ә) Тақырып мазмұнындағы қателіктер мен кемшіліктер.
Тақырыптың мазмұнындағы жоғарыда көрсетілген оқушылар
үшін аса қажетті деректер келтірілгендігі туралы айта отырып,
сонымен бірге біз осы параграфтың мазмұнында көптеген қателіктер
мен кемшіліктердің бар екендігіне тарихшы мұғалімдердің назарын
аударғымыз келеді. Бірінші басты қателік - 11-параграфтағы
тақырыптың аты: ол былай деп аталады “1836-1838-жылдардағы
Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі”. Осы тақырыптың
мазмұнымен танысқаннан кейін шын мәнінде көтерілістің екі аймақта
1836-1837-жылдары Бөкей ордасында және 1838-жылдың алғашқы 6
айында Кіші жүздің батыс бөлігінде болғандығын анық байқауға
болады. Өкінішке орай, біздің тарихшы ғалымдарымыздың әлі күнге
дейін бұл көтерілістің жылдарын дұрыс көрсеткенімен, оның аумағын
Бөкей ордасындағы деп негізсіз тарылтып жүргенін айтпай кетуге
болмайды.
Оқулықтағы әрбір тақырып оның мазмұнын дәл білдіруі керек,
ал жоғарыда көрсетілген тақырыптың атынан көтеріліс тек қана
Бөкей ордасында болған екен деген пікір туады. Сонда Патша
үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қазіргі Ақтөбе,
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары аймақтарын
қамтитын 3000-нан астам адам қатынасқан Исатай-Махамбет
батырлар бастаған 1838-жылдың алғашқы 6 айындағы халық-азаттық
көтерілісті қайда жібереміз? Олай болса оқушыларға, тіпті
мұғалімдерге түсініксіздік тудырып тұрған тақырыптағы ”Бөкей
ордасындағы”
деген
тіркесті
болашақта
оқулықтың
жаңа
басылымында алып тастаған жөн болады.
Реті келіп тұрғанда айта кетейік, осы 11-параграфтың
тақырыбының аты туралы біздің ұсынысымыз мынадай: “1836-1838-
жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған
халық-азаттық көтеріліс”. Тақырыптың өзінен өтілетін сабақтың
бүкіл мазмұны көрініп тұр. Мұнда көтеріліс болған жылдар да,
көтерілістің басшылары да және көтерілістің сипаты да көрсетілген.
Бұл жерде көтерілістің болған аумағы – Ішкі Орда мен Кіші жүздің
батыс бөлігі әдейі көрсетілмей отыр. Себебі, оның бәрін кірістірсек,
тақырып өте шұбалаңқы болып оқушылардың есте ұстауына
қиындық келтірген болар еді.
28
Тақырыптың мазмұнындағы тағы бір өз орнын таппай түрған
нәрсе -91-беттегі көтерілістің 3 кезеңге бөлінуі және оның 1-кезеңінің
тақырыптан тыс тұрғаны. Қарапайым ақылға салсақ, көтерілістің
кезеңдері сол оқиға болған жылдардың ішінде (бұл жерде 1836-1838-
жылдар аралығында) болуы керск. Ал, оқулықта көтерілістің 1-кезені
1833-1836-жылдарды, П-кезең –1837-жылды III кезең 1838-жылдын
12-шілдесіне дейінгі аралықты қамтиды. Осы жерде алдымен
байқайтынымыз - параграфтың тақырыбы мен көтерілістің
кезеңдерінің арасындағы сәйкессіздік. Дәлірек айтқанда I-кезеңнің
такырыптан яғни 1836-жылдан тыс тұрғаны. Екіншіден, тақырыппен
салыстырғанда көтерілістің III кезеңін де Бөкей ордасында болған
екен деген түсініктің калыптасу мүмкіндігі. Ал, тақырыптың
мазмұнымен танысқанда, Ш кезеңде көтерілістің Кіші жүздің батыс
бөлігінде болғандығын байқау киын емес. Сондықтан да мұғалім III
кезеңде көтеріліс Бөкей ордасында емес, Кіші жүздің батыс бөлігінде
болғандығын оқушыларға мұкият түсіндіруі керек. Оған қоса
оқулықта көрсетілгендей, ІІІ кезең көтерілісшілер күшінің әлсіреп,
жеңілу кезеңі, - деген пікірмен келісу қиын. Бұл жерде “Қазақстан
тарихының” ІІІ томында атап көрсетілгендей, көтерілістің ІІІ кезеңі
жаңа шайқастарға әзірлік барысында көтерілісшілердің күштерін
қайта топтастыру кезеңі деп көрсетілгенінің шындыққа жақын
екендігін айтқанымыз дұрыс болады. Ал, жалпы алғанда,
оқушылардың түсінігіне осыншама қиындық келтіріп тұрған
көтеріліс кезеңдерін 8-ші сынып оқулығына кірістірудің кажеттілігі
де болмас. Біздің пікірімізше, бұл кезеңдерді алып тастағаннан
тақырыптың мазмұнына да, окушылардың біліміне де ешқандай
нұқсан келмек емес.
2004-жылы "Мектеп" баспасынан 8-ші сыныпқа арналған
"Қазақстан тарихы" оқулығында "Исатай Тайманұлы бастаған
көтеріліс (1836-1838 жылдар)" деп аталатын оқулық карта берілген.
Картаның авторы белгісіз. Өкінішке орай, бұл картада да кемшіліктер
өте көп. Тарихшы мұғалімдер үшін біз сол кемшіліктердің басты-
бастыларын ғана атап көрсеткіміз келеді.
1.Автор картаның тақырыбын “Исатай Тайманұлы мен
Махамбет
Өтемісұлы
бастаған
көтеріліс”демей,көтеріліс
басшыларының біреуін негізсіз қысқартқан.Автор бұл жерде
академиялық “Қазақстан тарихының” 3 томында және басқа да
29
оқулықтарда көтеріліс басшылары ретінде Исатай мен Махамбет
батырлардың бірге аталатындығын ескермеген.
2. Исатай мен Махамбет бастаған топтың 1837-жылдың 13-ші
желтоқсанында таңда Сарайшықтың жоғарғы жағында Жайық
өзенінен Азия бетке өткеннен кейінгі жүрген жолдары керісінше
көрсетілген. Шындығында, олар алдымен Қарабау, Тайсойған
құмдарына қарай бет алды, Барлыбай моласына жетіп, одан
оңтүстікке - Иманқара, Желтауға карай ойысқан.
3.Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлының қаза тапқан жері деп
Жайық өзенінің батыс (Европа) жағы белгіленген.Шындығында
,Исатай Тайманұлы 1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ өзенінің маңында
болған шайқаста қаза тапты емес пе? Махамбеттің өлген жері деп
Жем өзенінің төменгі құйылысы көрсетілген.Көтерілістің 2-ші
басшысы, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының қаза тапқан жері
кәзіргі Индердің шығыс жағындағы Қарой емес пе?Жылма-жыл
қаншама адамдар Махамбет кесенесіне- Қаройға барады.Мұны
картаны дайындаушы автор білмейтін сияқты.
4. Картада граф Безбородконың орнына князь Безбородко,
князь Юсуповтың орнына граф Юсупов деп қате көрсетілген.
5. Картада 1838-жылдың шілде айының бас кезінде Орынбордан
шыққан полковник Геке баскарған зеңбіректермен қаруланған үлкен
жазалаушы отрядтың жолы толық көрсетілмеген.Керісінше, одан
маңызы әлдеқайда төмен Жоламан Тіленшіұлы басқарған
көтерілісшілерді талқандауға жіберілген атаман Падуров басқарған
жазалаушы әскердің жорық жолы үлкен штрихпен және қате
көрсетілген.Себебі,Жоламан Тіленшіұлы отряды Елек өзенінің
маңайында
болып,
кейін
Кенесары
Қасымұлы
бастаған
көтерілісшілерге қосылған.
6. Картаның Азия бетін қараған оқушы Исатай, Махамбет
батырлардың басшылығымен 1838-жылдың бірінші жартысында Кіші
жүздің батыс бөлігінде 3 мың адам қатынасқан көтеріліс мүлде
болмағандай әсерде қалады. Картаның тақырыбында көтерілістің
жылдары дұрыс көрсетілгенмен, картадағы белгілерге қарап, оқушы
көтеріліс тек Бөкей ордасында ғана болған екен деген жаңсақ пікірге
келуі мүмкін. Сондықтан, болашақта оқушылардың осы тақырыпты
терең меңгеруіне көмектеспейтін, қателігі көп бұл картаны оқулықтан
алып тастаған дұрыс болады деген пікірдеміз.
30
89-беттегі 4-абзац "Бөкей Нұралыұлы (1804-1845ж.ж) Кіші
жүздің белді сұлтандарынын бірі" деген сөйлеммен басталады. Осы
сөйлемдегі жақша ішіндегі жылдардың Бөкей Нұралыұлына еш
қатысы
жоқ
екендігін айтқымыз келеді. Бөкейдің хан болып бекітілген жылы -
1812,
ал
өлген жылы 1815-жыл. Сондықтан да тарихшы мұғалімдер бұл
жылдарға
ешқандай да көңіл аудармауы керек.
89-беттегі тағы бір кемшілік - Бөкейхан мен оның мұрагері
Жәңгірхан арасындағы сабақтастықтың жоқтығы. Оқулықта "Жәңгір
жас кезінен білімге құштарльіғын байқатты" делініп, одан әрі оның
кызметіне сипаттама беріледі. Ал 8-сыныптың оқушылары болса
бұған дейін Жәңгірдің кім екендігінен хабардар болған емес. Олай
болса, бұл жерде Жәңгірдің Бөкейханның баласы екендігі, Бөкейхан
қайтыс болар алдында хандық билікті Жәңгірге мұра етіп қалдырғаны
туралы оқушыларға нақты түсінік берілуі керек.
Басқа да қателіктер туралы айтатын болсақ, 98-бетте мынадай
сөйлем бар: "Олардың ішінде Исатайдың ұлдары Досмұханбет,
Дінбаян, батырдың жұбайы, М.Өтемісұлының інісі Сүлеймен, тағы 12
адам Орал қаласындағы түрмеге жіберілді". Бұл жерде тарихшы
мұғалімдер ескеретін жай: Исатай Тайманұлының ұлы Досмұханбет
ешуақытта жау қолына түспеген, ал батырдың жұбайының аты -
Несібелі. Әңгіме Исатай батырдың отбасы туралы болып
отырғандықтан оған толығырак тоқталайық: Исатайдың Жақия, Ақай,
Оспан, Досмағанбет, Дінбаян, Әлпияр атты ұлдары және Дүлзада
деген қызы болған. Ақай мен оның шешесі Мылқым 1837-жылы
қараша айында оққа ұшқан. Ал Жақия мен Дінбаян 1837-жылғы
желтоқсан айында Кіші жүзде жау қолына түскен. (Оқулықта
Жақияның орнына Досмұханбет деп қате көрсетілген). Оспан 1838-
жылы 12-шілдеде әкесімен бірге каза тапқан. Олардың зираттары
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы аумағында.
Осы автордың орыс мектептерінің 8-сыныбына арналған
"Қазақстан тарихы" оқулығында да жоғарыда көрсетілген қателіктер
бар. Атап айтқанда, жау колына түскен Исатай батырдың баласы
Досмұханбет деп көрсетілген. Тарихшы мұғалімдер осы тақырыпты
өткен кезде бұл қателіктерді түзетулері керек.
31
б) Тақырыпқа байланысты көрнекі құралдар мен деректі
фильмдер.
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған халық-азаттық
көтеріліс тарихына байланысты мектеп оқушыларына арналған
көрнекі құралдар көп емес. 2004-жылы "Мектеп" баспасынан шыққан
8-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" окулығына енгізілген.
"И.Тайманұлы бастаған ұлт-азаттык көтеріліс (1836-1838)" деп
аталатын картада көптеген қателіктер мен кемшіліктердің бар екені
жоғарыда айтылды.Осы жерде Алматы қаласынан 2005 жылы Бас
редактор Е.Ж.Жұмақановтың басшылығымен шыққан “19 ғасырдағы
Қазақстан тарихы” деп аталатын Атлас туралы да айтпай кетуге
болмайды.Біз 8 сынып оқушылары үшін бұл Атластың қажеттілігі өте
зор екендігіне тарихшы мұғалімдерінің назарын аудағымыз келеді.
Осы Атластың 5-ші бетінде “Исатай Тайманұлы бастаған
көтеріліс
(1836-1838ж)”деген
атпен
көтеріліс
картасы
берілген.Біздіңше, жоғарыда көрсетілген 8 сынып оқулығындағы
карта мен осы Атластағы картаны жасаушы бір автор болуы
мүмкін.Өйткені, оқулықтағы картада біз көрсеткен қателік осы
картада да қайталанып тұр.
Картадағы бізге түсіксіз бір жай-картаның тақырыбы “Исатай
Тайманұлы бастаған көтеріліс” деп атала тұра,картаға Махамбет
Өтемісұлының суретінің орналастырылуы.Біздің пікірімізше, бұл
жерде көтерілістің 2 басшысының да суреттері тұрғаны (не мүлдем
тұрмағаны) дұрыс болар еді.
Сонымен бірге ,қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, ақиық
ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына орай
суретшілердің
альбомдары
шығарылғандығын
мұғалімдердін
назарына бергіміз келеді.
Жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық
мерейтойын өткізу барысында баспасөз бетінде осы көтеріліске
байланысты көптеген материалдар жарияланды. Одан басқа 2002-
жылы Алматы қаласындағы "Дайк-Пресс" баспасы шығарған
"Букеевский Орде - 200 лет" деп аталатын материалдар мен құжаттар
жинағын, "Өлке" баспасы 2003-2004 жылдары шығарған 20-томдық
"Махамбет кітапханасын", "Арыс" баспасы 2003-2004 жылдары
шығарған 20-томдык "Махамбет әлемі" атты ғылыми зерттеулер мен
құжаттар жинағын айтуға болады. Тарихшы мұғалімдер осы
32
жинақтардан көтеріліске байланысты құжаттармен оқушыларды
таныстыра алады.
Осы такырыпты оқыту барысында мұғалімдер көтеріліске
байланысты шығарылған деректі фильмдерді пайдалана алады.
Мысалға, Махамбеттің көтерілісті ұйымдастырушы ретіндегі рөлін,
оның қазақ шаруаларын азаттык күреске шақырған жалынды
өлеңдерін
көрсететін
Ә.Ламашевтың
"Махамбеттің
ізімен",
Ж.Жетіруовтың
"Махамбет"
атты
деректі
фильмдерді,
И.Тайманұлының көтерілістің көсемі, халық мұңын жоқтаушы
қайраткер екенін көрсететін 1992-жылы "Қазақфилъм" киностудиясы
шығарған "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!" атты деректі фильмді
айтуға болады. Бұл фильмде архив деректері, зерттеушілер
Н.Савичев, Сербаринов, А.Рязанов, В.Шахматов, И.Кенжалиев
еңбектерінен үзінділер келтірілген. Қазіргі зерттеушілер академик
3.Қабдолов, Әль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттык университетінің
доценті
Н.Көшекбаев,
X.Досмұхамедрв
атындағы
Атырау
мемлекеттік университетінің доценті А.Шамғонов, жазушы, ҚР
Мемлекеттік сыйлығының иегері Ә.Сарайдың түсіндірмелері, Исатай
батырдың ұрпақтары Құрмет Шамахов пен Құрман Таңқашевтердің
әңгімелері өте қызықты-ақ. Бұл деректі фильмде Исатай, Махамбет
батырлардың жортқан жолдарына шолулар жасалып, қазіргі ұрпақ
өткен тарихтың беттерімен жан-жакты таныстырылады. Қорыта
айтқанда, бұл фильмдердің оқушылардың осы тақырыпты терең
түсінуіне қосар үлесі мол.
Сонымен бірге, тарихшы мұғалімдер бұл тақырыпты оқыту
барысында қолыңыздағы еңбектің авторы дайындаған "Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттык
көтеріліс (1836-1838 жылдар)" атты картаны пайдаланғаны дұрыс
болар еді. Бұл картаны дайындаудағы негізгі мақсат - оқушылардың
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық
көтеріліс тарихын терең меңгеруіне көмектесу болып табылады.
Сызба карта жасалмас бұрын осы көтеріліске қатысты көптеген
әдебиеттер окылды. Сызба картаға алдымен Ішкі ордадағы Бөкейхан
алғаш қоныс еткен Жалтыр көлі және Жанбай орналастырылды.
1836-жылы наурыз айында көтерілістің алғашкы қақтығысы болған
Манаш, одан әрі Бекетай, Жаманқұм, Теректіқұм, Мыңтөбе,
Найзашағыл сияқты құмдар, Хан ордасы, 1837-жылы 15-қарашада
Геке бастаған патша өкіметі әскерлерімен көтерілісшілер арасындағы
33
шешуші шайқас болған Тастөбе және басқа да жерлер мен көптеген
қайраткерлердің (Жәңгірхан, Исатай, Махамбет, Дәулеткерей,
Қүрманғазы) туған, кайтыс болған жерлері де сызба картада орнын
тапты. Бұл тұста атап өтетін бір жай, кезінде Е.Бекмаханов пен
Л.Бекмаханованың "Қазақ ССР тарихы" оқулығына енгізілген "Бөкей
ордасында 1836-1837-жылдары болған көтеріліс" картасына жаңадан
30-дан аса толықтырулар енгізілді.
Ішкі ордада көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін И.Тайманұлы мен
М.Өтемісұлы бастаған шағын отряд 1837-жылы 13-желтоқсан күні
таңда Жайык өзенінен Азия бетке - Кіші жүзге өткен кезден бастап,
көтерілісшілер жолын көрсету оңай болмағандығын айтқым келеді.
Бұл тұста тек архивтік деректер мен зерттеушілердің еңбектері ғана
негізге алынды. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы батырлар өздерінің
зор ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде, 6 айға жетпейтін
уакыт ішінде Кіші жүзді аралап, қол астына 3 мыңнан аса сарбаз
жинаған. Осыншама адамның көтерілісшілер құрамына қосылуының
басты себебі, олардың патша өкіметінің отаршылдық саясатына
қарсылығы және сол саясатты жүзеге асырып отырған Кіші жүздің
батыс бөлігінің баскарушы сұлтаны Баймағамбет Айшуақовқа деген
наразылығы болатын. Сызба картада И.Тайманұлы мен Қ.Есімов
бастаған көтерілісшілер жүріп өткен жорық жолдары көрсетілген.
Көрнекі құралмен танысу барысында оқушылар, бұл
көтерілістің негізгі ошақтары Қазақстанның бүкіл батыс өңірін,
қазіргі әкімшілік бөлумен айтқанда Батыс Қазақстан, Атырау,
Ақтөбе, Маңғыстау облыстарын камтығандығын көреді. Тарихшы
мұғалімдер сызба картадағы Манаш, Бекетай құмы, Жиделі, Орда,
Тастөбе (қазір Тасоба деп аталады -автор), Тайсойған, Желтау,
Доңызтау, Иманқара, Оймауыт, Ақбұлақ және басқа да көптеген
жерлердің
халқымыздың
отаршылдыкқа
қарсы
күресінде
әркайсысының өзіндік орны бар екендігіне оқушылардың назарын
аударуы қажет деп есептейміз. Олай болса, бұл еңбектің жас ұрпақты
патриоттык, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуге де үлкен көмегі бар.
Республикамыздын Білім және ғылым министрлігі бұл картаны
2004-2005-оқу жылъшан бастап негізгі және орта мектептерде,
лицейлер мен гимназияларда, арнаулы орта және жоғарғы оку
орындарында "Қазақстан тарихы" пәні бойынша көрнекі құрал
ретінде пайдалану туралы шешім қабылдады. Облыстык Білім
34
Департаменттері тапсырыс беру арқылы бұл картаны кез-келген
уақытта "Мектеп" баспасынан шығартып ала алады.
Міне, жоғарыда айтылған деректі фильмдер мен көрнекі
құралдар, сайып келгенде, окушылардың осы тақырыпқа байланысты
қазіргі кезеңмен ұштастырылған, кең ауқымды түсінік алуына және
олардың патриоттық рухта тәрбиеленуіне колайлы жағдай жасайды.
в) Тақырыпка байланысты танымдық материалдар.
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ (1791-1838) - 1836-1838-ж. Бөкей
(Ішкі) Ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған ұлт-азаттық
көтерілістің басшысы. Тегі Беріш Ағатай батырдың төртінші ұрпағы.
Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы аумағындағы Тайман
жалы деген жерде дүниеге келген. 1808-жылдың 18-желтоқсан күні
Бақсай бекінісі түсынан Жайық өзенінен өтіп, Бөкей ханның кол
астына көшіп барған. Исатайдың парасаттылығын, ел басқару
қабілетін, халық арасындағы беделін байқаған хан Бөкей 1812-жылы
21 жасар Исатайды Беріш руына старшын етіп тағайындап, Каспий
теңізінің солтүстік жағалауындағы шұрайлы бес аралды - Қарақамыс,
Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын (Бұл аралдардың
сілемдері қәзіргі Атырау облысы, Исатай ауданы аумағында -
автор) - қоныс етіп берген. Жасынан алымды, сөзге шешен,
бірбеткей, өжет, қара қылды қақ жаратын әділ Исатайды көре
алмаушылар көбейіп, ақыры солардың жаласынан ол 1818-1819-
жылдары Сарайшық, 1824-жылы Орынбор түрмелеріне жабылады,
бірақ тағылған кінәлар дәлелденбей, босатылады. Ханнан, сұлтандар
мен билерден, Қарауылқожа Бабажановтан жәбір көрген қарапайым
халық Исатайдың маңына жинала бастайды. 1833-жылы Жәңгір хан
осыған дейін Исатай басқарып келген шөбі шүйгін, суы мол бес
аралды Қарауылқожаның билігіне беріп, Исатайды қарауындағы
елімен шаруашылыққа қолайсыз-суы аз, құм басқан Мыңтөбеге
аударады. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа
жасап отырған қысымшылығы туралы Исатай бастаған бір топ
старшындар
Орынбордағы
шекара
комиссиясына,
тіпті
губернатордың өзіне талай рет арыздар жазады. Бірақ одан ешқандай
қортынды шықпайды. Әртүрлі алым – салықтардан күйзелген,
жайылымнан айрылған, қазақ әскерлері мен жергілікті феодалдардың
екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолына
қару алып, көтеріліске шығады. Бұл – 1836 – 1837-жылдардағы Бөкей
хандығындағы немесе Ішкі ордадағы старшын Исатай Тайманұлы
35
басқарған халық-азаттық көтерілісі еді. 1836-жылы наурыз айында
Манаш деген жерде басталған көтеріліс 1837-жылдың жазында бүкіл
Бөкей хандығына тарады. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға
наразылардың бәрі Исатайдың маңайына жиналады. Келген жігіттер
атпен, азық-түлікпен, қару–жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша,
И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделген азаматтық және әскери
ұйымның басшысына айналады. Осы тұста сұлтан М.Шөкин ханға
“Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір
республика” деп жазған. 1837-жылдың қазан айының аяғына қарай
2000-дай сарбазбен Исатай хан ордасын қоршайды. Жәңгір хан
Орынбордан
әскери
көмек
сұрайды.
Генерал-губернатор
В.А.Перовский Ордаға подполковник Геке бастаған жазалаушы әскер
жібереді. Көтерілісшілер мен Геке бастаған әскер арасындағы
шешуші шайқас 1837-жылы 15-қарашада Тастөбе деген жерде
болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да ұрыстың
тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен
зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбір болады.
Осы ұрыста Исатайдың әйелі мен баласы Ақай қаза табады.
Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына оны тірідей
ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі, ал, “өлтірген адамға сол ақшаның
жартысы беріледі” деп жарияланады.
Ішкі ордада көтерілісті одан әрі жалғастырудың мүмкіндігі жоқ
екендігін түсінген И.Тайманұлы 1837-жылы 13-желтоқсан күні таңда
өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың көмегімен 37 адамды бастап,
Сарытоғай мен Жаманқала аралығында Жайықтың шығыс бетіне-
Кіші жүзге өтеді.
Кіші жүзге өткен И.Тайманұлы бастаған шағын топ ақын
М.Өтемісұлымен бірге бүкіл Кіші жүзді аралап, патша өкіметінің
отарлық саясатының және солардың қол шоқпары хандар мен
сұлтандардың халыққа жасап отырған озбырлығын шаруаларға
түсіндіріп, оларды қолдарына қару алып, өздерінің азаттығы үшін
күреске шығуға шақырады. Осы мақсатта ол сұлтан Қайыпқали
Есімовпен күш біріктірді. Исатай бастаған көтерілісшілерге батыр
Ж.Тіленшиев, би Ж.Құланов бастаған сарбаздар, жалпы алғанда
Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете т.б. рулардан 3000-дай
адам жиналады.
Исатай бастаған көтерілісшілердің Кіші жүзге қарай жақындап
келе жатқан Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық көтерілісіне
36
қосылып, үлкен соғысқа айналып кетуінен қауыптенген патша
өкіметі көтерілісті басу әрекетіне кіріседі. 1838-ж. шілде айының бас
кезінде Орынбор генерал-губернаторы полковник Геке басқарған
зеңбіректермен қаруланған әскерлерді Исатайларға қарсы
аттандырады. Сонымен бір мезгілде Горск қамалынан бір топ әскерді
бастап сұлтан Баймағанбет Айшуақов та шығады. 1838-ж. шілдеде
500 сарбазбен келе жатқан Исатайлар ойламаған жерде Ақбұлақ
өзеннің жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен
әскерімен кездесіп қалады. Әскери күші жағынан тең емес шайқаста
көтерілісшілер үлкен ерлік көрсетеді. Зеңбірек оғынан көп адам қаза
табады. Исатайдың атына оқ тиіп, ол жаяу соғысады. Ақыр соңында,
патша әскерлері Исатайдың басын шауып, өлтіреді. Осы ұрыста
Исатайдың Оспан атты ұлы да қаза табады. Исатай қаза тапқаннан
кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, ыдырап кетеді.
Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген
ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай, асқан қайсарлық көрсетіп, өз
жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана
“өлгенінше көпті соңына ерте алды” (Х.Досмұхамедов). “Тып-
тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев, - қап-қара
тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына от шашып,
жұртты таң қалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор
сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл – ойдың иесі, халық қамын
ойлаған қажырлы батыр - Исатай”.
Қазақ кедейлерінің көсемі И.Тайманұлы есімі – халықтың мәңгі
есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның
баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау
облысы, Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай
батырдың ескерткіші бар. Атырау қаласындағы орта мектепке және
көшеге, Жұмыскер селосындағы орта мектепке батырдың есімі
берілген. Батырдың туған жеріндегі “Тайман жалы” деп аталатын
орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың
мемориалдық мұражайы ашылды. 1991-жылғы қыркүйек айында
халық батыры И.Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика
көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ ССР Ғылым
Академиясының
ұйымдастыруымен
Алматы
және
Атырау
қалаларында
ғылыми-теориялық
конференциялар
өткізілді.
И.Тайманұлы
мен оның ұрпақтары
туралы “Қазақфильм”
37
киностудиясы “Мінгені Исатайдың Ақтабан - ай” атты деректі фильм
түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: |