Түсінік хат «Үстел теннисі » үйірме ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін дене тәрбиесі сабағында мақсатты түрде рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыратың, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім оятуға бағытталат-ың дені сау азаматтар тәрбиелеу үшін оқушыларға дене шынықтыру сабағында қимыл-қозға-лыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтары-на ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиет-терінің толық дамуын, салауатты өмір салтын үстануға тәрбиелеу.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:
- денсаулықты нығайту, ағзаның негізгі сапаларын дамыту және қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; негізгі спорт түрлері бойынша техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіру;
- өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;
-дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы,ұлтық ойының қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
- тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.