1) Өсімдіктерді жүйелеп жіктеу туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі. Оның дүние тармақтарына бөлінуі. Бөлімдер, класстар, тұқымдастар, туыстар, түрлер. Түр — өсімдіктерді жүйелеп жіктеудің негізгі бірлігі (2 сағат);
2) «Балдырлар дүние тармағы» (4 сағат). Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы. Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы;
3) «Мүктәрізді өсімдіктер бөлімі» (4 сағат). Мүктердің әртүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жасыл мүктердің жалпы сипаттамасы. Мүктердің көбеюі және дамуы. Шымтезек мүгі. Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Мүктәріздес өсімдіктерді қорғау;
4) «Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі» (6 сағат). Қырықжапырақтардың,қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы. Қырықжапырақтәрізді өсімдіктердің көбеюі және дамуы. Қырықжапырақтәрізділердің өткен замандарда өркендеп өсіп кең таралуы. Қазіргі қырықжапырақтәрізді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктерді және олардың таралу аймақтарын қорғау;
5) «Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі» (4 сағат). Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Мектеп маңындағы қылқан жапырақты өсімдіктер. Қылқан жапырақты өсімдіктердің өкілі ретінде қарағайдың тұқым арқылы көбеюі. Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Ормандарды қорғау;
6) «Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер бөлімі» (18 сағат). Жабық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі. Қосжарнақтылар класының тұқымдастары (шаршыгүлділер, раушангүлділер, күрделігүлділер, бұршақ және алқа тұқымдастары). Даражарнақтылар класының тұқымдастары (лалагүлділер, пияз тұқымдасы, астық тұқымдастары).