Ақмола облысы Жарқайың ауданы «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» кмм экология негіздері Сынып: 6 Биология пәнінің мұғалімі



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі432,1 Kb.
#92460
  1   2   3
Байланысты:
Экологиялық іс-шара Гастелло ОМ


Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
«Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Экология
негіздері

Сынып: 6


Биология пәнінің мұғалімі: Халибек А.


Тақырыбы: « Экология - өмірдің жүрегі!» атты сыныптан тыс іс-шара
Мақсаты:
1. Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
2. Оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, табиғатты сүйе білуге, ұйымшылдыққа өзара сыйластыққа үйрету.
Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», табиғат туралы даналық сөздер, суреттер


Мұғалімнің бағыттау сөзі.
«Неге?» деген білуге құштарлық сөз бар. Ол сөз әр кезде, әрқашанда өмірдің мәнін аңғаруда туындайды. Адамдар көп жаңалық ашқанын, әлі де аша беретініне сенеді. Сіз әлі еш жаңалық ашқан жоқ екенсіз, сондықтан алдымен не белгілі, не ашылды, соны білуіңіз керек. Сонда ғана сіз өзіңіздің «неге»деген сұрағыңызға жауап табасыз.Бұл сөз сізге айнала қошаған дүниені танып білуіңізге көмектеседі. Алған біліміңіз өмірде сізге көмек беріп, сізге жаңалық ашуға жол ашады.


Экология туралы ұғым. Ағзалардың бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі ағзалар өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін ағзаларды зерттейді, олардың басқа ағзалармен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет