Аманкелді аманкелді



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата24.03.2017
өлшемі2,15 Mb.
#10206
  1   2   3   4   5

АМАНКЕЛДІ

АМАНКЕЛДІ

    

    

              

              

арайы

арайы

1935 жылғы 15 маусымнан бастап шығады

А у д а н д ы қ   а п т а л ы қ   г а з е т

e-mail: amangeldy-arai@mail.ru ■ http://baq.kz/kk/regional_media/media/224



№ 9 (7651)  

6  НАУРЫЗ

  

2015  ЖЫЛ  

ЖҰМА

    Құрметті ақ жаулықты əжелер, ардақты 

аналар,  қаракөз қарындастар!

      Сіздерді Халықаралық əйелдер күні мерекесі-

мен шын жүректен құттықтаймын.

      8  наурыз – аяулы  аналарға  тəн  əсемдік  пен 

сұлулықтың,  күллі  əлемге  шуақ  шашқан 

мейірімнің мерекесі. 

      Бұл  мереке  жалпы  адамзатқа  əйел  затының 

отбасындағы  рөлін  айғақтатып  қана  қоймай, 

олардың  қоғамдық  өмірдегі  белсенді  қызметін 

көрсетеді.  Бүгінгі  күні  қоғамымызда  Сіздердің 

қажырлы  еңбектеріңіз  арқылы  жасалып  жатқан 

бар  игілік  пен  жақсылық  еліміздің  баянды 

болашағының кепілі деуге толық негіз бар.

    Қазақ халқында «Отан – отбасынан басталады» 

деген қанатты сөз бар. Ал, отбасының ұйытқысы 

да, берекесі де əйел заты. Қай қоғамда болмасын, 

ұрпақ  өсіріп,  ұлт  тəрбиелеуде  аналардың  алар 

орны  айрықша.  Себебі,  əйел-ана,  жанұяның    ал-

тын діңгегі, тыныштық пен сəттіліктің кепілі. 

     Əйелдің мейірімі мен жан шуағы əр уақытта кез 

келген  қиындықты  жеңуге  көмектеседі,  қоғамда 

биік  адамгершілік  құндылықтардың  сақталуына 

ықпал етеді. 

     Қымбатты ханымдар! 

      Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын 

ала  келген  төл  мерекелеріңізді  шат-шадыман 

көңіл  күймен  қарсы  алып,  құшақтарыңыз  гүлге 

толсын  деген  жүрекжарды  тілегімді  білдіремін. 

Баршаңызға  мереке  қайырлы,  құтты  болсын! 

Əрбір  шаңыраққа  шаттық  пен  бақыт,  отбасының 

аманшылығын,  еліміздің  өсіп-өркендей  беруін 

тілеймін. 



МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АЯУЛЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАР!

СІЗДЕРГЕ БАРЛЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ТІЛЕЙМІЗ!

Құрметті ақ жаулықты асыл  аналар, 

апа-қарындастар, ару қыздар! 

    8  наурыз    -  ер  азаматтардың  назарынан  тыс 

қалмайтын  мерекелердің  бірі.Осы  күнді  ақ 

шашты  қариядан  бастап  жас  жеткіншіктерге 

дейін  асыға  күтеді.  Бұл  күн – отбасы  берекесі 

мек  ұйтқысы  болып  табылатын  біздің  аналары-

мыз,  жарымыз,апаларымыз  бен  қыздарымызға 

жарқын  көңіл  мен  жақсылық  тілейтін  күн. 

Сіздер 

өздеріңіздің 



ізеттіліктерінізбен, 

сыпайлықтарынызбен  өмірді  шуақтандырып, 

жақындарыңыз бен туыстарынызға жылу сыйлай-

сыздар.


        Əлемде  нəрестеге  өмір  сыйлап,  оны  алғашқы 

қадам  басуға  үйрететін  қасиеттеріңізге    тең  ке-

лер  нəрсе  жоқ.  Сіздердің  төзімділіктеріңіз  бен 

махабаттарынызға алғысымыз шексіз.

     Біздің қазіргі қоғамымызда əйел тек отбасының 

береке-бірлігін  ойлайтын  тұлға  ғана  емес,  ол 

мемлекеттің  өмірге  жəне  саяси  мəселелерге  бел-

сене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің 

елімізде  əйел  адамның  əлеуметтік  қорғалуына, 

олардың  өмір  сүру  деңгейін  арттыруға  айрықша 

маңыз берілді.

    Сіздерді көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай 

отырып,əрдайым  əдемі,  жылы  жүректі  аналық 

абыройлы  атақтарыныз  биіктей  берсін.  Зор 

денсаулық, мəңгі жастық пен сұлулық тілеймін                 

Жансұлтан ТАУКЕНОВ,

 

Аманкелді ауданының əкімі

Əділ САМАТОВ,

 

Аманкелді аудандық мəслихатының хатшысы

    Қаймағы  бұзылмаған  қазақы  ауылда  туып, 

қазақы  тəлім-тəрбие  алып  өскен  Нағима 

Биғалиқызы  келімі  келген,  иба-инабаты  мол 

кісі. 19 жасында 1960 жылы  ауданымыздың 

азаматы  Фазыл  Мұсаұлымен  көңіл  жарасты-

рып,  отау  тіккеннен  бері  сол  шаңырақтың 

құт-берекесі  болып  келеді.  Нағима  апа 10 



баланы  өмірге  əкелген.  Ең  үлкені - Мұрат, 

осыдан бірер жыл бұрын қайтыс болды. Одан 

кейін Болат, Гүлнар, Талғат, Жалғас, Гүлжан, 

Гүлшат,  Дастан,  Лəззат,  Гүлім  атты  балала-

ры  бар.  Осы  ұл-қыздарынан 26 немере, 2 

шөбере сүйіп отырған бақытты жан. Асып-

саспайтын,  сабыр  иесі  Нағима  апа  жиырма 

жыл  аудандық  орталық  ауруханада  кассир 

болып қызмет жасапты. Одан кейін аудандық 

банкте  он  бес  жыл  бойына  касса  меңгеруші 

болып тиянақты жұмыс жасаған. Осы жерден 

зейнеткерлікке  шыққан.  Ері  Фазыл  Мұсаұлы 

болса  аудандық  банкте  жиырма  бес  жыл  бас 



АРДАҚТЫ АНА, АСЫЛ ӘЖЕ

 

«БАТЫР АНА», «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ НАҒИМА 

БИҒАЛИҚЫЗЫ  МҰСАКЕЛІНІ ТУРАЛЫ СӨЗ

Аяласақ - ардақты аналарды аялайық

бухгалтер болған. Одан кейін аудандық ауыл 

шаруашылығы  басқармасында  экономист 

болып  қызмет  істеген.  Апай  құдай  қосқан 

қосағы Фазекеңді ризалықпен еске алады.

  - Ағаң өте сабырлы, көп сөйлемейтін, ісіне 

мығым,  отбасына,  қызмет  істеген  ұжымына, 

ағайын-туысқа    жайлы  азамат  еді.  Əттең, 

өмірден  сəл  ертерек  кетті. 1936 жылы  туған 

ғой, 1987 жылы 50 жастан аса бере дүниеден 

өтті.  Шүкір,  балалары  жаман  болған  жоқ. 

Тұңғышымыз  Мұрат - əкесінің  жолын  қуып, 

аудандық банкте тұрақтап жұмыс істеді. 

      Ал  Болатымыз – ауданымыздың  белгілі 

спортшысы.  Аудандық  дене  тəрбиесі  жəне 

спорт  бөлімін  көп  жылдардан  бері  басқарып 

келеді.  Гүлнар,  Гүлжан,  Гүлшатымыз – əке 

жолын  қуған  бухгалтерлер,  Талғатымыз  бен 

Жалғасымыз – кəсіпкер.

                                          

                                           (Жалғасы 2-бетте.)



2

amangeldy-arai@

mail.ru

6 наурыз 2015 жыл

№ 9  (7651)

Аналар - асыл жандар

   Дастанымыз – аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы 

бөлімінде бас маман, Лəззатымыз – Арқалық қаласында электр 

жүйесінде, Гүліміміз – ауданымыздағы Ы.Алтынсарин атындағы 

орта мектепте ағылшын пəнінің мұғалімі болып жемісті қызмет 

жасап жүр. Бəрі де өмірден өз орындарын алған. Балалы-шағалы. 

   Бала жақсы болса – ата-ананың көңілі қуанышқа кенеледі. Ал 

баласы  өмірден  орнын  таппаса  ата-ана  қиналады.  Осылардың 

бəрін  саралай  келгенде  мен  құдай  берген  бақытты  аналардың 

бірімін.  Құдаларым  да,  күйеубалаларым  да  өзіміз  секілді 

қарапайым да инабатты жандар. Сыйластығымыз, туыстығымыз 

жақсы  деңгейде.  Күн  сайын  Алладан  осы  татулығымызға  тіл 

тимесін  деп  отырамын.  Адам  баласы  өмірге  тоймайды  ғой. 

Бүгінде 2 шөбере сүйсем, енді Алла қаласа шөпшек сүйсем де-

ген ниетім бар. Онымды бір Жаратушының өзі біледі. Ағайын-

туыспен,  ілік-жекжаттармен  араласымыз  қалыпты  жағдайда. 

Туып-өскен  ауданымыздың,  Қостанай  мен  Қазақстанымыздың 

өсіп-өркендей беруін тілеп отыратын ананың бірімін. 

   Қазір жастардың өмірден орындарын алуына мүмкіндік мол. 

Ерінбеген жас кəсіп істеп, өзіне де, еліне де пайда келтіруі керек. 

Мен  балаларыма  ылғи  осыны  айтатынмын.  Сол  айтқанымды 

орындап,  кəсіппен  айналысып  жүрген  балаларым  жақсы 

нəтижелерге қол жеткізуде, - дейді Нағима апай. 

     Бұл кісінің бойынан аяулы анаға тəн асыл қасиеттердің бəрін 

көруге  болады.  Ең  бастысы  қалыптан  айнымайтын,  қуанса  да, 

қиналса  да  өзін  ұстай  білетін,  берекелі,  халқымыздың  салт-

дəстүр, əдет-ғұрпын жақсы меңгерген, көңілі марқайса тасымай-

тын, көңілі түссе жасымайтын төзімді, көнтерлі кісі. Осы қасиеті 

оның балаларының да бойына дарыған. Қай баласы да анасы мен 

əкесінен алған тəлім-тəрбиеге сай болып өскен. 

      Мусиндер  əулеті - бүгінде  алып  бəйтеректей  қанат  жайып, 

көбейіп,  көркейіп  отырған  əулет.  Олардың  ынтымақ-бірлігінің 

туыстығы мен сыйластығының артуына Нағима апайдың ықпалы 

зор.  Ол  дастархан  басында  болсын,  ағайын  арасында  болсын 

«Береке – бірлікте, бірліксіз – береке болмайды, ынтымақсыз іс 

алға баспайды» деп отырады. 

      Апай  қазіргі  күні  Дастан  деген  баласының  қолында.  Болат 

бастаған  балалары  аналарына  сəулетті  етіп  үй  салып  берген. 

Іші - кірсе-шыққысыз. Сол сияқты олар бірігіп əр қайсысының 

үйлеріне де бүгінгі өркениетті уақыт талабына сай еврожөндеу 

жасап, сырты мен ішін сай етіп көркейтіп қойған. Мусиндердің 

қолдары  алтын.  Бірігіп  кеткенде  талай  шаруаны  жасай  алады. 

Бəрі де шебер құрылысшы. 

    Нағима Мұсакеліні - бүгінде Еламан əулетіндегі жасы үлкен 

ардақты əженің бірі болып отыр. Бұл үлкен жауапкершілік екенін 

ол кісі жақсы түсінеді. Сондықтан да, кейінгі абысындары мен 

барлық келіндерінің тату-тəтті, ынтымақ-бірлікте болуына ерек-

ше мəн береді. Сол сияқты, осы əулеттің, соның ішінде Мұса ата-

сынан тарайтын қыздардың да бірлігіне, ынтымағына жіті көңіл 

аударады. Ағайын-туысқа да, аудан халқына да, өз замандастары 

арасында да сыйлы, құрметті. Осы өмірінде ешкіммен жүз шай-

ысып көрмепті.  

      Əйелдер  мерекесі  қарсаңында 74 жасқа  толғалы  отырған 

Нағима  апа  ауданымыздың  мақтан  тұтатын  аналарының  бірі. 

Ол  бұл  абыройға  отбасының  берекесін  келтірумен,  өмірге  он 

бала  əкеліп,  соларды  мəпелеп  бағып-өсіріп  жеткізумен,  ата-

енесін  сыйлаумен,  көрші-көлем  мен  ағайын-туысты  құрметтей 

білумен бөленіп отыр. Бұл кісіні нағыз қазақы ана деп айтсақ еш 

артықшылығы жоқ. 



Сырым СЫҒАЙ

Суретте: «Батыр Ана», «Алтын алқа» иегері, еңбек ардагері, 

зейнеткер Нағима БИҒАЛИҚЫЗЫ. 

АРДАҚТЫ АНА, АСЫЛ ӘЖЕ

 

«БАТЫР АНА», «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ НАҒИМА 

БИҒАЛИҚЫЗЫ  МҰСАКЕЛІНІ ТУРАЛЫ СӨЗ

    «Жұмақ – ананың табаны-

ның  астында»  деген  ұлағатты 

атам  Қазақ  текке  айтпаған. 

Сұрапыл  соғыс  жылдары 

майданға кеткен азаматтардың 

орнын  жоқтатпай,  ересек-

термен    бірге  еңбек  етіп,  жа-

уынгерлерге  қолғап , шұлық 

тоқып, жеңісті жақындатуға аз 

да болса үлес қосқан кешегі 10 

жастағы қаршадай қыз бүгінде 

сексеннің  сеңгіріне  шығып 

отырған «Алтын алқалы» ана, 

ұрпақтың  амандығын  тілеген 

ауялы 


əже! 

Зейнелғарап 

əженің  өмірден  түйгені  мол, 

өз  заманының  көзі  ашық, 

көкірегі  ояу,  зерек    əңгімесі 

естіген жанға тағылым шежіре 

болмақ. Бүгінгі əңгіме Қарасу 

ауылдық  округінің    ең  жасы 

үлкен,  тыл  ардагері,  ардақты 

ана 


Зейнелгарап 

Мұқыш 


келіні туралы болмақ. 

     Ол кісі 1929 жылы Қарасу 

ауылдық  округіне  қарасты 

Ағайдар  ауылының  Нұржан 

өткелінде 

туған. 


Əкесі 

ауылдың  мал  дəрігері  болған. 

Шешесі қарапайым шаруа ада-

мы.  Зейнелгарап  апа  Ағайдар 

ауылының 7 сыныптық Жасбу-

ын мектебінің 2- 3 сыныбында 

оқып  жүргенде 1941 жылы 

22  маусымда  сұрапыл  соғыс 

басталды.  Зейнелғарап  əже 

«Əкем  мен  ауылдың  ер  аза-

маттары 1942 жылы  соғысқа 

кетті,  соңында  еңіреп  біз 

қалдық. Осы кез əлі де есімнен 

кетпейді.  Мойнымызға  ауыр 

бейнеттің  жүгі  түсті.  Сонда 

да  мойымай  ауылда  қалған 

аналар, 

балалар 


колхозда 

жастаймыздан 

қолымызға 

қол  орақ  алып,  қамыс,  шөп, 

егін  ордық.  Мектепке  барып 

соғыстағы  азаматтарға  жылы 

қолғап,  шұлық  дайындай-

мыз.  Шешеміз  жолға  төзімді 

тамақтың  түрлерін    тары, 

талқан  тартты.  Барлық  затты 

жинақтап  түйіп  қоямыз.  Ар-

найы жинайтын арбакеш келіп 

ҚИЫНДЫҚТАН ҚАЙЫСПАҒАН ҚАРИЯ

ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН ТЫЛ ЖƏНЕ ЕҢБЕК 

АРДАГЕРІ ЗЕЙНЕЛҒАРАП ƏЖЕ ТУРАЛЫ СӨЗ

əкетіп,  соғыстағы  майдангер-

лерге  жеткізіп  тұрды.  Осын-

дай өмірді де бастан кешіп, 14-

15  жасымызда  қара  шаруада 

тылда еңбек еттік. 1945 жылы 

əйтеуір  жүрегімізді  ауыртқан 

қанды  соғыс  бітіп,  əкем 

əскерден  аман – есен  орал-

ды.  Елге келген соң бұрынғы 

кəсібі    мал  дəрігері  болды.

Соғыстан  кейінгі  жылдардың 

да  ауырпалығы  халыққа  толы 

болды. Əр заманның өзіне тəн 

қызығы мен шыжығы болады. 

Бір ған өзгермейтіні – ол адам 

жанының  байлығы  ғой.Əр 

адам еңбекке ұмтылып, белгілі 

бір  жетістіке  жетуі  керек. 

1949  жылы  мұғалімдік  учи-

лище бітіріп келген Мұқышев 

Абдрахманға  бас  қостым. 

Абдрахман  өзі  де 1942 жылы 

жастайынан соғысқа қатысып, 

1947  жылы  иегінен  жарала-

нып  келген  соғыс  ардагері 

еді.  Омырауы  орденге  толған 

жігіт болған. Ол совхозда пар-

тия жəне жұмысшы кəсіподақ 

жəне мектепте мұғалім болып 

қызмет  атқарды.  Өзім  мек-

тепте  еден  жуушы  болдым. 

Ол  кезде  де  бізді  совхоздың 

қыстақтағы 

қойшыларға 

шөп  салысу,  қамыс,  тал 

қиып,  малдарға  шеп  ұстау 

жұмыстарына  апарды.  Жол-

дасым  екеуміз  мойнымызға 

түскен  ауыртпалықты  бірге 

көтердік.Шүкіршілік, 

асып-


тасып  кетпегенмен,  біреуден-

ілгері, біреуден кейін дегендей 

ғұмыр кештік.

   1985 жылы  зейнеткерлікке 

шықсамда 

совхозда 6 

жыл 

еңбек 


еттім. 

Осы 


жылы 

жолдасым 

екеуміз 

бірге 


зейнеткерлікке 

шыққанымызды  жылқы  сой-

ып, интернатта атап өттік. 1987 

жылы  Əбсадық  директордың 

тұсында қара сабын қажет де-

генде жолдасым мені айтыпты. 

Мен сол 54 келі қара сабынды 

былғап,  базарға  тапсырдым. 

Бұл  сабын  емдік  қасиеті  бар 

Алабұта шөбін өртеп, күлінен 

сахар  алынып,  жасалынады. 

Ақысына 3 тонна  көмір  ал-

дым. Ол да бір кезең еді. Көп 

жыл ұзамай жолдасым 65 жа-

сында  қан  қысымы  көтеріліп, 

көз  жұмды. 1992 жылы 

совхоздың 20 биесін  сауып, 

балдай  қымызды  Аманкелді 

орталығына  тапсырып  отыр-

дым.  Сол  кездегі  мектептің 

мерекелік 

іс-шараларына 

жақсы 

ат 


салысамыз. 

Сайысқа  қатысып  «Берекелі 

жанұя»  атағын  алдым.  Осы 

жылы  Құрылтайдың  бірінші 

басталғандағы  тойы  Құлтай 

тамының  қасына  көп  кигіз 

үйлер  тігіліп,  көптеген  облы-

стардан  келген  қонақтарды 

күттік. Бұған қазақтың ұлттық 

тағамдарының  түрлерін  жа-

сап.  Өзіміз  жаулық  салып, 

тағымдарымызды 

тағып, 

қазақша  киім  киіп  шықтық. 



Тағы бір той Имановқа қарасты 

Байдаулет деген жерде жылда 

шопандар тойы болатын.Оған 

да көптеген кигіз үйлер тігіліп, 

жер-жерден  əкімдер  келетін. 

Оған да қымызымызды сапы-

рып  біздің  совхоздың  атынан 

баратынбыз. 1994-95 жылда-

ры  совхозға 8 қанатты  кигіз 

үйдің 23 ақ  кигіздерін  ауыл 

əйелдері  басып  шығардық. 

Екі  құлашты  кілемнің  жібін 

иіріп,  бояп  марқұм    Балкен 

мен  Гүлсім  тоқып  еді.  Осы 

жылы  қиыншылық  болып 

17  қара  текемет  басып  азық 

-түлікке  айырбастап,  совхоз 

жұмыскерлеріне  берген  еді.

Осы  өмірімде  жақсылықты 

да,  жамандықты  да,  қуаныш- 

қызықты  да,  қайғыны  да 

көрдім.  Жоқшылықты  да  ба-

стан  саудық.  Осындай  шаруа 

да  жүріп  дүниеге 4 қыз, 6 ұл 

дүниеге  əкеліп  тəрбиелеп, 

қатарға  қостым.  Панасыз 

қалған  əке-  шешесі  ерте 

қайтқан  жетім 4 баланы  үй 

болуына көмектестім.  Қазіргі 

уақытта балаларым білімдерін  

алып  əртүрлі  салады  қызмет 

етуде. Балаларымнан 33 неме-

ре, 24 шөбере сүйіп отырмын. 

Қазіргі таңда кенже баламның 

қолындамын,  немерелерімді 

əлі де бағудамын. 

      Жастарға  айтарым  тəрбие 

ешкімге 


ауыр 

болмайды. 

Өнерді  үйренде  жирен  деп 

осы  басымнан  өткен  бейнет-

ке  төзімді  болдық.  Жасым 

86  келді.  Осы  жасқа  келіп, 

таяқсыз  жүргенім  бата  мен 

алғыстың арқасы шығар. 



Гүлнар МҰЗДАХАНОВА,

«АА» газетінің қоғамдық 

тілшісі,

Қарасу ауылдық округі.

Көктемнің ең алғашқы мерекесі,

Аналар – құрметтеген ел еркесі.

Бар сұлулық бойынан табылатын,

Жарық дүние-тіршілік берекесі.

                   Жиналған мерекеге аналарым,

                   Игерген талай еңбек салаларын.

                   Ынтымақ, сыйластықты сақтап əркез,

                   Ерен ер еңбегімен дараландың.

Ұлылық жоқ асатын анадан,

Бар əсемдік сол анадан тараған.

Сəнді өмір, денсаулықты тілейміз,

Аналарға күн нұрына – балаған.

                   Мерейлі мерекелі күндеріңмен,

                   Бұлақтай сылдыр қаққан үндеріңмен.

                   Арайлы атқан таңда шаттаныңдар,

                   Халқыңның ыстық сезім тілегімен.

Ылайым, тиыш, бейбіт болсын заман,

Азамат ел басқарған болсын аман!

Ауданым, көркейіп те гүлденуде.

Иншалла, алға қарай бассын қадам.

                    ТІЛЕГІМ

Жүрекжарды арналады тілегім,

Аналардың амандығын тіледім.

Ардақты жан - бір өзіңсің аналар,

Барлық əлем мұны жақсы біледі.

                   Ақ сүт беріп, аялаған баласын,

                   Махаббат пен мейірім төккен анасың.

                   Маңдайынан «құлыным» деп сипаған,

                   Мұндай жанды қайдан іздеп табасың?!

Жүзіңізден шуақ нұры төгілген,

Əлдилейсің жүрекпен жыр өрілген.

Тербетілген талбесікте бөбегің,

Еңбектің де орын алдың төрінен.

                    Батыр туған, ақын туған - анадан,

                    Дəрігер мен əкім туған - анадан.

                    Қалай ғана айналып бір кетпессің,

                    Барлық адам туған - асыл анадан.

               СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ

Бас иіп, ардагерлер сəлем берем,

Көрсеткен жолдарыңмен жүріп келем.

Мереке қызық-думан шаттығыңа,

Арнаймын өздеріңе бүгін өлең.

                   Қасық қаны қалғанша арпалысқан,

                   Тап бергенде беймізгіл фашист-дұшпан.

                   Соққы беріп жауыңа жан аямай,

                   Ауыр күнді өткіздің бəрің бастан.

Қансыраған оққа ұшып есіл ерім,

Тірі оралып көре алмай туған жерін.

Қандай жерде қалдың-ау қайран боздақ,

Еске алады сендерді бүкіл елің.

                   Сұрапыл соғыс өрттің дауылында,

                  Ардагерлер көзбен көрт қауымы да.

                  Оралып аман-есен елін қорғап,

                  Бейбіт өмір сыйлады ауылына.

Аталар, сендерсіңдер əперген де,

Соғыстың қиындығын өткерген де.

Береке, ынтымақ пен ырыс-байлық,

Мамыражай бақытқа жеткерген де.

                  Көтеріп шаңырақты бердің сайлап,

                  Уықты халқым шаншып келет жайлап.

                  Керегем, ынтымақты ел, бірлік-достық,

                  Төбемде желбірейді мəңгі байрақ.

Жерімде ел ырысы тасып жатыр,

Атағы шет елдерге асып жатыр.

Атырап арайлы таң, шұғылалы күн,

Шуағын бейбіт елге шашып жатыр.

                   Тəуелсіз егеменді бейбіт заман,

                   Елімде аталарым болшы аман.

                   Тілеймін ұзақ өмір ардагерлер,

                   Бақытты отбасылық өмір саған.

Төлеутай ҚҰТЖАНҚЫЗЫ.

еңбек ардагері, «Октябрь Революциясы» жəне 

«Құрмет Белгісі» ордендері мен «Күміс алқа» 

төсбелгісінің иегері жəне бірнеше медальдар 

мен республикалық, облыстық Құрмет 

Грамоталарымен, Елбасының Алғыс Хатымен 

марапатталған зейнеткер.

Ақын ана жырлайды



АНАЛАР 

МЕРЕКЕСІНЕ

3

amangeldy-arai@

mail.ru

6 наурыз 2015 жыл

№ 9  (7651)

            Гүлдерай    бүгін  күндегісінен  ертерек  оянды.  Ояна  салысымен 

ұшып тұрып, терезеден далаға қарады. Дала тып-тынық, үп еткен  жел 

жоқ. Айнала кешегі жауған ақ ұлпа қарға малынып, түннің аязынан  

шымырлана түсіп,  жылт-жылт етіп, көз қариды.

        Кенет  жүрек  тұсы  тағы  да  шым  ете  түсті.  Дəрісін  ішіп  алды  да 

төсегіне қайта қисайды. «Ой Аллам-ай,  мына жүрек тағыда  сыр бере 

бастады ма?» деп күбірледі де көзін жұмды.  Сəл уақыт өткенде  қайта 

тұрып, сағатына қарады, сағат тілі 11-ді көрсетіп тұр екен. Гүлдерай  

жуынып-шайынып, газды тұтатып шай қойды, теледидарды қосты. 

      Гүлдерайдың бұл күндегі əдеті. Əке-шешесі қайтқаннан кейін  жал-

ғыз қалды. Гүлдерай  үйдің үлкені əрі жалғыз қызы болды. Соңынан 

ерген төрт інісі бəрі де үйлі-баранды болып,  қызмет бабымен  əр жақта 

тұрып жатыр. Үйдің үлкені, жалғыз қыз болса да қара шаңыраққа ие 

болып қалып қойды. Оның да себептері бар. Гүлдерай жоғарғы оку 

орнын  бітіргеннен  кейін  туып-өскен  ауданындағы  мектепке  мұғалім 

болып жұмысқа орналасты. Екі беті алмадай, көзі қарақаттай мөлдір, 

шашы  тобықтан  түсетін,  сəмбі    талдай    тұл  бойында  бір  міні  жоқ  

сұлу қыз  - Гүлдерайға ғашық болмаған жігіт кемде-кем еді. Амал не, 

Гүлдерай  ешкімді менсінбеді. Жұмысына тындырымды, өз ісінің ма-

маны ретінде  көзге көріне бастады. Сөйтіп, ол  аудандық əкімшілікке  

қызметке  шақырылды.  Қызмет  бабында  сатылап    өсе  берді.  Талай 

рет  аудандық,  облыстық    мəслихаттарға  депутат    болып  сайланды, 

қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласты.  Бітпейтін  іс-сапарлармен, 

жиналыстармен өмірі өте берді. Ауданның белсенділерінің біріне ай-

налды.  Бауырларын  оқытты.  Содан  кейін  əке-шешесіне  қарайлады. 

Сөйтіп  жылдардың  зымырап    қалай  өтіп  кеткенін  байқамады.  Енді 

міне,  қазіргі  таңда  зейнеткер.  Жападан-жалғыз  тұрып  жатыр.  Теле-

фонмен  бауырлары  хабарласып  тұрады.  Олар  да  шақырудан  кенде 

емес. Бірақ  ешкімге тəуелді болып үйренбеген Гүлдерайдың барғысы 

жок. 

      ...Өткен  өмірі    есіне  түссе  өкініштен  өзегі  өртенеді.  Қызметтің 



қызығымен  жүріп  ештеңе  ойламады.  Əсіресе  өзінің  ізінен  бір  елі 

қалмай  талай  жыл  ессіз  ғашық  болған    Бабырға  да  қарамады.  Ол 

жігіттің сұлтаны еді. Спортшы  болатын. Отырған жердің гүлі еді. Əн 

айтқанда    жұрттың  бəрін  ауызына  қарататын.  Гүлдерайдан  басқаны 

көзіне  де    ілмеді.  Не  керек,  сөйтіп  жүргенде  кенеттен  кісі  қолынан 

қаза  тапты.  Бұл  қаза  Гүлдерайға  қатты  батты.  Енді  Гүлдерай  сол 

дүниеден  өтіп  кеткен  Бабырға  ғашық  болды,  Бабырды  сүйетінін 

білді. Жүрегі сыздап, күннен-күнге Бабырға деген махаббаты артып,  

сағынышы  үдей  түсті.  Оның  махаббатына  махаббатпен  жауап  бере 

алмағанына өзін кінəлаумен болды. Көз алдынан Бабырдың өзіне де-

ген сүйіспеншілікпен айтқан  сөздері,  қияпатты жүзі кетпей қойды.

Оған бір ауыз жылы сөз қайтара  алмағанына  қатты өкінді. Бұл өкініш 

жылдар бойы өзегін өртеді. Бірақ бəрі кеш еді...

      Бабыр    біреудің  жалғыз  ұлы  болатын.  Артында    əке-шешесі 

аңырап қалды. Жалғыз ұлының қызығын көре алмады. Артында ізін 

жалғастыратын  тұяқ  та  қалмады.  Бабырдың  бар  өмірі  Гүлдерайдың 

артынан жүгірумен өтті. Өмір-ай десеңізші...

      Гүлдерай оның əке-шешесіне де қарайласып тұрды.  Əке-шешесіне 

қалай  қараса,  оларға  да  солай  қамқорлық  танытты.  Қолында  билігі 

болған  соң  отын-суына,  қатты  қайырым  шаруасын    қолына    алды. 

Бабырдың  əке-шешесі  біраз  жылдар  бойы    жалғыз  ұлының  қазасын 

көтере алмай, бірінен кейін бірі бұл дүниеден өтіп кетті

     Жылдар жылжып өтіп жатты. Гүлдерай тұрмыс құрмады. Ешкімді 

көңілі  қаламады.  Қызметі  ғана  жанына  серік  болды.  Зейнеткерлік 

жастың да қалай келіп жеткенін аңғармай да қалды. Бірқалыпты тірлік 

кешіп,  жалғыз  тұрып  жатыр.  Анасы  Гүлдерайдың  алдағы  өміріне 

қатты алаңдайтын: «Қарағым, бетіңңің қызылы, етіңнің қызуы барда, 

тұрмысқа шық! Қызмет саған  жолдас болмайды. Біз болсақ қартайып 

келеміз. Інілеріңнің  өз өмірлері, өз қызығы  бар» деп жиі айтатын. 

Бірақ    Гүлдерай  тұрмыс  құра  алмады.  Неге  екенін  өзі  де  білмейді. 

Сөйлескен адамдарға  «жок» деп жауап берді. Бұдан кейін оны ешкім 

де мазалаған жоқ.

      Гүлдерайдың  көзінен  жас  парлап  кетті. «Қалайша,  қалайша 

мен...» деп күбірлей берді. Өзегін өртеген өксік тамағына тығылып, 

айқайлап тұрып  жылады. Кайта-кайта жастықты ұрғылады.  Бір кез-

де  шəйнектің  ысқырған дауысын естіп, есін жиды. Жылағандікі ме,  

біраз жеңілдеп қалыпты. Бір кезде  ұялы телефоны да  гуілдей жөнелді. 

Қарап еді  «кіші інісі Санжардың туған күнін белгілеп койған. Соған  

дабыл  беріліп  жатыр  екен.  «Кой,  шайымды  ішіп  алған  соң,  ертең  

Санжардың туған күніне барып қайтайын» деп ас үйге беттеді.

      Гүлдерай  тез жиналып, жолға шықты. Автобустан түсе салысы-

мен Астана поезына билет алды. Поезд жүруге  екі сағаттай уақыт бар 

екен, сыйлық алайын деп  дүкендер аралады. Кішкене іні-сіңілілеріне 

де  ойыншықтар алды. Келіні Майраны да ұмытпады. Сөйтіп сумка-

сын толтырып, поезға жайғасты.

     Поездан түсе салысымен таксиге отырып Санжардың үйіне келді. 

Есіктің қоңырауын басты. Ар жағынан  «Кім-əй»  деген зілді дауыс 

естіді. Ақырын ғана  «Гүлераймын ғой» деп еді, есік сырт етіп  ашыл-

ды. Келіні Майра екен. Көңілсіздеу амандасты да,  ас үйге кіріп кетті.  

Арғы жақтан кішкентай Бану мен  Бахтияр  жүгіріп шықты. Күн де-

малыс болғандықтан Санжар үйде екен. «Келетініңді неге айтпадың, 

машинамен  күтіп  алатын  едік  қой»  деп  жатыр. «Əбігерленбесін 

дегенім гой» деп Гүлдерай  «туған күніңмен» деп Санжардың бетінен 

сүйді. Екі кішкентайдың да  бетінен сүйді, аяғын шешіп  төрге өзды. 

Жайғасып  болған  соң  сумкасынан  Санжарға  алған  сыйлығын  берді. 

Бану  мен  Бахтияр  да  ойыншықтарын  алып,  тəттіге    қарқ  болды.

Соларға қарап, көңілі жайланып, Майраның сыйлығын беруге ас үйге 

беттеді.  Майра  ас  үйде    кешкі    қонақтарға  дайындық  үстінде  екен.

Қолы тимей жатқан сыңай көрсетіп Гүлдерайға «рахмет» деп аузын 

жыбырлатты. Гүлдерайдың манағы алып-ұшып келген көңілі су сеп-

кендей болды.  Ішінен «Майраға не болды екен» деумен болды

     Шай əзірлеп койған екен, барлығы оны бірге отырып ішті. Сан-

жар  ауылдың  жаңалығын  сұрады. «Қашаңғы  ауылда  жалғыз  тұра 

бермексің, қалаға кел. Жұмыс та тауып қойдым. Мұнда ішің пыспай-

ды» деді Санжар. Осыны айтқаны сол екен Майраның түрі сұрланып 

сала  берді.  Келінінің  неге  ренжіп  жүргенін  Гүлдерай  енді  түсінді. 

«Жоқ ауылда тұра беремін ғой. Қалада не істеймін, ауылда мені бəрі 

таниды, сыйлайды», - деді.

    Санжар «Ойланарсың» деді де тұрып кетті. Майра да Гүлдерайдың 

сөзінен  кейін  жүзі  жадырап  сала  берді.  Гүлдерайдың  асты-үстіне 

түсіп, «шай ішіңіз» деп жалпақтап қалды. 

СЕЗІМ СЫРЫ

Екі жақта жүрміз ғой амал қанша, 

Өмірде қосылмаған адам қанша?

Өзің деп жыр жазамын күні-түні, 

Жүрегім сағыныштан жарылғанша.

Жібектен сұлу бейнең айнымаған, 

Дəл сендей ару қызды қайдан табам.

Жүрегім жылап, өксіп  тұрсадағы,  

Сыйладың ұлы сезім айнам, маған. 

Өтсемде тұтқыны боп махаббаттың,

Демеймін сені ойлап мұңға баттым.

Үзуге қалай қиям тұрғаныңда,

Құлпырып гүліндей боп Иран бақтың.

Сүйем деп сүйе алмадың кеттің қалқам, 

Алдамшы сезім екен сертің жалған.

Айырылып, жолымыз екі жаққа,

Махаббатты аяусыз еттің талқан.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет