Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Кедейлердің басты қасиеті



Pdf көрінісі
бет13/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Кедейлердің басты қасиеті...

Кей адамдар не істейді? «Мен өз өміріме жауапкершілікпен




қараймын» дейді, бірақ оларда жауапкершілік жоқ! Жауапкершіліктің

жоқтығынан олар кризиске тап болып отыр. Жауапкершілікті

сезінбегендіктен бəсекеге қабілетті емес, соның салдарынан ашқан

кəсібі құлап, құлдырап жатыр, отбасында күнде ұрыс-жанжал орын

алуда.

Адамдар жауапкершіліктен қалай қашады?



Кінəлау

Олар өз басындағы қиындыққа, проблемаға өзгелерді кінəлайды.

Қазір екі адамның бірі өз басындағы проблемаға өзгелерді кінəлап

шыға келеді. Мысал ретінде белгілі бір компания басшысын айтайын:

Ол өзі шығарып отырған өнімнің сатылым деңгейі төмендесе,

таратумен айналысатын менеджерлерді кінəлі етіп шығарады. Ал

отбасылық өмірде күйеуі əйелін кінəлайды. Мұғалімдер оқушыны

кінəлайды, қабылдауы нашар деп. Сол сияқты оқушы мұғалімді

кінəлайды, сабақты дұрыс түсіндіре алмады деп... Міне, көрдіңіз бе,

жауапкершіліктен қашқысы келген адам əр іске өзге біреуді кінəлауға

дайын тұрады.

Мен осы қасиеттен арылуға кеңес беремін. Иə, дұрыс, сіз басшы

ретінде қарамағыңыздағы қызметкерлерге анда-санда ұрысып,

ширатып тұру керек шығар. Бірақ іштей басшы өзін сынауы тиіс. «Неге

қызметкерлерімнің жұмыс сапасы төмендеп кетті? Демек, мен оларға

лайықты деңгейде жағдай жасай алмай отырған шығармын. Қандай да

бір идея ойлап тауып, жұмысшыларды жігерлендіру керек сияқты», --

деп өз-өзіңізден есеп талап етуіңіз керек. Сонда ғана алдыңызда

тығырықтан шығатын бірнеше жол ашылады. Əрі біліміңізді

шыңдайсыз, ойлау қабілетіңізді арттырасыз, жұмыс өнімділігі арта




түседі.

Тағы да айтамын, Сіздің өміріңізде болып жатқан проблемаларға

ешкім кінəлі емес! Жалақыңыз аз ба? Оған Сіз жұмыс істеп отырған

мекеме кінəлі емес! Жақсы айлық алуға ұмтылмаған өзіңіз кінəлісіз.

Жақсы айлық алу үшін біліміңізді шыңдаңыз, оқыңыз, егер мұғалім

болсаңыз, санатыңызды көтеріңіз, өзіңіздің жан-жақты дамыған, білімді

қызметкер екеніңізді көрсетіңіз, сөйтіп басшылықтан жоғары жалақы

талап етіңіз. Бермеді ме, жақсы жұмыс орнын өзіңіз қарастырып,

өміріңізді өзгертуге əрекет етіңіз.

Сылтау

Сылтау айтуды тоқтатыңыз! Мен өзім қатарлы көп жігіттерді

танимын, отбасын асырай алмай жүрген. Себебін сұрасаң, жұмыс жоқ

қой деген сылтау айтады. Мына заманда жұмыс жоқ деп айтудың өзі

ұят! Істеймін деген адамға жұмыс та, мүмкіндік те бар. Соған

қарамастан олар қиындықтың себебін өздерінен емес, қоғамнан

іздейді. Осындай адамдарды көргенде қатты ренжимін. Неге? Өйткені

ер-азамат үйленді ме, отбасын қайткен күнде де асырауға міндетті.

Қалай табады, қайдан табады, ол -- еркектің өз проблемасы болуы

тиіс. Яғни намысқа тырысуы керек. Намыссыз адамнан ештеңе

өнбейді. Мен үшін мына қоғамда кедей болу – намыс. Отбасының

жағдайын жасай алмау, бала-шағаның ішемін, киемін дегенін тауып

бере алмау – намыс. Намысқа тырыспаған, бар проблеманы өзінен

емес, өзгелерден іздейтін, əр нəрсеге сылтау ойлап табуға бейім

адамдар ешқашан өзгермейді, дамымайды!

Бір ғұлама шəкіртінің əр нəрсеге үнемі шағымданып, ашуланып

жүретінін байқайды. Содан бір күні ол шəкіртті шақыртып алып, оны



тұз əкелуге жұмсайды. Үнемі зарланып жүретін шəкірт тұзды алып

келген кезде ұстазы оған бір уыс тұзды бір кесе суға ерітіп ішуді

тапсырады. Шəкірт бұлжытпай айтқанын орындайды, бірақ тұзды суды

көп іше алмай түкіре бастайды.

-- Дəмі қалай екен? – деп сұрайды ұстазы.

-- Ащы, -- деп жауап береді шəкірті ызаланып.

Сол сəтте ғұлама шəкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып

барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды.

Бұлақтың мөлдір суын ішкен шəкірттен қайтадан судың дəмін сұрайды.

-- Ал енді мына судың дəмі қалай екен?

-- Təтті!

-- Тұздың дəмін сездің ба?

-- Жоқ...

Осы кезде ғұлама: «Өмірдегі қиындықтар осы тұз тəрізді, аз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет