Аманкелді Шамғонов



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата12.01.2017
өлшемі1,13 Mb.
#1709
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Аманкелді Шамғонов 
 
 
 
 
 
Исатай мен Махамбет батырлар  бастаған көтеріліс 
және оны мектептерде оқыту 
(қазақ және орыс тілдерінде) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Атырау, 2010 
 
 
Пікір жазғандар: 

 

Сейталиев Қ.Б. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Табылдиев Х.Б. - тарих ғылымдарының докторы, профессор 
 
 
 
 Аманкелді Шамғонов  
           Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс және оны мектептерде 
оқыту:  көмекші  оқу-әдістемелік  құрал.  –  Атырау:  Х.Досмұхамедов 
атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 2008 -105 бет 
 
 
 
 
Әдістемелік оқу құралында 1836-1838 жылдарда Исатай Тайманұлы мен 
Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  көтеріліс  және  осы  көтеріліс  тарихын  негізгі 
және  орта  мектептерде,  лицейлер  мен  гимназияларда  оқытудағы  әдістемелік 
мәселелер  сөз  болады.  Қамтылған  оқиғалар  негізінен  Қазақстаннның  батыс 
аймағында  болғандықтан,  бұл  еңбектің  оқушылар  мен  мұғалімдерден  басқа 
қалың жұртшылық  үшін де қызғылықты болары сөзсіз. 
 
 
 
Баспаға  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің 
оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған (хаттама №4, 14 наурыз 2007ж.) 
 
 
 
 

 

Кіріспе 
 
XIX  ғасыр    Қазақстан    тарихында    Ресей    империясының  
отаршылдық      озбырлығы    мен    жергілікті    феодалдардың  
үстемдігіне      қарсы    халық    көтерілістерінің    жиілігімен 
ерекшеленеді. Сол  халықтық  қозғалыстардың   бірі -   1836-1838 - 
жылдарда    Бөкей    ордасы    мен    Кіші    жүзді    қамтыған    Исатай  
Тайманұлы    мен    Махамбет    Өтемісұлы    бастаған    азаттық  
көтеріліс. 
      Қазақстан    Республикасы      тәуелсіздік    алғаннан      бергі 
жылдарда  осы    көтеріліс    тарихына    байланысты    көптеген   
ғылыми – зерттеу  еңбектері  жарық  көрді. Сол  жарияланымдарды   
зерделей    келе,  Исатай    мен    Махамбет    батырлар    бастаған  
көтеріліс  тарихына    байланысты    әлі    де      анықтай    түсетін   
мәселелердің    бар    екендігін    байқаймыз.  Солардың    бірі  – 
көтерілістің      кезеңдері    төңірегіндегі    мәселе.  Академиялық  
“Қазақстан  тарихының”  ІІІ- томында  көтеріліс  3  кезеңге бөлініп  
көрсетілген.  Тарих    ғылымдарының    докторы,  профессор 
Ж.Қасымбаевтың   негізгі  және  орта  мектептердің,  лицейлер  мне  
гимназиялардың      8-сыныбына    арналған  “Қазақстан    тарихы” 
оқулығындағы    “1836-1838  -  жылдардағы    Бөкей    ордасындағы  
шаруалар   көтерілісі”   атты    тақырыпта   да      көтеріліс   3    кезеңге  
бөлінген.    І-кезең:  1833-1836  -  жылдар      көтерілістің      басты   
алғышарттарының      қалыптасуы;      ІІ-кезең:  –  1837  -  жылдың  
басынан      осы      жылдың    аяғына    дейін    көтерілістің    етек    алған   
кезеңі,    патша      жазалаушы    әскерімен,  хан  итаршыларымен  
қақтығыстар; ІІІ-  кезең:  1837 - жылдың   желтоқсан  айынан  1838–
жылғы    шілде      айына    дейін  -  көтерілісшілер      күшінің    әлсіреп, 
жеңілу   кезеңі.  
     Бұл      жерде    оқушылар    үшін    де,  тіпті    тарихшы    мұғалімдер  
үшін  де  түсініксіздік  тудырып  тұрған    нәрсе  - көтерілістің   І–
кезеңінің    1833  –  жылдан      басталуы,  яғни    оның    тақырыпта   
көрсетілген жылдардан  тыс  тұрғаны. 
 
Егер,  көтерілістің  кезеңдері  сол  оқиға  болған  жылдардың 
ішінде  (бұл  жерде  1836-1838  жылдар  аралығында  -  автор)  болуы 

 

керек  болса,  онда  І-  кезеңнің  1833-жылдан  басталуы  оқушылар 
үшін түсініксіз болып шығады. Мұның өзі олардың осы тақырыпты 
терең меңгеруіне тіпті де көмектеспейді.  
Көтерілісті  кезеңдерге  бөлуге   байланысты   оқушылар  үшін  
тағы  бір    түсініксіздікті      айтпай    кетуге      болмайды.  Ол  
оқулықтағы  тақырып  пен    көтерілістің    ІІІ  кезеңін    көрсетудегі 
сәйкессіздік.  Егер   тақырыптың  өзімен  салыстырсақ, көтерілістің   
ІІІ  кезеңі    де    Бөкей    ордасында    болған    екен    деген    түсініктің  
қалыптасуы   мүмкін   екендігін  жоққа  шығаруға  болмайды.   Ал,  
тақырыптың    мазмұнымен    танысқанда,  ІІІ  кезеңде    көтерілістің  
негізінен    Кіші    жүздің    батыс    бөлігінде    болғандығын    аңғару  
қиын    емес.    Бұдан    шығатын    қорытынды:  егер     көтерілістің   ІІІ 
кезеңінде   барлық  оқиғалар  Жайықтың  шығыс  бетінде   болған  
болса, онда  тақырыптағы  “Бөкей  ордасы”  деген  сөз  тіркесі  өз  
орнын  тауып  тұрған  жоқ. Оған  қоса   оқулықта  көрсетілгендей, 
ІІІ  кезеңді    көтерілісшілер    күшінің    әлсіреу    кезеңі    деу    де  
шындыққа    сәйкес    келмейді.    1838-жылдың    алғашқы    6  айында  
Исатай,  Махамбет    батырлардың    қазіргі    Ақтөбе,  Атырау, 
Маңғыстау,  Батыс    Қазақстан    облыстарын      қамтыған  аумақта 
патша  өкіметінің отаршылдық  саясаты  мен  солардың   сойылын 
соғушы жергілікті  феодалдардың  езгісіне қарсы   3  мыңнан астам  
адамды    азаттық      көтеріліске    жұмылдырғанын    қайда    қоямыз?  
Бұл    жерде    жоғарыда    аталған    “Қазақстан    тарихының”  ІІІ 
томында    атап      көрсетілгендей,  көтерілістің      ІІІ  кезеңі    жана 
шайқастарға    әзірлік    барысында    көтерілісшілердің      күштерін  
қайта    топтастыру  кезеңі    деп      көрсетілгенінің  шындыққа  
әлдеқайда  жақын  екендігін  айтқанымыз  дұрыс. 
Көтерілісті 
кезеңдерге 
бөлуге 
байланысты 
жоғарыда 
көрсетілген  үйлесімсіздіктерді  ескере  келе  біз  1836-1838 
жылдардағы   Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс 2 
кезеңнен тұрады деген пікір ұсынамыз. Оның I кезеңі–1836-жылғы 
наурыз  бен  1837-жылғы  қараша  айларының  аралығы.  Бұл  кезеңде 
көтеріліс  Бөкей  ордасында  басталып,  дамып,  аяқталады. 
Көтерілістің  II  кезеңі  1838–жылдың  алғашқы  6  айын  (дәлірек 

 

айтқанда, 1838-жылдың 12-шілдесіндегі Ақбұлақ шайқасына дейін) 
қамтиды.  Бұл  кезеңде  көтеріліс  Кіші  жүздің  Батыс  бөлігінде 
өрістеп, аяқталады.  
Осы   айтылғандардан  шығатын  қорытынды:    
1) И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтерілісті   мектеп 
оқулығында    көрсетілгендей    3    кезеңге    емес,    2    кезеңге      бөліп  
оқыту  дұрыс  болады. 
2)  Оқулықтағы    “1836-1838-  жылдардағы    Бөкей    ордасындағы  
шаруалар    көтерілісі”  -  деп    аталатын    тақырыптағы    көтеріліс  
болған  аймақты негізсіз  тарылтып  тұрған  «Бөкей  ордасындағы» 
деген  сөз  тіркесін  алып  тастау  қажет. Ол тақырыпты “1836-1838-
жылдардағы  И.Тайманұлы  мен    М.Өтемісұлы    бастаған    халық-
азаттық  көтеріліс”  деп  атаған  шындыққа  сай  келеді. 
 
И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  халық-азаттық 
көтеріліс тарихы Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі және орта 
мектептерде,  гимназиялар  мен  лицейлерде  жүреді.  Алайда,  осы 
көтерілісті  оқыту  туралы  әдістемелік  еңбектер  жоқтың  қасы. 
Сондықтан,  қазақ  және  орыс  тілінде  жазылған  бұл  әдістемелік 
құрал,  сол  олқылықтардың  орнын  толтыру  жолында  жасалған 
қадам деп есептегеніміз жөн. 
Егер, осыған дейін біз дайындаған және ҚР Білім және ғылым 
министірлігінің  шешімімен  республика  мектептеріне  көрнекті 
құрал    ретінде    таратылған  “Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет 
Өтемісұлы бастаған  халық-азаттық көтеріліс (1836-1838-жылдар)” 
атты  сызба  картаның  да  және  назарларыңызға  ұсынылып  отырған 
осы  әдістемелік  құралдың  да  мектептерде  осы  тақырыпты  өту 
барысында  мұғалімдер  үшін  де,  оқушылар  үшін  де  пайдалы  әсері 
болатын  болса,  онда  біз  де  алдымызға  қойған  мақсатымыз 
орындалды деп есептер едік. 
 
 

 

І Бөлім.  
1836-1838-жылдардағы Исатай Тайманұлы мен  
Махамбет  Өтемісұлы бастаған көтерілістің  
қысқаша тарихы 
 
1836-1838-жылдарда  халық  батырлары  Исатай  Тайманұлы  мен 
Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  Қазақстанның  батыс  өңірін  дүр 
сілкіндірген шаруалар көтерілісі болып өтті. Қазақстан Республикасы 
тәуелсіздік  алғаннан  бергі  жылдарда  осы  көтерілістің  басшылары 
И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлының  200  жылдық  мерейтойлары, 
Бөкей  ордасының  200  жылдығы  кең  көлемде  аталып  өтті.  Сол 
мерейтойларға  байланысты  бұрын  белгісіз  болып  келген  көптеген 
тарихи  деректер,  көп  томдық  зерттеулер,  энциклопедиялар  баспадан 
шықты.  Осы  тақырыпқа  байланысты  1917-жылға  дейін  жазылған 
немесе  Кеңес  өкіметі  кезінде  саяси  қуғын-сүргінге  ұшыраған 
ғалымдардың еңбектері қайтадан басылды. 
Мінеки,  сол  ғылыми  еңбектерді  саралай  келе  -  1836-1838-
жылдарда  Исатай  мен  Махамбет  батырлар  бастаған  көтерілістің  2 
кезеңнен тұратындығы туралы пікір туып отыр. Оның 1 кезеңі 1836-
1837-жылдары болған, бұл кезде көтеріліс Бөкей хандығында өрістеп, 
аяқталған. 
Ал,  көтерілістің  ІІ  кезеңіне  келер  болсак,  ол  1838-жылдың 
алғашқы 6 айын қамтиды. Бұл кезде көтеріліс негізінен, Кіші жүздің 
батыс бөлігінде дамып, аяқталған. 
Енді көтерілістің әрбір кезеңін жеке-жеке қарастырайық: 
Бөкей (Ішкі) ордасының кұрылуы: 
XIX  ғасырдың  басында  Жайық  пен  Еділ  өзендері  аралығында 
Ішкі  орда  немесе  Бөкей  ордасы  құрылды.  Бұл  шағын  мемлекеттің 
құрылуының 2 басты себебі болды. Бірінші, ХVШ ғасырдың соңында 
Кіші  жүздегі  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайдың 
шиеленісуі, екінші, патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты. 
14 
жылға  созылған  Сырым  Датұлы  басқарған  қазақ 
шаруаларының  көтерілісінен  кейін  Кіші  жүзде  феодалдық  езгі 
күшейе  түсті.  Мұнда  хан  тағына  таласушы  сұлтандар  (Қаратай, 
Жантөре және басқалар) саны ұлғайды. Олар бір-бірінің ауылдарына 
шабуыл  жасап,  кісілерін  өлтіріп,  малдарын  айдап  әкетті,  дүние-
мүліктерін  тонады.  Феодалдардың  қауымдық  жерлерді  басьп  алуы 

 

салдарынан  шаруалар  жайылымдардан  айрылды.  Осының  бәрі 
қазақтардың  тыныштығы  мен  үйреншікті  шаруашылық  ырғағының 
бұзылуына  әкеліп  соқты.  Қазақ  шаруалары  неғұрлым  қауіпсіз 
жерлерге кетудің шарасын қарастырды. 
Осындай жағдайда Кіші жүз қазақтары Жайық пен Еділ өзендері 
аралығындағы жайылымға көз тікті. 
С.Датұлы  бастаған  көтерілісшілер  қойған  талаптардың  бірі  - 
қазақтардың  Жайық  өзенінің  батыс  жағындағы  –  1771-жылы 
қалмақтар  тастап  кеткен  бос  жерлерді  пайдалану  болатын.  Бұл 
жерлерге  қазақтардың  көшіп  келгені  Ресейге  де  тиімді  еді. 
Біріншіден,  жақыннан  арзанға  мал  өнімдерін  сатып  алып,  өзінің 
сапасы  төмен  өнеркәсіп,  қолөнер  тауарларын  қымбатқа  сатуға 
мүмкіндік  туатын  еді,  екіншіден,  Жайық  пен  Еділ  аралығындағы 
сауда жолдары қауіпсіздендірілетін. 
Осындай  жағдайда  Кіші  жүздегі  хан  кеңесінің  төрағасы  Бөкей 
Нұралыұлы  Астрахань  басшылығымен  байланысып,  патшаға  өз 
қарауындағы  қазақтармен  Еділ-Жайық  аралығына  қоныстанып,  мал 
ұстап, қоныс салуға рұқсат сұрап, өтініш жазды. 
Патша өкіметі өзінің отарлық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру 
үшін Кіші жүз қазақтарының «Ішкі жаққа» өтуіне рұқсат беру қажет 
деп тапты. 
Император  І  Павел  бұл  өтінішті  қабылдап,  1801-жылғы  11-
наурызда  сұлтан  Бөкей  Нұралиевті  қарамағындағы  қазақтарымен 
Қара, Сары өзендерден Каспий жағалауына дейінгі жерлерді жайлап, 
қоныс салуына рұқсат етемін деген жарлыққа кол қойды. 
Кіші жүзден бөлек хандықтың құрылуы патша өкіметі үшін өте 
тиімді  болды,  себебі,  Кіші  жүз  одан  әрі  бөлшектенді  және  патша 
өкіметінің Қазақстанды отарлаудағы ықпалы күшейе түсті. 
Бөкей  Ордасы  шығыста  Жайық  шекара  әскери  шебімен, 
солтүстікте  Жаңа  өзен  шебімен,  батыста  Астрахань  казак  әскерлері 
шебімен,  оңтүстікте  граф  Безбородко  мен  князь  Юсуповтың  Каспий 
теңізінің солтүстік жағалауындағы жерлерімен шектелді. 
Сол  1801-жылы  күзде  Бөкей  сұлтанның  бастауымен  негізінен 
Байұлы  тайпасының  көшпелі  қауымы  Еділ  мен  Жайық  өзендерінің 
аралығына қоныс аударды. 

 

1812-жылы  патша  үкіметі  Бөкей  сұлтанға  хан  лауазымын 
бергеннен кейін, Ішкі Орда бұдан былай Бөкей Ордасы немесе Бөкей 
хандығы деп атала бастады. 
Бөкей ордасында аз уақыт ішінде Кіші жүзден көшіп келушілер 
мен  мал  саны  тез  көбейді.  Мысалы,  1814-жылы  мұндағы  8500 
шаңырақта  2  млн.  927  мың  237  бас  мал  болса,  1820-жылғы  дерек 
бойынша Ішкі ордадағы 10234 шаңырақта 4,5 млн. бас мал болған. 
Осылайша, XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендерінің 
аралығында  Ресей  империясының  қолдауымен  және  соған 
бағынышты хан Бөкей басқарған қазақ мемлекеті дүниеге келді. 
1815-жылы  Бөкейхан  өлгеннен  кейін  ішкі  Орданы  уақытша 
Бөкейханның  інісі  Шығай  басқарды.  Ал,  1823-жылдан  Бөкей 
Ордасына  Бөкейханның  баласы  Жәңгір  (1801-1845)  хандық  билік 
жүргізді. 
1836-1837-жылдарда  Бөкей  ордасында  болған  көтерілістің 
шығу себептері, сипаты, қозғаушы күштері мен мақсаты. 
XIX  ғасырдың  II  ширегінде  Бөкей  ордасында  феодалдық  және 
отарлық  езгі  күшейе  түсті.  Бұл,  әсіресе,  жер  мәселесінде  айқын 
көрінді.  Нарын  құмына  қоныс  аударған  күннен  бастап,  әрбір  ру 
өздеріне қолайлы деген қоныстарға орналасты. Барлық жер мәселесін 
рулық старшындар мен билер реттеп отырды. 
XIX  ғасырдың  30-жылдарынан  бастап  Жәңгір  хан  қоғамдық 
жерлерді  біртіндеп  жеке  адамдардың  иелігіне  өткізе  бастады.  Жер 
әуелі ханға қызметі жаққан сұлтандар мен билерге, өз ағайындарына 
үлестірілсе,  кейін  бай  қазақтарға  ақшаға  сатылды.  Мысалы, 
Жәңгірханның  өзі  жақын  туыстарымен  Торғын  өзені  бойынан  400 
мың  десятина,  Қарауылқожа  Бабажанов  Каспий  теңізінің  солтүстік 
жағалауьшдағы  700  мың  десятина,  ноғай  руын  басқарушы  Шомбал 
Ниязов  1  млн.  800  мың  десятина,  сүлтандар  Шыңғали  және 
Мүшеғали  Ормановтар  Қамыс-Самар  көлдері  маңайынан  700  мың 
десятина,  сұлтан  Меңдігерей  Бөкейханов  -  400  мың  десятина,  Беріш 
руының басқарушысы Балқы Құдайбергенов 300 мың десятина жерге 
ие  болды.  Осылайша,  4  млн.  700  мың  десятина  жер  хан,  сұлтандар 
мен  рубасылардың  иелігіне  өтіп,  халықтың  пайдалануына  барлық 
жердің  1/3  бөлігі  ғана  қалды.  Көп  жерлерге  ие  болған  алпауыттар 
жерді шаруаларға жалға беріп, пайда тапты. 

 

Мұның  өзі,  халықтың  хан-сұлтандарға  деген  наразылығын 
күшейтіп,  1836-жылғы  Бөкей  ордасындағы  көтерілістің  шығуының 
басты себептерінің бірі болды. 
Жәңгір  хан  өзін  жақтаушыларға  әкімшілік  орындарды  бөліп 
беру кезінде үлкендерден гөрі жасырақ сұлтандар мен старшындарды 
көбірек  ұнатты.  Ал,  халық  болса,  өкімет  басынан  көбірек  тәжірибе 
жинақтап  ысылған,  көпті  көрген  көнелер  мен  ескі  салт-дәстүрді 
жақсы білетін адамдарды көруге дағдыланып кеткен-ді. 
Ордадағы  басшы  қызметтерге  жастарды  тағайындау  және 
олардың  халықпен  тәкаппар  сөйлесуі,  ел  ішінде  ханға  деген  өкпе-
назы мен наразылықтың тууына себеп болды. Губернатор Эссен сол 
кездің  өзінде-ақ  бұған  Жәңгір  ханның  назарын  аударып,  халықтық 
дәстүрге абай болуға кеңес берген болатын. 
Негізінен  2  түрлі  хан  ордасына  жиналатын  алым-салық  та 
халыққа  үлкен  ауыртпалық  әкелді.  Алым-салықтың  бірінші  түрі  - 
мемлекеттік салық-зекет, ал екіншісі, хан ордасын асырауға арналған 
соғым болды. Зекеттің мөлшері төмендегідей болып тағайындалды: 5 
түйеден -1 қой, 10 түйеден - 2 қой, 30 сиырдан - 1 өгіз, 60 сиырдан - 2, 
40  қойдан  -  1  қой,  120  қойдан  -  2  қой.  Зекеттен  бір  жылда  хан 
ордасына  82  мың  сомдай  ақша  мөлшерінде  немесе  4  мың  жылқы 
жиналатын.  Соғым  ханға  әр  үйден  жиналды.  Соғым  арқылы  ханға 
жылына 10 мың сом ақша түсетін. Тек 1836-жылы Жәңгір хан елден 
18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе жинап алған. 
Жәңгір  ханның  Петербургке  баратын  сапарларының  бар 
шығыны  да  елден  жиналды.  Одан  басқа  елден  киіз,  жүн,  былғары 
және басқалар жиналған. Мысалы, 1836-жылы хан 500 киіз жинатқан. 
Көп мөлшерде жиналған әртүрлі салықтар халықтың әлеуметтік 
жағдайына  әсер  етіп,  олардың  феодалдарға  деген  наразылығын 
күшейтті. 
Көтерілісшілердің ханға наразылығының бірі - Жәңгірдің 1833-
жылы  Қарауылқожа  Бабажановты,  бұрын  старшын  Исатай 
Тайманұлының  қарауында  болған  Каспий  теңізінің  солтүстік 
жағалауындағы  жерлерге  басқарушы  етіп  тағайындауы  болды. 
Қарауылқожа  Бабажанов  қарапайым  халықты  езуші  ретінде,  ірі 
өсімқор-саудагер  ретінде,  хан  саясатын  қолдап,  оны  жанын  сала 
орындаушы  ретінде  белгілі  еді.  Оған  қоса  халықта  ежелден  келе 

 
10 
жатқан  көзқарас бойынша  Қ.Бабажановтың  қожа  тұқымынан  шығуы 
себепті, оның қазақ руларын басқаруға хақысы жоқ еді. 
Сонымен  бірге,  Бөкей  ордасының  қазақтары  патша  өкіметінің 
отаршылдық  озбырлығынан  үлкен  зардап  шекті.  XIX-ғасырдың  20-
жылдарынан бастап Каспий теңізінің Солтүстік жағалауын иемденген 
князь  Юсупов,  граф  Безбородко  сияқты  помещиктер  қар  қалың 
жауып,  қыс  қатты  болған  жылдары  қазақтардың  малдарын  қалың 
қамыс  арасын  ықтындап,  паналауға  жібермеді.  Жіберген  жағдайда 
сол  үшін  мал  беріп,  ақша  төлеуі  қажет  болды.  Мысалы,  1820-жылы 
теңіз жағалауындағы қамысты, сайлы, ықтасынды жерлерге қыстауға 
жібергені үшін қазақтар мал төлеген. Мұнымен бірге шаруалар қамыс 
шауып,  мұз  ойған.  1824-жылы  теңіз  жағалауын  қыстаған  шаруалар 
Юсуповтерге  7000  сом  ақша  төлеген.  Оның  үстіне  100  мың  буда 
қамыс шауып беруге міндеттенген. 
Жайық  әскери  кеңсесі  Үлкен  және  Кіші  Өзендер  мен  Қамыс-
Самар көлдері маңайындағы мал жайылымы үшін қолайлы жерлерді 
қазақтардан өздеріне еріксіз алып қойған. 
Бұл  жағдайлардың  кай-қайсысы  да  қазақ  шаруаларының  үлкен 
наразылығын  туғызды.  Бөкей  ордасындағы  1836-1837-жылдардағы 
көтерілістің  отаршылдық  жүйеге  карсы  бағытталуының  себебі  де 
осында еді. 
Мінеки,  1836-жылы  Бөкей  Ордасы  қазақтарының  қолдарына 
қару алып көтеріліске шығуының басты себептері осындай болды. 
Көтеріліс  сипаты  жағынан  феодалдық  және  отарлық  езгіге 
қарсы бағытталған халық-азаттық көтеріліс болды. 
Көтерілістің  қозғаушы  күштері  2  жақты  қаналған  қазақ 
шаруалары еді. 
Сонымен  бірге,  көтеріліске  Жәңгір  ханның  елді  басқару 
саясатына наразы старшындар мен билер де қатынасты. 
Көтерілістің  мақсаты  Жәңгір  ханның  халыққа  жасап  отырған 
озбырлығына  шек  қою,  шаруалардың  жағдайын  жақсарту, 
Қарауылқожа, Балқы Құдайбергенов  сияқты зұлым билерді биліктен 
тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын.        
Көтерілістің басталуы мен жүрісі. Тастөбе шайқасы. 
Көтерілістің  басы  1836-жылғы  24-наурызда  Қарауылқожа 
Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені (қазіргі Атырау 
облысы  Исатай  ауданы  аумағында  -  Ш.А.)  маңындағы  Исатай 

 
11 
Тайманұлының  ауылын  қоршауы  болып  табылады.  Алайда, 
Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өзіне қарсы шыққан Исатайлармен 
соғысуға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен 
тауы  шағылмаған,  қарамағындағы  елге  дегенін  істеп  әдеттенген 
Қарауылқожаның көтерілісшілерге ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей 
хандығына  тарайды.  Үстем  тапқа  ызасы  кернеген  шаруалар  әр 
жерден  жекелеп,  тобымен,  жаяу-аттылы  Исатай  мен  Махамбет 
батырлардың қоластына жинала бастайды. 
Көтерілісшілер  өз  алдына  бөлек  ел  болып,  топтанып,  көшіп, 
шоғырланып  жүреді.    Көшу,  қону,  шаруашылық  мәселелерін  өздері 
кеңесіп  отырып  шешеді.  Көтеріліс  басында  Исатай  Тайманұлы, 
Махамбет Өтемісұлы, Уса Төлегенұлы, Иманбай Қалдыбайұлы және 
т.б.  старшиналар  болады.    Езілген  шаруалар  аз  да  болса  басқару 
тәжірибесі  бар,  мемлекетті,  өлкені  басқару  тәртібінен  хабардар,  сол 
кезде  оң  мен  солын  айыра  алатын  билерді  көтеріліс  басшылығына 
сайлайды. Олардың ішінде Исатай Тайманұлы тәжірибелі, 20 жылдай 
ел басқарған, 3 рет ұсталып, 2 рет қамауда жатып, бірталай қиындық 
көрген.  Ол  сөзге  шебер,  сөйлескен  кісісімен  тіл  табыса  алатын,  әрі 
алғыр,  батыл  адам  болған.  Оның  кедей,  сүйенері  жоқ  шаруа  үшін 
билермен, ханмен айтысқандары, олардың озбырлығын, әділетсіздігін 
әшкерелеп, 
сөйлегені 
ел 
аузында 
сақталған. 
Хан 
мен 
Қарауылқожадан  қорлық  көріп,  жапа  шеккен  адамдардың  қашып 
келіп,  Исатайға  паналауы  да  содан  еді.  Бұлар  топтала,  көбейе  келіп, 
көтерілісшілердің алғашқы тобын құрады. 
Исатай Тайманұлына жалынды шешен, дарынды суырып салма 
ақын  Махамбет  Өтемісұлы  келіп  қосылды.  Ол  сол  уақытта  халық 
арасында  шешендігімен,  өр  мінезділігімен  бірге,  қарапайым 
халықтың  мүдделерін  қорғауымен  де  мәлім  еді.  «Махамбет  –  ел 
жұртты  дабылдатып,  көтеріліс  рухын  көтерген  батыр-жырау, 
көтеріліс жыршысы» (М.Қозыбаев) болды. 
Исатай  Тайманұлы  1836-жылы  маусым  айының  аяғында  17 
жолдасымен,  ішінде  Тоғай  Бегәліұлы,  Уса,  Есет  Төлегенұлдары, 
Қамбар, Тінәлі Тайсойғанұлдары, хатшы ретінде үлкен ұлы Жақияны 
ертіп, Тасобадан  шығып, ханға  билерден  «көрген  жәбірімізді шағым 
етеміз»,  -  деп  Қандығашқа  қарай  жүреді.  Бұл  хабар  елге  тез 
жайылады.  Исатайларға  «ханға  мұңымызды  біз  де  айтамыз»  деген 
шаруалар  жолда  қосыла  береді.  Толыбай  деген  жерге  келгенде  

 
12 
Исатай  мен  Махамбет  тобы  100  адамнан  асады.  Бұдан  хабардар 
Жәңгір  хан  өзінің  билері  мен  сенімді  адамдарын  өзі  тұрған 
Қандыағашқа  шұғыл  шақыртып,  ақылдасып,  әр  түрлі  шаралар 
белгілейді.  Көтерілісшілерге  елшілер  жіберіп,  олардың  арызын 
алады, өздерін кейін қайтарады.  
Исатай  мен  Махамбет  1836-жылдың  жазында  өз  төңірегіне 
патша  өкіметіне  және  үстем  тапқа  наразы  шаруаларды  топтастыра 
береді.  Байлар  мен  билерден  зорлық  көрген  шаруалар  бір-бірлеп, 
тіпті тобымен кейде ауыл болып, көтерілісшілерге қосыла бастайды. 
Қарауылқожа  мен  Балқы,  Төлеген  Тыныштықов  пен  Шомбалдың, 
Айғана  мен  Қарабөкен  сияқты  озбыр  билер  және  байлардың 
қарауындағы шаруаларға қоса бүкіл Самар даласындағы ауылдардан, 
Жайық  бойынан  көптеген  адамдар  келеді.    Мысалы,  би  Айғананың 
қарауынан  39  адам,  би  Төлеген  Тыныштықовтан  30  адам,  Ағым 
Айболатов  деген  би  старшинадан  24  адам,  Қарабөкен  бидің 
қарауынан 14 адам, старшина әрі ірі бай болған Жұмағазы Баяровтан 
15  адам  қашып,  көтерілісшілерге  барып  қосылады.  Нарын  құмынан 
Исатайға  10  ауыл,  Төлеген  Серекенов  30  үйлі  ауылымен  келіп 
қосылады. 
Осы кезде  көтерілістің басынан аяғына дейін жүрген, Орынбор 
губернаторы жіберген тергеуге қатысқан Медет Шөкин деген сұлтан 
ханға жазған рапортында “көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, 
өз алдына бір республика” деп жазады.  
1836-жылдың  қараша,  желтоқсан  айларында  көтерілісшілердің 
жалпы  саны  700-800  адамға  жетеді.  Олар  Қарауылқожа  мен 
Балқының т.б. би-старшина, қожа мен сұлтандарға шабуыл жасап, өз 
теңдігін    алуға  тырысты.  Ең  алдымен  Қарауылқожаның 
сыбайластарына,  оның  баласы  Көпболсынның  өзіне  шабуылдады. 
Жәңгір  хан  1836-жылғы  25-желтоқсанда  губернаторға  хат  жазып, 
Исатай  мен  Махамбеттің  қимылын  барынша  сұрқия  етіп  суреттеп, 
Қарауылқожаның  губернаторға  жазған  шағымына  көңіл  бөлу 
қажеттігін айтады. 
1837-жыл - көтерілістің жаңа шарықтау кезеңі болып табылады. 
1836-  жылы  көтеріліс  негізінен  Каспий  теңізінің  солтүстігінде 
басталып  өрістесе,  1837-жылы  көтеріліс  бүкіл  Бөкей  ордасын 
қамтыды. Сондай-ақ, 1836-жылы көтерілісшілер қатарында  700-1000 
қарулы адам болса, ал 1837-жылы олардың саны 3-5 есе артты. Енді 

 
13 
көтерілісшілер  үлкен  күшпен  және  ашық  Қарауылқожа,  Балқы, 
Шомбал сияқты  билер  мен ру басқарушы сұлтандарға қарсы шығып 
олардың аулына, ақырында ханның өзіне ұмтылды. 
Бұл көтерілістің бір ерекшелігі - шаруалар бұған дейінгі рулық, 
аталастық,  ағайындық  түсінікті  жайына  қалдырып,  өздерінің  таптық 
мүддесін  ұстайды.  Көтерілісшілер  құрамы  Байұлы  және  Жетірудың, 
Әлімұлы тайпаларының 25 руының, Төлеңгіт пен Ноғай қазақтардың 
езілген шаруаларынан тұрады. 
Көтерілісшілер  1837-жылғы  4-маусымда  ертемен  Теректіде 
тұрған  Балқы  Құдайбергеновтың  ауылын  шабады.  Ұрыс  ұзаққа 
созылады. Қаруы түгел, күні бұрын күтініп отырған Балқы адамдары 
бар  күшін    салып  арпалысады.  Түске  жақын  ғана  Қабыланбай,  Уса 
бастаған  62  көтерілісшілер  Балқының  адамдарын  талқандап,  үйін 
тартып  алып,  оның  елден  жинаған  дүниелерін  20  түйеге  арттырып, 
шаруаларға алып кетеді. 
Көтерілісшілер  бұл  уақытта  біз  ханға  бағынбаймыз,  одан  да 
бізді  башқұрттар  сияқты  орыс  әкімшілігі  басқарсын  деген  пікірді 
ашық  айтады.  Исатай  мен  Махамбет  талай  рет  Жәңгір  ханға,  Орал 
әскерінің  атаманына,  Орынбор,  Астрахань  губернаторларына 
өздерінің  мүшкіл,  езілген  халін  айтып,  би  мен  сұлтандарға  қарсы 
тиісті шара қолдануды талап етеді. 1837- жылдың 11-маусымында бір 
топ адам қалың ел атынан губернатор Перовскийге хат жазады. Онда 
«Жәңгір хан әділ билік жасамайды, елге қысым көрсетеді, сұлтандар 
мен  билер  бізді  мүлде  қанайды.  Олар  біздің  малымыз  бен 
нәрселерімізді  тартып  алып,  қара  халықты  жәбірлеп,  қорлап,  сабап, 
тіпті  жарақаттайды.  Сұлтандар  мен  билер  халыққа  ойына  келгенін 
істейді. Сұлтан өзінше, би өзінше билейді және хан олардың қиянаты 
туралы  жазылған  шағымды  қабылдамайды»,  -  дей  келіп, 
губернатордан Жайық жағына көшіп келуге рұқсат сұрап, казак-орыс 
әскері ретінде Россияға қызмет жасауға әзірлігін білдіреді. 
1836-жылдың 
соңында 
Бөкей 
ордасындағы 
шаруалар 
көтерілісінің  жаңғырығы  Ресей  астанасы  –  Санкт-Петербергке  де 
жетеді. Император І-Николай «бүлікшілерді» қатаң жазалауды талап 
етеді.  
Патша  әкімшілігінен  ешбір  көмек  болмайтынына  көзі  жеткен 
көтерілісшілер  өздерінің  қанаушыларға  қарсы  күресін  кеңейте, 
күшейте  түседі.  1837-жылдың  қыркүйек,  қазан  айларында  көтеріліс 

 
14 
кеңінен  етек  алып,  бүкіл  хандыққа  жайылады.  Сондай-ақ  өзінің 
сипаты, күші жағынан да дамып, әбден шарықтау шегіне жетеді.  
1837-жылдың  16-қыркүйегінде  Исатай  мен  Махамбет  батырлар 
бастаған  200-ден  астам  сарбаздар  халыққа  әбден  жеккөрінішті 
Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Бұл соғыста 50 шақты 
қожа адамдарын қолға түсіріп, қожалар ауылының 550 жылқысын, 95 
түйесін  алып,  кедейлерге  үлестіреді.  Ертеңінде  тұтқындалған  50 
адамның 30-ын босатып жібереді. 
Исатайлар  хандықтың  барлық  жерін  түгел  аралап,  ондағы 
шаруалар  бұқарасын  көтеріліске  шақырып,  хан  адамдарының 
дүниесін,  малын  алып,  шаруаларға  үлестіреді.  Исатай  Тәуке 
Нұралиев,  Медет  Шөкин  т.б.  сұлтандарды  ұстау  үшін  100  адамын, 
Тананың озбыр биі Жақанға 60 адамын жібереді. Бұл кезде шаруалар 
Исатайдың  айтуынсыз-ақ  өз  беттерімен  барып,  қожалардан, 
билерден,  сұлтандардан  кегін  алып  жатты.  Кек  кернеген  айқаста 
көптеген  сұлтандар  халықтың  қаhарына  төтеп  бере  алмады.  Шөке, 
Тәуке,  Жанбөбек,  Тоғым,  Медет,  Ақжан  т.б.  сұлтандардың  ауылын 
көтерілісшілер тас-талқанын шығарды. 
Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған 
көтерілісшілер  15-қазанда  Балқы  бидің  конысы  Теректіге  шабуыл 
жасап,  оның  ауылын  талқандап,  енді  хан  ордасына  карай  бет  алды. 
Бүл  кезде  Бөкей  хандығы  түгелдей  дерлік  Исатай  Тайманұлы  мен 
Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісшілердің қолына өтіп еді. Хан 
үкіметінің қолында тек хан ордасы қалған. 
Хан әр жерден кашып келген өз адамдарынан әскер кұрап, оған 
Шомбал  бидің  әкелген  100  ден  астам  адамын  қосып,  қорғануға 
тырысады. Орданы айналдыра ор қаздырады. Сонымен қатар Шыман 
Ормановтың  айтуымен  Исатайға  елші  жіберіп,  «Халқымның  қандай 
тілегі бар екен  айтсын  ойланайын, сол үшін 10 күн мерзім берсін»  - 
деп «рұқсат» сұрайды. Бұған көптеген көтеріліс басшылары келіспей, 
олар  Исатайға  хан  сөзіне  сенбейік,  бұл  оның  бізді  талай  рет 
алдауларының бірі ғой деген кеңестерін айтады. Исатай ақылды, сақ, 
байсалды,  ұстамды  адам  болды.  Жәңгір  ханның  патша  өкіметінің 
зеңбірегіне  сүйенетінін  білетін  батыр  бір  сәт  халық  талабын  ханнан 
тек  ақылмен,  айбармен  ғана  орындауға  болатынын  түсінсе  керек. 
Бірақ хан патша әскерін шакыртса, оған көтерілісшілердің қарсы қояр 
зеңбірегі,  үйретілген  әскері  жоқ.  Сондықтан,  Исатай  ханға  10  күн 

 
15 
мұрсат  беріп,  негізгі  талаптарын  орындатуға,  соның  ішінде  елге 
патша әскерін шақыртпауды мақсат етеді. 
Сөйтіп,  көтерілген  шаруалардың  алқа  жиыны  нағыз  шешуші 
кезеңде  батыл  қимыл  жасауға  бармай,  өз  сенімін,  тағдырын  көсемі 
Исатайдың  билігіне  сеніп  тапсырады.  Ал,  Исатай  көп  толқудан, 
ойланудан кейін ханмен келіссөз жүргізуге бел байлайды. 
Бұл 
кезде 
Орынбор 
губернаторы 
В.А.Перовский 
көтерілісшілерді  қоршап  алып,  жою  жоспарын  жасайды.  Ордаға 
Жәңгірханға  көмекке  Кулагин,  Горск  қамалдарынан,  Зеленов 
форпостынан  жақсы  қаруланған  тұрақты  және  қазак  бөлімдері  мен 
жекелеген  әскери  бөлімшелер  аттандырылады.  Орынбордан 
көтерілісшілерге  қарсы  бүкіл  операцияны  үйлестіріп,  басқару  үшін 
подполковник  Геке  жіберіледі.  Ол  қазанның  24-де  Оралға  келіп, 
мұнда  көтерілісшілерді  талқандау  жөнінде  жоспар  жасап,  жорыққа 
дайындалып жатқан отрядтарды күтпестен 24 атты казакты ілестіріп 
алып  хан  ставкасына  жүріп  кетеді.  26-шы  қазанда  Глининск 
бекінісіне  келіп,  мұнда  ол  Исатай  2500-3000  адамымен  хан  ордасын 
қоршағанын  және Исатайдың адам жіберіп ханмен келіссөз жүргізіп 
жатқанын,  бірақ  оның  нәтижесінің  әлі  белгісіз  екенін  естіп,  біледі. 
Қазанның  28  де  Геке  Глининскіден  шығып,  30-  шы  қазанда  хан 
ордасына жетеді. 
«Бүкіл  байтақ  дала  үрейлі  толқын  үстінде,  -  деп  жазады 
подполковник  Геке,-  біреулер  көздеген  мақсатқа  жетеміз  деген 
ниетпен, енді біреулер кездейсоқ ажалдан қорыққандықтан, барлығы 
бір кісідей жұмыла Исатай жағына тартылған». 
Бұл  кезде  Орал  қазақ  әскерінің  Төменгі  Жайық  линиясының 
бастығы  ротмистр  Акутиннің  өзі  600  солдатты  дайындап,  150 
жазалаушы  әскер  мен  29-қазанда  Ішкі  Өзен  линиясына  аттанады. 
Көтерілісті басатын қазақ әскерлерін басқару үшін генерал Покатилов 
6  есаул,  12  урядник,  5  жүзбасы  жібереді.  Жәңгір  ереуілшілер 
екпінінің  қатты  екенін  ескеріп,  Астрахань  губернаторынан  зеңбірек 
сұратады. Астраханнан подполковник Алиев бастаған 300 атты қазақ 
пен екі зеңбірекші отряд хан ордасына 10-шы қарашада келіп жетеді. 
Сөйтіп,  көтерілісшілерге  қарсы  бұл  кезде  жан-жақтан 
жазалаушы  әскерлер  келе  бастайды.  Гекенің  нұсқауымен  полковник 
Меркульев бастаған 400 казак Жайық линиясынан тура Жаманқұмға 
тартады  да,  бұларды  естіп  қаша  көшкен  Исатайдың,  т.б. 

 
16 
көтерілісшілердің  отбасын  қолға  түсіреді.  Бұл  хабар  жетісімен 
Жасқұстағы  көтерілісшілер  арасы  қожырай  бастайды.  Енді  әйел, 
бала-шағаны  қорғау  қажет  болады.  Исатай  5-қарашаға  қарай  түнде 
Жасқұсты тастап, 300 кісімен Жаманқұмға кетеді. 
7-қарашада  Геке  450  адамымен  хан  ордасынан  шығып,  Теректі 
қонысына  қарай  жүреді,  жолшыбай  линиядан  келген  234  адамнан 
құралған  отрядты,  одан  кейінгі  екі  зеңбірекпен  келген  40  солдатты 
қосып алады. 
Сөйтіп,  Геке  12-қарашада  Теректі  құмына  жетіп,  кешінде 
Меркульев    отрядымен  кездеседі.  Нәтижесінде  бұл  отряд  400-ден 
астам  хан  жасақтары  мен  700  солдаттан  құралады.  Енді  жазалаушы 
отрядтардың негізгі күші бірігіп, олардың саны 2000-ға жетеді. Геке 
ертеңіне  Жаманқұмға  жетіп,  сол  арадан  25  шақырым  жердегі 
Бекетайға,  одан  15-караша  күні  таңда  Тастөбеге  келеді.  Осы 
Тастөбеде көтерілістің І-кезеңінің тағдырын шешкен шайқас болады. 
Ұрысты  бірінші  көтерілісшілер  бастайды.  Олар  жазалаушылар 
әскеріне  қарсы  оқ  ата  бастайды.  Геке  зеңбіректен  ядромен  атуға 
бұйрық береді. І-ші ядро олардың ортасына түседі. Осыдан соң қаны 
қызып,  арқасы  ұстаған  батыр  зеңбіректі  әскерге  қарсы  өзі  бастап 
ашықтан-ашық  ат  қояды.  Шабуылдың  күтпеген  жерден  жасалғаны 
соншалық,  оны  күтпеген  жазалаушы  отрядтың  бір  шеті  ойсырыла 
кейін  шегінеді.  Алғашқы  кезде  тыпыршып  алға  ұмтылғыштап 
шайқасуға  асыққан  солдаттардың  пысы  басылып,  берекеті  кетіп, 
сасқалақтап,  сапы  бұзылады.  Мұны  Гекенің  өзі  де  Перовскийге 
жазған  рапортында:  «Атқа  жақсы  отыратын  және  найзаны  шебер 
ұстайтын 
қазақтар 
солдаттардың 
қатарын 
қаусата 
берді. 
Солдаттардың  ә  дегенше  пысы  басылып  қарқыны  кайтып,  сапы 
сейіле  бастады.  Біздің  арамызда  абдырау  пайда  болды»,  -  деп 
мойындайды.  Қатары  бұзыла  бастаған  солдаттарын  уақытында 
басқара  білген  Геке  олардың  сапын  жөнге  келтіріп  қана  қоймай,  екі 
зеңбіректі  өте  жақынға  әкелдіріп,  көтерілісшілерді  дәл  көздеп 
картечьпен атуға бұйрық берді. Қалың топтың ортасына екі-үш мәрте 
түскен  зеңбірек  оғы  көп  адамды  қырып  салады.  Осыдан  кейін-ақ 
көтерілісшілердің  қатары  бұзылып,  сейіле  бастайды.  Сол  уақытта 
солдаттар  есін  жиып,  Гекенің  бұйрығымен  шабуылға  шығады,  ал 
көтерілісшілер шыдай алмай кейін серпіледі. 

 
17 
Солдаттар кері шегінген көтерілісшілерді 7 шақырымдай жерге 
дейін қуып, кейін қайтады. Бірақ Геке бұл шайқасты толық жеңіс деп 
есептемейді,  себебі  көтеріліс  көсемдерінің  бірде-бірі  қолға  түспеген 
еді. 
Тастөбеде  қолға  түспеген  Исатай  Тайманұлының  басына,  оны 
тірідей  ұстағанға  500  күміс  ақша  тігіледі.  «Оны  өлтірген  адамға  сол 
ақшаның  жартысы  беріледі»  -  деп  жарияланады.  Алайда,  ешкім  де 
Исатайды  жазалаушылар  қолына  ұстап  бермейді.  Керісінше,  халык 
оны  және  оның  сарбаздарын  кажетті  азық-түлікпен,  көлікпен 
қамтамасыз етіп отырды. 
15-қарашада 
Тастөбедегі 
шайқаста 
көтерілісшілердің 
жеңілуінің,  көтерілістің  бұдан  былайғы  жүру  барысына  үлкен  әсері 
болды.  Исатай  мен  Махамбеттің  көтерілісшілердің  сейілген  қатарын 
қайта  біріктірмек  болған  әрекетінен  ештеме  шықпады.  Соғыс 
тәсілінен хабары жоқ қазақтар жазалаушы отрядтармен күрес амалын 
білмеді,  өзара  бірігу  қажеттігін  жете  түсіне  алмады.  Көтерілісшілер 
әр  жаққа  шашырап,  бытырай  берді.  Исатайдың  қасында  ең  сенімді 
жігіттер  ғана  қалды.  Исатай  мен  Махамбет  батырлар  бастаған  1836-
1838-жылдардағы  феодалдық  езгіге  қарсы  бағытталған  халық 
көтерілісінің І-кезеңі осылайша жеңіліспен аяқталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет