Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы жəне



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы жəне

жататын жері болса, ол өзін бақыттымын деп санауға толық

себептер бар, ал қалғаны — оның таңдауы» деген екен.

Егер сен үнемі көңіл күйің төмен болса, сен бақытсыздықты

сезінген кезіңде -- өзіңнің ішіңе үңіл, онда не болып жатқанына мəн

бер, түсінуге тырыс. Бұл жағдайға өзіңді тек өзің жеткіздің, басқалар

емес. Егер осы жағдайға өзіңді өзің жеткізген болсаң онда осы

жағдайды өзің ғана өзгерте аласың.Осындай саналы түсінік өзіңді,

өміріңді өзгертетін күш пайда болады.

Сен өзіңе жауапкершілікті алған кезде сен өзіңнің күшіңе ие

боласың. Бұл асыра айтқандық емес, аллегория – бұл қандай болған

жағдайда бізде үнемі болып отыратын нəзік энергетикалық прцесті

тікелей бейнелеу. Мұның барлығы жай қарапайым ғана нəрсе – сен

жауапкершіліктен қашсаң осы энергиядан айырыласың,

жауапкершілікті мойныңа алсаң энергияны аласың.

Жауапкершілікті басқаға артып қойсаң, онда сен өз қолыңмен

өзіңді сол адамға тəуелді етесің.Еркін болудың арқасында сен өзіңнің

өміріңді, өзіңнің бақытыңды жасай аласың. Сен үшін басқалар мұны

жасамайды. Тек өзің ғана өзіңді бақытты ете аласың. Сенде

басқаларды кінəлауға деген қажеттілік те болмайды. Егер де, сен

өзгелердің өзгергенін ашық немесе жасырын болса да өзгергенін

қалап, оны өзіңнің қалауың бойынша көргің келеді, мəжбүрлейсің,

оларды кінəлайсың. Өмірде өзгені өзгерту деген ең қиынның қиыны,



миға сиымсыз нəрсе.

...Ерте ерте ертеде... Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың

ішіне айнадан арнайы бөлме аштырады. Тіпті, бөлменің едені мен

жоғары жағына да айна қойдырады.

Бір күні сарайдың ішіне байқаусызда сұлтанның иті кіріп кетеді.

Ит айна қондырылған бөлмеге кіріп аң-таң болады. Айналасындағы

қаптаған иттерді көріп не істерін білмей бір орында қалшиып тұрып

қалады. Жан-жанының бəрінен иттер тесіліп қарап тұр.

Ол өзінің қорыққандығын сезіндірмеу үшін жай ғана тісін ақситып

қойды. Бұл оның иттерді қорқытпақ болған түрі еді. Өзіне қарап тұрған

иттер де тістерін ақситты. Бұл одан сайын жынданып, ырылдап айбат

шегуге көшті. Олар да қалыспай ырылдай бастады. Амалы таусылған

ит үріп корқытпақ болып, барынша дауыс көтеріп үрді. Оған қарап

тұрған иттер де одан қалыспай тоқтамай үре берді. Ол қанша үрсе де

əлгілерді еш тоқтата алмады. Бұл осылай жалғаса берді. Таңертең

сұлтан айнаға қарамақ болып бөлмеге кіргенде итінің аузы көпіріп өліп

жатқанын көрді. Бөлмеде жалғыз иттен басқа жан-пенде жоқ. Тек қана

айналар бар. Шын мəнінде, итті ешкім қорқытпады, оған қарсы

ешқандай ит үрген де жоқ. Ол бар болғаны өз-өзіне айбат шегіп, өз-

өзімен арпалысып өлді.

Міне дəл осы сияқты ішіңіздегі мыңдаған кедергілерден сүрінбей

өтсеңіз сырттағы кедергілерден оп-оңай өте аласыз. Сіз қандай

болсаңыз-айналаңыздағыларды солай көресіз. Дүние - ішіңіздегіні

көрсететін айна екенін ешқашан естен шығарушы болмаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет