Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


«Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
«Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей,

Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей».

Халық мақалы.

Жылына 4 тренингке қатысыңыз

21-ші ғасыр – мүмкіндіктері мол, дұрыс пайдалана білген адамға

берері мол ғасыр. АҚШ-тың көрнекті қайраткері Абрам Линкольн: «Егер

маған 8 сағат ішінде үлкен бір ағашты шауып құлатуға тапсырма

берсе, 8 сағатымның 7-еуін балтамды қайрауға жұмсар едім», -- деген

екен. Яғни ол өтпес балтаны құр-босқа сермей бергеннен гөрі бар күш-

жігерін оны қайрауға жұмсап, аз уақыт ішінде шынар ағашты шауып

құлатуды жөн көрді.

Бұл жерде балтаны қайрау – білімді жетілдіруге тең. Ал білімді

түрлі тақырыптағы тренингтерден алуға болады. Тренинг ең алдымен

дамуыңызға сеп болады, сосын мақсатыңызды қамшылай түседі.

Көлік жүру үшін оған жанармай құю керек сияқты, табысқа жету

үшін білімді шыңдау қажет. Өз салаңыз бойынша жылына кем дегенде

4 тренингке қатысу керек.

Мысал ретінде тақуа адамды айтайын. Тақуа адам Алла

алдындағы парызын орындау үшін мешітке барады емес пе? Егер ол

адам мешітке баруды сиретсе не істейді, əрине, иманы əлсірейді. Тура

сол сияқты, тренингке қатыспаған адамның талпынысы, мотивациясы




əлсірейді. Ал мотивацияны отқа теңер болсақ, ол үнемі маздап жануы

үшін отын салып отыру керек. Яғни мотивацияға қажетті азықты

тренингтен ғана табасыз.

Мен мəселен аяқ киім алуға ақша аяуым мүмкін, бірақ білімімді

жетілдіруге, семинар-тренингке қатысуға ақша аямаймын. Сол сияқты,

қыдыру үшін ақша жұмсамауым мүмкін, бірақ қарыздансам да,

қауғалансам да семинар-тренинге ақша табамын. Кезінде мен

астымдағы көлігімді, басымдағы баспанамды сатып тұрып семинар-

тренингтерге қатысқанмын. Осы жұмысты бастаған алғашқы жылы мен

16 мың 750 доллар қарыз алып, семинар-тренингтерге қатысқанмын.

Əзір де жылына кем дегенде 4-5 семинар-тренинге қатысуды

жоспарлап қойғанмын. Өйткені онсыз болмайды, өмірді өзгертудің,

мінезді өзгертудің, тез баюдың жақсы жолы, ең оңай жолы – семинар-

тренингтерге қатысу. Оған қатыспай өміріңіз өзгермейді!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет