1
Алюминийдің қасиеттері
Алюминий күміс ақ түсті металл.Ол жеңіл металдарға жатады,жылуды жә- не электр тогын жақсы өткізеді, суықтай және ыстықтай өңдеуге икемді.
Химиялық қасиеттері жағынан алюминийй өте актив металлдардың қата- рына жатады. Қалыпты температурада ол галогендермен әрекеттесіп галидтер түзеді, мысалы:
2 Al + 3 Cl2 = 2 AlCl3
Aлюминий ауада өзгермейді, оның себебі металдың бетінде тығыз , берік алюминий оксидінің қабаты түзіледі де оны ары қарай тотығудан сақтайды.
Ұсақталған алюминийді қыздырғанда ауадағы оттегімен қуатты әрекеттесіп алюминий оксидін түзеді және көп жылу бөлініп шығады:
2 Al + 1½O2 + Al2O3∆ H = –1670 kДж
Алюминий өте қатты қыздырғанда (800-1000º С) күкіртпен, азотпен әрекет- тесіп, сәйкес алюминий сульфиді, нитриді түзеді:
2 Alº + 3 Sº = Al23+ S32-
2 Alº + N2º = 2 Al3+ N3-
Өте жоғары температурада (2000º С) алюминий көміртегімен әрекеттесіп алюминий карбидін түзеді.
4 Al + 3 C = Al4C3
Түзілген алюминий карбиді сумен әрекеттесіп (гидролизденіп),көмірсутек- тердің қарапайым өкілі метанды бөліп шығарады:
Al4C3 + 12 HOH = 4 Al(OH)3 ↓ + 3 CH4 ↑
Алюминий сутегімен тікелей әрекеттеспейді, ал оның гидридін басқа әдіс- пен алуға болады, ол ақ түсті аморфты зат.
Алюминийдің стандартты электроттық потенциалының мәні теріс (-1,67 В) болғанымен ол суда өзгермейді, өйткені оның сыртындағы оксид қабаты ме- талды еруден сақтап тұрады. Оксидтен тазартылған алюминий умен қуатты түрде әрекеттесіп, сутегін ығыстырып шығарады:
2 Alº + 6 H+OH = 23+Al(OH)3 + 3 H2º
Алюминий амфотерлі болғандықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әре- кеттесіп тиісті тұздар түзеді және сутегі бөліп шығарады:
2 Alº + 6 HCl = 2 AlCl3 + 3 H2
2 Al + 6 KOH + 6 HOH = 2 K3[Al(OH)6] + 3H2
Соңғы реакцияның нәтижесінде түзілген комплексті қосылыс-калийдің гек- сагидроксо алюминаты (ІІІ) алюминий анионның құрамында болады.
Сыртында қорғаныш қабаты болғандықтан, алюминий суық азот қышқы- лында және концентр күкірт қышқылында пассивтеледі, яғни ары қарай әре- кеттеспейді.
Ұнтақталған алюминий мен ауыр металдардың ұсақталған оксидтерінің қос- пасын жаққанда металдар иондарынан тотықсызданады және реакция нәти - жесінде көп жылу бөлініп шығады.
Жоғары температурада металдарды олардың қосылыстарынан басқа бір ме- талл арқылы тотықсыздандыру процесін металлатермия, ал оларды алюми- ний арқылы тотықсыздандыруды алюминотармия дейді.
Алюминотермия процесін ең алғаш орыс ғалымы Н.Н. Бекетов дәлелдеді. Алюминотермия әдісін пайдаланып хромды марганецті,ванадийді т.б. метал- дарды қосылыстарынан тотықсыздандырады:
2 Al + Cr2O3 = Al2O3 + 2 Cr
Алюминий металл оксидтерімен әрекеттескенде өте көп жылу бөлінедіде температурада 1200-2000º С дейін жоғарлатып, түзілген металл балқып ке- теді.
Алюмиотермияны осы қасиетін болаттан жасалған заттарды бір-біріне жал- ғауға немесе оларды пайда болған жарғышақтарды бітеуге қолданады.Ол үшін ұнтақ алюминий мен ұсатылған темір оксидін қоспасын даярлайды. Оны термит деп атайды.Осы қоспаны болаттың жарылған немесе сынған же- ріне салып жаққанда реакция нәтижесінде бөлінген жылудың салдарынан то-тықсызданған темір балқып сынықты немесе жарықты бітеп тастайды:
8 Akº + 3 Fe3O4 = 4 Al3+2O3 + 9 Fe0∇ H = 3300 kДж
Достарыңызбен бөлісу: |