Амин қышқылдарының жіктелуі. Изомерия. Алу жолдары Амин қышқылдары деп



бет1/3
Дата11.09.2023
өлшемі66,29 Kb.
#106896
  1   2   3
Байланысты:
Амин қышқылдарының жіктелуі. Изомерия. Алу жолдары


Амин қышқылдарының жіктелуі. Изомерия. Алу жолдары
Амин қышқылдары деп – карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды айтады.
Амин қышқылдарының физиологиялық маңызы өте зор, өйткені олардың қалдықтарынан ақуыздар құрылады және олардан ферменттер, витаминдер, гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі бойынша) атаумен айтады.
Мысалы: NH2СН2СООН  глицин. Сонымен қатар, амин қышқылдарын атау үшін сәйкес карбон қышқылының атына «амин» деген сөз қосып, амин тобының орнын грек алфавитімен көрсетіп атайды. Мысалы:



– аланин немесе α-аминпропион қышқылы

Амин қышқылдарының жіктелуі
Амин қышқылдары құрылысы бойынша үш топқа бөлінеді:
1. Ациклді;
2. Карбоциклді;
3. Гетероциклді.
Ациклді амин қышқылдары карбоксил – СООН және амин −NH2 топтарының санына қарай бөлінеді:
1. Моноаминкарбон қышқылдары: аланин СН3СН(NH2)СООН – барлық ақуыздар құрамына кіреді.
2. Моноаминдикарбон қышқылдары: аспарагин қышқылы НООССН2СН(NH2)СООН – аминянтар қышқылы, ақуыз гидролизі нәтижесінде түзіледі. Табиғатта аспарагин қышқылының амиді кездеседі –
NH2СОСН2СН(NH2)СООН.
3. Диаминмонокарбон қышқылдары: Н2N(СН2)4СН(NH2)СООН – лизин, кейбір балық уылдырығының құрамында кездеседі, күшті негіз, ауыстырылмайтын амин қышқылдарына жатады. Оны синтетикалық жолмен капролактамнан және биохимиялық әдіспен алады.
Изомерия
Амин қышқылдарының изомериясы функционалды топ орнына және көміртегі скелеті құрылысына байланысты болады.





α – аминпропион қышқылы (α-аланин)

β – аминпропион қышқылы (β-аланин)












α – аминмай қышқылы

β – аминмай қышқылы

γ – аминмай қышқылы

α – аминизомай қышқылы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет