еліміздің табысты дамуының базалық
факторы.
Тек қана көпғасырлық тұтастану мен жалғастың, тек қана ұрпақтан
ұрпаққа берілетін ортақ мақсаттар бұл ғасырдың міндеттерін шешу үшін
халықты біріктіре алуы мүмкін.
17
Біздің басты байлығымыз — халықтар мен діндер арасындағы
татулық пен келісім.
Қазақстандықтар елдегі тыныштықты сақтап, татулық пен келісім,
жасампаздық пен достықты қадірлейтін ұйымшыл халық.
Қазақстан бірлігінің негізі — азаматтық құқықтар мен еркіндіктің
теңдігі.
Қазақстандықтардың бірлігі — Қазақстанның ілгері дамуының
мызғымас кепілі.
Мен əлем халықтарының қатарына лайықты қосылған жаңа ұлттың
жəне біздің Қазақстан сияқты ұлы елдің Елбасы болуды бұйыртқан
тағдырға ризамын.
Кез келген халыққа бəрінен бұрын асқақ рух керек.
Садағаң кетейін, айналайын халқым!
Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нəрдің бəрін сарп
етуге бейілмін.
Кез келген, əсіресе ісі алға басып тұрған Президентке сын ере
жүреді.
Сын — қоғамның қозғаушы күші. Оны қабылдауға немесе
қабылдамауға болады, бірақ онымен санасу керек.
Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін
төзімділігіне қайран қаламын. Мəңгіліктің қатыгез тасқыны біржолата
мүжіп, біржолата үгіп, біржолата шайып əкететіндей талай қилы кезең
түсында қиналса да, аман қала алыпты.
Ең бастысы, тату-тəтті, ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз
бар. Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұрған
азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы теперішті көрсе де, жайсаң жанын,
əсем əнін, күмбір күйін, əдемі əдет-ғүрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз
бар. Міне, біздің басты байлығымыз — осы.
Мен өз халқымның жолында басымды бəйгеге тіккен адаммын.
Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады.
Маған Сират көпіріндей қылпылдаған кезеңде тəуелсіздік алып,
18
мемлекет құру ісі сенігі тапсырылды. Сондықтан, мен сенімге серт беріп,
бар жауапкершілікті мойныма алдым.
Күрмеуі қиын, түрлі тағдырлы шешімдерді жүрегімнен өткізіп
қабылдадым.
Осындай менің сыбағам,
Сеніммен қолға ту алам.
Сүрінбей сыннан шыға алам.
Халқыммен бірге қайысып,
Халқыммен бірге қуанам!
Мен кезекті сайлауды ойлай алмаймын, мен елдің, халықтың
болашақ тағдырын ойлауға тиіспін. Менің мақсат-мұратым осы, халық мені
осы үшін сайлады.
Мемлекетіміздің діңгегі — қазақ халқы. Ел де, жер де — қазақтікі.
Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.
Қазақтың ұлттық рухы — оның өрлігі мен ерлігінде.
Қазақта енді үлкен ұлтқа тəн төзім мен сабырлы мінез көрсетуі
керек.
Менің бірден-бір қалауым, менің үмітім, егер қаласаңыздар,
арманым — шамамның келгенінше, Қазақстан халқының өзін жан- жақты
дамытуы үшін қалыпты, шынайы, өркениетті жағдай жасауға жəрдемдесу.
Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде
де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру
тек қана менің емес, əр азаматтың ісі мен жадында болуы тиіс.
Кемені құзға соқпаймын,
Баталы сөзге тоқтаймын. Өзімнің емес,
Алдымен —
Халқымның жоғын жоқтаймын.
Сөз бастаған шешен болу —
Бір қиын,
Елің үшін есен болу —
19
Бір қиын.
Тайғақ кешіп,
Ақ жол тауып,
Адаспай,
Көш бастаған көсем болу — Мың қиын!
Біздің
көпүлтты
халқымыздың
адамгершілік
бастауларының
тəрбиесі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілуі тиіс.
Халықтың құтқарылуы тек оның рухани өрлеуіне байланысты.
Адам үшін əрдайым басым əрі негізгі болып қала беретін
материалдык, игілікке катысы жоқ ұлы даусыз құндылықдар бар. Олардың
ең бастылары — руханилық пен адамгершілік.
Халқым менің тірегім,
Құрбан жаным,
Жүрегім!
Атымыз озсын бəйгеде —
Осы — менің тілегім!
Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл
дəстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет.
Біз кешегісі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз.
Өткен жолын жетік білетін қауым алар асуларын да айқын елестете
алады.
Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының,
болашагын да қапысыз қамдай алмақ.
Қазақ баласының мызғымас та мұңалмас ерлік дəстүрінің тамыры
тереңде жатыр.
Қабырғалы халқы болмаса, қандай басшының да тауы шағылмай,
тауаны қайтпай қоймайды.
Ұлтымыздың өз тамырынан қол үзбей, оған балта шаппай əрі қарай
өсіп-өркендеуіне жағдай жасау — ең үлкен міндеттердің бірі. Нарық
қазақтардың ұлттық болмысын бұзбайды, керісінше, оны жаңаша жетілдіре
20
түседі.
Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады.
Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін
емес.
Кез келген мемлекеттің қуаты — халқында.
XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына
сенемін.
Қазақты Құдай шыдамынан ажыратпасын.
Өзім үшін саспаймын,
Аспаймын да,
Таспаймын.
Халқым аман болса екен,
Сол ғой менің бас қайғым.
Еліміздің, басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да
емес, үстінде де емес — адамдарымыздың жүрегінде.
Тарихты тудырушы да, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау
бұлағы да — халықтың өзі.
Ежелден құт-береке дарыған халқымыздың дарқан көңілі ешқашан
ортайған емес.
Халықтар арасындағы келісім мен достықтың алтын тамыры
қазақтарға тəн асыл қасиеттерде жатыр.
Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өн бойында өзге
халықтар түсінде көрсе шошып оянатындай қасіретті оқиғаларды бастан
кешірді. Мен халқымның қажыр-қайратынан қуат аламын.
Өзін-өзі сақтап қала алған халық — өте талантты халық.
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тəуелсіздігі
үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сəттерде
бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ыңыласының
арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің
мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
21
Өліге де, тіріге де бар жанымен беріліп, қызмет көрсететін мұндай
халық: ер мінезді, ақ көңілді, қолы да ашық халық дүниежүзінен табыла
қояр ма екен?!
Біз қашанда өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт
күткен халықпыз.
Маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма қашанда
қарыздар болып өтемін!
Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер
берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген,
жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.
Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені
ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ
баласыны бірде-бірінің пешенесіне бүйырмаған бақытты — толыққанды,
тəуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бүйыртқан халыққа
қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар
қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тəуекелге де
барамын.
Мен жеткен жеңістерім мен алған асуларымды, ең əуелі туған
халқыммен байланыстыруга дағдыланған адаммын. Сондықтан болар,
қиналсам да, қуансам да бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі
тек халқым болсын деп ойлаймын.
Мен осы халықтың қаны мен жанынан жаралған перзентпін,
сондықтан да қиын кезеңде мойныма түскен ауыр жүкті мойымай көтеруге
міндеттімін.
Ұлттың ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе?
Мүмкін емес!
Біз қандай қиын-қыстау сындарда да өзіміздің жауынгерлік
даңқымызға дақ түсірмеген халықпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |