Құрметті жамағат! Шілденің 23-нен 24-не қараған түн Қадір түн кеші 30 шілде сағат 7-00-де Рамазан айт намазы



жүктеу 274.41 Kb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата06.03.2017
өлшемі274.41 Kb.
  1   2

Құрметті жамағат!

Шілденің 23-нен 24-не қараған түн - Қадір түн кеші 

30 шілде сағат 7-00-де - Рамазан айт намазы

28-30 - шілде - Рамазан айт мерекесі

ГАЗЕТ 1930 ЖЫЛДЫҢ 4 ҚАЗАНЫНАН  БАСТАП ШЫҒА БАСТАДЫ

    


(10356)

  

23 шілде сәрсенбі 2014 жыл



Кеңейтілген штаб отырысы

Қысқа дайындық

Аудандық 

қоғамдық - 

саяси 

газет

e-mail: 


ayagoz_news

@mail.ru

Шілденің  18-і  күні  өткен 

кеңейтілген 

штаб 


отырысы 

2014-2015  жылдардағы  от  жағу 

маусымына  дайындық  барысына 

арналды. 

Мәжілісті 

аудан 


әкімінің 

міндетін 

атқарушы 

Сейілбек 

Әбиырұлы 

Ысқақов 


ашып, 

жүргізді. 

Мәжіліске—Қазақстан 

Республикасы  табиғи  монополия-

ларды  реттеу  агенттігінің  Шығыс 

Қазақстан 

облысы 

бойынша 


департаментінің 

басшысы 


Оразбаев Қайрат Назарұлы, аудан 

әкімінің  орынбасары  Молдашев 

Нұржан  Жолдыбекұлы,  дербес 

бөлімдер 

мен 

коммуналдық 



кәсіпорын 

басшылары, 

жылу 

қазандықтарының 



иелері, 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

өкілдері қатысты. 

Қыс алыс деме, қыр астында

Аягөз 

ауданының 



2014-

2015 


жылдардағы 

тіршілікті 

қамтамасыз  ету  нысандарының 

от  жағу  маусымына  дайындық 

барысы  туралы  аудандық  тұрғын 

үй-коммуналдық  шаруашылығы, 

жолаушылар 

көлігі 


және 

автомобиль 

жолдары 

бөлімі 


басшысының  міндетін  атқарушы 

А.Смаилов ақпарат берді. 

--«Ауданда 

қазандықтардың 

нақты  саны  68.  Оның  17-і 

ведомстволық,  51-і  көпқабатты 

тұрғын  үйлер  мен  бюджеттік 

мекемелерді 

қамтитын 

қазандықтар.  Аудан  бойынша 

көмір 

қажеттілігі 



105 

700 


тоннаны  құрайды.  Отын  қорын 

тасымалдауға  5  тупик  қызмет 

атқарады.  Кәсіпкерлер  Қаражыра, 

Қарағанды,  Шұбаркөл,  Майкубе 

кен  орындарынан  кестеге  сәйкес 

көмір  әкеледі,  -  деп  ол  от  жағу 

маусымында  әрбір  қазандықтарға 

қажетті  отын  көлемін,  тамыз 

айында 

оның 


30 

пайызы 


алынуы  тиіс  екенін  және  жылу 

пайдаланушы  пәтер  иелерінің 

қарыздары  бар  екенін  баяндады.  

Оны 


өндіру 

 

мақсатында 



тұрғындармен 

жиналыстар 

өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүріп 

жатқанынан хабардар етті. 

Қыс 

маусымында 



қазандықтармен  қатар  электр 

желілері мен сумен қамту жүйесінің 

де ақаусыз жұмыс істеуі маңызды.

--2014  жылы  электр  желілерін 

жөндеуге 

168,3 


млн. 

теңге 


қарастырылған.  Бұл  қаражатқа 

қаладағы 

электр 

желілерін 



күрделі жөндеуден өткізумен бірге 

18  шақырым  қосалқы  жүйелер 

және  электр  станциясын  қайта 

жаңарту  жұмыстары  көзделген. 

Мамыр  айынан  басталған  бұл 

жұмыстарды 

қазан 

айында 


толығымен  аяқтау  жоспарланған. 

Ал,  ауыз  су  жүйесінде  дайындық 

жұмыстарының  қаражат  көлемі: 

кәріз  жүйелеріне  –  1,5  млн, 

су  жүйелеріне  —  2  млн.  теңге 

құрайды, --деп сөзін жалғастырған  

А.Смаилов  ауыз  су  жүйесінің 

үшінші кезеңінің атқарылып жатқан 

жұмыстарына кеңінен тоқталды. 

Мұнан  кейін  қала  әкімінің 

міндетін  атқарушы  Р.Қасымжанов 

қаланың 


қысқа 

дайындығы, 

әсіресе,  тұрғындардан  жылуға 

қарыздарды  өндіру  бағытындағы 

жүргізіліп  жатқан  іс-шараларды, 

ал,  тұрғын  үй  инспекциясының 

басшысы 

Б.Төртенов—тұрғын 

үйлерді  қайта  жаңғырту  барысын, 

орталық  аурухана  бас  дәрігерінің 

орынбасары  О.Жүнісов  емдеу 

мекемелерінде 

дайындық 

қарқынды  жүргізіліп  жатқанын 

баяндады.  Орталық  қазандық 

басшысы 


А.Тәуірбаев: 

«--Екі 


қазандықтың  бүгінгі  күнге  дайын, 

біреуі  жөндеуде.  Тамыз  айында 

8  млн.  теңгені  алдын  ала  көмірге 

аударуым 

керек. 

Сол 


үшін 

бюджеттік  мекемелер  алдын  ала 

аударса,  өйткені,  менде  қазір 

көмір  қоры  жоқ.  Осы  мәселенің 

шешілуіне  ықпал  етсеңіздер» 

деген тілегін айтты. 

«Теміржолсу» 

 

ЖШС-нің 



басшысы  Б.Сейітқалиұлы  –жылу 

қазандықтары  дайын,  су  тарифін 

көтерейік  деп  едік»  деген  ұсыныс 

жасады. 


«Аягөз  су»  ЖШС-нің  басшысы 

С.Серіков:  --«Колонкалар  тиімсіз, 

су  шығыны  көп  те,  қаражат  аз 

түседі.  Бір  колонканы  ұстауға  170 

мың  теңге  кетсе,  одан  алынатын 

түсім өте төмен. Колонкалар санын 

біртіндеп азайту қажет»,--деді. 

ҚР  табиғи  монополияларды 

реттеу агенттігінің облыс бойынша 

департаментінің 

басшысы 

Қ.Н.Оразбаев: «Сараптама жасап, 

бұл істі біртіндеп шешу керек. Қыс 

айында  халықта  жылу  да,  су  да, 

жарық та болуы керек. Сондықтан 

да 


дайындық 

жұмыстарын 

тиянақты 

жүргізгендеріңіз 

дұрыс,--деп  мекеме,  кәсіпорын 

басшыларының  жеке  сауалдары 

мен 

 

табиғи 



монополия 

субъектілерінің  тариф  бойынша 

қойған  проблемалық  сұрақтарына 

жауап берді. 

--«Азаматтарға 

тапсырма 

берілген,  міндет  жүктелді.  Қыс 

маусымына  дайындық  барысы 

туралы  әлі  де  отырыс  болып 

тұрады»,  -  деп  қорытындылады 

кеңейтілген 

отырысты, 

С.Ә.Ысқақов.

С. Қарабекова.

Сарыарқа  ауылдық  округінде 

қыстамаға 3000 бас ірі қара, 6000 

бас  ұсақ  мал,  1100  бас  жылқы 

кіреді.  Ауылдық  округ  бойынша 

6000  тонна  қатаң  мал  азығы 

дайындалуы керек. 

Сарыарқалықтар 

жоспары—6000 тонна

«Береке» шаруа қожалығы 50 

тонна, «Ақжол» шаруа қожалығы 

30  тонна  шөп  дайындап,  ауыл 

тұрғындарына таратылды. 

Шөп  дайындауда  барлығы 

төрт  КДП,  бес  МТЗ,  екі  Т-40,  2 

Ақшәулі ауылдық 

округінде

Аудан әкімінің тапсырмасымен 

қаланың  сәулетін  арттыруға, 

абаттандыруға, 

көріктендіруге 

баса  назар  аударылуда.  Биыл 

қаланың  орталық  көшелері  гүл 

дестелеріне  оранып,  әртүрлі  аң-

құстардың  мүсіндері  қойылды. 

Көшелер де алыстан көз тартып, 

көріктеніп шыға келді. 

Алақанға салып бергенді қадірлей білейік

Шығыс  Қазақстан  облысының 

әкімі  Б.Сапарбаевтың  «Туған 

жерге—тағзым»  акциясын  іске 

асыру  мақсатында  қала  әкімдігі 

мектеп  директорларымен  кіші 

архитектуралық 

бейнелер 

жасауға  меморандумға  отырған 

болатын. Бұл игілікті істер жүзеге 

асырылып,  түрлі  мүсіндер  қала 

халқының  көз  қуаныштарына 

айналды. 

«Қозы 

Көрпеш-Баян 



сұлу»  саябағының  іші  кірсе 

шыққысыз.  Әр  алуан  гүлдер 

жайқалып,  түрлі  аң-құстардың 

мүсіндері  көз  тартады.  Десек  те, 

мәдениетіміздің  төмендігі  мен 

жасалған  жақсылықты  құрметтей 

білмеуімізден      осы  әсемдікті 

сақтай  алмай  отырмыз.  Олай 

дейтініміз  таяуда  осы  саябаққа 

орнатылған  аң-құстардың  біразы 

бастапқы  кейпінен  айырылып, 

қираған. 

Саябақтың 

ішіне 


орын  тепкен  спорт  алаңының 

табанына 

төселген 

жасыл 


төсеніштің  алба-жұлбасы  шығып 

жатыр.  Осыларды  көріп,  жүрегің 

ауырады. 

Егер  біле-білсек,  осының  бәрі 

халықтың  игілігі  үшін  жасалған 

Таяуда  аудан  әкімдігінде  жаз 

айларында  дала  өрттерін  тиімді 

өшіру жөнінде жедел штаб отырысы 

өтті.  Штаб  отырысына  аудан 

әкімінің  орынбасары  С.Ысқақов 

төрағалық  етті.  Жиналысқа  аудан 

әкімі аппаратының басшысы және 

дербес  бөлімдер  басшылары, 

ауылдық  округтердің  әкімдері 

қатсыты.  Отырыс  күн  тәртібінде 

ауылдық  округтердің  аумағында 

болған дала өрттерін тиімді өшіру 

және  өрттің  жайылуына  жол 

бермеу шаралары қарастырылды. 

Бұл  мәселе  жөнінде  А.Үмбетов 

төмендегідей 

ақпарат 


берді. 

Маусым-шілде  айларында  күннің 

ыстығы  және  жауын-шашынның 

жоқтығына 

байланысты 

дала 


өрттері  көп  болып  отыр.  Атап 

айтқанда, 

Нарын, 

Мамырсу, 



Тарлаулы, 

Қопа 


ауылдық 

округтерінің  аумағында  үлкен 

көлемде дала өрттері орын алған. 

Ауыл  әкімдерінің  өз  міндеттеріне 

салғырт 

қарайтындықтары, 

өрт  сөндіру  жасақтары  мен 

техникалардың  тек  қағаз  жүзінде 

ғана 

тіркелетіндігі, 



нақты 

жағдайда  өртке  адам  күші  мен 

техника 

жұмылдырылмайтыны 

дәлелденді.  Шаруа  қожалықтары 

дала  өртін  өшіруге  қол  ұшын 

бермейтіндері де баса айтылды. 

Сарыарқа  ауылдық  округінің 

әкімі  Б.Ахмешов  өрт  болған 

жағдайда  шаруа  қожалықтары 

өз  жерлерінің  өртін  өшіруге  де 

шықпайтындығын  ашық  айтып, 

ондай  адамдарға  тиісті  шара 

қолдану  керектігін  сұрады.  Бұған 

аудандық  төтенше  жағдайлар 

бөлімі 


басшысының 

міндетін 

атқарушы,  өрт  қызметінің  майоры 

К.Сапарғазиев  жауап  беріп,  өртке 

немқұрайлылық көрсеткен жауапты 

адамдарға  заң  бойынша  шара 

қолданылатындығы түсіндірілді. 

Жиынды қорытындылаған аудан 

әкімінің  орынбасары  С.Ысқақов 

«Қазақстан 

Республикасындағы 

жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы» 

Заңға  сәйкес  барлық  кент  пен 

ауылдық  округ  әкімдері  дала 

өртінің  алдын  алуға  және  өшіруге 

жауапты  екендіктеріне  тоқталды. 

Өрт болған жағд айда ауыл халқын 

жұмылдырып,  тілсіз  жауға  бір 

кісідей  әрекет  етіп,  қарсы  тұруды, 

өшкен  өрттің  өзін  қадағалау 

керектігін    қадап  тапсырды.  Мал 

азығын дайындау уақытында дала 

өртінің  алдын  алу  шараларына 

мұқият 

болу 


туралы 

нақты 


тапсырмалар берді. 

 

 



Б.Малдыбаев.

Өртпен күрес 

өзекті мәселе

21-шілде 

күні 

аудандық 



әкімшіліктің 

ситуациялық 

орталығында  бас  бостандығынан 

айырылған 

азаматтардың 

отбасына  көмек  көрсету  жөнінде 

діни  кеңестің  отырысы  өтті. 

Кеңестің 

отырысына 

аудан 


әкімінің  орынбасары,  кеңестің 

төрағасы 

С.Ысқақов 

жүргізді. 

Діни  кеңестің  отырысына  дербес 

бөлімдер  мамандары,  қоғамдық 

ұйымдар 

мүшелері, 

қатысты. 

Кеңестің 

отырысындағы 

күн 


тәртібінде  бас  бостандығынан 

айырылған 

азаматтардың 

отбасына  қажетті  көмек  түрлерін 

көрсету  қаралып,  мәселе  кеңес 

мүшелеріне  ұсынылды.  Алдын 

ала  көмек  көрсету  үшін  әр 

отбасында 

болып, 

жеке-жеке 



сұрақтар  қойылып,  қандай  қолдау 

керектігі  сұрастырылған  болатын. 

Әзірге 

мемлекет 



тарапынан 

көмек  күтетін  бес  отбасының 

біреуі  денсаулығына  байланысты 

мемлекет  тарапынан  емделуге 

КВОТА 

сұраса, 


қалғандары 

мемлекет  тарапынан  тұрақты 

жұмыс  орнын,  несиесін  төлеуге 

материалдық 

көмек, 

баспана 


сұраған. 

Кеңестің 

отырысын 

қорытындылаған  аудан  әкімінің 

орынбасары, 

кеңес 


төрағасы  

С.Ысқақов  бас  бостандығынан 

айырылған 

азаматтардың 

отбасыларына  көмек  көрсетуге 

мемлекет тарапынан қолдау жасап, 

көмек көрсету керектігін түсіндіріп, 

көмек 


сұраған 

жандардың 

өтініштерін  кеңес  мүшелерінің 

талқылауына ұсынды. 

 

   


Өз тілшіміз.

Діни кеңестің 

отырысы өтті

Қазір  2500  тонна  жемшөп 

дайындалды.  Өрт  қауіпсіздігін 

ескере отырып, дайындалған қатаң 

мал азығы қыстақтарға тасылуда.

«Сарыжайлау»,  «Амангелді», 

«Қайсар», 

«Дархан-1» 

шаруа 

қожалықтары  қарқынды  еңбек 



етуде. 

Омаров 


Дулат, 

Ибраимов 

Өмірсерік,  Зейноллаев  Рауан, 

Тілеужанов  Әнуар,  тағы  басқа 

механизаторлар  қажырлы  еңбек 

етуде. 


Ауыл 

тұрғындарына 

да 

жемшөпті  шаруа  қожалықтары 



дайындайды. 

 

Өз тілшіміз.

шөп  маялағыш,  2  тырмауыш 

жұмыс істеуде.

дүниелер.  Сондықтан  да  оларды 

көздің  қарашығындай  сақтау 

бәріміздің  азаматтық  міндетіміз. 

Осыны ұмытпайық, ағайын! 

 

   


Б.Сайлаубайұлы.

2

№ 60 (10356) сәрсенбі 23 шілде 2014 жыл.

 

Енді  осы  мазардың  салынуы 



жөнінде бірер сөз. Мазар жобасын 

кім  жасап  бергені  белгісіз,  су 

шайып,  жел  қақса  да  кірпіші 

бүлінбеген. Бейсекеңнің бәйбішесі 

Үлжігіт 

Мықышқызы 

мазар 

салғандағы өз бастарынан кешкен 



жағдаяттарды 

былай 


айтып 

отыратын:  «Осы  Зәуре  туған 

жылы,  бізді  ақсақал  жайлауға 

көшірмеді. 

Барлық 

қоңсы-


қолаңымызбен Күйкентай тауының 

бауырына  жайғастық.  Бақанас 

өзенінің  бойы  малға  жайлы. 

Мазар саларда лайды ат аяғымен 

бастырдық, лайға биенің сүтін, қой 

мен  ешкінің  майын  араластырып 

қосып отырдық, тегінде ешкі майы 

дұрыс  дегенді  айтып  жүрді,  оған 

серкеш  іздеп,  әуре  қылмады, 

Мырзанның 

әкесі 

Орынбай 


үлкен-үлкен 

қалыптар 

жасап 

алып,  кірпішті  өзіміздің  ауылдың 



жігіттері  құйды.  Кірпіш  кепкен 

соң,  Ташкенттен  бе,  Бұқардан  ба 

әйтеуір,  өзбекше  сөйлейтін  бір 

шебер  қалаушыларды  басқарды. 

Биіктігі  он-он  бес  метрлік  еңселі 

кең  мазарды  бір  айға  жеткізбей-

ақ қалап шығарды. Би атамыздың 

мазары салынып біткен соң Керей, 

Төленгіттің  жақсыларын  жинап 

ас  бердік,  той  ғып  өткізгеніне 

ақсақалға  жұрт  алғыс  айтты... 

молдалар  құран  шығарды.  Сол 

жылдың  жазы  осылай  өтіп, 

Шақпақтағы 

қыстауымызға 

«күзекке келіп қондық...»

Ұлжекең 

әңгімесі 

ұзақ. 

Жалғасын мазмұндасам, Жобалай 



бидің  басына  барып  түнеушілер 

көбейеді.  Көбіне  бала  көтермеген 

әйелдер тәу етіп түнегенде, көрген 

түстерін, аруақты аталарының аян 

бергенін  ауылға  айтып  келетін 

болған...

Жобалай 

бидің 


мазары 

Бақанас  өзенінен  алыс  емес. 

Қазіргі  асфальт  жол  бойындағы 

Шақантай  батырдың  зиратынан 

он  шақты  шақырымдай  ғана, 

анадайдан көрініп тұрады.

Бейсекең  бұл  өлкенің  жер 

жағдайын  жете  білетіндіктен, 

жайлау  мен  күзекті  әр  ауылдың 

көшіп  қонуына  лайықты  ғып 

бөлген, сонымен бірге жер дауын 

шешуге тура келгенде, Семейден, 

Омбыдан ұлықтар шақыртып, ата-

бабасының иемденген мекендерін 

қайтарып 

бергізеді 

екен. 

Кеңес  үкіметі  орнағанда,  жерді 



кедейлерге бөліп берерде де осы 

принципті ұстануға тырысса керек, 

бірақ  бөліске  көбіне  байлардың 

жері түскен.

Бейсенбай  Тойсаринның  ел 

ішінде  беделі  көтерілуінің  тағы 

бір  себебі  -  мал  шаруашылығын 

жүргізуге  пайдалы  кеңестерін 

үзбей,  әр  түліктің  қай  тұқымын 

ұстау тиімді екенін қалың бұқараға 

түсіндіруден жалықпаған, мысалы, 

суыққа  төзімді  керсен  құйрықты 

арқар  бас  қазақы  қойлар,  биязы 

түбітті  ангор  ешкісін,  жылқыдан 

-  шөлге  төзімді  түрікменнің 

ақалтеке, мініске, жегуге шыдамды 

Орел желгішін, араб арғымақтарын 

есіруге  ұйғарған.  Түйе  түлігіне 

келсек,  айыр  өркештінің  ыстық-

суыққа  шыдамдысын,  немесе, 

жалғыз  өркешті  нар  тұқымдасын 

ұстатқан.  Сиыр  малына  да 

талғамы  ерекше  -  сүтті  көбірек 

беретін  симмантель,  холмогор 

тұқымдасын, әйтпесе, сүті қою әрі 

етженді  қазақтың  қызыл  сиырын 

ұстатуды жөн керген.

Кеңес  үкіметі  тұсында,  ел 

отырақшылыққа  бет  алғанда, 

Тоқырауының ақ бидайы, Қожабас 

бидай,  өнімді  Сарқант  тарысын 

ектірген.  1927-1928  жылдары 

Тоқырауының  ақ  бидайынан,  әр 

гектарынан  150-180  пұтқа  дейін 

өнім алған.

Дағандел 

өзенінен 

шағын 


тоғандар  байлап,  картоп  та 

ектіреді, 

бірақ 

онысы 


өріс 

алмапты.  Сонымен  бірге,  суы 

жайылмалы  Құр  өзенінің  бойына 

егілген  бидайдың  өнімі  туралы 

Саржомарт  Дүйсенбайұлы  былай 

деген  еді:  «Ағай  Алматыдан 

агроном  алып  келіп,  ақ  бидай 

Саясат және әлеумет

Жаппар Өмірбек

 

Бейсенбай Тойсарин



тұқымын  септірді.  Бұл  1928 

жылы,  тура  астықтың  астында 

қалдық, ат аяғымен бастырғанның 

өзінде,  қырман  толып  кетті. 

Семейге  апарып  сатуға  көлік 

жоқ.  Сондықтан  дереу  қоймалар 

салдырды,  оларға  желдеткіш 

керек  екен,  ол  да  оңай  емес, 

қойманың  еденін  таптаттырып, 

малдың 


оттығындай 

бөлек-


бөлек  текшелеп,  жүріп-тұрарлық 

аралық  қалдыртты.  Сол  жылы 

ел  тоқ  болды,  әрбір  мойынсерік 

мүшелеріне  қап-қап  астық  тиді. 

Тарының өнімі де мол болды...

Ағайдың 


ауыл-ауылға 

барғандағы  әдеті  -  балаларға 

шешек  еккені  өз  алдына,  жұртты 

жинап  алып,  мал  өсірудің,  егін 

егудің жайын башайлап түсіндіреді. 

Карантин  тәртібін  енгізген  соң 

індет  азайып,  мал  басы  көбейді, 

қарасан, 

топалаң 

дегендерді 

Бейсекең  төңкерістен  бұрын-ақ 

жолатпайтын.  Басқа  елде  мал 

қырылып жататын. Әттең не керек, 

1931 жылы Бейсекеңді Әулиеатаға 

жер  аударып  жіберді.  Үй  іші 

Семей, одан Алматыға барып жан 

сақтады. 

Белсенділер 

олар 

кетісімен  Шақпақтағы  қыстаудың 



үйлерін 

бұзып, 


қаңылтыр 

төбелерін, ағаштарын Баршатасқа 

әкеліп,  райкомның,  милицияның 

кеңселерін салдырды. Отыз екінші 

жылы  ел  тоз-тоз  болып,  жан-

жаққа шұбырып кетті. Кебісі аштан 

қырылып қалды. Ит екеш ит те жоқ 

болып кетті, «үрерге иті қалмады» 

деген осы екен.

1933  жылы  Бейсекең  елге 

оралысымен 

Талғардан 

өз 

ақшасына тауықтың балапандарын 



сатып  әкеп,  үлестірді.  Өсімтал 

келеді  екен,  күзге  қарай  ақ  тауық 

қаптап  кетті.  Ел-жұртыма  болсын 

деген адам осылай істейді ғой»

Саржомарт  ақсақал  өзі  өле-

өлгенше 


Бейсекең 

ағасының 

еңбегін жырдай ғып айтып өтті. Өзі 

ғұмыры  шаруамен  өткен  момын 

адам еді.

Бейсенбай  Тойсарин  1925-

1937  жылға  дейін  малдәрігерлік 

қызметін  атқарған,  жер  халық 

комиссариаты 

Әулиеатаның 

Мерке  ауданына  жер  аударғанда 

да 


мал 

маманы 


ретінде 

пайдаланса керек. Ол жылдардан 

менде  мағлұмат  жоқ.  1932 

жылы  елде  мал  қалмады,  1933 

жылы  мемлекет  аралық  келісім 

бойынша, Қытайдан, Монғолиядан 

мал  айдап  әкелуге  Бейсекең 

пәрменді  атсалысады.  Малдың 

індеттен аман тұқымдарын талғап, 

таңдап  бері  өткізіседі.  Бұл  кезде 

Бейсекеңнің  Шақпақтағы  үйлері 

бұзылып  кеткендіктен,  отбасымен 

Қайнарға келіп орналасқан.

Төңкерістен  бұрын  да  ағай, 

балаларды 

оқытумен 

көп 

айналысқан. 



Ауылда 

сауат 


аштырған  соң  Қарқаралы,  Семей 

қалаларында  оқытуға  әзірлеп, 

жыл сайын жіберіп отыратын... Өзі 

үйді-үйге  орналастырып,  келген 

сайын  оқуымызды  қадағалап 

жүретін.  Бейекең  елден  келгенде, 

әкеміз  келгендей  қуанатынбыз, 

әрқайсымызға  үш  сомнан  ақша 

беретін.  Ол  кезде  үш  сом  едәуір 

сома ғой. Біз сол кісінің арқасында 

тұрмыстан қысылмай оқып жүрдік, 

- дейтін белгілі ғалым, ұстаз хирург 

Кәрім Ыбраев.

Кеңес 


өкіметінің 

алғашқы 


жылдарында,  Бейсекең  ауыл-

ауылда бастауыш мектепті бірінші 

сыныптан бастап аштырыпты.

Бейсенбай  Тойсарин  «Алаш» 

партиясының 

азаматтарымен 

жанды  байланыста  болыпты. 

Осы  жөнінде  ұзақ  жылдарда 

көңілге  түйгенімнен,  жұрт  біле 

бермейтін, мына бір әңгіме есімде 

қалыпты. Алпысыншы жылдардың 

ақырында, 

қазіргі 

Тимирязев 

көшесіндегі, 

Бейсекеңнің 

«Мәнгезейін»  көп  жыл  ұстаған 

Әбдіқасымдікінде 

Әкебай 

Бәжейұлымен  сол  үйге  бірге 



келген  Мағауия  Құрымбайұлы 

деген  қартпен  таныс  болдым. 

Әбдіқасым  «Бейсекеңнің  күйеу 

баласы»  деп  таныстырған  соң, 

әлгі  керей  тымақ  киген,  ашаң 

жүзді,  көрікті  кісі  мені  оң  тартып, 

«өзіміздің  бала  екен  ғой»,  деп 

Бейсекең ақсақал туралы әңгімені 

дамыта  түсті.  «Әкебай,  сен 

білесің, Бейсекең екеуміз досжар, 

тіпті сырлас болдық. Қазір ешкімге 

қажеті жоқ, бір сыр айтайын, бәрі 

«Алаш»  азаматтары  дегеннен 

шығады,  сенің  әкең  –  Бөжекең 

соларды қатты жақтаған. Ақ қашып, 

қызыл  келген  жылы  «Алаш» 

азаматтарына  сенбейтін  болып, 

қызылдар 

қудалай 

бастады. 

Сонда  олар  Семейден  бой 

тасалап,  Бейсекең  арқылы  біздің 

ауылға  келді,  басшысы  Әліхан 

төре,  қасында  Міржақып,  Смақан 

төре тағы басқа азаматтары бар... 

Бейекең әуелі сіздің үйге түсірмек 

болды да «онда келімді-кетімді көз 

көп» деп, біздің үйді ыңғайлы деп 

тапты, - тау іші, жолдан жарық, сол 

жылы, алты бөлмелі үй салдырып 

едік,  Берікбол  ағамыз  қызығын 

көре  алмай  қайтыс  болған-ды. 

Екі  бөлмені  қадірлі  қонақтарға 

ыңғайлап,  сайлап  қойдық.  Біздің 

дәулетіміз шағын... барлық күтімді 

Бейсекең  өз  міндетіне  алды  да 

келген  күні  тай  сойдырды,  қыс 

айы  болатын,  қалған  күндері  ет 

жаңартып  қой  сойып  отырдық. 

Әлгі  «Алаш»  азаматтары  бір 

айдан  артық  жатты,  ұзақ  жатқан 

себебі, 


Орынбордан 

Семей 


арқылы хабар күткен, егер қудалау 

күшейсе, Қытай асып кетпек... Бір 

мезгіл  өзен  жағасына  барып,  тау 

бөктеріне  көтеріліп,  бой  жазып 

қайтады.  Үйде  қарап  отырмай, 

өзара  әңгімелесіп,  жазуларын 

жазады.  Көбі  насыбай  атады. 

Міржақып  сырбаз  адам  еді, 

насыбайды  ерніне  аз  салады, 

ешқашан түкірмейтін. 

Менің  міндетім  -  итімді  ертіп, 

Көпбейттен  шығып  Шыңғысты 

асып,  Кәкітайдың  Әрхамына  бес 

күнде  бір  барып  қайтамын.  Бірде 

ол өзі де келіп кетті. Ол Семейден 

хабар  алып  тұрады.  Қатпа 

Қорамжанұлы арқылы жалғасады. 

Көбіне Ресейде не болып жатқанын 

жеткізіп  тұрады.  Бір  күні  Әрхамға 

хат  келіпті,  мен  оны  дереу  алып 

келдім.  «Өздеріне  ғана  тапсыр» 

деген.  Бәрі  жиын  отыр  екен, 

Смақан  төре  ашып  оқи  бастады. 

Хат  Ахмет  Байтұрсынұлынан 

екен.  Бір  сөзін  шығара  алмай 

Смақан  кідіріп  еді,  Міржақып 

«солай  шығар»  деді  де  хатты  өзі 

алып  оқыды.  Советпен  келісіп  өзі 

қызметке тұрыпты, «енді кінәласу 

болмайды, түгелдей бой көрсетіп, 

келіп 

қызмет 


атқаруларыңа 

мүмкіндік бар», - депті.

Бейсекең 

мына 


хабарды 

білген  соң  «Алаш»  азаматтарын 

Қарқаралыға  жүргізудің  қамына 

кірісті. 

Бесбақан 

тауының 


етегіндегі Шұрық деген жерге шейін 

шығарып  салдық.  Аттары  күйлі, 

қастарына Бейсекең мен Бөжекең 

15 адам қосып берді... Бұл әңгімені 

Бейсекеңнің  жақындары  сендерге 

ғана  айтып  отырмын.  Бейсекең 

қыздары  осында,  адам  болып 

кетті  деп  естіп  едім,  Ұлтжігіттің 

қайтыс болғанын өздеріңнен біліп 

отырмын...

Біздің ауылда «Алаштың» тағы 

бір  азаматы  бойтасалып  келді, 

ол  Мұхамметсәлім  Кәшімұлы  еді, 

өзі  өте  зерек,  ақындығы  бар  кісі 

екен.  Өзім  сырттай  бір  көрдім, 

жазда бала оқытты. Бір күні тойда 

отырып  мынадай  бір  өлеңді 

әндетіп айтыпты:



Не таптық оза шауып 

 

 

          өрлегенде, 

Тигендей көкке қолың 

 

 

          сермегенде? 

Күн туды «құл» дегенге 

 

 

  қорланбайтын, 

Мәз болып құр тіршілік 

 

 

           өлмегенге.

Мұны  маған  Кәкім  деген 

ақсақал айтып келіп еді. Осы өлеңі 

оның  біздің  елден  тез  кетуіне 

себеп  болыпты.  Ауылдағы  бір 

белсенділер  «өкіметке  қарсы 

өлең айтты»- деп жазып жіберіпті. 

Оны  Бейсенбай  естіп  біліп, 

Мұхамметсәлімді  ауылдан  тез 

аттандырып жіберіпті. Бейсекеңнің 

нашарға, басына іс түскен адамға 

деген  қамқорлығы  күшті  болатын. 

Марқұм иманды болсын...

«Алаш» 


азаматтарымен 

Бейсенбай ағасының іштей жақын 

болғанын  Саржомарт  Дүйсенбаев 

та  біледі  екен.  «Бейсекеңе  1937 

жылы  жабылған  жала  маңқа 

болған үш-төрт жылқыны аттырып, 

көміп  тастатқаны  деп  естідік.  Өз 

ойымша,  осы  Мағауиянікіне  келіп 

бір  айдан  аса  жатқан  Міржақып 

және 


Бөкейханов, 

Ақбайдың 

Жақыбымен байланысты болғаны 

үшін  де  айыпты  қылса  керек»  - 

деген  Саржомарт  ақсақалдың 

сөзінің де жаны бар.

Жоғарыдағы 

әңгімеге 

Әбдіқасым 

Рахметшин 

араласты:  «Бейсекеңнің  Семей 

жақсыларынан 

білмейтіндері 

кемде-кем 

шығар. 

«Батыр 


бастас» деген ғой. Бейсекең қосақ 

арасында  кетті.  Әйтпесе,  ауру 

жылқыны  атып  көмдіргені  жәй 

сылтау шығар...»

«Алаш»  азаматтары  туралы 

әңгіме  көп  қой.  Сол  кездегі 

әңгімеден 

есте 


қалған 

бір 


кездесудің  мәні  бар.  Бір  күні, 

1948 жылдың күзінде, басына ескі 

малақай киген қарт адам біздікіне 

келіп  Ұлжекеңмен  қазақша  көрісіп 

амандасты, 

селдір 


мұртты, 

шашы  ағарған,  өзі  еңкіш  тартқан. 

Шай  үстінде,  әлде  кімдердің 

амандығы  сөз  болды.  «Бейсекең 

ендігі  о  дүниелік  болған  шығар, 

бір  құран  бағыштаймын,  -  деді. 

-  Райымжандікіне  келіп  едім, 

Ұлжігіт қыздарымен осында көрші 

тұрады  деген  соң  (Қазіргі  Төле 

би  мен  Мұқан  Төлебаев  көшесі) 

әдейі  кірдім.  Өзім  Талғарда 

тұрамын.  Келесі  аптада  арнайы 

келемін,  сонда  хатымды  жазып 

әкелейін, - деді кетерінде. Ұлжекең 

Хаймолданың  Омары  айдаудан 

оралғанын хабарлады... Е-е, ол да 

бір  жақсылық  екен,  -  деді  де  әлгі 

«молда» асығыс шығып кетті.

Бұл кісі кім?

Бұл  кісі  Райымжанның  ағасы, 

Смақан  төре,  жасында  қандай 

еді!..  Сәнді  киінетін,  ылғи  жорға 

мінетін...  Ағасы  Әлихан  төре  көп 

сөйлемейтін салмақты маңғаз еді. 

Ал  мынау  тым  сөзшең  болатын, 

қайтсін байғүс, жасып, азып кетіпті. 

Ол  кезде  Әлихан  төрені  ақсақал 

тік тұрып қарсы алатын. Смақанды 

пәлендей  іш  тартпайтын.    Бірақ 

бұл  өзінше  өткір,  тым  ширақ  еді, 

төрелігін бедел тұтып, ірі жүретін. 

Мұндай күйге түсемін деп ойлады 

дейсің  бе!..  Бәрі  бір  алланың 

жазуы-дағы...

«Алаш» 

партиясының 



тарихындағы 

Міржақып 

Дулатовтың 

қызметін 

зерттеушілердің 

қаперінде 

болатын 

бір 


жәйт 

«Алаш» 


басшылары  Бейсенбай  Тойсарин 

мен Бежей Мыңғатұлы арқылы ел 

арасында  саяси  жұмыс  жүргізген 

тәрізді.


Омар 

Хаймолдин, 

белгілі 

этнограф,  химия  ғылымының 

маманы, 

қазір 


Ұлтаралық 

академияның  мүшесі,  Бейсенбай 

Тойсаринның  өмірбаянын  1970 

жылы  араб  әрпімен  жазып 

әкеп 

маған 


тапсырған-ды. 

Осы  мақаламда,  сол  жазбаны 

да 

пайдаланып 



отырмын. 

Омакеңнің  1995  ж.  «Алматы 

ақшамы» 

газетінде 

Мағжан 

туралы  мақаласы  жарияланды. 



Сонда  Тойсарин  Бейсенбайдың 

азаматтығы  туралы  тоқталады. 

Мақала  едәуір  қысқартылғанға 

ұқсайды.  Мағжан  Жұмабаев  пен 

Бейсекеңнің  нендей  байланысы 

болғанын  анықтау  керек  болды. 

Сондай  сұрақ  бергенімде  Омекең 

турасына көшті. Осы уақытқа дейін 

айта  алмай  келдік,  Бейсенбай 

Тойсарин  «Алаш»  партиясына 

тілектес қана емес, нағыз белсенді 

мүшесі болған», - деді. Бұл әңгіме 

1996  ж.  Қазан  айының  25  күні, 

Шұбартау  елінің  азаматы  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагері  кейін 

партия-совет қызметкері Серікбол 

Темешевтің  үйінде  болды.  Әзірге 

Бейсекеңнің «Алаш» партиясының 

белсенді  мүшесі  болғаны  туралы 

архивтен табылған нақтылы дерек 

жоқ.

«Бейсекең  туралы,  -  деді 



Омар  Хаймолдин  әлгі  әңгімесін 

жалғастырып,  -  кітап  жазуға 

болады,  нақтылы  зерттесе,  өте 

қызық,  өмірінің  аянышты  жері 

де  жетіп  жатыр...  Әттең  менің 

уақытым жетпей жүр...»

Бейсенбай Тойсаринды Мұхтар 

Әуезов  те  жақсы  білген:  «Абай 

жолы» эпопеясында Тойсаринның 

Балқыбек  съезіне  қатысқанын 

нақтылап  жазған...  Мен  бес  күн 

бойында,  осы  қыз  дауынан  туған 

шығын  шабуылдың  екі  жағын 

да  шолып  танып,  қолыма  жиып 

отырмын.  Барымта  қуғын  үстінде 

Керейден екі жүз жылқының ақысы 

Сыбанға  ауысқан,  жүз  жетпіс 

жылқының тобы Керейге ауысқан, 

сол  барымта  малы  көзі  барының 

көзі  боп,  көзі  жоғы  әр  жылқының 

тұяғы  бір  бесті  болып,  екі  жаққа 

ерсілі-қарсылы  қайта  ауыссын. 

Міне, ағайын, ел бірлігінің тілегінен 

туған, менің талабым, тоқтау сөзім 

осы!» (М.Әуезов, төртінші том, 387 

б.).


(Жалғасы, Басы өткен санда).

(Жалғасы, келесі санда).

Указом Президента Республики 

Казахстан от 24 августа 2009 года 

принята  «Концепция  правовой 

политики Республики Казахстан на 

период с 2010 до 2020 года». 

Данная 

Концепция 



задает 

новаторский 

тон 

отношению 



государственной 

власти 


к 

постулатам 

Конституции 

республики.  Это  значит,  что  нас 

ожидают  существенные  реформы 

не  только  во  всех  сферах 

деятельности 

государственного 

аппарата  в  целом,  но  и  коснутся 

каждой отдельной личности.

В 

Концепции 



говорится, 

что  «Необходима  дальнейшая 

реализация  правовых  идей  и 

принципов Конституции Республики 

Казахстан, 

которые 


должны 

воплощаться  в  законодательных, 

организационных  и  других  мерах 

государства».

Новый 

импульс 


должны 

получить 

конституционное, 

а д м и н и с т р а т и в н о е , 

административно-деликатное, 

процессуальное, 

гражданское  

право,  налоговое,  таможенное, 

финансовое 

законодательство, 

отношения 

в 

сфере 



государственной 

службы, 


финансового 

контроля, 

естественных 

монополий 

и 

регулируемых  рынков,  правовое 



регулирование  рынка  ценных 

бумаг и т.д.

В  связи  с  чем,  в  настоящее 

время  приняты  новые  редакции 

Уголовного, 

Уголовно-

процессуального 

кодекса 


и 

Кодекса  об  административных 

п р а в о н а р у ш е н и я х . 

Разрабатывается 

новый 

Гражданско-процессуальный 



кодекс.

Особо отмечено – «…одной из 

основных  задач  права  является 

дальнейшее 

формирование 

действенных 

механизмов 

обеспечения  социальных  прав 

и 

реализации 



современной 

социальной 

политики». 

Это 


вопросы правового регулирования 

трудовых отношений, образования 

и  здравоохранения,  обеспечения 

занятости  и  социальной  защиты 

населения,  охраны  окружающей 

среды 


и 

недопущения 

чрезвычайных ситуаций.

Красной  нитью  через  всю 

Концепцию  проходит  усиление 

роли  граждан  в  регулировании 

отношений, 

касающихся 

самых  разных  аспектов  жизни: 

имущественные,  управленческие 

отношения,  расширение  права 

на  судебную  защиту  и  получению 

квалифицированной  юридической 

помощи,  права  на  информацию  и 

многое другое.

Прямо  сказано  –  «Следует 

совершенствовать 

механизмы 

обращения 

граждан 


в 

государственные  органы  и  к 

должностным  лицам  государства 

как  формы  их  участия  в 

государственном  управлении  и 

способа  защиты  своих  прав  и 

свобод,  в  том  числе  расширить 

спектр  услуг,  предоставляемых 

государством 

посредством 

«электронного правительства»».

Интересен  еще  один  момент,  

отмеченный    в  Концепции:  «… 

было  подтверждено,  что  в  нашей 

стране 

нет 


конституционных 

ограничений 

по 

наделению 



государственных 

органов, 

в 

пределах 



их 

компетенции, 

контрольными 

и 

надзорными 



полномочиями. То есть надзорные 

полномочия  могут  возлагаться 

и  на  иные,  кроме  прокуратуры, 

государственные органы».

Таким  образом,  намечается 

«оптимизация 

системы 

контрольно-надзорных 

органов; 

упорядочение 

и 

сокращение 



объема 

контрольно-надзорных 

полномочий не только в отношении 

предпринимателей,  но  и  других 

субъектов  права;  повышение 

уровня  правового  регулирования 

административно-надзорной 

деятельности».

В  целом  Концепция  правовой 

политики  Республики  Казахстан 

на  период  с  2010  до  2020 

года 


– 

это 


прогрессивный 

взгляд 


в 

демократической 

плоскости  на  республиканское 

законодательство, вместе с ним на 

манеру  взаимоотношений  между 

субъектами  права  (государство, 

физические и юридические лица), 

на  дальнейшее  развитие  нашего 

государства.

Н. Томпакова,

судья Аягозского районного суда.




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет