Америкалық парламенттік формат дебаты



бет3/3
Дата16.02.2023
өлшемі20,22 Kb.
#68373
1   2   3
Байланысты:
АПФ

үкімет тобының мүшесінде, оның уақыты 8 минут. Ол жаңа ғана қарсылық келтіріп кеткен оппозиция тобының көшбасшының сөздеріне қарсылық келтіріп, өз кейстерін қалпына келітіріп, ары қарай жалғастыра, дамыта алады.
Осыдан кейін 8 минут бойы оппозиция мүшесі сөз сөйлейді. Ол тек үкімет тобының екінші спикерінің сөзіне қарсылық келтіреді.
Міне, ойынның негізгі бөлімі аяқталды, оны сіздерге төреші айтады, ал сіздер тұрып кетпей оны тыңдап отырасыздар. Келесі келген адамдар, яғни парламентарий сөз сөйлейді, әрбіреуіне 1 минуттан уақыт беріледі. Оған сіз еш қарсылық білдіре алмайсыз, ол өзінің жеке ойын айтады. Кейін сараптама кезінде сіздер «мана парламентарий осылай айтты» деп оның сөздерін қолдана алмайсыз, бұл ережеге қайшы.
Осыдан кейін ойынның сараптама бөлімі басталады, сараптамаға бірінші болып оппозиция көшбасшысы шығады, оның уақыты 4 минут. Ол тек ойынды сараптайды, ешқандай жаңа аргумент енгіуге болмайды.
Содан соң үкімет тобының премьер-министрі сөз сөйлейді, оның уақыты 5 минут. Ол алғашқы уақытын ребатлға алуға құқылы, яғни оппозицияның 2 спикерінің сөзіне ребатл жасайды. Кейін сараптамаға көшеді.
Қарсылықтар:
3 негізгі түрі бар:
1. Жаңа аргумент – сараптамада жаңа аргумент енгізілсе, қарсылас топ төрешіге осы туралы тұрып айту керек, айтпаса, төреше бұл туралы жаза алмайды.
2. Уақыт лимиті – төреші уақыт аяқталғаны туралы белгі берсе, ал спикер ары қарай сөйлей берсе, қарсылас топ қарсы шығу керек, тек қана сонда қарсылық саналады.
3. Жеке басқа қолсұғушылық – спикерлердің біреуі сіздің жеке басыңызға тиіссе, онда тұрып қарсылық білдіресіз. Мысалы: сіз естіген жоқсыз – бұл қарсылық ретінде қабылдамайды; Сіздің құлағыңыз естімейді – бұл қарсылық қабылданады.
Алғашқы және соңғы минуттарда сұрақтар қойылмайды. Сараптамада тіптен сұрақтар қойылмайды.
Міне, алғашқы оқығанда бұл бірден қиын көрінеді, алайда 1-2 ойыннан кейін бірден үйреніп кетесіз.
Сәттілік!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет