Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


«Адам əуелі өз-өзіне есеп бергеннен кейін ғана өзгелерге баға



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
«Адам əуелі өз-өзіне есеп бергеннен кейін ғана өзгелерге баға

бере алады».

Мопассан, француз жазушысы.

Апта сайын өзіңнен есеп ал!

«Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір

мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің

есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен,

не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей

қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де

білмей қалыппысың?» деп жазып еді дана Абай он бесінші қара

сөзінде.



Күніне болмаса да, аптасына бір мəрте өзіңізден есеп алып

тұратын сұрақтар үлгісі.

1. Не білдім, не түйдім? Сəттілік құпиясы қарапайым – əр күн

сайын бір қадам алға басамыз. Бір жылдан соң мақсатыңызға жетесіз

не 365 қадам жақындайсыз. Оған тезірек, сəтті, белсенді түрде жету

үшін жаңа ақпарат жəрдемдеседі.

2. Осы аптада қандай жетістікке жеттім? Өз жетістігіңізді көрген

сайын бойыңызға сенімділік ұялап, өзіңізді бұрынғыдан да жақсы көре

түсетін боласыз. Аяқталған іс сізді мықтырақ етеді. Егер нəтижесі

болмаса – өзіңізден себебін сұраудың кезі келді. Өзіңізді жетілдіріп

жүрсіз бе, кері кетіп жатырсыз ба?

3. Қашан тоқтадым? Уақытымды босқа құртып, қамсыз отырған

кезім болды ма? Бұл миллионерлердің де басында болады. Бірақ

осыны дер кезінде ескеріп, берекесіз уақытпен күрескендер ғана

жеңіске жетеді. Осы аптада істелуі керек қай істі кейінге қалдырдым?

Əр нəрсенің өз уақыты бар. Кей істі кейінге қалдыра тұруға да болады,

ал кейбірі кейінге қалса, көп нəрседен қол үзіп қаламыз. Мұндай іс əр

аптада бар.

4. Кімге көмек көрсете аламын? Біреуге жақсылық жасасаңыз,

қайтарымы мың есе болмақ. Оның айтқан алғысының өзі бақытқа жол

ашады.

5. Сымбатымды сақтау үшін немесе салауатты өмір салтын



ұстану үшін не істедім? Дене қуатқа толы болғанда, күткеніңізден де

көп аласыз.

6. Жақын-жуықтарыма қанша уақытымды бөлдім? Бəріміз өзіміз

үшін жəне бізге жақын жандар үшін өмір сүреміз. Ал олармен кемінде




күніне бір сағат араласып тұрудан жақсы не бар?

7. Қандай пайдасыз іспен айналыстым? Мүмкін ол істі доғарып,

оның орнына уақытты бір мезгіл демалуға арнау керек шығар?

8. Келесі апта менің өмірімнің ең соңғы аптасы болса, не істер

едім? Бұл сұрақ өмірдегі ең маңызды істі кейінге қалдырмауға

көмектеседі.

Президент халыққа, əкімдер Президентке жазбаша түрде

«мынаны істедім, мынаны істей алмадым» деп жазбаша есеп береді.

Ал, адам өзіне есеп бере ме? Есеп беру деген ойша есеп беру емес.

Ол отырып алып, өзіңе қағазға жазып тұрып есеп беру. «Мен осы не

істеп жүрмін, қайда бара жатырмын, кəсібімде қандай проблема бар,

нені қалай өзгертсем» дегенге жауап іздеу. Есепсіз өмір – мағынасыз

өмір. Кей адамдар бизнесте неге құлады, өйткені, өз-өзіне есеп берген

жоқ. Неге көтеріле алмады, өйткені, өзіне есеп бермейді. Міне, осы

себепті жоғарыдағы сұрақтарға шынайы жауап берсеңіз, жаңа

мүмкіндіктер мен үміттерге қол жеткізіп отырасыз. Осылайша «ақырын

жүріп, анық басып», барар жеріңізге тез жетіп аласыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет