Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»


Тақырыбы: «Ғаламтор арқылы сауда жасау»



бет18/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
Тыңдалым арқылы тілді меңгеру авторлық бағдарлама

Тақырыбы: «Ғаламтор арқылы сауда жасау»


Мақсаты: Тыңдалым мәтінін тыңдай отырып, берілген сұрақтарға жауап жазу. Оқушылардың тыңдалым, жазылым дағдыларын дамыту.
Әлемдік тәжірибе бойынша, соңғы жылдарда интернет-сауда қарқынды дамуда. Мысалы, Ресейде жұмысқа қабілетті тұрғындардың 30%-ы интернет-дүкендер арқылы тапсырыс береді. Онлайн сатып алушылардың саны соңғы жылдары 2,5 есеге өскен.
Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Дегенмен қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтің сөзінше, елімізде интернет-бизнестің 90 пайызға жуығы міндетті түрде жабылып қалады екен. Оған себеп — тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор дүкендерінің саудасына сенбеуі. Сондықтан да Қазақстан ғаламтор қауымдастығының атқарушы директоры Әсет Нұрпейісов оффлайнды виртуалды дүкенге алмастырмас бұрын, алдымен сақтық шараларын қарау керек дейді. «Бұл – үлкен мәселе. Себебі, компьютердің арғы бетіндегі адамның алаяқ екендігін бірден ажырату қиын. Егер сенім болмаса, онлайн дүкеннің парақшасына назар аударып, қай күні пайда болғанын, қанша адам сауда жасағанын қарау керек. Тұтынушылардың қалдырған пікірлерін оқыған жөн», — деді ол.
Қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтің сөзінше, болашаққа деген оптимизм бар. Алдағы он жылда барлығы онлайн-бизнеске өтіп, бәсекеге қабілетті болу үшін жұмыс істейді. «Қазіргі уақытта барлығы онлайн-саудаға ауысып жатыр. Бұл мегаполисте уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тұтынушылар ғаламтор дүкендеріне біртіндеп өтуде. Онлайн сауда жасау өте жеңіл және шығындардың аз болуына көмектеседі», — деді ол.
Тапсырма. Мәтінді 2 рет тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


Сұрақтар:

    1. Онлайн-сауда деген сөзге қандай анықтама беруге болады?

_____________________________________________________________________________

    1. Онлайн-сауда қалай дамып келеді? 2 мысал келтіріңіз.

__________________________________________________________________________________



    1. Сарапшының пікірінше, елімізде онлайн-сауда не себепті ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды?

__________________________________________________________________________________



    1. Онлайн-саудамен айналыспас бұрын нені ескеру керек?

__________________________________________________________________________________

    1. Онлайн-сауда жасауда тұтынушы неден сақтанғаны жөн?

__________________________________________________________________________________

    1. Қаржылай кеңесшінің не себепті онлайн-сауданың келешегіне көңілі толады?

__________________________________________________________________________________________

    1. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)?

8.Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

    1. бизнес әріптес-

    2. ақша табу-

    3. бизнес жоспар-

21 тыңдалым. 6 сынып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет