«Амангелді атындағы орта мектебі «Үстел теннисі» спорт үйірмесінің жоспары 1-4 сыныптар


Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны



бет2/5
Дата11.12.2022
өлшемі29,26 Kb.
#56390
1   2   3   4   5
Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Үстел теннисі туралы білім» (ақпараттық компонент), «Үстел теннисін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
«Үстел теннисі туралы білім» Онда Қазақстандағы спорт және дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
«Үстел теннисін жетілдіру және шеберлік» бөлімі оқушылардың денелік және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері беріліп отыр.
Бұл бағдарлама дене шынықтырудың базалық компонентінен тұратын материалдарды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене тәрбиесі саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) айқындайды.
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді..
Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі үстел теннисінің сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет