Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы


арыстанның арасына салып жіберсең, бірнеше уақыттан соң әлгі



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
арыстанның арасына салып жіберсең, бірнеше уақыттан соң әлгі 
қоян арыстандай ақырып шыға келеді. Ал керісінше, бір 
арыстанды он қоянның арасына жіберсең, біраз күнен соң 
жуасып, қояндай қорқақ болып қалуы мүмкін», -- деген. Ал 


Бауыржан Момышҧлы: «Екі баланың ортасында отырған қария – 
бала болады, екі қарияның ортасында отырған бала – дана 
болады», -- деген. Екі атақты адамның сӛзіне мен де толық 
қосыламын: Адамныңталпынысы аз ортада жҥріп табысқа жетемін деуі 
кҥлкілі нәрсе. 
Америкалық бизнесмен Дональд Трамп айтқан: «Егер белгілі 
бір табысқа жетемін десең, табысты адамдармен аралас! 
Қиналуың мүмкін, ол ортаға бірден бейімделіп кете алмауың 
мүмкін. Бірақ уақыты келгенде ӛсе бастайсың». Менің ӛмірлік 
қағидам -- осы. Біреулерге бҧл қасиет ҧнар-ҧнамас, бірақ мен 
достармен таңдап араласамын. Ӛзімді ӛшіретін емес, керісінше 
ӛсіруге жетелейтін жандармен қарым-қатынаста болғанды қҧптаймын. 
Ӛйткені кҥндердің кҥнінде қасымда жҥрген адамдардың жаман қасиеті 
маған жҧғып кетуі мҥмкін.
Нәтиже – әдетке, әдет – әрекетке, әрекет – ойға, 
ой – сұраққа байланысты 
 
Сіздің ӛміріңіздегі әрбір оқиға, мейлі жаман болсын, мейлі жақсы 
болсын, ол – бір істің нәтижесі. Мәселен Сіз осыдан біраз уақыт бҧрын: 
«Ӛзгеруім керек. Ӛмірімді қалай жақсартсам екен?» деген ойда 
болғансыз. Ойыңыз іске асу ҥшін бҥгін міне, кітап оқып отырсыз. Яғни 
бҧл ӛмірде кедейсоқ ештеңе болмайды. 
Адамдардың кӛбі нәтижені әрекеттен деп тҥсінеді, мен олай емес 
деймін. Нәтиже – әдетке байланысты. Әдет – әрекетке, әрекет – ойға 
байланысты. Ал адамның ойында кӛбіне сҧрақ тҧрады. Мәселен, Сізге 
мен «Ертең не істейсіз?» деген сҧрақ қойсам, сіздің ойыңыз автоматты 
тҥрде: «Ертең мен не істеймін? Так, ертең мынаны істеймін. Оны 
қанша уақытта бітіре аламын?» деген сҧрақтарға жауап іздейді. 
Мәселен, мен тәуекелшіл адаммын. Яғни тәуекел ету әдет болып 
кеткен. Тез шешім қабылдаймын. «Ойланайын, кӛрейін, айналамдағы 
адамдармен ақылдасып кӛрейін» деген сӛз менің сӛздік қорымда жоқ. 
Тәуекел етіп аузым кҥйген жағдайлар кӛп болды, сондай-ақ тәуекел 
жасап жетістікке жеткен кездерім одан да кӛп болды. Бҧдан шығар 
қорытынды, тәуекел еткен адам ойланып-толғанып екіҧдай кҥйде 
жҥрген жандардан әлдеқайда кӛбірек табысты болады екен. «Тәуекел 
тҥбі – жел қайық, ӛтесің де кетесің» деген сӛздің мағынасы – осы. 


Кейде адамдар бір істі ертеңге қалдыра салуы ықтимал. Онда 
тҧрған не бар деген ойда болады. Егер мҧндай жағдай бірінші мәрте 
орын алса – әрекет. Ал бірнеше мәрте қайталанса, ол әдетке айналды 
деген сӛз. Бітер істі ертеңге қалдырып жҥре бересіз, жҥре бересіз, 
соңында нәтижесі «0»-ге тең болып қалады. Және ӛмір бойы «0»-ден 
арыла алмайтын «ауруға» шалдығуыңыз мҥмкін. 
Тура осы сияқты, ақшаны жарата жҥріп, оның неге жҧмсалғанын 
қағазға жазбау, «Содан не ӛзгерер дейсің? Қанша жҧмсағанымды ӛзім 
білем ғой» деп немқҧрайдылық таныту, бірінші кҥні – әрекет. Ал екінші 
және ҥшінші кҥні тағы қайталанса, ол – әдет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет