Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ



Pdf көрінісі
бет25/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105
2 ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ 
ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ
 
Сонау Фердинант де Соссюр заманынан бері лингвистика-
да тілді зерттеудің синхрондық және диахрондық аспектілері 
қалыптасып, бекіген. Соған сәйкес синхронды лингвистика 
және диахронды лингвистика деп бөлушілік бар. Лингвистика-
ны шартты түрде бұлай бөлушілікті күллі лингвистер қуаттайды, 
өйткені тілдің қандай да бір қалпын (синхронды лингвистика 
нысаны) қарастыруда тарихи факторларды есепке алу (диахрон-
ды лингвистика нысаны) да маңызды. Кейде, керісінше, тіл тари-
хын ұтымды түрде зерттеуде тіл дамуының белгілі бір кезеңдегі 
қалпымен салыстыру жүргізіледі.
Тіл зерттеудегі осындай синхронды және диахронды аспек-
тілерге бөлушілік әлеуметтік лингвистикада бар. Бұлар кейде 
әлемдік терминологиялық қормен «синхронды әлеуметтік лингви-
стика» және «диахронды әлеуметтік лингвистика» деп аталады. 
Енді осыларға қысқаша тоқталайық.
2.1 Синхронды әлеуметтік лингвистика
Әлеуметтік лингвистиканың бұл бағытының нені зерттейтін-
дігін қарастыру үшін алдымен «синхрония» дегеннің мәнін арнайы 
әлеуметтік лингвистикалық әдебиеттерде қалай түсіндіретініне 
тоқталайық.
Синхрония (грек тілінің sýnchronos – біруақытта деген мағы-
налы сөзі) – қандай да бір даму үстіндегі жүйенің (тіл, ғылым, эконо-
мика саласы т.б.) бір уақыт кезеңіндегі (уақыт нүктесіндегі) қалпы, 
жағдайы, сондай-ақ қарастырып отырған жүйені сол қалпында, яғни 
уақыт факторынан тысқары ала отырып зерттеу [19]. 
«Синхрония» дегенді тура өз мағынасында түсіндіріп, анықтар 
болсақ, онда бұл бағыт ешқандай үдеріске байланыссыз (ескерте 
кетейік, кез келген үдеріс уақыт бойымен жүреді, уақытқа тәуелді 
болады, осыған қарасақ, үдеріс синхрониялық емес) тіл мен қоғам 


45
арасында болатын қатынасты ғана зерттеген болар еді. Ендеше 
оны бұлайша түсіну қате.
Шындығында, синхронды әлеуметтік лингвистика – белгілі 
бір даму сәтіндегі тіл мен қоғам байланысына қатысты болып ке-
летін қатынастар мен үрдістерді зерттейтін әлеуметтік лингвисти-
ка бағыты. Қатынас осы байланыстың қалпын, ал үдеріс олардың 
қозғалысын (динамикасын) сипаттайды. Синхронды әлеуметтік 
лингвистиканың зерттеу аясына макроәлеуметтік проблемалар 
енеді [13]. Айталық, әрбір тіл тұтынушысының өзіндік әлеуметтік 
мінездемесі болады: белгілі бір білім деңгейі, мамандығы, өзіндік 
құндылық, бағыт-бағдарлар жүйесі т.б.. Міне, осындай әртүрлі 
әлеуметтік ерекшеліктегі адамдардың тіл қолданысын сипаттау 
синхронды әлеуметтік лингвистиканың нысаны болып саналады. 
Сондай-ақ оның зерттеу аясына тілдік ахуалды сипаттау, тілдік 
әлеуметтенуді зерттеу, «жағдаятты грамматиканың» негіздерін 
меңгеру және т.б. проблемалар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет