газет 1930 жылғы қарашаның
7 жұлдызынан шыға бастады
Аудандық қоғамдық-саяси газет
№69-70
(11296)
Сенбі
30 тамыз
2014 жыл
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
бүгін Жезқазған өңіріне келіп, тек
аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз
үшін стратегиялық тұрғыдан аса
маңызды «Жезқазған – Бейнеу»
және «Арқалық – Шұбаркөл» темір-
жол магистральдарының тұсауын
кестіңіз. Бұл – біздің ел үшін шын
мәніндегі тарихи оқиға. Енді осы
сапар ауқымында Қазақ елінің ру-
хани орталықтарының бірі –
қасиетті Ұлытау жеріне арнайы ат
басын бұрып отырсыз. Кезінде
ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай,
біздің елдің «тарихы қалың». Ен-
деше, сол тарихымыздан, әсіресе,
қазір біз әңгімелесіп отырған
Ұлытауға байланысты тарихымыз-
дан халқымыз қандай тағылым
алуы керек?
– Біріншіден, Жезқазған жерінде
үлкен тарихи оқиға болды деп санай-
мын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама
ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін
табуымен және Жезқазған қаласының
орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір
арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс
алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі
болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып,
қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи жайт.
Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стан-
сасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді мына жер-
дегі жұмыс ауқымы біткеннен кейін халық не істерін білмей
қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны
бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы
кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал
көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол
салынған жоқ. Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де
ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойла-
мады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, 500 мил-
лиард теңге ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін
осындай 1200 шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл –
айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-
100 жылда пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып
келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын
бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған
жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол төрт
облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді.
Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан
кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды
ел жайлайды. Экономикалық жағы өз алдына бір мәселе.
Комбинаттың жұмысын ұзарту үшін былай істейді. Жердің
астында қалған «целиктер» болады. Шахтаның төбесін
ұстап тұру үшін жер қойнауына үлкен-үлкен кенді қалдырып
қояды. Сол кеннің ішінде мыстың бай қоры жатыр. Оны ала-
йын десең, үстінде тұрған ауылдар бар. Ол ауылдарды
көшірмесе, «целикті» алған кезде ойдым-ойдым жермен
бірге төмен түсіп кету қаупі төнеді. Сол үшін мемлекет 250
миллион қаржы шығарып, жұпыны үйлерде тұратын 6 мың
халықты жақсы үйлерге көшіріп, астындағы кенді алады.
Кеннің өзінің 200 миллион тонна рудасы болса, содан 2
миллион тонна мыс шақса, комбинат үшін 20-30 жылға
жұмыс табылады деген сөз. Одан кейін барлау жұмыстары
жүрер болса, жұмыс орны көбейе береді. Сондықтан мұның
маңызы өте үлкен.
Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер.
Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен
даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер
табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар,
Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай
шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың
хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар,
Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай
қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа.
Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды
жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте
бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы
деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан,
Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық.
Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде бері-
ліп келген.
Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан баста-
лады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан
кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге
ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осын-
дай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек.
Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз. Бұл –
жаңағы айтқан ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын
Орданың да орталығы болған жер. Өзінің тұрған жері –
Қазақстанның кіндік ортасы. Мұнда тұрған тау – аумағы 200
шақырым қырат-қырат таулар. Ең биігі – Әулиеата деп ата-
лады. 1100 метр. Одан ағып жатқан, мына біз маңында
отырған бұлақ Әулиебұлақ деп аталады. Осының бәрін ата-
бабамыз бекер атамаған ғой. Жаздың күні осы жерді
жайлаған қазақ малын Ұлытаудың етегіне айдап келеді.
(Жалғасы 3-бетте)
ҰлытАу төРіНДЕгі толғАНыС
Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазған өңірінде болғаны газет
оқырмандарына жақсы мәлім. Сапар барысында Президент арнайы сұхбат берді. Бүгін жұртшылық назарына
Елбасының Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғаныстарын ұсынып отырмыз. Әңгіме қазіргі экономика
мәселелері, ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде өрбіді.
Сұхбатты “Хабар” агенттігінің тілшісі Ринат Думанұлы жүргізді.
Құттықтаймыз!
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді
аудан әкімшілігі мен аудандық Мәслихат
мерейлі мерекеміз-Конституция күнімен
құттықтайды!
Қоғамның дамуына қарқынды үлес қосып,
Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған
Ата Заңда бекітілген республикамыздың
тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің
өміршеңдігін
дәлелдеді.
Қазақстан
халықаралық қоғамдастықта лайықты орын
алып, биік белеске көтерілгені осының
айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке ке-
руен тартқан мемлекетіміздің тұрақты
дамуының кепілі -Конституцияның мемлекет
пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы
мен отбасы үшін де маңызды екенін терең
түсінеді. ҚР Конститутциясы- еліміздің дамуы
мен гүлденуінің мықты негізі. Еліміздің Пре-
зиденті Н.Назарбаев: «Конституция біздің
Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен
жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты
қалыптастырды» дейді. Иә, осы жылдар
ішінде біз барынша қуатты, экономикалық
жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет
құруда, орасан зор жетістіктерге қол жеткіз-
дік. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдегі жоғары
беделі-бұл біздің ішкі жетістіктеріміздің, бей-
бітшілік сүйгіш сындарлы саясатымыздың,
еңбекшіл
халқымыздың
бастамашылдығының нәтижесі. Ендігі біздің
түпкі мақсатымыз-еліміздің Тәуелсіздігін ба-
янды ету, еркіндігіміз бен елдігімізді насихат-
тайтын
Ата
Заңымызды
көзіміздің
қарашығындай сақтау. Болашақ ұрпақтың
жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан
табандылықпен, ел бірлігін сақтай отырып
қана қол жеткізе аламыз.
Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды
мемлекеттік мерекеміз Конституция күнімен
құттықтай отырып, отбасыларыңызға аман-
саулық, бақыт және Отанымызға жарқын да
жақсы болашақ тілейміз.
Х.Мақсұтов С.Нүркенов
аудан әкімі аудандық Мәслихат
хатшысы
Ата Заң мерекесі құтты болсын!
Құрметті, білім беру
саласының қызметкерлері,
ұлағатты ұстаздар, қадірменді
білім беру ісінің қайраткерлері
мен ардагерлері!
Сіздерді 1 қыркүйек Білім
күні мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз!
Ауданымыздың педагог-
мұғалімдерін, балалармен
жұмыс жасайтын, іскер
ұжымдар
мен
орталықтарын
биылғы
жылы, яғни 2014-2015 оқу жылын тарихи
атаулы күн Қарқаралының 190 жылдық ме-
рейтойы қарсаңында бастап, жауапты да із-
гілікті қызметтеріңіздің жаңа бір парағын
ашпақсыздар.
Бұл Білім күні Сіздердің ғана емес, мектеп
табалдырығын аттағалы отырған өскелең
ұрпақ үшінде мәңгі есте қалар ерекше күннің
бірі болмақ. Келешек өркениетті заманның
тізгінін ұстар оқушыларға білім мен тәрбие
беруде аса маңызды міндет пен жауапкерші-
лік жүгін көтерген Сіздердің баға жетпес
еңбектеріңіз әрдайым сый мен құрметке,
мәртебелеріңізді
көтеріп
қадірлеп-
қастерлеуге әбден лайықты. Сіздердей ұлы
жандарға бас иіп, тағзым ету әр адам
баласының парызы болмақ. Сондықтан
ұлағатты істеріңізге зор табыстар тілеп,
жанұялық бақыт, мықты денсаулық, қажыр-
қайрат, ынтымақ бірлік, ізденіс-жігер тілеп,
шығармашылық биіктерден көрінулеріңізге
тілек білдіреміз. Мереке құтты болсын!
Х.Мақсұтов С.Нүркенов
аудан әкімі аудандық Мәслихат
хатшысы
Каркаралы 1_Макет 1 29.08.2014 17:09 Страница 1
АтА ЗАңғА – 19 Жыл
Біздің Ата Заңымызда: «Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап
көрсетілген. Осы басты қағидат басшылыққа алынып, елімізде
құқықтық мемлекеттің ұстанымдарын әрі қарай дамыту
мақсатында оның бар күш – жігері адамның конституциялық
құқығы мен бостандығын жүзеге асырудың мүмкіндігіне кепілдік
беруге, барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды
тұлғалардың, азаматтар мен жеке тұлғалардың конституциялық
міндеттерін толық орындауына бағытталған . Қазақстанда басқа
да зайырлы мемлекеттегі секілді татулық пен келісім бекітіліп,
барлық азаматтардың құқығы бірдей және тең сақталуына толық
жағдай жасалған. Демократиялық қоғамның жоғарғы талапта-
рын мақсат еткен мемлекетіміз халықтар арасындағы өзара
сыйластық пен достық, республикамызда тату – тәтті өмір сүріп
жатқан ұлттардың мәдениетін, тілін, дінін ұстанып, дамытуына
кепілдіктер беру – мұның барлығы Ата Заңымызда бекітілген.
Тамыз айының 30-ы әрбір қазақстандық азамат үшін ең
бір маңызды күндердің бірі екендігі баршаға аян. Тәуелсіз Қазақ
мемлекетінің Ата Заңының қабылданғанына биыл 19 жыл то-
лады. Осы өткен қысқа мерзім ішінде еліміз өз тәуелсіздігін
орнықтырып қана қоймай, оны одан әрі нығайтып, әлем таныған
іргелі мемлекетке айналдыра білді. Адамның құқықтарын
жоғары қою мемлекет қызметінің негізгі бағыты болып табы-
лады. Ата Заң негізінде ел аумағының тұтастығы, қауіпсіздігі
қамтамасыз етілсе, еліміздің Президенті- халық пен мемлекеттік
билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және
азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Республиканы дамыту, өркендету мақсатында Конституцияда
бекітілген нормалардың атқаратын рөлі ерекше. Ол еліміздің
барлық азаматтарының бірігіп қызмет етуі үшін қажетті
жағдайларды жасап қана қоймай, сонымен қатар,
азаматтарымыздың шынайы еркіндігін жүзеге асырады. Оның
әрбір тармағы түбі терең құндылықтарды жаңғырту мен сақтауға
негізделген. Осыған орай, әрқайсымыз төл заңымыз – Консти-
туциямызды құрметтеп, оның жоғары құқықтық мәртебесін сый-
лауымызбен қатар, әрбір қазақстандық өз елінің нағыз патриоты
ретінде Ұлы Отан – Қазақстанның өсіп - өркендеуіне және оның
барынша жылдам дамуына өзінің сүбелі үлесін қосқаны әрі оны
өзінің қасиетті борышы деп сезінгені абзал.
Қарқаралы ауданы Әділет басқармасы.
2
30 тамыз 2014 жыл
Құттықтаймыз!
Қымбатты аудан
тұрғындары!
Сіздерді мемле-
кеттік
мереке
Қ а з а қ с т а н
Республикасының
К о н с т и т у ц и я
күнімен
шын
ж ү р е к т е н
құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясы жоғарғы заңды күші бар,
саяси-маңызды құжат болып табы-
лады.
Конституция қабылдау арқылы
Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.
Біздің мемлекеттің негізгі Заңы әр
адамның
денсаулығына,
бостандығына, тең құқығына кепілдік
бере отырып, халыққа, қоғамға қызмет
етуге бағытталған.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл
сайынғы Жолдаулары мен тұрақты
салиқалы
саясаты
арқасында
халықтың
тұрмыстық
жағдайы
жақсарып,
еліміздің
әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси
өмірінде жақсы өзгерістер болып
жатыр.
Қоғамның өркендеуіне қарқын
қосып, Қазақстан халқының бірлігіне
жол бастаған Ата Заңда бекітілген
республикамыздың
тұғырлы
қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін
дәлелдеді.
Ата
Заң
тәуелсіздігіміз
бен
тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің
бірлігімізді
бекемдеп,
елдегі
тұрақтылық пен татулықтың берік
тұтқасы болды.
Қазақстанның халықаралык
қоғамдастықта лайықты орын алып,
биік белеске көтерілгені осының
айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке
керуен
тартқан
мемлекетіміздің
тұрақты дамуының кепілі Конституция
екенін және мемлекеттік биліктің
қайнар көзі – халықтың өзі екенін жете
түсінді.
Жылдан жылға біздің басты
құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Ке-
лісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр
шаңыраққа құт-береке, ырыс пен
ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келе-
шегіміз кемел болсын!
«Нұр Отан» партиясының
Қарқаралы аудандық филиалы.
Конституция күні
құтты болсын!
1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз- елімізд
ің Консти-
туциясы қабылданып, бұл күн
«Қазақстан
Республикасының мерекелері» заңына сәйк
ес мемлекет-
тік мерекелер тізіміне енген болатын. Осыла
йша, Респуб-
лика Конституциясының күні - барлық Қаза
қстан халқы
мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамға
айналды.
Ата Заңымыздың назар аударатын басты ер
екшелігі -
бұған дейінгі конституциялар өкілдік орган
дар арқылы
қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамызда
ғы Конститу-
ция халықтың тікелей қатысуымен референ
дум арқылы
қабылданды, осылайша еліміздің халқы өзіні
ң және келер
ұрпақтың болашағын айқын белгілеп берді.
ҚР Конституциясы – елдің басты саяси құқықт
ық құжаты.
Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар же
рде тәрбие,
тиянақтылық сияқты адамға тән қасиетте
р бар. Сол
қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз ел
ін танып, сүю,
оның заңдарына бағыну – әр адамзаттың аз
аматтық жау-
апкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы аза
маттық боры-
шын орындауы. Бұл күннің қаншалықты қа
стерлі екенін
әлемнің назарын өзіне аударған мемлеке
тіміздің өсіп-
өркендеуіне қарап та біле беруге болады.
Мемлекеттің
маңызды істерін абыроймен атқарып о
тырған, өрт
сөндірушілер өз міндеттерін жауапкершілік
пен орындап
қана қоймай Конституция талаптарына сай е
ңбек етіп, ел
тыныштығын сақтауға күш жігерін жұм
сауда. Ата
Заңымыздың мерекесіне орай түрлі
іс-шаралар
ұйымдастыруда. Соның бір дәлелі биылғы
жылдың 4-9
қыркүйегі аралығында Алматы қаласында с
порттың өрт
сөндіру- құтқару түрі бойынша мерейтойлық
10-шы әлем
чемпионаты өткізілмекші. Дүбірлі додаға әлем
нің 20 елінен
600-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Өрт сөндіру-
құтқару спортынан өтетін әлемдік дода – ө
те тартымды
және есте қаларлықтай халықаралық
оқиға. Онда
құтқарушылардың кәсіби машықтануы
жетілдіріліп,
араларындағы ең мықтыны анықтап қана
қоймай, өрт
сөндірушінің ерлігі дәріптеледі. Сонымен
қатар, қоғам
мүшелеріне өрт сөндірушінің күнделікті құтқар
у жұмыстары
көрсетіліп, өрт кезіндегі өзін-өзі икемді ұстау
жағдайының
маңыздылығына мән беріледі.
Өрт сөндіруші мамандығы — адам өміріне
қауіпті
мамандықтардың бірі. Осы салада қызмет а
тқаратындар
тілсіз жаумен күресіп, өлім мен өмірдің арас
ында жүреді.
Кейбіреулер үшін еңбегі елеусіздеу көрінгенме
н, атқаратын
міндеттері жауапты, яғни тұрғындардың қауіп
сіздігін күзету,
осыған №41 өрт сөндіру бөліміде өз үлестер
ін қосып келе
жатыр. Төңіректің тыныштығын күзетіп, өз
міндеттерін
абыройлы атқарып жүрген өрт сөн
дірушілердің
жұмыстарына табыстар тілейміз.
Барлық қазақстандықтарды «30 тамыз – Кон
ституция
күні» мерекесімен құттықтаймыз. Әр шаңы
раққа құт-бе-
реке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі а
ман, келеше-
гіміз кемел болсын!
А.Кәріпжанов,
№41 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, май
ор.
Конституция -
әділдіктің өлшемі
Конституцияның қоғамдағы алатын орнын қазіргі
Қазақстанда тұратын әрбір азамат біледі. Өйткені,
қолданыстағы негізгі заңымызда сонау 1995 жылы
орнықтырылған негізгі принциптер мен нормалар әлі де
болса өзінің маңыздылығын жоғалтпай, мемлекетіміздің
қоғамдық-саяси дамуындағы жолда болуы сөзсіз.
Конституция еліміздегі әрбір адамның құқығын қорғаса,
сот билігі Конституциядан бастап барлық заң актілерінің
бұзылмауын, орындалуын қадағалайды.
Қазақстан судьяларының алтыншы съезінде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев:
«Еліміздің Конституциясында Қазақстан адам және оның
өміріне, құқықтары мен бостандықтарына өзінің ең қымбат
қазынасы ретінде қарайтын мемлекет ретінде сипатта-
лады», - деп атап өтті. Еліміз егемендік алған алғашқы
күндерден бастап, Президент тәуелсіз сот пен қуатты
құқық қорғау органдарын құруды мемлекет дамуының
басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп, осыған
қатысты шаралардың жедел жүзеге асырылуын талап етуі
және тікелей қолдауының арқасында қазіргі таңда
тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырлы сот-құқық қорғау
жүйелелері қалыптасты. Конституциялық ережелерді
жүзеге асырудағы басты мақсаттардың бірі – елімізде
конституциялық тәртіп пен заңдылықты қамту. Өйткені,
мемлекет саясатының құқық қорғау сипаты Конститу-
цияда негізделіп, бұл барлық қылмыстық-құқықтық сая-
сатты гуманитарлау процесіне әсер етеді. Адам және
азамат құқықтары мен тәуелсіздігін қорғаудың ұлттық ме-
ханизмдері оны қамтудың халықаралық құқықтық
қалыптарымен біртұтастай толығатыны сөзсіз, оған
Қазақстан да қосылуда.
Ата Заңымыздағы қарастырылған құқықтар мен
еркіндіктердің жүзеге асуын қолдап, бағалауымыз керек.
Осындай жағдайда ғана біз қоғамның шынайы
конституциялық дүниетанымын, жаңа конституциялық
мәдениетті қалыптастыра аламыз. Мәдениеттілік,
отансүйгіштік, ұлтжандылық әрбір отбасындағы тәрбие
шеңберінен бастау алса, әділдік пен заңдылықтың
күретамыры Ата Заңымыздың бұлағынан сусындалады.
А.Дүйсенова,
Қарқаралы ауданының №2
аудандық сотының бас маманы.
Құрметті
қарқаралылықтар!
Сіздерді еліміздің ең маңызды ме-
рекесі - Конституция күнімен
құттықтаймыз! Осыдан 19 жыл
бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан
халқы тарихи шешім қабылдап,
еліміздің Конституциясы бекітілді.
Осындай
аз
уақыт
ішінде
Қазақстанның Ата заңы өзінің заман
талабына
лайықты
екенін
дәлелдеді. Құқықтық мемлекет ор-
натып, әлемнің өркениетті елдері-
мен жан-жақты экономикалық-саяси
тең дәрежеде қарым-қатынас
қалыптастыру, ірі реформаларды
жүргізу, демократиялық принци-
птерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата
Заңымыздың аясында атқарылып
жатқан шаруа. Бүгінгі Қазақстанның
әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің
тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бей-
бітшілік сүйгіш саясатымыздың және
ірі халықаралық жобалардағы
бастамашылығымыздың нәтижесі.
Бұл күн бізді рухтандырып,
Қазақстанды одан әрі дамытуға
шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сый-
ласын! Осы мереке күні елімізге
азаматтық көзқарас еркіндігін таңдау
мүмкіндігін және бейбіт өмірді тілей-
мін. Отбасыларыңызға аман-саулық,
бақыт, түсінушілік, сенім және От-
анымыз Қазақстан Республикасына
жарқын, жақсы болашақ тілейміз!
М.М.Мұхамбетқалиева,
Қарқаралы аудандық
сот төрағасының
міндетін атқарушы.
КОНСТИТУЦИЯ – ЗАҢДЫЛЫҚ
КЕПІЛІ
Осыдан 19 жыл бұрын ортақ тарихи тағды
р біріктірген
Қазақстан халқының байырғы қазақ жерінде
мемлекеттілік
құра отырып, өзін еркіндік, теңдік ж
әне татулық
мұраттарына берілген бейбітшіл азаматты
қ қоғам деп
ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта л
айықты орын
алуды тілей отырып, қазіргі және болаш
ақ ұрпақтар
алдындағы жоғары жауапкершілікті сезіне о
тырып, өзінің
егеменді құқығын негізге ала отырып, Қаз
ақстан халқы
қолданыстағы Конституцияның қабылдан
уына үлесін
қосып, дауыс берді.
30-тамызда республикалық бүкілхалықтық ре
ферендумда
мақұлданған Конституцияның моделі елім
іздің дәйекті
және қарқынды дамуының, тұрақтылық пен б
ейбітшіліктің,
татулық пен келісімнің қуатты іргетасы және
кепілі болып
табылды.
Қазақстан Республикасының Конститу
циясы
тәуелсіздігімізді бекітіп, мемлекет пен азамат
тық қоғамның
қалыптасуына негіз болатын басты
шарттарды
қалыптастырды. Мемлекеттің ең қымбат қазы
насы – адам
мен адамның өмірі, құқықтары мен бостанды
қтары болып
табылып, олардың қорғалуына сенімді кепіл
болды.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде адам құқ
ықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету саласын
да маңызды
қадамдар жасалып, айтарлықтай нәтижеле
рге қол жеткі-
зілді.
Бұл бағытта еліміздегі заңдардың орындалу
ы мен құқық
тәртібін қамтамасыз ететін конституциялық
орган ретінде
прокуратура органдары да сүбелі үлес қосып
келеді.
Сол себепті, Қазақстан Республикасының 2
010 жылдан
2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқы
қтық саясат
тұжырымдамасына сәйкес прокуратура орга
ндары құқық
қорғау жүйесінің «ұйытқысы» деп бекітіліп,
мемлекет та-
рапынан ерекше сенім білдірілді.
Айта кету қажет, ең алдымен адам мен
азаматтың
Конституциялық құқықтары мен бостандық
тарын қорғау
прокурорлық қадағалаудың басты мақсаты
мен міндеті
болып табылады.
Ата Заңымыз - Конституция әрқашан салта
нат құрып,
оның үстемдігі қамтамасыз етілсе, Қазақста
нның әлемдік
кеңістіктегі тұғыры үнемі биік болады деп сен
емін.
Елдің бірлігі мен мызғымас татулығының
нышанына
айналған Конституцияны – құрметтеу бар
лығымыздың
патриоттық парызымыз.
Баянды тәуелсіздігіміздің негізі, заңдылықтың
кепілі - Кон-
ституция күні құтты болсын.
Е.Р. Жалмағанбетов,
Қарқаралы ауданының
прокуроры, әділет кеңесшісі.
Ата - Заңым еркіндігім, дербес елім!
Каркаралы 2_Макет 1 29.08.2014 17:10 Страница 1