«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
UNIVERSITY»
8
Менискі бетінің ауданы түтіктің ішкі қимасының ауданынан артық, сондықтан
молекулалық күштердің әрекетінен сұйықтың майысқан беті жазылуға тырысады да,
қосымша рл
қысым тудырады, бұл қысым жұғатын сұйық үшін (ойыс мениск)
сұйықтан тысқары, ал жұқпайтын сұйық үшін (дөңес мениск) сұйықтың ішіне қарай
бағытталған. Бұл қысым оны анықтаған француз ғалымы П.Лапластың құрметіне
лапластық қысым деп аталады. Сұйықтың радиусы R болатын сфералық бет үшін
бұл қысым рл=2𝜎/𝑅формуласымен анықталады.
Егер суға жіңішке шыны түтікті батырсақ, онда су түтікке тартылып,
оның түтіктегі деңгейі түтіктің сыртындағы деңгейінен Һ биіктікте болады (а –
сурет).
Бұл түтіктегі рл лаплас қысымының жоғары
қарай бағыттылытынымен
түсіндіріледі. Ол суды жоғары қарай тартып, түтіктің һ биіктіктегі су бағанының
𝑝г=𝜌𝑔ℎ гидростатикалық қысымымен теңескенге дейін көтеріледі. рл = рг кезінде
2
𝜎/𝑅 = 𝜌𝑔ℎ, осыдан ℎ=2𝜎𝑝g𝑅
Толық жұғатын кезде (θ=0), жіңішке түтіктегі менискінің түрі жарты сфераны
береді де, сфералық беттің R радиусы түтіктің ішкі r радиусына тең болады.
ℎ=2𝜎𝑝𝑔𝑟
Жартылай жұқпайтын кезде (𝜃≠0), менинскінің радиусы R=r/cosθ (б-сурет)
және ℎ=2𝜎𝑐𝑜𝑠𝜃𝑝𝑔𝑟
а,ә-суреттен түтіктің ішкі
диаметрі неғұрлым кіші болса, соғұрлым һ
биіктіктің үлкенірек болатынын көреміз. Ішкі диаметрі шаштың диаметрімен
шамалас (не одан да кіші) болатын түтіктерде судың көтерілуі біршама жоғары,
сондықтан мұндай түтіктерді капиллярлар деп атайды (гр. Капиллярис – шаштай,
жіңішке). Жұғатын сұйықтар капиллярларда жоғары көтеріледі (а-сурет),
жұқпайтын сұйықтарда төмен түседі (ә-сурет).