Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


Аманжол РЫСМЕНДИЕВ 
 
ТАБЫСТАРҒА 
ЖЕТУДІҢ 7 ҚҰПИЯСЫ 
 
 
 
Жетістікке жетуге, ӛзінің ортасында кӛшбасшы болуға, жақсы 
ӛмір сҥруге әркімнің-ақ таласы бар. Десе де алдына қойған 
мақсатының бәрі бірдей орындалып, биік шыңнан кӛрінетіндер кӛп 
емес. Сіздің қолыңыздағы кітап алдына қойған мақсаты орындалмай
белгілі бір салада табысқа жете алмай жҥрген жандарға арналады. 
Автор ӛзінің осы кҥнге дейінгі алған білімі мен ӛмірлік тәжірибесімен 
бӛлісе отырып, Сіздердің армандарыңыздың шындыққа айналуына, 
әлемді шарпыған кризистен еш қиындықсыз шығуға жәрдем береді. 
Оқыңыз, ой тҥйіңіз, табысты болуға әрекет етіңіз! 


Кіріспе 
Амансыз ба, талғамы биік, талпынысы зор оқырман! Мына ӛмірге 
келгендегі әрбір адамның мақсаты — белгілі бір дәрежеде табысқа жету, 
ӛзінің соңынан ерген ҧрпаққа ҥлгі-ӛнеге боларлықтай іс жасау, қолынан 
келсе айналасындағыларға жәрдем беру, бес кҥндік жалған дҥниеде 
ештеңеден таршылық кӛрмей, қалағанына қол жеткізе отырып ӛмір сҥру. 
Рас қой? Бәріміздің де жақсы ӛмір сҥргіміз келеді... 
Бірақ, ӛмір — біз ойлағандай бола бермейді. Бҧрылыс-қалтарысы, 
қиылысы, аялдамасы кӛп. Кейде сәттіліктер кездесіп, кӛңілің кӛтеріледі, 
мерейің артады, ал кейде ҧнжырғаң тҥсіп, ӛмірден тҥңілдіретін жағдайлар 
кездеседі. Әйтеуір бір нәрсе жетіспей жҥргендей кӛрінеді. Кейде ақша, 
кейде денсаулық, ал кейде жақындарымыздың қолдауы, т.б. Бірақ соның 
нақты себебі қандай? Неге біздің ӛмірімізде қиындықтар кездеседі? Одан 
шығудың жолдары бар ма? Осы сҧрақтарға кӛп адам терең мән беріп, 
жауабын табуды ойламайды. Соның салдарынан кҥйзеліске тап болып
алдынан тҥрлі қиындық, кедергілер пайда болады. 
Негізінде мҧның бәрінен еш қиындықсыз арылуға болады. Ӛміріңізді 
100 пайыз жақсы арнаға бҧрып, телегей табысқа кенелуге де мҥмкіндік бар. 
Тек оған адам ниет етуі тиіс. «Енді қайттім?! Біткен жерім осы шығар?!» деп 
дабыра қылмай, «Мен қайткен кҥнде де ӛзгеремін! Кризистен қиналмай 
шығамын! Тіпті кризиске қарсы әрекет етіп, кірісімді бірнеше есеге ӛсіремін!» 
деп алға қадам басу керек. 
Қҧрметті оқырман! Кітаптағы әрбір ақыл-кеңес Сіздің тығырықтан 
шығуыңызға, тҧлға ретінде, мықты кәсіпкер ретінде дами тҥсуіңізге, 
отбасыңызда, туған-туыс, дос-жаранның алдында абыройыңыздың артуына, 
бәрімен ынтымақ-бірлікте болуыңызға кӛмектеседі. Тек оны оқып қана 
қоймай, із жҥзінде қолдану керек. Сонда ғана нәтижесін, жемісін кӛресіз. 
Бҧл ӛмірде ештеңе кездейсоқ болмайды. Кейде ойға алған арман-
тілектеріміздің орындалуына ӛзіміз мҥлдем ойламаған нәрсе себеп болып
соның арқасында ниеттенгенімізге жетіп жатамыз. Бҧл кітап та – солай. 
Кітап Сіздің қолыңызға ешқандай себеп-салдарсыз тиген жоқ. Сіздің ішкі 
тҥйсігіңізде «Менің ӛзгеруім керек! Кризистен еш қиындықсыз шығуым 
керек!» деген ой болған. Сол ойдың орындалуына біздің кітап себеп болып 
отыр. 
Кітаптағы әр кеңес, тапсырма бірнеше ондаған жылдардан бері 
әлемге аты танымал миллиардерлердің іс-тәжірибесінен алынған, 
миллиондаған адамның кризистен жеңіспен шығуына кӛмектескен. Сізге де 
кӛмектеседі деген сенімдемін. 
Ендеше, іске сәт! 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет