Г.ЖҰМАДІЛДƏҚЫЗЫ
Ауданымызда қиын мамандық
саласында жұмыс істеп, еңбегімен
танылып келе жатқан қыз-
келіншектер аз емес. Солардың
бірі - Айгүл Боранбайқызы Сей-
дахметова. Ол Торғай қаласында
туған.
Сондағы
Н.Г.Иванов
атындағы орыс орта мектебіне
1991 жылы барып, оны 2002
жылы тəмəмдаған.
Əкесі Боранбай Досұлы Сей-
дахметов Торғайдың тумасы.
Анасы – Əсия Нұрханқызы Ахме-
това Ресейдің Орынбор облысы,
Новоорск ауданы, Бодамшы село-
сында туған. Екеуі де қарапайым
қызметкерлер. Айгүл олардың
тұңғышы. Одан кейін екі ұл жəне
бір қыз бар.
Айгүл орта мектепті бітірген
соң Арқалық қаласындағы эко-
номика жəне құқық колледжіне
құқықтану мамандығы бойын-
ша оқуға түскен. Осы оқу орнын
аяқтаған соң Жанкелдин ауданына
барып, аудандық прокуратурада
кеңсе маманы қызметін атқарды.
2006-2009 жылдар аралығында
Қостанай
қаласындағы
Əлеуметтік-техникалық
Уни-
верситетке оқуға түсіп, жоғары
заңгер маандығын алып шықты.
2010 жылдың сəуір айынан бастап
қазіргі уақытқа дейін аудандық
төтенше жағдайлар бөлімінде аға
инженер қызметін абыроймен
атқарып келеді. Айгүл жұмыс
МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ
істей жүріп Қайрат Таупиықұлы
Файзуллин деген амангелділік
азаматпен
тұрмыс
құрған.
Қазір Елхан жəне Əмірхан атты
ұлдары бар. Елхан 2012 жылы, \
ал Əмірхан 2013 жылы туған.
Екеуі де аудан орталығындағы
«Балдырған» балабақшасына ба-
рып жүр.
Айгүл - ісіне мығым, табан-
ды, өзінің ыждағаттылығының
арқасында бəріне үлгіріп отыр.
Маман да болды, ана да бол-
ды. Қызметінде жақсы атқарып
келеді. Ол ауданымыздың бет-
ке ұстайтын майталман маман
қыздарының бірі. Ол туралы
аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің басшылығы жақсы
пікірде. Өрт сөндіру саласында
қызмет істеу - қыз бала үшін оңай
шаруа емес. Бірақ, Айгүл сол
қиындыққа төзіп, белсенді жұмыс
жасап жүр. Өрт қауіпсіздігі тура-
лы аудандық газет бетінде оның
мақалалары жиі жарияланады.
Оның мақсаты - ауданда адамдарға
орын толмас зиян əкелетін өртті
болдырмау. Соның ішінде газет-
ке мақала жазумен қатар бірқатар
мектептер мен мекемелерде бо-
лып,
тұрғындарға,
балаларға
өрт
қауіпсіздігі
шараларын
сақтау туралы айтады. Оның бұл
əңгімелері аудан тұрғындарының
көңілінен шығуда.
Айгүл Боранбайқызы - жас
маман, ол қызметте өзін тек
қана жақсы жағынан көрсетті.
Халықаралық
əйелдер
күні
мерекесі қарсаңында ол 31
жасқа толғалы отыр. Бұл оның
орда бұзатын жасы. Айгүлдің
болашағынан көп үміт күтуге
болады. Барлық жағынан да
тиянақты.
Өз тілшіміз.
Суретте: аудандық төтенше
жағдайлар бөлімінің аға
инженері, өртке қарсы қызмет
капитаны Айгүл Боранбайқызы
СЕЙДАХМЕТОВА.
Спорт саңлақтары
ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖҮЛДЕГЕРЛЕР!
Бәрекелді
МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ
ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ
Жақында Қостанай қаласында облыстық жас музыканттардың
білім сайысы болып өтті. Сайысқа біздің ауданымыздан музыка
мектебінің оқушылары қатысып қайттты. Облысымыздың барлық му-
зыка мектептерінің өнерпаздары қатысқан бұл сайыс өте тартысты өтті.
Біздің ауданымыздан барған музыка мектебінің (директоры К.Ахметов)
оқушылары жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Нəтижесінде қобыз аспа-
бы бойынша Аружан Мұратова, Мереке Ағыбаева 3-ші орындарды
(жетекшілері С.Шəйкемелова, М.Айдарова) иеленді. Прима аспабы бой-
ынша Жансырым Əліпбекова 3-ші орынды (жетекшісі Н.Төлегенова) ие-
ленсе, домбыра аспабы бойынша 2-ші жүлдеді орынды Асқар Əлімжан
(жетекшісі А.Нұрманбетова), 3-ші орынды Ақерке Сəлімжан (жетекшісі
С.Қаржауова) жеңіп алды. Оқушылар ансамблі сайысынан біздің
ауданның оқушылары озық шығып, жүлделі 3-ші орынды (жетекшісі
М.Əлім) иеленіп қайтты.
- Бұл сайыста біздің оқушыларымыз жақсы өнер көрсетті. Жыл бойы
дайындалдық. Алайда, аязды күндері сабақ болмады. Соның əсері
көп болды. Бірақ, барлық номинация бойынша жүлделі орындарға ие
болдық. Бұл музыка мектебінің көптен бері жеткізген жетістігі болып
отыр. Балалар жарады. Ұстаздардың еңбегі де жанды. Сайыс 40-шы рет
өткізіліп отыр. Калалар бойынша Қостанай, Арқалық, Рудный, Лисаков,
Жітіқара, аудандар бойынша Амангелді, Жангелді, Əулиеккөл, Сарыкөл,
Қостанай, Федоров, Қарабалық аудандарының музыка мектептерінің
оқушылары қатысты. Оркестр мен ансамбльді қоспағанда, қазақ аспап-
тары номинациясы бойынша 46 өнерпаз оқушылар өзара бақ сына-
сты, жəне біздің оқушыларымыз биіктен көріне білді. Бұл жетістікпен
шектеліп қалмай келесі жылы 1-ші орындарды алуға дайындық жасай
береміз. Біздің ауданда талантты балаларымыз көп, ұстаздардың да
біліктілігі жоғары, - дейді музыка мектебінің директоры К.Ахметов.
Г.МАМАНҚОЖА.
Суретте: жас өнерпаздар.