Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Воlashaq saraiy» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорны



бет6/10
Дата16.10.2023
өлшемі182,5 Kb.
#115700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОП жас натуралист

«Жануарларды жіктеу» (4 сағат). Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүниетармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы. Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.
«Біржасушалы жәндіктер (жануарлар) дүние тармағы немесе Қарапайымдар типі» (6 сағат).
1) «Бір жасушалы организмдер ретінде қарапайымдардың жалпы сипаттамасы». Қарапайымдардың табиғаттағы алуантүрлілігі. Олардың су қоймаларында, топырақта және адам мен өсімдік организмінде кездесетін саналуан өкілдері; 
2) «Тамыраяқтылар» (2 сағат). Кәдімгі амеба. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдері). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалысы, қоректенуі,тыныс алуы, ыдырау өнімдерін шығаруы, осмостық реттелуі, көбеюі,циста түзуі; 
3) «Талшықтылар» (2 сағат). Жасыл евглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де алып жүрген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар; 
4) «Инфузориялар» (4 сағат). Кірпікшелі кебікше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жынысты көбеюі. Жер бауырлап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар. Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизенериялық амҰба, безгек паразиті. Дизентриялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы тақырыптарына олимпиадалық тапсырмалар орындау. 
«Көпжасушалы жануарлар дүние тармағы» (8 сағат):
«Ішекқуыстылар тип»і (6 сағат). Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы.Тұщы су гидрасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма. Энтодерма.
Жасушаларының әртүрлілігі. Гидраның қоректенуі, тыныс алуы, тітіркенгіштігі, көбеюі, регенерациясы. Табиғаттағы маңызы
2) «Теңіз ішекқуыстылары» (2 сағат). Олардың көптүрлілігі және маңызы. Маржан полиптері және медузалар. Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 
«Жалпақ, Жұмыр және Буылтық құрттар типтері» (18 сағат):
1) Құрттардың жалпы сипаттамасы. Құрттардың алуантүрлілігі. Құрттардың типтері. Табиғатта емін-еркін тіршілік ететін және паразиттік құрттардың негізгі топтары. Мекен ету орталары; (3 сағат).
2) «Жалпақ құрттар типі» (6 сағат). Ақ сұлама — табиғатта емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшықеттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі.Сиыр цепені —
жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі мен паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыруы. Сорғыш құрттар.Даму циклы және иелерін алмастыруы;
3) «Жұмыр құрттар типі» (6 сағат). Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Нематодтар, Ішексорғы (аскарида), үшкір құрт (острица) тағы басқа да нематодтар. Олардың құрлысы, мен тіршілік әрекеттері,адам және жануарлар үшін маңызы. Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасы. Паразиттік құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы тақырыптарына олимпиадалық тапсырмалар орындау
4) «Буылтық құрттар типі» (6 сағат). Буылтық құрттардың көптүрлігі. Шұбалшаң. Мекен ету ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы. Асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы. Көбеюі және дамуы. Шұбалшаңның биогеоценоздардағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы тақырыптарына олимпиадалық тапсырмалар орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет