Аметова Малика Ұлық болсаң,кішік бол!



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.12.2022
өлшемі101,02 Kb.
#55661
  1   2   3
Байланысты:
кішіпейілдік



 Аметова Малика
Ұлық болсаң ,кішік бол! 
Кішіпейілдік адамның дінін , жынысын, ұлтын, түр-сыпатын , дəрежесін талғамайды. 
Кез-келген пенде алдымен , өзіне емес, өзгеге көмек көрсетіп, қайырымды қылық жасаса 
кішіпейілдіктің бейнесі бойынан табылады.
Кішілік пен кісілік- ұлылықтың белгісі. 
Махмұт Қашғари 
“Бірде Осман мемлекетінің патшасы Фатих Сұлтан Мехмет бір күні тағамдардың 
сапасын жəне бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп, 
сатушыға сəлем бергеннен кейін: “Маған жарты келі май, жарты келі бал, жарты келі 
ірімшік беріңіз” – дейді. Сатушы жарты келі май өлшеп болғаннан кейін, ақшасын алып 
болғаннан кейін: “Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені, оның 
заттары əрі жақсырақ, əрі көршім əлі ештеңе сатпады” – деді. Патша екінші дүкенге кіріп, 
ол жерден жарты келі бал алып жатқанда: “Аллаһқа шүкір, аға! Мен бүгін саудамды 
бастадым, балаларымның жейтін тамағымның ақшасын таптым, ал көршім ештеңе сатқан 
жоқ, ірімшікті көршімнен барып алсаңыз дұрыс болар еді” – дейді. Сол кезде патша: “Бұл 
халық осындай тамаша ахлақтарымен дүние жүзін өзіне қаратады. Халықтың осы таза 
кісілік қасиетін бұзған адамға Аллаһтың қаһары жаусын!” – деген екен.”
Дүниеде жаман мен жақсы, ақ пен қара болатыны сияқты , кішіпейілдіктің де қарсы 
жауы- тəкəппарлық . Тəкаппарлық адамға абырой əкелмейді. Кішіпейіл болу адамның 
дəрежесінің түскенін емес ,керісінше ұлықтығын көрсетеді.
Кішіпейілдің абыройы асады, 
Тəкəппардың құты қашады. 
Ахмед Иүгінеки


Біз ұлықтықтың озық үлгісін жақсы мінез атаулының жалғыз қожайыны болған Алла 
Елшісінен (
ﷺ) үйренеміз. Пайғамбарымыз (ﷺ) өте кішіпейіл еді. Атақ-абырой мен 
мал-дүниеге, мансапқа қызықпайтын. Раббысының алдында өзін құлша ұстап, мүміндерге 
кішіпейілділік көрсететін, ауру-сырқаулардың көңілін сұрайтын, жоқ-жітіктерге барып халін 
біліп, оларға қарайласатын, бақытсыздыққа ұшырағандарды жұбататын, адам 
таңдамайтын, кедейлермен бірге отыруға арланбайтын, балалармен ойнайтын, 
əйелдерімен қалжыңдасатын, топыраққа отырып, тақыр жерге жататын, адамдардан 
ерекшеленбеуге тырысатын. Ол: «Шын мəнінде, мен құл ғанамын, құл қалай тамақтанса, 
солай тамақтанамын, құл қалай отырса, солай отырамын», – деген.
Білім жолындағы кішіпейілдіктің жемісі 
Адам қаншалықты ақылды болса , соншалықты қарапайым.
Цицерон 
“Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде..”
Халық мақалы 


​Білім – ол ұшы мен шеті жоқ əрі терең теңіз.​
Адамзат баласы ақиқатқа талпынады
шынайы пайдалы білімге талпынады. Оның шегі қайда апаратын белгісіз.

Білім -білдім 
деген жерден таусылып, білмеймін дегеннен бастау алады. 
"Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кəріп" деген сөзді дана халқымыз шатаспай 
айтыпты. Жаңашылдыққа толы теңізде тəкаппарлықтан гөрі кішіпейілдік көп көмегін 
береді. Жаңа дүниені үйрену үшін өзге біреудің көмегі қажет. Өзгеден үйрену үшін 
кішілік таныту керек.
Адамның білімі аз болса да, оны мына төрт нəрсе жоғары көтереді: 
-
Қарапайымдылық 
-
Көркем мінезді болу 
-
Жомарттық 
-
Ұстамды болу
​Ұлт ісіне құштарлықтың биігіндегі құндылықтар Əл-Фараби айтқандай, игі 
нəрселерді тани білу, қоғамға ізгілік пайда əкелетін нəрселерге ұмтылу. Елдің 
мүддесіне, халыққа қайырымды істер атқарудан білінетін зиялылықтың бұндай 
белгілері орын алған жерде қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайрымдылық пен 
шынайылық қатар жүреді.
Кісілігі мен кішілігі қатар жарасқан, білімге құштар табиғи жанның бірі болыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет