Амал келді- жыл келді! Ұйымдастырушылар: бб-19-1,ба-21-1 тобының студенттері



Дата03.05.2023
өлшемі17,55 Kb.
#89355
Байланысты:
Амал келді-Жыл келді!!!


Амал келді- Жыл келді!
Ұйымдастырушылар: ББ-19-1,БА-21-1 тобының студенттері
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке,ұлтжандылыққатәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, 
Барысы І. Қонақтарды қабылдау. ІІ. Жарапазан айтушы бала мен биші қыздар жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады. ІІІ. «Амал келді-Жыл келді! » мерекелік тойдын жүру бағдарламасы.
1 .Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
2 .Тұсау кесу салт-дәстүрі
3.­ Қызыр атаны қарсы алу, бата. 4 .Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас көтеру, 
аударыспақ ойнау ) 
Барысы:
Әуенмен келген қонақтарды қарсы алу.
Жарапазан айтушы студенттер «Амал келді-Жыл келді» мерекелік шарасының болатын уақытын, өтетін орнын хабарлайды.

Әуен жүріп тұрады.


Музыкалық номер...

1- жүргізуші: Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.


2- жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр. Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.

2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,


Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1- жүргізуші:


Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

1.Ал, Қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен. 2 жүргізуші: «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен.Ендеше Ұлыстың Ұлы күні туралы кім не біледі екен,байқап көрейік. Қоржындағы сұрақтарға жауап берушілерге сыйлықтарымыз дайын!Ал, қане байқап көрейік...


ҚОРЖЫНҒА САЛЫНҒАН СҰРАҚТАР.


Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)
Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)
Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)
Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)
Жыл басының алғашқы сүті? (Уыз)
Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)
Жыл басының алғашқы асы? (Наурыз көже)
Жыл басының алғашқы белгісі? (Көрісу)
Жыл басының алғашқы сый тамағы? (Ұйқыашар)
Жігіттердің қыздарға беретін сыйы? (Селтеткізер)
Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы? (Наурызек)
Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл? (Бәй шешек)

Музыкалық номер


1-жүргізуші: Жаңа жылды, Наурыздың14-22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », « туар жыл нұрлы болады », « Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » ­ деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған және қадірлі мейманға тұсау кестірген.

2-жүргізуші: Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланыстығ, арнайы "тұсаукесер" сыйлығы беріледі.


1-жүргізуші: Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.


Ендеше «Тұсау кесу» ғұрпына кезек берейік.....

«Шілдехана әні» орындалып тұрады


Музыкалық номер:

(«Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу )
Наурыз көже ұсынылады.
Ашық болсын қас – қабақ, Ізгі-ниет аспен ақ. Бейтаныс та, таныс та, Бүгін төрде бас қонақ. Арпа, бидай, тары бар. Ішілетін, житіннің, Бұл көжеде бәрі бар.

Ендігі кезекте ауылымыздың бойжеткендеріне арналған «Санамақ» ойынына кезек берелік. 1 жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған «Күш сынасу» кезегіне берелік.


Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.Құрметті ұстаздар, студенттер,қонақтар Үлкен үміт күтер, жақсылыққа батау алған Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!!!


ББ-19-1 және БА-21-1 тобының орындауында ӘН:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет